Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің жылдық күнтізбесіне сәйкес 2015 жылдың I жарты жылдықта атқарған жұмысы туралы ақпарат

2015 жылдың 10-18 қаңтар күндері аралығында Сербия мемлекетінде «Кубок Нации» атты бокстан IV-Халықаралық жарыста ауданымыздан Б.Майлин орта мектебінің 10 сынып оқушысы Маратова Надира I орынды иеленді.

2015 жылы 20-22 қаңтар күндері аралығында Талдықорған қаласы «Жастар» спорт сарайында қазақ күресінен 1996-1997 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында Алматы облысының Чемпионаты өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша, I орын Камза Е, II орын Малшиев Е. III орын Есполова З, Жумашев Е иеленді. Жалпы командалық есепте Еңбекшіқазақ ауданы 5 орынды еншіледі.

2015 жылдың 25 қаңтар күні Шелек ауылдық округінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен 2002, 2003, 2004, 2007 жылғы жас палуандар арасында аудандық жарыс өткізілді. Аталған спорттық іс-шараға 150- ге жуық жас спортшылар бақ сынасты. Жалпы командалық есеп бойынша 60-ұпайлық есебімен I орын Шелек ауылдық округі, II орын 25-ұпайлық есебімен Түрген ауылдық округі және III орын 16-ұпайлық есебімен Саймасай ауылдық округі жеңіске жетті.

Түрген ауылдық округінде 30 қаңтар күні А.Жексембековты еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында аудандық турнир өтті. Турнирға 17 команда қатысты. Турнир өз деңгейінде өтіп, орын алған командалар анықталды. Түрген ауылдық құрама командасы I орын, Толқын құрама командасы II орын, Ащысай құрама командасы III орынды еншіледі.

2015 жылдың 31 қаңтар күні Шелек ауылдық округінде Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың салауатты өмір салтында өмір сүруге ықпал ету, спорттық ойындарға, қоғамға деген көзқарастарын дамыту мақсатында «Мүмкіндігі шектеулі жандар» арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарынан аудандық турнир өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша шахматтан I орын Байтиев И, II орын Абиров Т, III орын-А.Искакова жеңіп алды. Дойбы ойынынан I орын Ә.Акимбеков, II орын Р.Тимужанов, III орын Е.Ахпанбетов жеңіп алды.

2015 жылдың 7 ақпан күні Талғар қаласында ақиық ақын Мұқағали Макатаевтың туылған күніне орай волейболдан облыстық турнир өтті. Турнирға әр облыстан 18 команда қатысты. Турнир өз деңгейінде өтіп орын алған командалар анықталды. I орын Еңбекшіқазақ ауданы Түрген командасы, II орын Талғар қаласының №29 мектебі, ал III орынды Райымбек ауданы иеленді орын алған командалар ауыспалы кубокпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округінде 2015 жылдың 12-15 ақпан аралығында Құсбегілер жарысына Республикамыздың облысынан 45 бүркітші, 5 қаршыға қатыстырылды. «Саят» ұлттық спорт түрлері бойынша «Сонар-2015» республикалық жарыс өтті. Осымен, 28-ші рет өткізіліп отырған дәстүрлі дода батыс, шығыс, орталық, оңтүстік аймақтарынан қолына биялайын қаптап, бүркіттерін баптап жеткен құсбегілермен толықты. Аталған шара Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауы және атақты құсбегілер Әбен Тоқтасынұлы мен Сейітжан Байжүнісұлын еске алу құрметіне арналып отыр. Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ бастаған құрметті қонақтар арнайы тігілген шатыр астында сайыс барысын бақыласа, аудан тұрғындары қырандар ұшқан қыр етегінен қызықтады. Еліміздің әр өңірінен 45 бүркітші, 5 қаршығашы келген. Нәтижесінде, 1-орын Алматы облысының тумасы Өтеген Айбектің «Байқоңыр» атты бүркіті,  2-орын Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Бауыржан Тәжібайдың «Ақжелкен» бүркіті, 3-орын Аян Сейітжанның «Ақжол» атты бүркітіне бұйырды. 4-орынды Еркебұлан Мәметов, 5-орынды Атыраудан келген Арман Қошқаров еншіледі. Қаршыға салғандар арасында 1-орынды «Тоймас» атты қаршығасы бар Бағдаулет Бабажан, 2-орын Серікболсын Жалғасұлы «Қанжар» қаршығасымен, 3-орын «Қоймас» қаршығасымен Берікболсын Бабажанға бұйырды.

15 ақпан күні Қаратұрық ауылдық округінде Қаратұрық ауылының тұрғыны, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Илиевті еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа 13 команда қатыстырылды. Жеңімпаздар: I-ші орынды Шонжы командасы, II-ші орынды Тескенсу командасы, ал III-ші орынды Толқын командасы жеңіп, орын алған командалар сыйлықтармен кубокпен марапатталды.

2015 жылы 18-21 ақпан аралығында Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылында Алматы облысының шаңғымен жүгіру Чемпионаты өткізілді. Жарыс нәтижесі бойынша Еңбекшіқазақ ауданы жалпы командалық есепте 8 орынды еншіледі.

2015 жылы 19-21 ақпан аралығында қазақ күресінен 1998-1999 ж.т. жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында Талдықорған қаласы «Өркен» спорт кешенінде Алматы облысының Чемпионаты өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша, I орын Нұрмамед Д. II орын Аршидинов А, III орын Ашимбаев Д. иеленді. Жалпы командалық есепте Еңбекшіқазақ ауданы 5 орынды еншіледі.

2015 жылы 6 наурыз күні    Қаракемер ауылдық округі бойынша волейболдан      жарыс өтті. Жарысқа 20 команда қатысты. Ойын олимпиядалық жүйемен өткізілді. Ойын нәтижесінде I орынды Тескенсу командасы жеңіп алды. Түрген округіндегі Қонаев орта мектебінің командасы II орынды және Есік қаласы командасы III орынды еншіледі.

2015 жылдың 15-20 наурыз аралығында Павлодар қаласында бокстан қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткізілді. Осы Чемпионатқа ауданымыздың боксшы қызы Маратова Надира +80 кг дәрежесінде  Қазақстан Чемпионы атанды  және 14-24 мамыр аралығында Тайпей мемлекетінде қыздар арасында Әлем Чемпионатына   лицензия ұтып алды.

2015 жылдың 13-17 наурыз аралығында Ақмола облысы, Степногороск қаласында Қазақстан Республикасының бокстан жасөспірімдер арасында Шығыс аймақтық Чемпионатында Рахат орта мектебінің 8 сынып оқушысы Азаматұлы Алтынбек +56 кг дәрежесінде Шығыс аймақтық Қазақстан Республикасының  Чемпионы атанды.

Аудандық әз Наурыз мейрамы Бәйдібек би ауылдық округінде 21 наурыз күні аталып өткен болатын. Аталған мейрамда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлерінен атап айтқанда қазақша күрес, тоғызқұмалақ, арқан тарту, гір тасын көтеру, кол күрес сияқты спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Бұл мерекелік спорт шарасына  жүзден аса аудан тұрғыны қатысты.

2015 жылы 22 наурыз күні Қаражота ауылдық округінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде Бәйге жарысы ұйымдастырылды. Аттар аламан (8 айналым), құнан (3 айналым), тай (1 айналым) жарысына бапталып қосылды.

Аламан бәйгеде: I, II орынды Қаражота ауылының тұрғындары Абилов Ильяс, Абилов Шахбаздың аттары иеленді, III-IV орындарды Райымбек ауданы, Жылысай ауылының аттары иеленіп, жүлделі болды.

Құнан бәйгеде: I орынды Ащыбұлақ ауылының сәйгүлігі, II орынды Қаражота ауылының сәйгүлігі, III орынды Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының сәйгүлігі иеленді.

Тай бәйгеде: I орынды Ащысай ауылының сәйгүлігі, II орынды Асысаға ауылының сәйгүлігі, III орынды Қазақстан ауылының сәйгүлігі иеленді.

2015  жылдың   8-12 сәуір күндері Текелі қаласында ерлер арасында волейболдан Алматы облысының көктемгі Чемпионаты өткізілді. Еңбекшіқазақ ауданының волейболдан ерлер құрамасы осы Чемпионатты 8 орынмен аяқтады.

2015 жылдың 18-19 сәуір күндері Жамбыл ауданында  футболдан ересектер арасында Алматы облысының чемпионатының 1-тур ойындары өткізілді. Еңбекшіқазақ ауданының ересектер арасындағы футбол құрамасы Жамбыл ауданының футбол құрамасынан   2 – 1 есебімен ұтылды.

2015 жылдың 22-26 сауір күндері Қапшағай қаласында әйелдер арасында волейболдан Алматы облысының көктемгі Чемпионаты өткізілді. Еңбекшіқазақ ауданының волейболдан әйелдер құрамасы, осы Чемпионатты 8-ші орынмен аяқтады.

2015 жылдың 25-26 сәуір күндері Еңбекшіқазақ ауданында  футболдан ересектер арасында Алматы облысының Чемпионатының 2-тур ойындары өткізілді. Еңбекшіқазақ ауданының ересектер арасындағы футбол құрамасы Балқаш ауданының футбол құрамасын 4-1 есебімен жеңді.

2015 жылдың 14-19 мамыр күндері Есік қаласында бокстан Қазақстан Республикасының  еңбек сіңген жаттықтырушы, Алматы облысының тұңғыш КСРО спорт шебері Тынысбеков Станислав Балтабекұлының құрметіне арналған XXIV – ші Республикалық ашық турнирі өтті.Жарысқа 18 – команда қатысты: 164 оқушы.Ауданымыздан 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында 7 салмақ дәрежесі 1 орын 5-оқушы,2-3 орын 11 оқушы, 1999 – 2000 9 салмақ дәрежесі 1- орын 4 оқушы, 2-3 орын 11 оқушы жүлдеге иеленді.

2015 жылдың 16-17 мамыр күндері Іле ауданында  футболдан ересектер арасында Алматы облысының чемпионатының 3-тур ойындары өткізілді. Еңбекшіқазақ ауданының ересектер арасындағы футбол құрамасы Іле ауданының футбол құрамасымен 1-1 есебі болды..

2015 жылдың 23-24 мамыр күндері Еңбекшіқазақ ауданында  футболдан ересектер арасында Алматы облысының чемпионатының 4-тур ойындары өткізілді. Еңбекшіқазақ ауданының ересектер арасындағы футбол құрамасы Қапшағай қаласының футбол құрамасын 2-0 есебімен жеңді.

2015 жылдың        мамыр айының 29-31 күндері аралығында      Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың салауатты өмір салтында өмір сүруге ықпал ету, спорттық ойындарға, қоғамға деген көзқарастарын дамыту мақсатында «Мүмкіндігі шектеулі жандар» арасында     IV жазғы Паралимпиядалық ойындары өткізілді.Ойын нәтижесі бойынша Еңбекшіқазақ ауданы  жалпы командалық есепте облыс деңгейінде 1 орынға иеленді.

2015 жылдың мамыр айында Талдықорған қаласында Ұлттық спорт түрлерінің Фестивалі өткізілді. Аталған Фестивалге Еңбекшіқазақ ауданының атынан Қазақстан, Қаратұрық, Тескенсу ауылдық округтерінің спортшылары қатысып  жалпы командалық есепте 4 орынға иеленді.

2015 жылдың 9 мамыр Ұлы Отан Соғысының 70 жылдық мерей тойына арналған   аудандық  жарыс өткен болатын. Аталған мейрамда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлерінен атап айтқанда қазақша күрес, ат спорты, тоғызқұмалақ, арқан тарту, гір тасын көтеру, кол күрес сияқты спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Бұл мерекелік спорт шарасына  жүзден аса аудан тұрғыны қатысты.

2015 жылдың 13-14 маусым күндері Ұйғыр ауданында  футболдан ересектер арасында Алматы облысының чемпионатының 5-тур ойындары өткізілді. Еңбекшіқазақ ауданының ересектер арасындағы футбол құрамасы Ұйғыр ауданының футбол құрамасын 2-0 есебімен жеңді.

2015 жылдың 20-21 маусым күндері Еңбекшіқазақ ауданында  футболдан ересектер арасында Алматы облысының чемпионатының 6-тур ойындары өткізілді. Еңбекшіқазақ ауданының ересектер арасындағы футбол құрамасы Талғар ауданының футбол құрамасын 6-2 есебімен жеңді.

2015 жылдың 25 маусым күнінде мемлекеттік қызметкерлер арасында бильярдтан аудан біріншілігі өткізіледі.

Осы өткізіліп жатқан іс-шаралар ауданымызда салауатты өмір салтын насихаттаудың бірден-бір жолы болып табылады. Алдағы уақытта осындай жұмыстар атқарыла бермек

       Бөлім басшысы                                                                  Е. Сарабеков                           

Орын:Д.Ахметов

Тел:8(72775)72350