Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Негізгі бетРухани жаңғыруҚасиетті жерлердің картасы жасалуда

Қасиетті жерлердің картасы жасалуда

1Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласында қоғамдық сананы заманауи биікке көтеруге септесетін
алты жоба ұсынылғаны белгілі. Соның төртіншісі – «Қазақстанның
киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Бұл жобаны жүзеге асырудың
мақсаты – халықтың ұлттық бірегейлігін және құндылықтарын
бекемдеу, жат идеологияға төтеп беретін қалқанды нығайту.
«Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің негізгі
мақсаты – өлкетану бойынша ғылыми-зерттеу, өлкетану саласындағы
ағартушылық ғылыми-зерттеу іс-шараларын ұйымдастыру.
Ауданымызда да аталған «Сакралды Қазақстан» жоба- сы бойынша
атқарылып жатқан шаруалар аз емес. Әсіресе, халық жүрегінен орын алып, ел
тарихында өшпес із қалдырған бабабаларымыздың ескерткіш кесенелері
ерекше назар ауда- рарлық. Солардың бірі – Құлжа күре жолы бойында
орналасқан қаңлы Қараш би кесенесі.
Қаңлы Қараш би шамамен 1826 жылы туылып, 1889 жы- лы 63
жасында қайтыс бол- ған. Ол қаңлы тайпасының Танта атасынан тарайды.
Қараш Теңізбайұлы Жетісу жерінде қазіргі Еңбекшіқазақ ауданындағы
Түргеннің сайы мен Бақай тауының аралығын, Шелек өзенінің орта ағысы
бойын билеген би, шешен адам.
«Албаным сыйлар «ағам» деп,
Шапыраштым сыйлар «жағам» деп.
Қос қанатым тұрғанда,
Жұрт ішінде бағам көп», – деген сөздерінен-ақ Қараш бидің рудың емес,
ұлттың тұтастығын ойлаған данагөй би болғанын аңғарамыз. Кезінде Қараш
бидің басына тұрғызылған кесене болған. Бірақ кеңестік кезеңде кесене
тұрған орынға әскерлер орналасуына байланысты оны қиратып тастаған. Тек
жақын жылдары ғана кесене қайта тұрғызылып, әсем де еңселі келбетімен
ғана емес,сакралды-рухани мәнімен де халық арасында танымал болып отыр.
Болашақта қаңлы Қараш би кесенесін де халық қадір тұтқан қасиетті жер
ретінде Еңбекшіқазақ ауданының сак- ралды географиялық картасына енгізу
көзделген. Ал ол үшін кесене туралы толыққанды мәліметтер жиналып,
ғылыми сараптама жасалуы тиіс. Осы мақсатпен кесене басына тарихшы-
өлкетанушылар мен қаңлы Қараш бидің ұрпақтары бас қосты. Аталған
жиналысқа «Қаңлы Қараш би» қоғамдық қорының атқарушы директоры әрі
Қараш бидің ұрпағы Б.Мырзағалиұлы, өлкетанушы Ж.Бүтінбаева, аудандық
ұйым- дастыру бөлімінің «Рухани жаңғы- ру» жұмысы бойынша жетекші
маманы Д.Қоқанова, кесененің шырақшысы Б.Әбдіхалықұлы т.б. қатысты.
Өлкетанушы Ж.Бүтінбаева кесененің қасиетті орындар тізіміне кіруі тек
рухани ғана емес, экономикалық мәні де бар екенін ескертіп, оны іске асыру
үшін кесене туралы жан- жақты ғылыми мәліметтер керек екенін алға тартты.
Сонымен бірге, жалпы аудан аумағындағы кесенелер туралы ғылыми
мәліметтердің тым мардымсыз екенін, ол үшін оларды арнайы зерттеп,
жиналған ақпараттар бірізге түскен кітап шығару керек екенін де атап өтті.
Әрі қаңлы Қараш би кесенесіне жауапты тұлғалардан аталған мәселе бой-
ынша көмек көрсетулерін сұрады. Осыған орай, «Қаңлы Қараш би» қоғамдық
қорының атқарушы директоры Б.Мырзағалиұлы кесене туралы ақпараттарды
жинастыруда көмек беруге дайын екендіктерін жеткізді. Жиналыс соңында
Қараш бидің әруағына бағышталып құран оқылып, жиынға қатысушылар
кесене туралы кітап шығаруға уәделесіп тарқасты.
Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.
1
 
1
 
1
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру