Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетМемлекеттік қызмет көрсетулерМемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есептеріАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2015 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕБІ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2015 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕБІ

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі деңгейінде 37 мемлекеттік орган –қызмет көрсетуші жұмыс жасайды:  олар – аудан әкімінің аппараты, 25 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, Есік қаласы әкімінің аппараты, 10 аудандық бөлімдер (сәулет және қала құрылысы бөлімі, ветеринария бөлімі, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жер қатынастары бөлімі, білім бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі).

Ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік мекемелері мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 18 - қыркүйектегі  № 983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету Реестріне (тізіміне) сәйкес көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмыстарында барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

    Мемлекеттік қызметтер мынадай қағидаттар негізінде көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

         Ауданның әкімдігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мемлекеттік қызмет көрсету қолданылу Реестріне (тізіміне) сәйкес 2015 жылы мемлекеттік қызметтің 76 (2014 жылмен салыстырғанда – 66; 1,2 есе көп) түрін  көрсетеді. Олардың 25 түрі тек қана мемлекеттік органдарда, 36 (2014 жылмен салыстырғанда – 24; 1,5 есе көп) түрін мемлекеттік органдар ХҚКО-ғы арқылы орындады; 37 (2014 жылмен салыстырғанда – 42; 1,1 есе аз) қызмет түрі қағаз түрінде, 39 (2014 жылмен салыстырғанда – 24; 1,6 есе көп) электрондық немесе қағаз түрінде (Электрондық үкімет порталы арқылы), 8- ақылы, 9 - ақылы/ тегін негізде көрсетілді.

Ауданның атқарушы органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша бірқатар жұмыс атқаруда. 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді бақылау Қағидасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау күйі бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді.

2015 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны –184588  (2014 жылы –  131009  қызмет, 1,4 есе көп), оның мемлекеттік органдар арқылы көрсетілгені (МО) – 16655 қызмет, мемлекеттік органдардың ХҚКО арқылы көрсеткен қызмет саны – 21442 (2014 жылы - 12460 қызмет, 1,7 есе көп),  «Электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) арқылы – 6441 (2014 жылы - 2044 қызмет, 3,2 есе көп). 

2015 жылы алынған деректерді  талдау барысында көрсетілген қызмет санының ең көбі ветеринария  - 58,3 %, халықты  жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау - 14,4 %, білім – 11,4 %, азаматтардың хал актілерін тіркеу – 7,8 %  салаларында атқарылғандығын көрсетті.

Ауданда  «Е-лицензиялау» мемлекеттік қоры арқылы жемқорлықты азайту және тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сапасын жақсарту мақсатында 21 түріне рұқсаттама берілді. 2015 жылы  2742 рұқсат беру құжаттары берілді.

Үш бөлімде: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  «Е- әкімдік» бағдарламасы орнатылып және жұмыс істеп тұр. Бөлімдер «Е-әкімдікте» АЖ бойынша  13 мемлекеттік қызметті  тіркеуді жүзеге асыруда.

Еңбекшіқазақ ауданы аумағында ХҚО-ның 3 бөлімшесі бар: олар Есік қаласы, Шелек және Қаракемер ауылдарында.

Халықтың көпшілігіне, сондай-ақ алыс елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау аясында, ауданда Мобильді ХҚКО қолданылып жатыр. Ауылдық округтер әкімдерінің  келісімімен Мобильді ХҚКО-ның шығу графигі жасалған. Берілген графиктерге сәйкес мемлекеттік органдардың өкілдері ХҚКО-ның қызметкерлерімен елді мекендерге бару арқылы, мемлекеттік қызмет алу үшін азаматтардың  құжаттарын қабылдайды және  кеңес береді, сондай-ақ оларды табыстайды.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік органдар, соның ішінде ХҚКО және «Электрондық үкімет» веб – портал арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдануда.

Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органдарда – қызмет берушілерде стандарттар мен регламенттер,  анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.

        

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпарат, соның ішінде электрондық үлгілері Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ресми Интернет – ресурсында (enbekshikazah.gov.kz), «Электрондық үкімет» веб – порталында (egov.kz), сондай – ақ ХҚО РМК-ның Интернет – ресурсында орналастырылған.

Ауданның мемлекеттік органдары 2015 жылы   «Еңбекшіқазақ», «ЮиТ», «Иссык» газеттерінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша  9 мақала және аудан әкімдігінің ресми сайты «Жаңалықтар» жолағында 1 мақала жариялады, 5 «Дөңгелек үстелдер» өткізді.

Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалау шарттарының бірі – қызметті уақтылы, әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы болып отыр. 2015 жылы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген мерзімдері бұзылған жоқ (2014 жылы - мерзімдері бұзылған – 2 қызмет).

         Есепті мерзім ішінде қызмет көрсету бойынша  азаматтардан бұл тұрғыдағы шағым түскен жоқ.

Еңбекшіқазақ ауданы

әкімінің орынбасары                                                Д.Нұрғисанов

 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8698041
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
45522
0
45522
8562354
123152
252223
8698041

Сіздің ІР: 100.24.122.228
Қазір: 2019-10-18 00:25:34
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру