Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетҚұрылыс және инфрақұрылымЭнергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығыЕңбекшіқазақ ауданының 2016 жылдың инфрақұрылымы туралы ақпарат

Еңбекшіқазақ ауданының 2016 жылдың инфрақұрылымы туралы ақпарат

Сумен жабдықтау

Аудандағы 79 елді мекеннің  64-інде (80 пайызы) 232,6 мың адам орталықтандырылған ауыз су құбырлары, ал 15-і (20 пайызы) орталықтандырылмаған ауыз су жүйесі арқылы суды пайдаланады. 2015 жылы 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ-бұлақ» бағдарламасы аясында ауданға қарасты Ақши ауылының (2 кезең)ауыз су құбырларын қайта жаңғыртып, құрлысын жүргізуге 138,4 млн. теңге бөлініп,   «Мөлдір» ЖШС-і құрылсын 2016 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда.   

Қайыпов ауылының су құбырларының құрлысына 150 млн теңге бөлініп, құрлысын «Фирма Еламан» ЖШС-і жүргізуде.Мерзімі 2016 жылдың тамыз айына межеленген.

Лавар ауылының (30 млн) 2,5 км  су құбырларын,  Ақжал ауылының  (30 млн) 1,5 км  су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізуге, Қаражота (7,5 млн) ауылының су құбырларын, Есік (6,0 млн)  қаласының кәріз жүйелерін қайта жаңғыртып, құрылысын жүргізуге бюджеттен қаражат бөлініп, құрылысы 2015 жылдың 30 қарашасында аяқталды.

Қаракемер ауылының кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізіп, қайта жаңғыртуға  (50 млн.), қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

2016 жылы Достық ауылының су асты деңгейін төмендету жүйелерін жобалау сметалық құжаттамасын дайындауға, Каракемер ауылының кәріз жүйелерін қайта жаңғыртып құрылысын жүргізуге, Ақши, Қайыпов, Қаражота ауылдарының су жүйелерін қайта жаңғыртып құрылысын жүргізуге, Ақши ауылының су жүйелерін қайта жаңғыртып құрылысын жүргізуге жобалау сметалық құжатамасын дайындауға қаржы бөлінді.

2016 жылы  Ақши және Қайыпов ауылдарының ауыз су құбырларын кезе-кезеңімен қайта жаңғыртып, құрылысын жүргізуге жалпы 535,1 млн. теңге қаражат бөлініп, толығмен игерілді және пайдалануға берілді.

Қаракемер ауылының кәріз құбырының құрылысын жүргізуге жалпы соммасы 613,7 млн. теңге, оның  511 млн. теңгесі 2016 жылы бөлініп, толық игерілді. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында елді мекендердің ауыз су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізуге бюджеттен  66,8 млн. теңге қаражат бөлінді. Олар: Есік қаласы  (20,0 млн.), Рахат ауылы (3,8 млн.), Бөлек ауылы (10,0 млн.), Қызылжар ауылы (12,0 млн.), Қазақстан ауылы (4,0 млн.), Ащыбұлақ ауылы (10,0 млн.), Нұрлы ауылы (7,0 млн.). Ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

2017 жылы Өрнек ауылының (162 млн.), Құлжа ауылының (181 млн.) теңге су құбырларының құрылысына бөлінді. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 14 елді мекеннің ауыз су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізуге бюджеттен  195 млн. теңге қаражат қарастырылды. Олар: Бөлек ауылы  (10,0 млн.),  Азат ауылы (10 млн.), Бәйтерек ауылы (20,0 млн.), Космос ауылы (15,0 млн.), Балтабай ауылы (50,0 млн.), Гайрат ауылы (5,0 млн.), Байсейт ауылы (5,0 млн.), Бижанов ауылы (10 млн.), Малыбай ауылы (5,0 млн.), Асы-саға ауылы (5,0 млн.),  Жанашаруа  ауылы (5 млн.), Қаратұрық ауылы (15,4  млн.), Қорам  ауылы (10,0 млн.), Толқын ауылы (30 млн.).

Қаракемер ауылының кәріз құбырының құрылысын жүргізуге (11 млн.),  Шелек (85 млн.) Бәйдібек би ауылдарының  (14 млн.) су деңгейін төмендету жүйелерінің  (дренеж) құрылысын жүргізуге қаржы бөлінді.

