Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Негізгі бетҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІБілім беру ұйымдарында ұлттық, мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ басқа да салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану жөніндегі үлгілік нұсқаулық

Білім беру ұйымдарында ұлттық, мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ басқа да салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану жөніндегі үлгілік нұсқаулық

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

міндетін атқарушының

2012 жылғы 6 маусымдағы

№ 261 бұйрығымен бекітілген

Білім беру ұйымдарында ұлттық, мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ басқа да салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану жөніндегі үлгілік нұсқаулық

            Білім беру ұйымдарында ұлттық, мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ басқа да салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану жөніндегі үлгілік нұсқаулық білім беру ұйымдарында ұлттық, мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ басқа да салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдануды және орналастыруды нақтылау мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысына сәйкес әзірленді.

  1. Азаматтыққа және отансүйгіштікке, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында оларды оқыту жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарының негізгі жалпы білім беру бағдарламаларына енгізіледі.
  2. Жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында арнайы оқшауланған көрнекті орынға ұдайы Мемлекеттік Ту тігіледі, Мемлекеттік Елтаңба не олардың бейнесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мемлекеттік тілдегі мәтіні орналастырылады.
  3. Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы міндетті түрде орналастырылуы қажет.
  4. Білім беру ұйымдарының ғимараттарында тұрақты тігілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түсіп тұруға тиіс.
  5. Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бірдей болмауға тиіс.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды.

  1. Тарих, бастапқы әскери дайындық кабинеттерінде мектеп тақтасының сол жағындағы қабырғада Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің бұрышы орналастырылады.
  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасының мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні мәтінінің бейнелері бар стенділер (плакаттар) әсем безендірілуі және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуы тиіс.
  3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасының мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні мәтінінің бейнелері бар стенділерге (плакаттарға) орналастырған кезде Мемлекеттік рәміздер бейнелерінің  бірдеңгейлі орналастырылуының сақталуы, сондай-ақ олардың орналасу реті: Ту, Елтаңба, Гимн болуы тиіс.
  4. Білім беру ұйымдары Ұлттық, Мемлекеттік мереке күндерін, сондай-ақ салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін міндетті түрде қолданулары тиіс.
  5. Оқу жылының басталуы мен аяқталуына арналған салтанатты іс-шараларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ту көтеруші топтың саптық жүрісімен «Дайындалыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілсін!» бұйрығынан кейін енгізіледі.

      Ту көтеруші топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен өту рәсімінен кейін мектептік жиынның басты бөлігінде саптың алдына келіп тұрады.

  1.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілгеннен кейін барлық қатысушылар тік тұрып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.
  2.  Іс-шара ақталған кезде «Дайындалыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!» деген бұйрық бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын алып шығу рәсімі орындалады.
  3.  Оқу жылының басталуы мен аяқталуына арналған іс-шараларда Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын флагштокқа көтеру кезінде қолданылады.

      Флагштокқа бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілсін!» деген бұйрықтан кейін көтеріледі. Оны көтеру құқығы оқу үздігіне беріледі.

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты жағдайда көтеру және тігу кезінде Мемлекеттік Гимн орындалады, бұл ретте қатысушылар жүздерін Туға қарай бұрады.

  1. Білім беру ұйымдары Ұлттық, Мемлекеттік мереке күндерін, сондай-ақ салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде тік тұрып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындайды (тыңдайды), міндетті түрде қолданулары тиіс.
  2.  Мемлекеттік Гимнді оркестр, хор, окрестр мен хор орындайды не ол өзге де вокалдық және аспаптық түрде орындалады. Бұл ретте дыбыс жазу құралдары пайдаланылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін ықшамдап орындауға жол беріледі.

  1.  Іс-шараның соңында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түсірілсін!»  деген бұйрықтан кейін ту көтеруші топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын түсіреді және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!» деген бұйрықтан кейін ту көтеруші топ оқушылардың алдыңғы қатарынан өтіп, Мемлекеттік Туды алып шығады.
  2.  Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ауыстыру және жою жөніндегі тұрақты комиссия құрылады.

      Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін (Ту - 988-2007 ҚР СТ сәйкес суреті, Елтаңба - 989-2008 ҚР СТ сәйкес суреті) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ауыстыру және жоюды жүзеге асыру, оларды қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру арқылы жүргізіледі.

  1.  Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  2.  Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің дұрыс орналастыруы мен қолданылуына дербес жауапты болады.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру