Мемлекеттік сатып алуларының қорытынды шағымдарын қарау тәртібі
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 45-бабы Тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды
ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының,
мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай
оператордың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау
Әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператордың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне), егер олардың iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушiнiң:
1) мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн таңдау туралы;
2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес өзi қабылдаған мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешiмi мемлекеттiк бақылау органдарына шағымдануға жатпайды.
Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
46-бап. Дауларды шешу
Мемлекеттiк сатып алу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
47-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.