Қазіргі уақытта аудан бойынша 15 ауылдың ауыз су жүйелерін қайта жаңғыртып, құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары дайын. Жобалардың сметалық шығындары 6 млрд. 249 млн. теңге.  Азат ауылының (604 млн. теңге), Ават  (353 млн. теңге),  Түрген (634 млн. теңге),   Нұра (333 млн. теңге), Рахат (458 млн. теңге),  Тауқаратұрық (94 млн. теңге),  Көлді (267 млн. теңге), Казатком (345 млн. теңге),  Екпінді (339 млн. теңге), Масақ (272 млн. теңге), Қызылжар (648 млн. теңге),   Байсейіт (399 млн. теңге),    (193 млн. теңге), Ащысай (479 млн. теңге), Бәйдібек би (798 млн. теңге),  Нұрлы (226 млн. теңге). Аталған жобаларды 2020 жылға дейін іске асыру жоспарланған.

Электрмен жабдықтау

Аймен (30 млн.), Баяндай (50 млн.), Бөлек (8,9 млн.), Қойшыбек ( 13,7 млн.), Қайназар (21,9 млн.), Саймасай (68,9 млн.), Төле би (11,2 млн.), Қазақстан (70,7 млн.), Ащыбұлақ (87,5 млн.), Азат (19,3 млн.), Ақши (72,3 млн.), Қырбалтабай (45,1 млн.), Түрген (54,3 млн.), Қайыпов (77,9 млн.), ауылдарының электр желілерін қайта жаңғыртып, құрлысын жүргізуге,  Тескенсу (23,2 млн.), Достық (16,3 млн.), Қаратұрық (38,9 млн.), ауылдарының жаңа көшелеріне электр желілерінің құрлысын жүргізуге қаражат бөлініп,  құрылыс жұмыстары аяқталды.

         Тескенсу ауылының жаңа құрылысына электр желілерін жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалды.

         Қызылшарық ауылының электр желілерін қайта жаңғыртып, құрылысын жүргізуге 173 млн. теңге бөлінді.

Абаттандыру

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында  ауданға қарасты алты елді мекеннің қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орындарын жайластыруға бюджеттен 70,0 млн. теңге бөлініп, (Қаракемер-10 млн. теңге, Балтабай-20 млн. теңге, Тескенсу-10 млн. теңге, Саймасай-10 млн. теңге, Қырбалтабай-10 млн, Бәйдібек би-10 млн. теңге) жұмыстар жүргізілді.

Азат (36,9 млн.),Өрікті (26,1 млн.), Қорам (38,7 млн), Ават (22,6 млн),  Бәйтерек (92,5 млн) Түрген (71,7млн) ауылдарының көшелерін абаттандыру жұмыстарына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.

         Есік қаласының орталық саябағын (113,0 млн.) және Әуезов көшесін (133,0 млн.), сондай-ақ, Бәйдібек ауылының орталық көшесін (35,4 млн.) абаттандыруға 281,5 млн. теңге қаражат бөлініп, абаттандыру жұмыстары аяқталды.

         Аудандық әкімшілік маңайын абаттандыруға (46 млн.), Есік қаласының мәдениет үйінің маңайын абаттандыруға (89 млн.) қаражат бөлінді.

Газдандыру

Ауданда табиғи газ жоқтығына байланысты халық тасымал (баллондағы) газбен қамтамасыз етіледі.

Еңбекшіқазақ ауданы территориясы аумағында «Алаутрансгаз», «Стандартгаз» и «LP газ» мекемелерінің мамандандырылған филиалдары орналасқан. Барлық филиалдар газ тасымалдау үшін арнайы автотранспорттармен қамтамасыз етілген, баллон сақтайтын қоймалары бокстары, конторлары бар. Мекемелерде апаттық-диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, апаттық-техникалық топтар жасақталған.

2013 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарын газдандыру үшін «Қазақстан-Қытай» МГ-дан «Маловодное», «Шелек», «Жаркент» АГРС құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Облыс әкімдігі жобаны іске асыру мақсатында  Энергетика министірлігіне республикалық бюджеттен қаржы бөлу туралы бюджеттік өтінім берді. Сонымен қатар облыс әкімінің қаулысымен облысты газдандыру жобасын жүзеге асырушы ретінде  «Жетісу-Обл-ГАЗ» (әрі қарай серіктестік) (т. 8 72752-2-05-30) ЖШС-гі құрылды. Қазіргі уақытта серіктестік жоғарғыда аталған АГРЭ және газ жүйелерінің құрлысын жүргізуге инвестиция тартып,  жұмыстар жүргізілуде.

Бөлім басшысы    Д.Малибеков

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8881163
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
24325
0
24325
8749464
119164
187110
8881163

Сіздің ІР: 3.95.131.97
Қазір: 2019-11-12 13:50:37
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру