Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетМемлекеттік қызмет көрсетулерМемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есептеріАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕБІ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕБІ

 

            Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі деңгейінде 37 мемлекеттік орган –қызмет көрсетуші жұмыс жасайды: олар – аудан әкімінің аппараты, 25 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, Есік қаласы әкімінің аппараты, 10 аудандық бөлімдер (сәулет және қала құрылысы бөлімі, ветеринария бөлімі, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жер қатынастары бөлімі, білім бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі).

Аудан аумағында Мемлекеттік корпорацияның 3 бөлімі: Есік қаласында, Шелек және Қаракемер ауылдарында жұмыс жасайды.

            Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмыстарында барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

     Мемлекеттік қызметтер мынадай қағидаттар негізінде көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысына сәйкес қызмет көрсетеді.

2017 жылы жергілікті атқарушы органдармен бекітілген тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтің 99 түрін (2016 жылы – 85 түрін немесе 16,5 пайызға көп) көрсетеді:

- аудан деңгейінде (аудан әкімінің аппараты, аудандық бөлімдері) 90 қызмет түрлері көрсетіледі (2016 жылы – 77 түрін немесе 16,9 пайызға көп);

- Есік қаласы және ауылдық округ әкімдерінің аппаратары 8 қызмет түрлерін көрсетеді;

- аудан білім саласында 6 қызмет түрлері көрсетіледі;

- 46 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі (2016 жылы – 39 түрін немесе 18,0 пайызға көп);

- 48 электрондық немесе қағаз түрінде «Электрондық үкімет» порталы және берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі;

- қағаз түрінде 51 қызмет көрсетіледі.

Ақысыз негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 90, ақылы негізде 8, ақылы/ тегін негізде - 9 көрсетілді.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау ережелеріне сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылаудың сапасына  ай сайын мониторинг жүргізеді.

2017 жылы 263 540 (2016 жылы – 214 090 қызмет немесе 23,1 пайызға көп) қызмет көрсетілген:

-  аудандық жергілікті атқарушы органдарымен 111 тыс. аса қызмет көрсетілген (2016 жылы – 185 тыс.аса қызмет немесе 40 пайызға аз);

-  Мемлекеттік корпорациясының филиалдары арқылы –26381(2016 жылы – 21 231 қызмет немесе 24,3 пайызға көп);

-  «Электрондық үкімет» порталы және берушінің ақпараттық жүйесі арқылы –126 482 (2016 жылы – 7002 қызмет немесе 18 есе көп).

 

1-к

 

2-к

 

 2017 жылы алынған деректерді  талдау (анализ) көрсетілген қызмет санының ең көбі ветеринария 57,6 %, халықты  әлеуметтік қорғау 10,8 %, білім 8,1 % салаларында атқарылғандығын көрсетті.

 

3-к

-----------------------------------------------------------------------------------------------

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сапасын жақсарту және жемқорлық тәуекелдерді азайту үшін аудан лицензиялаудың 14 түрі бойынша электрондық қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндік беретін «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры - лицензиялардың мемлекеттік тізімі ақпараттық жүйесіне қосылған. Бес бөлімде электрондық үлгіде жүргізеді. 2017 жылы аралағында 4654 рұқсат беру құжаттары берілді, ол 2016 жылға қарағанда 1,8 есеге көп .

Үш бөлімде: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар «Е- әкімдік» бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Бөлімдер «Е-әкімдікте» АЖ бойынша 14 мемлекеттік қызметті тіркеуді жүзеге асыруда.

-----------------------------------------------------------------------------------------------

Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органдарда – қызмет берушілерде стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.

            Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпарат, соның ішінде электрондық үлгідегісі Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ресми Интернет – ресурсында (enbekshikazah.gov.kz) жарияланған.

            Қыркүйек айында 2 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Еңбекшіқазақ ауданында 2017 жылға мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің бұзудың алдын алу мақсатында 2 семинар-кеңес өткізілді.

Ауданының мемлекеттік органдары 2017 жылы   «Еңбекшіқазақ», «ЮиТ», «Иссык», «Иссыкский вестник» газеттерінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 65 мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мақала, оның ішінде мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуі мәселесі жөніндегі, аудан әкімдігінің ресми сайты «Жаңалықтар» жолағында 82 мақала жарияланды, 41 «Дөңгелек үстелдер» өткізілді, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен 1339 адам - қызметті алушылар қамтылды.

-----------------------------------------------------------------------------------------------

Мемлекет Басшысымен қойылған, халықтың көпшілігіне, сондай-ақ алыс елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау аясында, бүгінгі таңда «мобильдік ХҚКО» ауданда жұмыс істейді. Айтылған жоба алыс елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін бағытталған. Сегіз ауылдық округ әкімдіктерінің келісімімен «мобильдік ХҚКО» 22 ауылға шығу графигі бекітілген. Бекітілген кесте бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен бірлесе отырып, ай сайын елді мекендерге шығып, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңес беріп, құжаттарын қабылдайды және береді.

-----------------------------------------------------------------------------------------------

2017 жылы аудан аумағында сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қадағалау мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 28 қарашасындағы № 124 бұйрығымен жоспар бекітілген. Осы жоспар негізінде аудандық ветеринария мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшылары тарапынан ұқсас жоспар әзірленіп, әр тоқсан сайын мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырды.

2017 жылғы 19 тексеру шаралары өткізілді. Онда 51 нысан: оның ішінде атқарушы орган – 24, ведомствоаралық мекеме – 27 қамтылды. Шара барысында 190 тәртіп бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

  1. 37 факт аудандық білім бөлімінде (21), Бәйдібек би (7), Малыбай (4), Бөлек (3), және Тескенсу (2) ауылдық округ әкімдерінің аппаратары бойынша белгіленген тәртіп бойынша сұралатын құжаттардан тыс, құжаттар алынған;
  2. 55 факт құжаттары толық болмай мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мұндай жағдайлар аудандық білім бөлімінде (33), Малыбай (21) және Ават (1) ауылдық округ әкімдерінің аппаратарында тіркелді;
  3. 95 факт «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, стандартына және регламентіне сай мемлекеттік қызмет көрсетуде аудандық білім (25), жер қатынастары (10), сәулет және қала құрылысы (5), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы (1) бөлімдерінде, Бәйдібек би (8), Бәйтерек округінде (17), Бөлек (8), Ташкенсаз округінде (7), Рахат (3), Ават (2), Тескенсу (2), Саймасай (2), Қаратұрық (2), Бартоғай (1), Асы (1) Жаңашар (1) ауылдық округ әкімдерінің аппаратарында кемшіліктер орын алған;
  4. 3 тәртіп бұзушылық фактісі Ават округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетуде уақытынан кешіктірілген.

Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсетуде жіберген кемшіліктері үшін 18 қызметкер жазаға тартылды. Оның 15-і ескерту алса, 2-і сөгіс, 1-і қатаң сөгіс алды. Олар: Бөлек, Ташкенсаз (2), Бәйтерек (3), Саймасай, Қаратұрық, Бартогай, Тескенсу, Малыбай, Бәйдібек би (2) ауылдық округі әкімінің аппараттары, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, білім (3) бөлімдері.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 50 ұсыныс әзірленді.

           

Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалаудың шарттарының бірі – қызметті уақтылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы болып отыр.

Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі шағым түскен жоқ.

           

Аудан әкімінің орынбасары                                     А.Досумбаев

? В.Бекбулатова

( 8 (72775) 7-23-71

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
9985245
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
29579
0
29579
9834131
356585
187208
9985245

Сіздің ІР: 18.208.132.33
Қазір: 2020-05-29 18:16:21
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру