Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетМемлекеттік қызметБос лауазымға жалпы конкурстар Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Индекс 040400, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы
№21а, анықтама телефоны/факс: +7(72775) 7-22-14, 7-21-69, электрондық
пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., БСН: 001140002379
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс
өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс
күнінен бастап есептеледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы
21 ақпандағы «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір
мәселелері туралы» № 40 бұйрығының (әрі қарай-Қағидалар) 2-қосымшасына
сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидалардың 3-қосымшасына
сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік
лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық
куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану
және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына
жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу
орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы
құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік
білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне
білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы
құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса
беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi
туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік
қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ"
халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың
көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың
қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім
беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды
тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған
немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697
болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық
құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан
аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы
медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)
(немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304
тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша
құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген
психоневрологиялық ұйымнант анықтама (немесе қорытындының
нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304
тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат
тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық
ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған
көшірмесі).
2019 жылғы 1 ақпаннан бастап персоналды басқару қызметі (кадр
қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені
туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы
сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті
органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес
нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн
мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не
хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды
түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау
мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық
почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе
нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір
сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен
әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және
беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар
берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми
жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін
сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе
оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер тапсыратын құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір
айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесі.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн
мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не
хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде
не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде
тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы
арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық
куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан
кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден
өтуге жіберілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық,
бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға
бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және
әрекеттестік, қызметті басқару;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»,
заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп
қағидаларын), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
стратегиясын білуі.
Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік
қаласы, Жамбыл даңғылы №21а.
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына
қатысуы:
Байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық
деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында
белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес
ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері,
уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде мемлекеттік мекеменің қызметкері болып табылмайтын, бос
лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде
ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу
және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың
мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және
мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның
аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот
тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға
үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен
заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына
арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест
(20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ), "Жеке
және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ),
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан
Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің
қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.
Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік
құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде
50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде
5 дұрыс жауапты құрайды.
Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын
білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.
«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға
арналған тестілеу: стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10
тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны
хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму
(10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10
тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма),
көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді
басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады.
Тестілеу сондай-ақ растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі
бойынша кем дегенде 50% құрайды.
Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды.
E-R-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік
біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті
басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
1 Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің жетекші маманы (уақытша
негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне 01.06.2022 жылға дейін), Е
- R - 5 санаты, 023-06 индекс лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 84415 бастап 114853 тг дейін.
Білімі: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білім: білім (құқық және экономика негіздері және/немесе кәсіптік оқыту
және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті* және/немесе шетел тілі және/немесе тарих
және/немесе физика және/немесе математика және/немесе орыс тілі және әдебиеті
және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе
информатика және/немесе география және/немесе мектепке дейінгі оқу және
тәрбие беру және/немесе педагогика және психология және/немесе алғашқы
әскери дайындық және/немесе дефектология және/немесе музыкалық білім
және/немесе бейнелеу өнері және сызу және/немесе дене шынықтыру және спорт
және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін
тану және/немесе химия және/немесе биология және/немесе шет тілі: екі шет
тілдер және/немесе педагогикалық өлшеу және/немесе физическая подготовка);
гуманитарлық ғылымдары (филология және/немесе тарих); жаратылыстану
ғылымдары (биология және/немесе химия және/немесе математика және/немесе
информатика және/немесе география және/немесе физика); әлеуметтік
ғылымдары, экономика және бизнес (психология және/немесе әлеуметтану
және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару)
Функционалдық міндеттері:
1.Қазақстан Республикасының тәрбие
жұмыстарының кешенді бағдарламасының орындалуына, мектептегі балалардың
жол жүру ережелерін сақтау жұмыстарына, кәмелетке толмаған балалардың
арасындағы және құқық бұзушылыққа жақын балаларға профилактикалық жұмыс,
дарынды балалармен жұмыс жүргізуге жауапты.
2 Бақылаушылық міндеттері: Білім беру мекемелерінде тәрбие жұмыстарына
талдау жүргізеді.
3 Үйлестірушілік міндеттері: Функционалдық бағыттарына сәйкес тәрбие
жұмысының мәселелеріне жауапты.
4 Арнайы мамандануы: Функциялық бағыттарына сәйкес тәрбие жұмысының
мәселесіне жауапты.Ұйымдастырушылық, бiрқалыпты бағытталған рух
қалыптастыру, ашық мiнездiлiк, орындаушылық және талап қоюшылық, жоғары
моральдық, этикалық және iскерлiк қасиеттерi.
2 Еңбекшіқазақ аудандық құрылыс бөлімінің жетекші маманы, Е - R - 5
санаты, 021-07 индекс лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына
байланысты – 84415 бастап 114853 тг дейін.
Білімі: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын,
бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе машина жасау
және/немесе құрылыс); өнер (сәулет)
Функционалдық міндеттері: 1.Аудан әкімінің аппараты мен, қала, селолық
округ әкімдерімен, құрылыс саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарымен меншік
түріне қарамастан тығыз байланыста болып, жұмыстар атқарады.
2.Бақылаушылық міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілеріне, аудан Әкімінің шешімі мен өкімдеріне байланысты жұмыс істейтін
сала бойынша орындалуын бақылау, құрылыс және коммуналдық тұрғын үй
құрылысы саласындағы жұмыстарды бақылау, құрылыс салуға жер телімін бөлу
құжаттарын дайындау, құрылыс жұмыстарын заңды нормаларға сай жүргізу,
архивтік саласындағы бөлім басшысының бөлім жұмыстарына қатысты
тапсырмаларын бұлжытпай орындау.
3.Үйлестірушілік міндеттері: түскен хаттар мен өтініштерді қадағалайды,
құрылыс саласындағы кәсіпорындарымен меншік түріне қарамай жұмыс жүргізу.
4.Арнайы мамандануы: функциялық бағыттарына сәйкес ұйымдастырушылық,
бірқалыпты бағытталған рух қалыптастыру, ашық мінезділік, орындаушылық
және талап қоюшылық, жоғары моральдық, этикалық және іскерлік қасиеттері.
ЕСЭДО, WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс
істей алуы.
E-G-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік
біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті
басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
3 Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Е-G-4
санаты, индексі 036-11, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 81229 бастап 109367 теңгеге дейін.
Білімі: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білім; Кәсіби
Функционалдық міндеттері 1.Соғыс және еңбек ардагерлермен,
ескерткіштердің жұмыстарын жүргізу, терроризмге, экстремизмге қарсы
жұмыстарын жүргізу, ҚР Қарулы күштері қатарына шақыру істеріне, шақыру
комиссияларына келмегендерді іздестіру жұмыстарын жүргізу, төтенше жағдай,
экология, еңбекті қорғау, мекеме, ұйымдардағы қауіпсіздік мәселелерінің
жұмыстары бойынша істерін жүргізу. Өздеріне жүктелген қосымша мендеттерді
орындау.
2.Бақылаушылық міндеттері:жетекшілік ететін салаларына қатысты заңнамалық
актілерді орындау.
3.Үйлестіруші міндеттері:нақты функциялық бағытына байланысты салалар
қызметін үйлестіру.
4 Арнайы мамандануы: нақты функциялық міндетіне байланысты сала қызметін
болжау, жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.
Ұйымдастырушылық, бірқалыпты бағытталған рух қалыптастыру, ашық
мінезділік, орындаушылық және талап қоюшылық, жоғары моральдық, этикалық
және іскерлік қасиеттері. WORD. EXSEL. E-mail. Internet компьютер
бағдарламаларымен жұмыс істей алуы.
4 Саймасай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Е-G-4
санаты, индексі 050-08, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 81229 бастап 109367 теңгеге дейін.
Білімі: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білім; Кәсіби
Функционалдық міндеттері 1.қызметтік іс жүргізу; ономастика, қоғамдық және
діни бірлестіктердің қызметін, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру, ішкі саясат,
шаруашылық кітаптарын жүргізу және электрондық базаға енгізу.
2 Бақылаушылық міндеттері: округ әкiмiнiң аппаратында iс жүргiзiлу барысына
бақылау жасау; округ әкімі аппаратының тәртіптік, ведомствалық мұрағат пен
сараптама комиссияларының жұмыстарын жүргізеді.
3 Үйлестіруші міндеттері: аудандық бөлімдермен және аудандық мұрағат
мекемесімен өзара жұмыс жасау.
4 Арнайы мамандануы: функциялық бағыттарына сәйкес салаларда жобалау және
жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, жетекшілік етіп отырған салаларда
стратегиялық жоспарлар әзірлеу; азаматтарды қабылдау жұмысында тәжірибесі
болуы.
Мемлекеттік тілді, жұмысты ұйымдастыру, бейімделушілік, біліктілік,
психологикалық сыйысушылық қабілеттерінің болуы.
Ұйымдастырушылық, бiрқалыпты бағытталған рух қалыптастыру, ашық
мiнездiлiк, орындаушылық және талап қоюшылық, жоғары моральдық, этикалық
және iскерлiк қасиеттерi.
WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс істей білу.
5 Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Е-G-4
санаты, индексі 035-09, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 81229 бастап 109367 теңгеге дейін.
Білімі: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білім; Кәсіби
Функционалдық міндеттері: 1.әскери міндеттілер мен әскер қатарына
шақырылушылардың есебін жүргізу; қажеттілігіне қарай әскери міндеттілердің
қозғалысы туралы Әскери Комиссариатқа есеп беру; әскери қызметкерлер мен
әскери міндеттілердің Әскери Комиссариатқа келуін қамтамасыз етеді; тіркеу
учаскесіне келмеген әскер қатарына шақырылушыларды іздеу салу жұмыстарын
ұйымдастырады; Жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес бағдарламасымен
жұмыс жүргізу. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек», «Мемлекеттік балалы
отбасыларға берілетін жәрдемақы», «Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсету»
жәрдемақыны тағайындауға құжаттарды қабылдайды, тиісті мекемеге уақытында
өткізеді және округ әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды.
2 Бақылаушылық міндеттері: жүргізетін салада нормативті актілердің
орындалуы, әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстарын ұйымдастыру, өзі
жетекшілік ететін салаларына қатысты нормативтік актілердің орындалуын
қадағалау.
3 Үйлестіруші міндеттері Жергілікті атқарушы орган мен тұрғындар, көше
комитеттері, мекеме, қызмет көрсету орындарымен арадағы қарым-қатынас;
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тығыз
жұмыс жасайды.
4 Арнайы мамандануы: қызметтік бағыттарына сәйкес салада ұйымдастыру
және бақылау,орындаушылық тәртіпте, іс жүргізуде, әскери есеп жүргізуде
ақпараттық-талдау жұмысының түрі мен әдістерін меңгеру. Халықпен жұмыс
істеу тәжірибесі.
Мемлекеттік тілді, жұмысты ұйымдастыру, бейімделушілік, біліктілік,
психологикалық сыйысушылық қабілеттерінің болуы.
Ұйымдастырушылық, бірқалыпты бағытталған рух қалыптастыру, ашық
мінезділік, орындаушылық және талап қоюшылық, жоғары моральдық, этикалық
және іскерлік қасиеттері.
Word, Excel, Е-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс істей білу.
 
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшіліклауазымынаорналасуконкурсына
қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусыныңмемлекеттікәкімшіліклауазымынаорналасуға конкурс өткізу
қағидаларыныңнегізгіталаптарыментаныстым, оларменкелісемінжәнеорындауға
міндеттемеаламын.
Ұсынылып отырғанқұжаттарымныңдәйектілігінежауапберемін.
Қосаберілгенқұжаттар:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мекенжайыжәнебайланыс
телефоны____________________________________________________
____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
 
 
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ
ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) / 
фамилия, имя, отчество (при наличии)


ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/

Год окончания и наименование учебного

заведения

4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылыми

дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая

степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары

(болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные

звания (при наличии)

7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери,

арнайыатақтары, сыныптықшені

(болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское,

специальное звание, классный чин

(при наличии)

 

8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания

его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жылсайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егерүш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 
 
 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

 
 
 
 
 
 
 
 
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8967231
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
40257
0
110393
8844303
205232
187110
8967231

Сіздің ІР: 18.210.28.227
Қазір: 2019-11-22 16:06:23
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру