Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетМемлекеттік қызметМұрағат (2015 жылға арналған бос лауазымдарға конкурстар)2015 жылғы 27 қазандағы «Жетісу» газетінде Еңбекшіқазақ ауданы бойынша «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстар жарияланған

2015 жылғы 27 қазандағы «Жетісу» газетінде Еңбекшіқазақ ауданы бойынша «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстар жарияланған

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын

Е-G-1 санаты үшін: жоғары білім; Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:1)  мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;2)    осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы;3)  жоғары және жоғары оқу  орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде а немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4)  ғылыми дәрежесінің болуы.

Е-R-4 санаты үшін:     жоғары білім; Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі

Е-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім. Мүмкіндігінше жұмыс тәжірибесінің болуы

Е-G-3 санаты үшін: білімі – жоғары кәсіптік, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-4  санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім. Мүмкіндігінше жұмыс тәжірибесінің болуы

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Еңбек сіңірген

жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген

жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

  Теңгеден Теңгеге дейін   Теңгеден

Теңгеге дейін

E-R-4 56376 76235 E-G-3 53813 72391
Е-R-5 49969 52532 E-G-4 48047 64704
      E-G-1 94173 126845

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау

      Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.     Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.    Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін екі жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
      Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екi жұмыс күннен кеш емес өткiзiлуi тиiс қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн бес жұмыс күн iшiндехабарлайды. Әңгімелесу өткізілетін орын. Есік қаласы,Жамбыл даңғылы  21,Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі, 2-қабат, №213 кабинет.

1. Еңбекшіқазақ ауданының әкімі:  Есік қаласы, Жамбыл даңғылы,  № 21, индексі 040400, электрондық пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., Байланыс телефондары: 8(727-75) 72214  мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

1.  Есік қаласы әкімінің орынбасары,  E-G-1 санаты

Функционалдық бағыттары: қала әкімі аппаратыныңқұзырындағы лауазымдық нұсқаулық пен  міндеттердің бөлісіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары: құқықтық, гуманитарлық, экономикалық, техникалық, ауылшаруашылық

2.  Еңбекшіқазақ аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас маман-есепшісі,  E-R-4 санаты

Функционалдық бағыттары: Бөлім құзырындағы лауазымдық нұсқаулық пен  міндеттердің бөлісіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары: экономикалық

3.  Шелек және Масақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (E-G-3 санаты) Функционалдық бағыттары: селолық округ әкімі аппаратыныңқұзырындағы лауазымдық нұсқаулық пен  міндеттердің бөлісіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары немесе ортадан кейінгі: экономикалық, гуманитарлық, құқықтық, ауылшаруашылық, құрылыстық,

4. Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепші (E-G-3 санаты) Функционалдық бағыттары: селолық округ әкімі аппаратыныңқұзырындағы лауазымдық нұсқаулық пен  міндеттердің бөлісіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары немесе ортадан кейінгі: экономикалық,

5. Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепші (E-G-3 санаты) (уақытша негізгі қызметкердің сырқаттануына байланысты демалыс кезеңіне)

 Функционалдық бағыттары: селолық округ әкімі аппаратыныңқұзырындағы лауазымдық нұсқаулық пен  міндеттердің бөлісіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары немесе ортадан кейінгі: экономикалық,

6. Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық жөніндегі инспекторы (E-G-3 санаты) 

Функционалдық бағыттары: селолық округ әкімі аппаратыныңқұзырындағы лауазымдық нұсқаулық пен  міндеттердің бөлісіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары немесе ортадан кейінгі: құқықтық, экономикалық,

7.  Қазақстан, Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы,    (Е-G-4 санаты) Функционалдық бағыттары: Селолық округ әкімі аппаратыныңқұзырындағы лауазымдық нұсқаулық пен  міндеттердің бөлісіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары немесе ортадан кейінгі: гуманитарлық, педагогикалық, экономикалық, әскери, техникалық, ауылшаруашылық, құқықтық, әлеуметтік

8. Аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің жетекші маманы (E-R-5 санаты) Функционалдық бағыттары: бөлімқұзырындағы лауазымдық нұсқаулық пен  міндеттердің бөлісіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары немесе ортадан кейінгі: сәулетшілік, техникалық

9. Асы  ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі (E-G-3 санаты) Функционалдық бағыттары: селолық округ әкімі аппаратыныңқұзырындағы лауазымдық нұсқаулық пен  міндеттердің бөлісіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары немесе ортадан кейінгі: экономикалық

10. Ташкенсаз, Қырбалтабай, Сөгеті  ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық жөніндегі инспекторы (E-G-3 санаты) (уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне)

Функционалдық бағыттары: селолық округ әкімі аппаратыныңқұзырындағы лауазымдық нұсқаулық пен  міндеттердің бөлісіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары немесе ортадан кейінгі: құқықтық, экономикалық,

11. Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық жөніндегі инспекторы (E-G-3 санаты) (уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне)

Функционалдық бағыттары: селолық округ әкімі аппаратыныңқұзырындағы лауазымдық нұсқаулық пен  міндеттердің бөлісіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары немесе ортадан кейінгі: құқықтық, экономикалық,

12. Ават, Қаратұрық  ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (E-G-3 санаты) (уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне)

Функционалдық бағыттары: селолық округ әкімі аппаратыныңқұзырындағы лауазымдық нұсқаулық пен  міндеттердің бөлісіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары немесе ортадан кейінгі: құқықтық, экономикалық, педагогикалық

13. Қорам ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, (уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне)   (E-G-4 санаты)

Функционалдық бағыттары: Селолық округ әкімі аппаратыныңқұзырындағы лауазымдық нұсқаулық пен  міндеттердің бөлісіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары немесе ортадан кейінгі: гуманитарлық, педагогикалық, әлеуметтік, құқықтық, техникалық әскери, экономикалық

           

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына

орналасуға кандаттардың тестілеуден өткені туралы

СЕРТИФИКАТ

Әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың санаттарына қарай тестілеудің түрлі бағдарламасы белгіленеді. Үміткердің білімдері мен қабілеттерін әділ бағалау мақсатында қазіргі таңда тестілеудің бағдарламасына  заңнаманы білу, мемлекеттік тілді білу және логикалық тестілеу (санатына қарай) енгізілген. 

Азаматтар оны белгіленген тәртіп бойынша Агенттікте  немесе Қазақстан Республикасы Агенттігінің еліміздің барлық 16 аймағындағы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өңірлік тестілеу орталықтарында өтеді.Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері  «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды (бұдан әрі –«Б» корпусына кандидат) тестілеуді азаматтардан  түскен өтініштерге қарай өткізеді. Шекті мәннен кем емес тестілеу нәтижесін алған  кандидатқа  тестілеуден өткені туралы сертификат беріледі

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекен – жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге

1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2 санаттарына арналған мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

2) екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);логикалық тест (10 тапсырма);Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);логикалық тест (10 тапсырма);Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтертуралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

          «Б»  корпусының тестілеуіне қатысу үшін үміткерлер белгіленген Ережелерге сәйкес тиісті құжаттарды «Электронды-үкімет» веб-порталы, сондай-ақ аталған құжаттарды жергілікті атқарушы органдарына немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) өткізуге болады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс жариялаған сәйкес мемлекеттік органдардан өтеді.

Аталмыш лауазымдарға орналасқан тұлғалар үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8894203
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
37365
0
37365
8749464
132204
187110
8894203

Сіздің ІР: 3.231.226.211
Қазір: 2019-11-14 07:42:57
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру