Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Негізгі бетҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІҰлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы

Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 862 Қаулысы

        

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің      
 2007 жылғы 1 қазандағы
 N 862 қаулысымен   
 бекітілген      

Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңына (бұдан әрі- Конституциялық Заң) сәйкес әзірленді және ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою тәртібі

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жоюды Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы міндетті түрде орналастырылатын (орнатылатын, көтерілетін) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін комиссиялары жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын нысандардың, мөлшердің және техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкес келмеушілік болып табылады.
      4. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ауыстыруды және жоюды осы Қағидаларда көзделген тәртіппен ғимараттардың (үй-жайлардың) иелері өздерінің еркі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын тігуді жүзеге асырады.

      5. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын жою оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру жолымен жүргізіледі.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру