2016 жылдың 1 тоқсандықтың қорытындысы

                                                                       Жол инфрақұрылымы

Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2127 шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар – 234 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 689, ал аудандық маңызы бар жолдар 852 және ішкі шаруашылық жолдар 352 шақырымды құрайды.

Аудан елді- мекендерінің ішкі жолдарын жөндеуге  119,8 млн.теңге  «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында,  сондай-ақ   Тескенсу ауылындағы  жолдарды күрделі жөндеуге  275,0 млн.теңге қаражат бөлінді. Казіргі уақыта әлеуетті өнім берушіні анықтау үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталына  ашық конкурсқа өтінім берілді.

            2016ж.сәуір айында Есік қаласындағы  жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 150,0 млн.тенгеге, ауылдық  елді - мекендердің көшелерін  ағымдағы  жөндеу үшін 376,3 млн.тенгеге, Есік-Александровка автокөлік жолының 5-ші және 6-шы шақырымдарында жаяу жүргіншілерге арналған 2 бірлік жер үсті өткелдердін салу үшін  жобалық- сметалық құжаттама дайындауға  14,3 млн.тенгеге және  Есік қаласының Набережная көшесін ұзарту (0,8ш.) үшін  жобалық- сметалық құжаттама дайындауға  6,1 млн.тенге қарастыруға бюджеттік өтінім берілген. Бүгінгі күнде қаражат болу мәселелері қарастырылуда.

                                        Көлік қозғалысын реттеу

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы Еңбекшіқазақ ауданында бағдаршамдарды күтіп ұстауға 1,7 млн.теңге қаржы бөлінді.

2016ж.сәуір айында (Шелек ауылының 4 бағдаршам орнатуға) жобалық-сметалық құжаттама дайындауға  6,4 млн.тенге және жол белгілеріне 6,5 млн.тенге  қарастыруға бюджеттік өтінім берілген. Бүгінгі күнде қаражат болу мәселелері қарастырылуда..

                            Жолаушылар мен багажды тасымалдау

Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды 3 кәсіпорын жүзеге асырады. Олар жергілікті «Шелек тулпар» ЖШС-і, , «Акжол агротанс» ЖШС-і және Талғар ауданындағы «Тулпар экспресс» ЖШС-і компаниялары. |Қазіргі күні аталған кәсіпорындар 22 маршрут бойынша 68 автобуспен қызмет көрсетеді.

            Бұған қоса аудандағы «Акжол агротранс» ЖШС-і және «Шелек Тулпар» ЖШС-і саяжайлар мен мектептері жоқ елді мекендерден 3456-ға  оқушыны тасымалдайды. Ол үшін 31-ға тарта автобус жұмылдырылып отыр.

            Аудандағы 2 автостанция (Есік және Шелек) стандарттарға сәйкестендіру мақсатында, қазіргі күнде қажетті арнайы бөлмелер және қосымша құрал жабдықтармен жарақтандырылды.

       

Аудандық жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімінің басшысы                                                                                           Б.Искаков