Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Негізгі бетҚұрылыс, тұрғын үй мәселелері

Құрылыс, тұрғын үй мәселелері

Құрметті интернет ресурсын пайдаланушы!

Сұрақ қоймастан бұрын  Сізден төмендегі ережелерді сақтауды өтінеміз: 

1.  Сіз өтінішіңізде тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз. 
2.  Сауалыңыз тек Еңбекшіқазақ ауданының өңірлеріне қатысты болуы тиіс. 
3.  Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн. 
4.  Егер Сіздің сұрақ-шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет. 
5.  Бұл сұрақтарға толық әрі жедел жауап беру және көрсетілген деректердің анық –қанығына жету үшін, шағымданушы автор өзінің аты-жөнін, нақты электронды поштасын (e - mail) және телефонын  көрсетуі қажет.

Келесі сипаттағы сұрақтар қаралмайды:

  • Құрамында балағат сөздері бар сұрақтар;
  • Мәтіні оқылмайтын және түсініксіз қысқарулары бар сұрақтар;
  • сұрақ жолданған адамның құзыретіне жатпайтын мәселені көрсететін сұрақтар.

Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдырады. 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» N 221 Заңының кейбір баптары:

           5-бап. Қарауға жатпайтын өтiнiштер

1. Мыналар қарауға жатпайды: 
          1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш; 
          2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш. 
          2. Егер өтiнiштi қараусыз қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi.

         6-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке және бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар

         1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. 
         2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.
       Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi. 
      3. Субъектiге тiкелей жазбаша не бейнеөтініш арқылы өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

       8-бап. Өтiнiштi қарау мерзiмдерi

      1. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.
      2. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
      Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
       3. Өтiнiштi қарау мерзiмiн субъектiнiң басшысы немесе оның орынбасары ұзартады. 
      4. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.


Жазба қосу


Пікірлер   

0 # Ілес бекмұрат Бекмұрат 2016-09-16 20:59
Сіздерге қойяр сауалым...
Дипломмен аулға бағдарламасы туралы,мен жақында Бәйдібек би ауылына педагок ретінде орналыстым.Тұра қты тіркеуімді осы аулға алып келдім,уақытша тіркеуім Алматы қаласында(қазір гі тұрып жатқан мекен- жайымда, мен осы бағдарламаны пайдалана аламба?пайдалан а алсам қандай құжаттар жинауым керек?
Жауап
0 # Е.Жакеев 2016-09-29 17:57
Бәйдібек би ауылының тұрғыны
Ілес Бекмұратқа


Сіздің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ресми сайтына жазған сауалыңызға төмендегіні хабарлаймыз:
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік жобасы ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 06 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіпті к кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығының негізінде жүзеге асады.
Сіз, ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру саласының маманы болып табылатындықтан , бұл жобаға үміткер ретінде құжаттар тапсыруға толық құқығыңыз бар. Қажетті құжаттар тізімі мынадай:
1. Көтерме жәрдемақы алған кезде:
• Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• Жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының
көшірмесі;
• Білімі туралы дипломының көшірмесі;
• Көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;
• Тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы.

2. Көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
• Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• Жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі;
• Білімі туралы дипломының көшірмесі;
• Көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;
• Тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
• Неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
• Аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама.

3. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
• Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• Жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі;
• Білімі туралы дипломының көшірмесі;
• Көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;
• Тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы.
• Неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
• Аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
• Маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
• Кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
• Кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
• Берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады.


Аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімінің басшысы Е.Жакеев


Орын: А.Егимбаева
Тел: 8/72775/7-20-19
Жауап
0 # Бекмуратова Зауре 2016-09-23 23:02
Ысқақ Биналі Абдықапасұлы, сəлематсыз ба!
Мен қоятын сұрақ: "Əр азаматқа 10 сотық жер беретін "Нұлы жер" бағдарламасы" жайында. аталған бағдарлама бойынша Енбекшіқазақ аудандық əкімшілігінің қай бөліміне арыз жазуға болады жəне сол арыз арқылы кезекке тұра аламыз. Туған бауырым басында баспанасы жоқ, жанұясында 3 баласы бар. БОЛЕК селолық əкімшілігіне қарасты туысының үйінде тіркеуде тұрады жанұясымен. Балалары Есик қаласына қатынап оқиды. Комектесіңіздер . Тіркеуде 2008 жылдан бери тұрады.
Жауап
0 # Қ.Қыдырбаев 2016-10-04 15:22
Құрметті Бекмуратова Зауре!
Нұрлы жол бағдарламасы аясында Үкімет тарапынан берілетін жер учаскелері инженерлік –коммуникациялы қ инфрақұрылыммен қамтамассыз ету үшін бөлінген қаражатты қайтару тетіктерін пысықтауда және нормативтік құқықтық актілерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру жағдайларына қатысты түзетулер енгізуде.
Осыған орай, Сізге тіркеудегі кезегіңізге сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі инженерлік –коммуникациялы қ инфрақұрылыммен қамтылған кезде қолданыстағы жер заңнамасының талаптарына сәйкес берілетіндігін хабарлаймыз.


Еңбекшіқазақ ауданының жер
қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Қыдырбаев



Орын:А.Халилов
Тел:8/72775/4-20-63
Жауап
0 # Жылкыбаев Мерей 2017-04-17 22:47
Мен Жанашар селосында турамын.10 соток жерге кезекке турганыма 10 жыл болды.Сурагым жакын арада Жанашар ауылында жер кашан бериледи.Биздин акимшиликтен сурасам жер жок деп айтады
Жауап
0 # Ж.Кураметов 2017-05-03 11:51
М.Жылқыбаевқа


Сіздің 2017 жылғы 17 сәуірдегі Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің сайтына жазған арызыңызға байланысты төмендегіні мәлімдейді.
2016 жылы Жаңашар ауылының көлемін үлкейтуге 30 га. жер телімі қосылған бас жоспар қайтадан жасалынды. Ендігі мәселе жаңадан қосылған 30 га. жер теліміне су жүйелерін, электр желілерін жүргізу, көшелерін жасау секілді жұмыстарды жүргізуге 2020 жылға бюджеттен қаржы бөлу қарастырылған. Осы айтылған жұмыстар толықтай аяқталып, жер тұрғын үй салуға дайын болған кезде кезекте тұрған адамдарға жер бөлу комиссиясының шешімімен кезек бойынша жер телімі бөлінеді.
Сонымен қатар Сізге 2007 жылдың 13 ақпанында № 160 болып жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға кезекте тұрғаныңызды хабарлайды.


Жаңашар ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы Ж.Кураметов

Орындаған: А.Тюльбаева
Телефон: 8 (72775) 28-4-71
Жауап
0 # Досжан 2017-05-15 20:52
Ассалаумалейкум Ысқақ Биналі Абдықапасұлы!Ме нің қояр сұрағым 19.12.2015 ж Еңбекшіқазақ ауданы , Байтерек ауылынан 6,25 соток жер сатып алғанмын. жердің кадастрлық нөмері 03-044-018-704. Менің қолымда барлық құжаттар бар. Гостактіде жер ауылшаруашылық мақсатта қолданылсын деген тұжырым бар. Жер иесі гектар жерді бөліктерге бөліп сатып жіберген. Мен үй салайын десем жер құрлыс мақсатында берілмеген. Егер ол ауылшаруашылық жер болса неге оны 6 сотоктан бөліп сатылып кете барған? Мен госактіні қайтадан жасата аламын ба?
Жауап
0 # Қ.Қыдырбаев 2017-05-23 17:39
Сіздің жер сұрақтары бойынша аудан әкімінің сайтына жазған хатыңызды қаралды.
Сіздің аталған жер учаскені 2013 жылдың 27 маусымдағы сату сатып алу шарты негізінде сегіз азаматтың сатып алу негізінде бөлінген.
Сұрап отырған жер учаскесі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатында. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 97 бабына сәйкес ауыл шаруашылық алқаптары айрықша қорғауға жатады.Бұл жерлерді ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты емес мақсаттарға тийым салынады.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, Сіздің сұрап отырған жер учаскеңізге тұрғын үй құрылысын салуға болмайтындығын хабарлаймыз.


Еңбекшіқазақ ауданының жер
қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Қыдырбаев




орын. А.Көрпетаев
тел.: 4-20-63
Жауап
0 # Кульжамал 2017-06-10 16:04
Ысқақ Биналі Абдықапасұлы, сəлеметсіз бе!Мен Алтынбекова Кульжамал Рахат ауылының,Васточ нный №2 үй тұрғынымын. Менің сізге арыз беру себебім, тұрғын үй салуға жер телімі туралы. Менің қызым - Алтынбекова Толқын 1973ж.т. Рахат селолық округінде 30.03.2011ж. бастап № 543 кезекте,ал ұлым-Алтынбеков Берік 17.11.2006ж. № 25 кезекте тұр. Бірақ осы кезек бір орнынан жылжымады. Бізден кейін тұрған адамдардың кезегі келіп жер алып алғандар бар.Балаларымны ң жастары 40 -тан асты ,өз алдыларына отбасын құрып, квартира жалдап тұрып жатыр. Қанша күтуге болады? Әділдік қайда? Балаларым қай уақытта жер телімін алады? Округ әкіміне талай бардым, жылда жас балаша алдаумен келеді.Егер бұл мәселе тез арада шешімін таппаса ,бұдан әрі арыздануға тұра келіп отыр. Сіздің жауабыңызды күтемін. Түсінушілікпен қарастырады деген сенімдемін.
Жауап
0 # А.Жолдыбаев 2017-06-15 09:54
Рахат ауылы,
Восточ ный көшесі, 2
үй тұрғыны
К.Алтынбековаға

Сіздің 10.06.2017 жылғы аудан әкімінің сайтына жазған тұрғын үй салу үшін жер телімін сұрау туралы хатыңыз қаралды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы" №255 бұйрығының 27, 28, 30 баптарына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұрау кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтініштерін республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң жергілікті атқарушы органдары комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде арнайы есепке қояды және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда қанағаттандырыл ады.
Жер учаскесін бөліп беру үшін алаңдар болмаған жағдайда, келіп түскен өтініштерді комиссия осы Ереженің 13-тармағында көзделген қорытындыда түскен өтініштердің кезектілігі негізінде арнайы есепке алу туралы шешім шығарады.
Бөліп беруге алаңдар дайын болған кезде кезегі келген өтініш берушіге алаңдар дайын болған күннен бастап бір ай ішінде өтініш беру қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі (беріледі).
Бүгінгі таңда Рахат ауылдық округі бойынша тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін дайын алаңдар жоқ екендігін хабарлаймын.

Рахат ауылдық округінің
әкімі А.Жолдыбаев


орындаған:М.Смадилова
тел.:37-2-17
Жауап
0 # Айгерім 2018-02-22 17:43
Мен Намазбай Айгерім 2015жылы Байтерек ауылына медсестра болып жумыска кірдім.Содан 2016жылы маусым айында Есік қаласына аудандық əкімшілікке Дипломмен ауылга багдарламасы бойынша көтерме жəрдемакыға жəне уй сатып алуга кужаттар откізген болатынмын сол уакытта менің кезегім 263болган.6 айдан кейін барсам алі жылжымаган. Бұрынғыдай тамыр-таныс керек па білмедім?
Жауап
Menu

Категориялар (тақырыбын таңдаңыз және сұрақ қойыңыз)

Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру