Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетМемлекеттік қызметБос лауазымға жалпы конкурстар Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Индекс 040400, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы
№21а, анықтама телефоны/факс: +7(72775) 7-22-14, 7-21-69, электрондық
пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., БСН: 001140002379
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс
өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс
күнінен бастап есептеледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы
21 ақпандағы «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір
мәселелері туралы» № 40 бұйрығының (әрі қарай-Қағидалар) 2-қосымшасына
сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидалардың 3-қосымшасына
сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік
лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық
куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану
және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына
жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу
орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы
құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік
білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне
білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы
құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса
беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi
туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік
қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ"
халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың
көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың
қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім
беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды
тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған
немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697
болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық
құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан
аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы
медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)
(немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304
тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша
құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген
психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының
нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304
тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат
тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық
ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған
көшірмесі).
2019 жылғы 1 ақпаннан бастап персоналды басқару қызметі (кадр
қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені
туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы
сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті
органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес
нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн
мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не
хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды
түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау
мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық
почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе
нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір
сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен
әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және
беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар
берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми
жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін
сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе
оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер тапсыратын құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір
айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесі.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн
мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не
хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде
не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде
тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы
арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық
куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан
кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден
өтуге жіберілмейді. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық,
бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға
бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және
әрекеттестік, қызметті басқару; Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»,
заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп
қағидаларын), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
стратегиясын білуі.
Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік
қаласы, Жамбыл даңғылы №21а.
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық
деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында
белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес
ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері,
уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде мемлекеттік мекеменің қызметкері болып табылмайтын, бос
лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде
ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу
және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың
мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және
мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның
аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот
тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға
үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен
заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына
арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест
(20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ), "Жеке
және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ),
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан
Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің
қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.
Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік
құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде
50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде
5 дұрыс жауапты құрайды.
Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын
білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.
«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға
арналған тестілеу: стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10
тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны
хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму
(10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10
тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма),
көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді
басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады.
Тестілеу сондай-ақ растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі
бойынша кем дегенде 50% құрайды.
Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды.
Е-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік
біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті
басқару.
Жұмыс өтілі талап етілмейді.
1 Ұйымдастуры бөлімінің жетекші маманы, Е-5 санаты, индексі 013-05, 1
бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты –
89900 бастап 121224 теңгеге дейін.
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен
кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; білім (педагогика және психология
және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе казахская филология ); қызметтер
(әлеуметтік жұмыс); құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану
және/немесе құқық және/немесе азаматтық құқық және/немесе құқық (құқықтану));
гуманитарлық ғылымдары (философия және/немесе филология және/немесе тарих
және/немесе мәдениеттану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес
(журналистика және/немесе саясаттану және/немесе психология және/немесе
әлеуметтану және/немесе аймақтану және/немесе қоғамдық байланыс және/немесе
халықаралық журналистика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару
және/немесе жобаны басқару)
Функционалдық міндеттері: 1 Негізгі қызметтік міндеттері: ҚР Президентiнiң,
Үкiметiнi актiлерiнiң, облыс, аудан әкiмдерiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң, аудан
әкiмi аппаратының басшысы мен бөлiм басшыларының тапсырмаларын
орындалуын ұйымдастыру, бөлiм құзыретiне енетiн мәселелер бойынша талдау
жұмыстарын жүргiзу; Рухани жаңғыру жұмысы бойынша нормативтік құқықтық
актілер жобасын әзірлейді, олар туралы сапалы ақпараттар жинақтайды; Аудан
көлемінде рухани жаңғыру мәселелерімен айналысады, дөңгелек үстелдер,
семинарлар, кездесу т.б. өткізу және базасын қалыптастыру, олардың жұмысын
үйлестіру, атқарылған жүмыстар туралы ақпараттық мақалалар жариялау,
аудандық рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ашылған
(тіркелген) әлеуметтік парақшаларға ақпарат жариялау;
2 Бақылаушылық міндеттері: Жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі
нормативтік-құқықтық актілердің орындалуы
3 Үйлестіруші міндеттері: Елбасының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау мен
түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихат топтарының елді мекендерге шығу
кестелерін әзірлеуді жүзеге асырады
4 Арнайы мамандануы: функциялық бағыттарына сәйкес салаларда жобалау
және жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, мемлекеттiк қызмет жүйесiндегi
ақпараттық–талдау үлгiлерi мен әдiстерiн бiлу, заңдылық пен құқықтық тәртiптi
бекiту, азаматтарды қабылдау iсi бойынша тәжiрибесiнiң болуы, компьютерде
Word, Excel, E- mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасай алуы.
E-R-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік
біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті
басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2 Білім бөлімінің балалар құқығын қорғау секторының жетекші маманы,
E-R-5 санаты, индексі 023-08, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет
өткерген жылдарына байланысты – 84414 бастап 114853 теңгеге дейін.
Білімі: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білім; білім (педагогика және психология); құқық (халықаралық құқық және/немесе
құқықтану және/немесе құқық және/немесе азаматтық құқық және/немесе құқық
(құқықтану)); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (психология
және/немесе әлеуметтану және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару
және/немесе жобаны басқару)
Функционалдық міндеттері: 1.негізгі функционалдық міндеттері: Жетім
балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан жетім балалар және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар туралы республикалық мәліметтер жиынтығын
қалыптастыралды.
2 Бақылаушылық міндеттері: Әр тоқсан сайын республикалық мәліметтер
жиынтығының есебінде тұрған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
туралы деректерді өңірлермен салыстырмалы тексеруден өткізеді.
3 Үйлестірушілік міндеттері: Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған интернаттық ұйымдардың қызметіне қатысты
жергілікті білім беру орындарының ұйымдастыру-педагогикалық қызметін
үйлестіруге қатысады.
4 Арнайы мамандануы: Функциялық бағыттарына сәйкес болжау
жоспарлауБасқарманың жұмыс жоспарын орындау.Ұйымдастырушылық,
бiрқалыпты бағытталған рух қалыптастыру, ашық мiнездiлiк, орындаушылық
және талап қоюшылық, жоғары моральдық, этикалық және iскерлiк қасиеттерi.
WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс істей алуы
3 Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші
маманы, (уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне
01.06.2022 жылға дейін) E-R-5 санаты, индексі 024-03, 1 бірлік, лауазымдық
жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты – 84414 бастап 114853
теңгеге дейін.
Білімі: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білім; білім (педагогика және психология және/немесе әлеуметтік педагогика және
өзін тану); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); құқық (халықаралық құқық және/немесе
құқықтану және/немесе құқық және/немесе азаматтық құқық және/немесе құқық
(құқықтану)); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (есеп және аудит
және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және/немесе экономика
және/немесе психология және/немесе әлеуметтану және/немесе мемлекеттік және
жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару)
Функционалдық міндеттері: 1 Негізгі қызметтік міндеттері: кеңсе iсiн жүргiзу.
Құқықтық сұрақтар бойынша келген азаматтарды қабылдау және кеңес беру.
2.Бақылаушылық міндеттері:
жоғарғы тұрған органдардың құжаттарының
орынлалуын бақылауды, бөлiм бойынша бұйрықтардың орындалуын жұзеге асыру.
3.Үйлестіруші міндеттері: бөлiмдегi құжаттардың, арыздардың және хаттарын
тiркелуiн бақылау. Мемлекеттiк тiлдi дамытуды қамтамасыз ету және iс жүргiзу
қызметiн атқару.
4.Арнайы мамандануы: функциялық бағыттарына сәйкес, электронды поштамен
жұмысты ұйымдастыра білу. Ұйымдастырушылық, бiрқалыпты бағытталған рух
қалыптастыру, ашық мінезділік, орындаушылық және талап қоюшылық, жоғары
моральдық, этикалық және iскерлiк қасиеттер. Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен
психологиялық тұрғыда әңгімелесу жүргізу.WORD, EXCEL, E-mail, Internet
компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы.
E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік
біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір
жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық
бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған
жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға
рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті
басқару;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
4 Малыбай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы, Е-G-3
санаты, индексі 047-03, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 90962 бастап 122463 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім
Функционалдық міндеттері: 1 негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлықтарын, жоғары тұрған мемлекеттік Үкімет
пен басқару органдарының актілерінің орындалуын жүзеге асыру; ішкі саясат
бөлімімен бірлесе идеологиялық жұмыстарды жүргізеді, әкім жанындағы кеңесті
өткізуге жауап беріп,оның қажетті құжаттарын әзірлейді; ауыл шаруашылық
саласындағы мәселелерімен әлеуметтік және қоғамдық мәселелермен айналысу,
«Нур Отан» партиясының жұмыстарына жауап береді.
2 Бақылаушылық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан
Республикасының Президентің Жарлықтарын, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері
мен өкімдерінің орындалыуын бақылап, тексеру жүргізу; ұлтаралық келісімнің
Қазақстандық үлгісін жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс
жүргізу және қадағалау, Ішкі саясат мәселесі бойынша жұмыстарды жүргізеді.
3 Үйлестірушілік міндеттері: Қоғамдық бірлестіктердің (ҰОС және еңбек
ардагерлер кеңесі, жастар жұмысы жөніндегі комиссия) округтегі ақсақалдар алқа
кеңесі қызметін бағыттау және үйлестіру; функциялық бағыттарына сәйкес
аудандық басқармалар, бөлімдермен тығыз байланыста болып тиісті қызметтерді
үйлестіріп атқару,өзі жетекшілік ететін салалар бойынша нормативтік-құқықтық
актілердің орындалуын қадағалау.
4 Арнайы мамандануы: функциялық бағыттарына сәйкес болжау және
жоспарлау,нақтылы бағыттарға сәйкес салаларда ұйымдастыру және бақылау,
мәдениет,білім беру,денсаулық сақтау,спорт, туризм мекемелерінің қызметін
бағыттау және үйлестіру. Ұйымдастырушылық, бiрқалыпты бағытталған рух
қалыптастыру, ашық мiнездiлiк, орындаушылық және талап қоюшылық, жоғары
моральдық, этикалық және iскерлiк қасиеттерi.
WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс істей алуы.
E-G-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік
біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті
басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
1 Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Е-G-4
санаты, индексі 036-11, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 81229 бастап 109367 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім
Функционалдық міндеттері 1 Негізгі қызметтік міндеттері: Соғыс және
еңбек ардагерлермен, ескерткіштердің жұмыстарын жүргізу, терроризмге,
экстремизмге қарсы жұмыстарын жүргізу, ҚР Қарулы күштері қатарына шақыру
істеріне, шақыру комиссияларына келмегендерді іздестіру жұмыстарын жүргізу,
төтенше жағдай, экология, еңбекті қорғау, мекеме, ұйымдардағы қауіпсіздік
мәселелерінің жұмыстары бойынша істерін жүргізу. Өздеріне жүктелген қосымша
мендеттерді орындау.
2.Бақылаушылық міндеттері:жетекшілік ететін салаларына қатысты заңнамалық
актілерді орындау.
3.Үйлестіруші міндеттері:нақты функциялық бағытына байланысты салалар
қызметін үйлестіру.
4 Арнайы мамандануы: нақты функциялық міндетіне байланысты сала қызметін
болжау, жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.
Ұйымдастырушылық, бірқалыпты бағытталған рух қалыптастыру, ашық
мінезділік, орындаушылық және талап қоюшылық, жоғары моральдық, этикалық
және іскерлік қасиеттері. WORD. EXSEL. E-mail. Internet компьютер
бағдарламаларымен жұмыс істей алуы.
 
 
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшіліклауазымынаорналасуконкурсына
қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусыныңмемлекеттікәкімшіліклауазымынаорналасуға конкурс өткізу
қағидаларыныңнегізгіталаптарыментаныстым, оларменкелісемінжәнеорындауға
міндеттемеаламын.
Ұсынылып отырғанқұжаттарымныңдәйектілігінежауапберемін.
Қосаберілгенқұжаттар:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мекенжайыжәнебайланыс
телефоны____________________________________________________
____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
 
 
 
 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 
 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

 

_____________________________________________
тегіатыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) / 
фамилия, имя, отчество (при наличии)


ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование

учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі,

ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

(болған жағдайда) /
Квалификация по специальности,

ученая степень, ученое звание

(при наличии)

5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттік наградалары,

құрметтіатақтары (болғанжағдайда)/

Государственные награды, почетные

звания (при наличии)+

7.

Дипломатиялықдәрежесі,

әскери, арнайыатақтары,

сыныптықшені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг,

воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен 

негізі (болғанжағдайда)/

Вид взыскания, дата и

основания его наложения

(при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін  жылсайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егерүш жылдан кем жұмысі стеген жағдайда, нақты жұмысістеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 
 
 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

 
 
 
 
 
 
 
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
10009133
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
53467
0
53467
9943131
53467
327006
10009133

Сіздің ІР: 3.230.154.129
Қазір: 2020-06-03 02:09:35
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру