Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетМемлекеттік бағдарламаларыБағдарламалардың орындалуыБез категорииАҚПАРАТ

АҚПАРАТ

 28.04.2017                                                                                                                                                                                                         

Еңбекшіқазақ ауданы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 -2019 жылдарға  арналған іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылдың І тоқсанында өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

Ауданда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы  29 маусымдағы № 110 Жарлығымен, Алматы облысы әкімінің 2017 жылы  24 ақпандағы 2017 – 2019 жылдарға арналған                            іс-шаралар жоспары негізінде  Еңбекшіқазақ ауданының 2017 – 2019 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары  аудан  әкімінің  14.03.2017 жылғы № 127 қаулысымен бекітілді. Аталған бағдарлама аясында  2017 - 2019 жылдарға  арналған өңірлік  іс – шара жоспары жасалып, тиісті шаралар қамтылды. Барлық ауылдық округтеріне таратылды.

Ауданда 22 мәдениет үйі, оның 3-і ауылдық клуб, 2 саңыраулар клубы, 16 кітапхана, 3 музей және  1 мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді.  

Бүгінгі күнде мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтертерде іс – шаралар мемлекеттік тілде өтеді.  Мемлекеттік тілді оқыту орталығында әр түрлі санатты азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлері, жұмыссыздар, уақытша жұмыссыздар, оралмандар, зейнеткерлер, мүгедектер тіл үйренуде. 2017 жылдың І тоқсанында 50 адам, оның 43-і өзге ұлт өкілдері курсқа қабылданып, тіл үйренуге ниет білдірді.

Ауданда тіл саясатын насихаттауда әр түрлі іс – шаралар өтеді. Атап келтірсе, «Мемлекеттік тіл және жарнама» атты акция, «Ана тілің - арың бұл» мәдени шаралары және «Мемлекеттік тілді дамытудағы кітапхананың ролі», т.б.

Ана тіліміздің өрісінің аясы кеңейіп, дамуына ықпал ететін сала – жарнама.

«Тіл туралы»  Заңның 21–бабына сәйкес және Жарнама туралы заңды негізге ала отырып, акция бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді, әлі де жүргізіліп жатыр. Мәліметтер дайындалып, облыстық сараптау тобына жіберілетін болады. 2017 жылдың І тоқсанында халық көп шоғырланған жерлерде көрнекілікке қатысты 51 қате анықталып, түзету жұмыстары жүргізілуде.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесіне қарасты 16 кітапхана бар: аудандық кітапхана, Шелек, Қаражота, Нұра, Тескенсу, Қазақстан, Бәйдібек би, Ақши, Балтабай, Қаракемер, Түрген, Көктөбе, Космос, Бәйтерек, Ават, Малыбай ауылдық кітапханалары. Аталмыш кітапханаларда мәдени іс – шарадан басқа тілді насихаттау жұмыстары да жүргізіледі. М.Мақатаевтың өр тұлғасын насихаттау мақсатында «Мұқағали әлемі – тазалық әлемі», «Қазақ халқының дара тұлғасы», «Аяулы сезімнің ақыны», «Түнді оятқан жырлар», «Өнерімен өнерде тіл табысқан», «Өмірін өлеңмен өрнектеген», «Бір ел – бір кітап», «Қазақ ұлтының алып туындысы», тағы да басқа мәдени іс – шаралар ұйымдастырылды.

Аудандық газет басылымына тілге қатысты мақала саны - 4–і құрады.  Өткізілген іс – шаралар аудандық басылымда жарияланып отырды.

Ауданда 25 ауылдық округ, 1 аудан орталығы және бөлімдер бар. Аталған мекемелерде кіріс – шығыс құжат айналымы бойынша әрбір тоқсанда мәлімет жинақталып, пайызы есептелініп отырады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің көрсеткіші 95,41 % құрап отыр.

            19 сәуірде Алматы облысы ономастикалық комиссиясы отырысында Бәйтерек орта мектебінің атауын ҰОС ардагері Әликбай Қосаев атына, Азат орта мектебіне ҰОС ардагері Николай Семенович Сушковтың атын беру жөніндегі және аудандық мәдениет үйіне ақын Т.Молдағалиевтың атын беру туралы ұсыныстар облыстық ономастикалық комиссиясы отырысында оң шешімін тауып, республикалық ономастикалық отырысының қарауына ұсынылатын болады.

            Есік қаласында жаңа салынған Жастар саябағына ақын, жыршы, жырау Ж.Жабаевтың атын беру туралы ұсыныс аудандық мәслихаттың қарауынан оң шешімін тапқан сәтте, облыстық ономастикалық комиссияға ұсынылатын болады.


Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы облысы әкімдігінің 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын  2014 жылғы 03 наурыздағы № 57 қаулысына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданында 2016 жылдың ІҮ тоқсанында өткізілген іс-шаралар туралы

АҚПАРАТ

Ауданда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы  29 маусымдағы № 110 Жарлығымен, Алматы облысы әкімінің 2014 жылы  03 наурыз 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» негізінде  Еңбекшіқазақ ауданының 2014 – 2016 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары аудан әкімінің 21. 04. 2014 жылғы № 509 қаулысымен бекітілді. Аталған бағдарлама аясында  2014 - 2015 жылдарға  арналған өңірлік  іс – шара жоспары жасалып, тиісті шаралар қамтылды. Ауданда 21 мәдениет үйі, 16 кітапхана, 3 музей және 1 мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді.

Бүгінгі күнде мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер құжат айналымы жыл ішінде тоқсанына бір рет және жарты жылдыққа бір рет мониторинг жасалып жұмыс ауқымы талданып, мемлекеттік тілдің қолданылуы сараланып отырады. Аудан көлемінде өткізілетін қоғамдық – саяси және мәдени шаралар түгелдей мемлекеттік тілде өтеді. 

            Ауданда Есік қаласында мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. Қазақ тілін үйренетін орталықтардың материалдық базасы толық және оқулықтармен қамтамасыз етілген. 

Мемлекеттік тілді оқыту орталығында әр түрлі санатты азаматтар,

мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлері, жұмыссыздар, уақытша жұмыссыздар, оралмандар, зейнеткерлер, мүгедектер тіл үйренуде.

            2016 жылдың соңғы үш айында 50 адам, оның 43 өзге ұлт өкілдері курсқа қабылданып, тіл үйренуге ниет білдірді.

            Ауданда орналасқан мекемелерде кіріс – шығыс құжат айналымы бойынша әрбір тоқсанда мәлімет жинақталып, пайызы есептелініп отырады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің көрсеткіші 95,07 % құрап отыр. 

Ономастика саласы бойынша биылғы жылы  Ташкенсаз ауылдық округі Ташкенсаз ауылындағы «Октябрьская» көшесін «Ибрагим Баратов» көшесіне, «Новая» көшесін «Батур Шарипов» көшесі деп  атау жөніндегі ұсыныс Үкімет тарапынан мақұлданып, оң шешімін тапты. Сонымен қатар, ІІ тоқсанда Түрген ауылдық округі Түрген ауылына қарасты «Мельничная» көшесінің атауын ҰОС ардагері «Исрафил Ризаевич Сулиев», Түрген ауылдық округі Түрген ауылына қарасты «Тоқаш Бокин» көшесінің бір бөлігінің атауын ҰОС ардагері «Қожахмет Жігітекұлы Қоқаев», Шелек ауылдық округі Шелек ауылына қарасты «Целинная» көшесінің атауын ҰОС ардагері «Кулдария Бокиева» көшесі деп өзгерту туралы ұсыныс аудандық маслихаттың қарауынан оң нәтижесін тауып, үстіміздегі жылдың қараша айында облыстық ономастикалық комиссияның отырысына  жолданды.

Асы ауылдық округіне қарасты Асысаға ауылында орналасқан «Шоссейная» көшесінің атауын ҰОС ардагері Серғожа Жолдасбаев атындағы көше, Балтабай ауылдық округі, Ақтоғай ауылында орналасқан «Сосновая»

көшесінің атауын Мурзаев Амир Мурзаевич атындағы көше деп өзгерту туралы ұсыныс аудан әкімінің қарауына жолданды.

Балтабай ауылдық округі Еңбек ауылында орналасқан «Восточная» көшесін Ұлы Отан соғысы ардагері «Нүрелбаев Сейдуақас Қайрамбайұлы» көшесі деп өзгерту туралы, Бәйдібек би ауылдық округінде орналасқан «Победа» көшесін ҰОС ардагері «Закіров Әбілда», «Сибирская» көшесін ҰОС ардагері «Абылқасымов Қынарбек» атындағы көше деп өзгерту туралы ұсныстар 13.06.2016 жылы №27-27/298 хатымен облыстық ономастика комиссиясында қолдау тауып, қазіргі таңда ауылдық округі әкімдерінің шешімдерімен дайындалып, Әділет департаментінде тіркеуден өтті. 

Сонымен қатар, қараша айында  аудан әкімі орынбасары, аудандық мәслихаттың хатшысы, қала және ауылдық округі әкімі аппаратындағы тіл саласы, ономастика бағыты бойынша жұмыс атқаратын мамандар және ауданның кейбір бөлім басшылары қатысқан, Тіл мерекесін қорытындылау мақсатында «Ана тілім – қасиетім, ардағым» атты пікір – талас түрінде іс – шара өтті.

           


Еңбекшіқазақ ауданы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 -2016 жылдарға  арналған 2016 жылдың 9 айлығында өткізілген іс-шаралар туралы

АҚПАРАТ

Ауданда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы  29 маусымдағы № 110 Жарлығымен, Алматы облысы әкімінің 2014 жылы  03 наурыз 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» негізінде  Еңбекшіқазақ ауданының 2014 – 2016 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары    аудан     әкімінің  21. 04. 2014 жылғы № 509 қаулысымен бекітілді. Аталған бағдарлама аясында  2014 - 2015 жылдарға  арналған өңірлік  іс – шара жоспары жасалып, тиісті шаралар қамтылды. Ауданда 21 мәдениет үйі, 16 кітапхана, 3 музей және                                 1 мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді.

Бүгінгі күнде мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер құжат айналымы жыл ішінде тоқсанына бір рет және жарты жылдыққа бір рет мониторинг жасалып жұмыс ауқымы талданып, мемлекеттік тілдің қолданылуы сараланып отырады. Аудан көлемінде өткізілетін қоғамдық – саяси және мәдени шаралар түгелдей мемлекеттік тілде өтеді. 

            Ауданда Есік қаласында мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. Қазақ тілін үйренетін орталықтардың материалдық базасы толық және оқулықтармен қамтамасыз етілген. 

Мемлекеттік тілді оқыту орталығында әр түрлі санатты азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлері, жұмыссыздар, уақытша жұмыссыздар, оралмандар, зейнеткерлер, мүгедектер тіл үйренуде.

            2016 жылдың 9 айлығында 50 адам, оның 43 өзге ұлт өкілдері курсқа қабылданып, тіл үйренуге ниет білдірді.

Тіл саясатының әлеуметтік маңыздылығы ескеріліп, аудандағы мемлекеттік тілдің жағдайына баса назар аудару мақсатында мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер бойынша тіл мәселесімен тікелей жұмыс істейтін мамандармен  2016 жылы наурыз айында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – жарнама тілінің сауаттылығы болды. Бұл жөнінде жергілікті «Еңбекшіқазақ» газетінің тілшілері қатысып, «Ауданда үйрету жұмыстары жүргізілді» тақырыбында мақала жарияланды.

Еңбекшіқазақ ауданына 8 ақпан 2016 жылы Қазақстан Республикасындағы «Жарнама туралы» Заңның талаптарының орындалуын қадағалау, көрнекі ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдегі мәтіндердің грамматикалық және стилистикалық қателерін анықтау және олардың сауатты жазылуын бақылау мақсатында облыстық «Жетісу» телеарнасымен бірге «Тіл сақшысы» бағдарламасы жоспарлы түрдегі тексеруге келді. Тексеруге аудандағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұжымдар, көше атаулары және халық коп шоғырланған жерлердегі сауда нүктелері қамтылады.

Жылдың 13 ақпанында Т.Молдағалиевтың  туып–өскен жері Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық округі Казатком ауылында Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Өнербаев, Алматы облысы мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Т.Н.Ғұмаров, облыстық Тіл басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы Е.С.Ақшабаев және ауыл жұртшылығының қатысуымен үлкен жиын болып өтті. Жиынның мақсаты Казатком ауылында 20 сотық бөлінген жер теліміне  Т. Молдағалиевке арналған мұражай салу, оның ішіне оқырмандар залы мен кітапхана кіргізу, мұражай алдына Т. Молдағалиевтың ескерткіші саяжай-аллеясы және көркем өлеңдерін оқитын жазғы сахна орнату, сонымен қатар   заң талаптарына сәйкес, қайтыс болғанына 5 жыл толғаннан кейін Казатком ауылының атауы және аудан орталығы Есік қаласында орналасқан мәдениет үйіне Т.Молдағалиевтың атын беру, мәдениет үйі алдынан ескерткіш-бюстін қою мәселесі болды. Жиынға қатысқан адамдардан бірауыздан қолдау табылып, жиынның хаттамасы жасалып, ономастикалық кеңесінің келісімін алуға  құжаттар жинақтау қажеттілігі мақсатында қаулы қабылданды. Болашақта қажетті құжаттар жинақталып, ономастикалық комиссияға жіберілу жоспарланып отыр.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесіне қарасты 16 кітапхана бар: аудандық кітапхана, Шелек, Қаражота, Нұра, Тескенсу, Қазақстан, Бәйдібек би, Ақши, Балтабай, Қаракемер, Түрген, Көктөбе, Космос, Бәйтерек, Ават, Малыбай ауылдық кітапханалары. Аталмыш кітапханаларда мәдени іс – шарадан басқа тілді насихаттау жұмыстары да жүргізіледі. М.Мақатаевтың өр тұлғасын насихаттау мақсатында «Мұқағали әлемі – тазалық әлемі» атты поэзия марафоны ұйымдастырылды.

Биылғы жылы ақын Ж.Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына орай Шелек, Ақши, Нұра ауылдық кітапханаларында «Халық менің шын атым» атты дөңгелек үстел және ауыл ақсақалдары әрі ауыл белсенділері қатысқан шаралар өтіп, ақын Жамбылдың өмірінен деректер келтіріліп, шараға қатысқан жастардың тәрбиелік мәніне өз әсерін тигізді.

            Ауданда 25 ауылдық округ, 1 аудан орталығы, 15 бөлім бар. Аталған мекемелерде кіріс – шығыс құжат айналымы бойынша әрбір тоқсанда мәлімет жинақталып, пайызы есептелініп отырады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің көрсеткіші 94,96 % құрап отыр.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, аса көрнекті қазақ ақыны Тұманбай Молдағалиевтің туған күніне орай, аудандық кітапхана және аудандық мәдениет үйі біріккен, Тұманбай оқуы ұйымдастырылып, жас ақындар байқауы өткізілді. Аудан көлемінде кітапханалар мен мектептерде Тұманбай өмірін насихаттауда әр түрлі кештер және кездесулер ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы  29 маусымдағы № 110 Жарлығымен, Алматы облысы әкімінің 2014 жылы  03 наурыз 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» негізінде  Еңбекшіқазақ ауданының 2014 – 2016 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары аудан  әкімінің 21. 04. 2014 жылғы № 509 қаулысымен бекітілді. Сол негізде ауданда «Тіл шебері - 2016», «Тілдарын», «Ой - сана» үш тілді жетік меңгерген жастар, мемлекеттік қызметкерлер арасында интеллектуалдық байқаулар ұйымдастырылды. Бұл байқауладың негізгі мақсаты – жастарды білімге тарту, болып табылады.

            Ана тіліміздің өрісінің аясы кеңейіп, дамуына ықпал ететін сала – жарнама.

«Тіл туралы»  Заңның 21–бабына сәйкес және Жарнама туралы заңды негізге ала отырып, акция бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді, әлі де жүргізіліп жатыр. Мәліметтер дайындалып, облыстық сараптау тобына жіберілетін болады. 2016 жылдың І жарты жылдығында көрнекілікке қатысты 79 қате анықталып, оның 21 – не түзету жұмыстары жүргізілді.

Ономастика саласы бойынша биылғы жылы  Ташкенсаз ауылдық округі Ташкенсаз ауылындағы «Октябрьская» көшесін «Ибрагим Баратов» көшесіне, «Новая» көшесін «Батур Шарипов» көшесі деп  атау жөніндегі ұсыныс Үкімет тарапынан мақұлданып, оң шешімін тапты. Сонымен қатар, ІІ тоқсанда Түрген ауылдық округі Түрген ауылына қарасты «Мельничная» көшесінің атауын ҰОС ардагері «Исрафил Ризаевич Сулиев», Түрген ауылдық округі Түрген ауылына қарасты «Тоқаш Бокин» көшесінің бір бөлігінің атауын ҰОС ардагері «Қожахмет Жігітекұлы Қоқаев», Шелек ауылдық округі Шелек ауылына қарасты «Целинная» көшесінің атауын ҰОС ардагері «Кулдария Бокиева» көшесі деп өзгерту туралы ұсыныс аудандық маслихаттың қарауына жіберілді.

Асы ауылдық округіне қарасты Асысаға ауылында орналасқан «Шоссейная» көшесінің атауын ҰОС ардагері Серғожа Жолдасбаев атындағы көше, Балтабай ауылдық округі, Ақтоғай ауылында орналасқан «Сосновая» көшесінің атауын Мурзаев Амир Мурзаевич атындағы көше деп өзгерту туралы ұсыныс аудан әкімінің қарауына жолданды.

Балтабай ауылдық округі Еңбек ауылында орналасқан «Восточная» көшесін Ұлы Отан соғысы ардагері «Нүрелбаев Сейдуақас Қайрамбайұлы» көшесі деп өзгерту туралы, Бәйдібек би ауылдық округінде орналасқан «Победа» көшесін ҰОС ардагері «Закіров Әбілда», «Сибирская» көшесін ҰОС ардагері «Абылқасымов Қынарбек» атындағы көше деп өзгерту туралы ұсныстар 13.06.2016 жылы №27-27/298 хатымен облыстық ономастика комиссиясында қолдау тауып, қазіргі таңда ауылдық округі әкімдерінің шешімдерімен дайындалуда.

2016 жылдың тамыз айына дейін мемлекеттік тілге қатысты 15 мақала аудандық газет беттеріне жарияланды. Ауданда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында дөңгелек үстел, конференция, пікір – сайыстар ұйымдастырылып тұрды. Бұл бағытта аудандық сотта 6 отырыс, әділет басқармасында 3 отырыс мемлекеттік тілге арналды. Үстіміздегі жылдың 7 қыркүйегінде аудандық сот төрағасының ұйымдастыруымен «мемлекеттік тіл туралы» Заң тақырыбында дөңгелек үстел басындағы кездесу өткізіліп, нәтижесі аудандық газет бетінде жарық көрді.  

Облыстық тіл басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген Оралхан Бөкей және Абай көркем сөз оқуы, «Тіл шебері - 2016», «Тілдарын», «Текті сөздің төресі - термесі», «Тіл парасат» атты байқауға қатысып, қатысушыларымыз ІІ орынды, 1 номинация, 2 алғыс хатқа ие болды.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы              М.Акаев


Еңбекшіқазақ ауданы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 -2016 жылдарға  арналған 2016 жылдың 1 жарты жылдығы  өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

Ауданда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы  29 маусымдағы № 110 Жарлығымен, Алматы облысы әкімінің 2014 жылы  03 наурыз 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» негізінде  Еңбекшіқазақ ауданының 2014 – 2016 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары    аудан     әкімінің  21. 04. 2014 жылғы № 509 қаулысымен бекітілді. Аталған бағдарлама аясында  2014 - 2015 жылдарға  арналған өңірлік  іс – шара жоспары жасалып, тиісті шаралар қамтылды. Ауданда 22 мәдениет үйі, 16 кітапхана, 3 музей және  1 мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. Бүгінгі күнде мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер құжат айналымы жыл ішінде тоқсанына бір рет және жарты жылдыққа бір рет мониторинг жасалып жұмыс ауқымы талданып,  мемлекеттік тілдің қолданылуы сараланып отырады. Аудан көлемінде өткізілетін қоғамдық – саяси және мәдени шаралар түгелдей мемлекеттік тілде өтеді. 

            Ауданда Есік қаласында мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. Қазақ тілін үйренетін орталықтардың материалдық базасы толық және оқулықтармен қамтамасыз етілген. 

Мемлекеттік тілді оқыту орталығында әр түрлі санатты азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлері, жұмыссыздар, уақытша жұмыссыздар, оралмандар, зейнеткерлер, мүгедектер тіл үйренуде.

            2016 жылдың І жарты жылдығында 40 адам, оның 35 өзге ұлт өкілдері курсқа қабылданып, тіл үйренуге ниет білдірді.

Қазтест бағдарламасынан өту ауданда жүйелі  түрде жолға қойылған. Тіл саясатының әлеуметтік маңыздылығы ескеріліп, аудандағы мемлекеттік тілдің жағдайына баса назар аудару мақсатында мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер бойынша тіл мәселесімен тікелей жұмыс істейтін мамандармен                  2016 жылы наурыз айында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – жарнама тілінің сауаттылығы мен кіріс – шығыс құжат айналымының ахуалы туралы болды.

Еңбекшіқазақ ауданына 8 ақпан 2016 жылы Қазақстан Республикасындағы «Жарнама туралы» Заңның талаптарының орындалуын қадағалау, көрнекі ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдегі мәтіндердің грамматикалық және стилистикалық қателерін анықтау және олардың сауатты жазылуын бақылау мақсатында облыстық «Жетісу» телеарнасымен бірге «Тіл сақшысы» бағдарламасы жоспарлы түрдегі тексеруге келді. Тексеруге аудандағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұжымдар, көше атаулары және халық коп шоғырланған жерлердегі сауда нүктелері қамтылады.

Жылдың 13 ақпанында Т.Молдағалиевтың  туып–өскен жері Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық округі Казатком ауылында Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Өнербаев, Алматы облысы мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Т.Н.Ғұмаров, облыстық Тіл басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы Е.С.Ақшабаев және ауыл жұртшылығының қатысуымен үлкен жиын болып өтті. Жиынның мақсаты Казатком ауылында 20 сотық бөлінген жер теліміне  Т. Молдағалиевке арналған мұражай салу, оның ішіне оқырмандар залы мен кітапхана кіргізу, мұражай алдына Т. Молдағалиевтың ескерткіші саяжай-аллеясы және көркем өлеңдерін оқитын жазғы сахна орнату, сонымен қатар   заң талаптарына сәйкес, қайтыс болғанына 5 жыл толғаннан кейін Казатком ауылының атауы және аудан орталығы Есік қаласында орналасқан мәдениет үйіне Т.Молдағалиевтың атын беру, мәдениет үйі алдынан ескерткіш-бюстін қою мәселесі болды. Жиынға қатысқан адамдардан бірауыздан қолдау табылып, жиынның хаттамасы жасалып, ономастикалық кеңесінің келісімін алуға  құжаттар жинақтау қажеттілігі мақсатында қаулы қабылданды. Болашақта қажетті құжаттар жинақталып, ономастикалық комиссияға жіберілу жоспарланып отыр.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесіне қарасты 16 кітапхана бар: аудандық кітапхана, Шелек, Қаражота, Нұра, Тескенсу, Қазақстан, Бәйдібек би, Ақши, Балтабай, Қаракемер, Түрген, Көктөбе, Космос, Бәйтерек, Ават, Малыбай ауылдық кітапханалары. Аталмыш кітапханаларда мәдени іс – шарадан басқа тілді насихаттау жұмыстары да жүргізіледі. М.Мақатаевтың өр тұлғасын насихаттау мақсатында «Мұқағали әлемі – тазалық әлемі» атты поэзия марафоны ұйымдастырылды.

Аудандық газет басылымына тілге қатысты мақала саны - 4–і құрады.  Өткізілген іс – шаралар аудандық басылымда жарияланып отырды.

Биылғы жылы ақын Ж.Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына орай Шелек, Ақши, Нұра ауылдық кітапханаларында «Халық менің шын атым» атты дөңгелек үстел және ауыл ақсақалдары әрі ауыл белсенділері қатысқан шаралар өтіп, ақын Жамбылдың өмірінен деректер келтіріліп, шараға қатысқан жастардың тәрбиелік мәніне өз әсерін тигізді.

            Ауданда 25 ауылдық округ, 1 аудан орталығы, 15 бөлім бар. Аталған мекемелерде кіріс – шығыс құжат айналымы бойынша әрбір тоқсанда мәлімет жинақталып, пайызы есептелініп отырады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің көрсеткіші 94,74 % құрап отыр.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, аса көрнекті қазақ ақыны Тұманбай Молдағалиевтің туған күніне орай, аудандық кітапхана және аудандық мәдениет үйі біріккен, Тұманбай оқуы ұйымдастырылып, жас ақындар байқауы өткізілді. Аудан көлемінде кітапханалар мен мектептерде Тұманбай өмірін насихаттауда әр түрлі кештер және кездесулер ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы  29 маусымдағы № 110 Жарлығымен, Алматы облысы әкімінің 2014 жылы  03 наурыз 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» негізінде  Еңбекшіқазақ ауданының 2014 – 2016 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары аудан  әкімінің 21. 04. 2014 жылғы № 509 қаулысымен бекітілді. Сол негізде ауданда «Тіл шебері - 2016», «Тілдарын», «Ой - сана» үш тілді жетік меңгерген жастар, мемлекеттік қызметкерлер арасында интеллектуалдық байқаулар ұйымдастырылды. Бұл байқауладың негізгі мақсаты – жастарды білімге тарту, болып табылады.

            Ана тіліміздің өрісінің аясы кеңейіп, дамуына ықпал ететін сала – жарнама.

«Тіл туралы»  Заңның 21–бабына сәйкес және Жарнама туралы заңды негізге ала отырып, акция бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді, әлі де жүргізіліп жатыр. Мәліметтер дайындалып, облыстық сараптау тобына жіберілетін болады. 2016 жылдың І жарты жылдығында көрнекілікке қатысты 79 қате анықталып, оның 21 – не түзету жұмыстары жүргізілді.

Ономастика саласы бойынша биылғы жылы  Ташкенсаз ауылдық округі Ташкенсаз ауылындағы «Октябрьская» көшесін «Ибрагим Баратов» көшесіне, «Новая» көшесін «Батур Шарипов» көшесі деп  атау жөніндегіұсыныс Үкімет тарапынан мақұлданып, оң шешімін тапты. Сонымен қатар, ІІ тоқсанда Түрген ауылдық округі Түрген ауылына қарасты «Мельничная» көшесінің атауын ҰОС ардагері «Исрафил Ризаевич Сулиев», Түрген ауылдық округі Түрген ауылына қарасты «Тоқаш Бокин» көшесінің бір бөлігінің атауын ҰОС ардагері «Қожахмет Жігітекұлы Қоқаев», Шелек ауылдық округі Шелек ауылына қарасты «Целинная» көшесінің атауын ҰОС ардагері «Кулдария Бокиева» көшесі деп өзгерту туралы ұсыныс аудандық маслихаттың қарауына жіберілді.

Асы ауылдық округіне қарасты Асысаға ауылында орналасқан «Шоссейная» көшесінің атауын ҰОС ардагері Серғожа Жолдасбаев атындағы көше, Балтабай ауылдық округі, Ақтоғай ауылында орналасқан «Сосновая» көшесінің атауын Мурзаев Амир Мурзаевич атындағы көше деп өзгерту туралы ұсыныс аудан әкімінің қарауына жолданды.

Балтабай ауылдық округі Еңбек ауылында орналасқан «Восточная» көшесін Ұлы Отан соғысы ардагері «Нүрелбаев Сейдуақас Қайрамбайұлы» көшесі деп өзгерту туралы, Бәйдібек би ауылдық округінде орналасқан «Победа» көшесін ҰОС ардагері «Закіров Әбілда», «Сибирская» көшесін ҰОС ардагері «Абылқасымов Қынарбек» атындағы көше деп өзгерту туралы ұсныстар 13.06.2016 жылы №27-27/298 хатымен облыстық ономастика комиссиясында қолдау тауып, қазіргі таңда ауылдық округі әкімдерінің шешімдерімен дайындалуда.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы              М.Акаев                                                                                                                                                                                                                        


 Еңбекшіқазақ ауданы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 -2016 жылдарға  арналған 2015 жылда  өткізілген іс-шаралар туралы

АҚПАРАТ

Ауданда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы  29 маусымдағы № 110 Жарлығымен, Алматы облысы әкімінің 2014 жылы  03 наурыз 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» негізінде  Еңбекшіқазақ ауданының 2014 – 2016 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары    аудан     әкімінің  21. 04. 2014 жылғы № 509 қаулысымен бекітілді. Аталған бағдарлама аясында  2014 - 2015 жылдарға  арналған өңірлік  іс – шара жоспары жасалып, тиісті шаралар қамтылды. Ауданд 22 мәдениет үйі, 16 кітапхана, 3 музей және  1 мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. Бүгінгі күнде мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер құжат айналымы жыл ішінде тоқсанына бір рет және жарты жылдыққа бір рет мониторинг жасалып жұмыс ауқымы талданып,  мемлекеттік тілдің қолданылуы сараланып отырады. Аудан көлемінде өткізілетін қоғамдық – саяси және мәдени шаралар түгелдей мемлекеттік тілде өтеді. 

            Ауданда Есік қаласында мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. Қазақ тілін үйренетін орталықтардың материалдық базасы толық және оқулықтармен қамтамасыз етілген. 

Мемлекеттік тілді оқыту орталығында әр түрлі санатты азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлері, жұмыссыздар, уақытша жұмыссыздар, оралмандар, зейнеткерлер, мүгедектер тіл үйренуде.

            2016 жылдың І жарты жылдығында 40 адам, оның 35 өзге ұлт өкілдері курсқа қабылданып, тіл үйренуге ниет білдірді.

Қазтест бағдарламасынан өту ауданда жүйелі  түрде жолға қойылған. Тіл саясатының әлеуметтік маңыздылығы ескеріліп, аудандағы мемлекеттік тілдің жағдайына баса назар аудару мақсатында мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер бойынша тіл мәселесімен тікелей жұмыс істейтін мамандармен                  2016 жылы наурыз айында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – жарнама тілінің сауаттылығы мен кіріс – шығыс құжат айналымының ахуалы туралы болды.

Еңбекшіқазақ ауданына 8 ақпан 2016 жылы Қазақстан Республикасындағы «Жарнама туралы» Заңның талаптарының орындалуын қадағалау, көрнекі ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдегі мәтіндердің грамматикалық және стилистикалық қателерін анықтау және олардың сауатты жазылуын бақылау мақсатында облыстық «Жетісу» телеарнасымен бірге «Тіл сақшысы» бағдарламасы жоспарлы түрдегі тексеруге келді. Тексеруге аудандағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұжымдар, көше атаулары және халық коп шоғырланған жерлердегі сауда нүктелері қамтылады.

Жылдың 13 ақпанында Т.Молдағалиевтың  туып–өскен жері Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық округі Казатком ауылында Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Өнербаев, Алматы облысы мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Т.Н.Ғұмаров, облыстық Тіл басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы Е.С.Ақшабаев және ауыл жұртшылығының қатысуымен үлкен жиын болып өтті. Жиынның мақсаты Казатком ауылында 20 сотық бөлінген жер теліміне  Т. Молдағалиевке арналған мұражай салу, оның ішіне оқырмандар залы мен кітапхана кіргізу, мұражай алдына Т. Молдағалиевтың ескерткіші саяжай-аллеясы және көркем өлеңдерін оқитын жазғы сахна орнату, сонымен қатар   заң талаптарына сәйкес, қайтыс болғанына 5 жыл толғаннан кейін Казатком ауылының атауы және аудан орталығы Есік қаласында орналасқан мәдениет үйіне Т.Молдағалиевтың атын беру, мәдениет үйі алдынан ескерткіш-бюстін қою мәселесі болды. Жиынға қатысқан адамдардан бірауыздан қолдау табылып, жиынның хаттамасы жасалып, ономастикалық кеңесінің келісімін алуға  құжаттар жинақтау қажеттілігі мақсатында қаулы қабылданды. Болашақта қажетті құжаттар жинақталып, ономастикалық комиссияға жіберілу жоспарланып отыр.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесіне қарасты 16 кітапхана бар: аудандық кітапхана, Шелек, Қаражота, Нұра, Тескенсу, Қазақстан, Бәйдібек би, Ақши, Балтабай, Қаракемер, Түрген, Көктөбе, Космос, Бәйтерек, Ават, Малыбай ауылдық кітапханалары. Аталмыш кітапханаларда мәдени іс – шарадан басқа тілді насихаттау жұмыстары да жүргізіледі. М.Мақатаевтың өр тұлғасын насихаттау мақсатында «Мұқағали әлемі – тазалық әлемі» атты поэзия марафоны ұйымдастырылды.

Аудандық газет басылымына тілге қатысты мақала саны - 4–і құрады.  Өткізілген іс – шаралар аудандық басылымда жарияланып отырды.

            Ауданда 25 ауылдық округ, 1 аудан орталығы, 15 бөлім бар. Аталған мекемелерде кіріс – шығыс құжат айналымы бойынша әрбір тоқсанда мәлімет жинақталып, пайызы есептелініп отырады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің көрсеткіші 94,74 % құрап отыр.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, аса көрнекті қазақ ақыны Тұманбай Молдағалиевтің туған күніне орай, аудандық кітапхана және аудандық мәдениет үйі біріккен, Тұманбай оқуы ұйымдастырылып, жас ақындар байқауы өткізілді. Аудан көлемінде кітапханалар мен мектептерде Тұманбай өмірін насихаттауда әр түрлі кештер және кездесулер ұйымдастырылды.

            Ана тіліміздің өрісінің аясы кеңіп, дамуына ықпал ететін сала – жарнама.

«Тіл туралы»  Заңның 21–бабына сәйкес және Жарнама туралы заңды негізге ала отырып, акция бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мәліметтер дайындалып, облыстық сараптау тобына жіберілді.  2016 жылдың І жартысында көрнекілікке қатысты 43 қате анықталып, оның 16 – на түзету жұмыстары жүргізілді.

Ономастика саласы бойынша биылғы жылы  Ташкенсаз ауылдық округі Ташкенсаз ауылындағы «Октябрьская» көшесін «Ибрагим Баратов» көшесіне, «Новая» көшесін «Батур Шарипов» көшесі деп  атау жөніндегіұсыныс Үкімет тарапынан мақұлданып, оң шешімін тапты.

Балтабай ауылдық округі Еңбек ауылында орналасқан «Восточная» көшесін Ұлы Отан соғысы ардагері «Нүрелбаев Сейдуақас Қайрамбайұлы» көшесі деп өзгерту туралы, Бәйдібек би ауылдық округінде орналасқан «Победа» көшесін ҰОС ардагері «Закіров Әбілда», «Сибирская» көшесін ҰОС ардагері «Абылқасымов Қынарбек» атындағы көше деп өзгерту туралы ұсныстар аудандық мәслихатта қаралуда.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы     М.Акаев


Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған

Тілдерді дамыту және жүйеге келтіру мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Еңбекшіқазақ  ауданының 2014-2016 жылдарға арналған

 іс-шаралар жоспары бойынша атқарылған жұмыстар туралы

ақпарат

Қазақстан Республикасы заңын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде 2015 жылдың үшінші тоқсанында            мемлекеттік бағдарлама негізінде тілдерді дамыту жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы 3 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға арналған тілдерді дамыту және жүйеге келтіру мемлекеттік бағдарлама негізінде 2014-2016 жылға арналған іс-шара жоспарын бекіту» және 2014 жылдың 3 наурызында «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту және жүйеге келтіру мемлекеттік бағдарлама негізінде 2014-2016 жылдың Алматы облыстық іс-шаралар жоспары» туралы облыстық әкімшіліктің №57 қаулысы негізінде жұмыстар атқарылуда.

Ауданымыздың мемлекеттік органдарында мемлекеттік тілдің жоғарғы деңгейде игерілуі және кіріс-шығыс құжат айналымдарына әр тоқсан сайын мониторинг жасалып отырады. Есеп беру кезінде ауданымыздың мемлекеттік қызметтерінде және жергілікті әкімшіліктердің құжаттарында мемлекеттік тілдің жүргізілу барысына мониторинг жүргізген уақытта мемлекеттік тіл 94,1% құрап отырғандығы анықталды.

            Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ең төмен пайыз алған ауылдық округтерге, қалаға  хат жолданып, түзету жұмыстары жүргізіліп отырады.

Есептік мерзім кезінде аудандық және Есік қаласының мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде тілдің жағдайы тексерілді.

Аудан әкімінің Өкімін орындау мақсатында 2015 жылдың шілде айынан қыркүйек айының 10–на дейін «Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясы өтті. Ауданда біраз ауылдық округтердегі жарнамалар зерделеніп, қорытындысы облысқа жіберіліп отырды. 81 қате анықталып, оның 22 түзетілді. Орын алған қателер  грамматикалық қателер мен жарнама тілінің тек орыс тілінде орын алуы.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің деңгейін анықтау барысында ауданымызда «ҚАЗтест» жүйесі бойынша арнайы жұмыстар жүргізілуде.

Барлық мемлекет қызметкерлерінің  мемлекеттік тілді қаншалықты деңгейде білетіндігін бақылап және бағалау мақсатында мемлекеттік тілді оқып үйрену орталығында «ҚАЗтест» программасы орнатылды. Бүгінгі күнде   1000-нан аса  бюджеттік сала  қызметкері  қамтылды. Қазақ тілін үйрену мақсатында ақысыз курстар жұмыс атқарады және оған барушылар да, тыңдаушылар да  келіп тұрады және бұның барлығы  бақылауда тұр. Тамыз айында Астана мен облыстық қазтест орталығынан комиссия құрамы құрылып, сертификат тапсыру мақсатында 37 адамнан қазтест жүйесі бойынша тест қабылдайды. Нәтижесінде 26 адам сертификат иеленеді.

Тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында Тіл мерекесі негізінде «Ана тілім – баба тілім» атты тақырыпта көптеген іс-шаралар орындалды.  Биылғы жылда тілге байланысты жұмыстар жүргізу мақсатында арнайы бекітілген «Тіл және Тәуелсіздік», «Тарихпен тіл тамырлас» атты мерекелік іс-шаралар өтті. Мемлекеттік тілді насихаттау барысында жүргізілген жұмыстардың жемісі ауданымыздағы  бұқаралық ақпарат құралдары арқасында нәтижеге жетіп отыр. Баспа бетіне жарияланған мақалалар оқырман көңілінен шықпай қоймайтыны анық.

Ағымды жылдың шілде айында облыстық «Тіл шебері - 2015» қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген үміткерлер арасындағы және «Қазақшаң қалай, балақай?» атты байқауға аудан  ІІІ орынды иеленіп қайтты. Сонымен қатар, «Тіл тұнық ойдың кәусары», «Ой сана» орыс тілі білгірлері байқауы, «Оралхан Бөкей атындағы» байқаудан алғыс хатпен марапатталды.

Ауданымыздың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде жыл сайын жоспарға байланысты тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген іс-шаралар тұрақты жүргізілуде.

      Аудандық кітапхана залында қыркүйек айында «Ана тілім – биік туым, айбыным!» атты  дөңгелек үтел болып өтті. Тілдің мәртебесін асқақтату әр адамның борышы екендігін тағы бір дәлелдей түсті. «Тіл – өмір шырағы» тақырыбында поэзия сағаты ұйымдастырылды. «Ана тілім – халқымның баламасы» атты ой-талқыда тіл халықтың жаны екендігі қатысушылардың ой санасынан шыққан сөздері дәлел болды. «Мемлекеттік тіл - мәртебем» атты көпшілікке арналған көрме-панорама ұйымдастырылды. «Қазағым барда мен бармын» тақырыбында клуб мүшелерінің қатысуымен әдеби кеш болып өтті. «Жасай бер, қазақ тілі – ана тілім!» атты әңгіме сағаты болып өтті. Сол сияқты «Тіл-қазына» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында ұйымдастырылған ой-талқы болды. Тілдің кешегі жайы мен бүгінгі тынысы туралы мәселелер көтерілді. Түрген ауылдық кітпаханасында «Тереңнен маржан тереміз» тақырыбында дебат түрінде 8-9 сыныптар арасында іс-шара болып өтті. «Тілім менің – ғасырлардан аманат» атты 9-10 сыныптар арасында поэзия сағаты болып өтті. «Ана тілі ата-баба мұрасы» атты танымдық-зерделік сағаты болып өтті. «Тілім менің – тұтастығым, елдігім» тақырыбында көрме-панорама ұйымдастырылды. «Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім» атты дидарласу сағаты өтті. «Толғауы тоқсан қызыл тіл» тақырыбында поэзия кеші болып өтті. «Тіл – рухани қазына» атты кітапханалық шолу өтті.


Алматы облысы әкімінің 2014 жылы 03 наурыз 2014 – 2016 жылдарға арналған

№ 57 іс-шаралар жоспары» негізінде  Еңбекшіқазақ ауданының  2014 – 2016 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары аудан әкімінің 21. 04. 2014 жылғы

№ 509 қаулысы бойынша атқарылған іс – шаралары туралы ақпарат

Ауданда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы  29 маусымдағы № 110 Жарлығымен, Алматы облысы әкімінің 2014 жылы   03 наурыз 2014 – 2016 жылдарға арналған № 57 іс-шаралар жоспары» негізінде  Еңбекшіқазақ ауданының 2014 – 2016 жылдарға арналған   іс – шаралар жоспары    аудан     әкімінің     21. 04. 2014 жылғы № 509 қаулысымен бекітілді.

Аталған бағдарлама аясында 2014 - 2015 жылдарға  арналған өңірлік    іс – шара жоспары жасалып, тиісті шаралар қамтылды. Бүгінгі күнде мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер құжат айналымы жыл ішінде тоқсанына бір рет және жарты жылдыққа бір рет мониторинг жасалып жұмыс ауқымы талданып,  мемлекеттік тілдің қолданылуы сараланып отырады. Аудан көлемінде өткізілетін қоғамдық – саяси және мәдени шаралар түгелдей мемлекеттік тілде өтеді. 

            Ауданда Есік қаласы және Шелек ауылында мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. Қазақ тілін үйренетін орталықтардың материалдық базасы толық және оқулықтармен қамтамасыз етілген. 

Мемлекеттік тілді оқыту орталығында әр түрлі санатты азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлері, жұмыссыздар, уақытша жұмыссыздар, оралмандар, зейнеткерлер, мүгедектер тіл үйренуде.

            2015 жылы 79 адам, оның 26 өзге ұлт өкілдері курсқа қабылданып, тіл үйренуге ниет білдірді. 2015 жылдың І жарты жылдығында 8789 адам ҚАЗТЕСТ тапсырды.

ҚАЗТЕСТ бағдарламасынан өту ауданда жүйелі  түрде жолға қойылған. Тіл саясатының әлеуметтік маңыздылығы ескеріліп, аудандағы мемлекеттік тілдің жағдайына баса назар аудару мақсатында мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер бойынша тіл мәселесімен тікелей жұмыс істейтін мамандармен 2015 жылы 27 ақпанда кеңейтілген семинар өткізілді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат, аудандық жастар орталығы және аудандық «Елім-ай» қоғамдық қорының бірлесуімен              «Тіл – ұлттардың ұйымдастырушы құралы» акциясы, «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» дөңгелек стол басындағы кездесу, «Ұлттық сана – ұлттық тілмен қалыптасады» семинар кеңес, «Ана тілің арың бұл» тақырыбындағы мәдени іс – шара, «Мемлекеттік тілді дамытудағы кітапхананың рөлі» оқырмандармен кездесу аудандық кітапханада ұйымдастырылды.                        Тіл мәртебесінің артуына қызмет атқаратын бірден бір  сала ақпарат құралы болса, осы ретте аудан көлеміндегі тіл мәселесіне қатысты өткізілген                  іс – шаралар аудандық, облыстық газет беттерінде жарияланып отырды.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесіне қарасты 16 кітапхана бар: аудандық кітапхана, Шелек, Қаражота, Нұра, Тескенсу, Қазақстан, Бәйдібек би, Ақши, Балтабай, Қаракемер, Түрген, Көктөбе, Космос, Бәйтерек, Ават, Малыбай ауылдық кітапханалары. Аталмыш кітапханаларда мәдени іс – шарадан басқа тілді насихаттау жұмыстары да жүргізіледі. Ілияс Есенберлиннің өр тұлғасын насихаттау мақсатында «Аты әлемге мәшһүр жазушы» атты кеш, «Қазақ халқының дара тұлғасы», «Аяулы сезімнің ақыны», «Түнді оятқан жырлар», «Өнерімен өнерде тіл табысқан», «Өмірін өлеңмен өрнектеген», «Бір ел – бір кітап», «Қазақ ұлтының алып туындысы» тағы басқа көптеген шаралар ұйымдастырылды. 

Ауданда «Абай оқулары», «Тіл шебері - 2015» байқауы, Оралхан Бөкей, М.Мақатаев шығармашылығынан  байқаулар ұйымдастырылды. Бірінші орын иеленген қатысушылар облыстық байқауға жолдама алды.

Аудандық газет басылымына тілге қатысты мақала саны  - 14 –і құрайды.  Өткізілген іс – шаралар аудандық басылымда жарияланып отырды. Әр тоқсан мақалалар кестеге сәйкес толтырылып, облыстық сайтқа жолданып отырылады.   

       «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» аудандық және ауыл әкімдіктерінің қабырға газеттерінің конкурсын ұйымдастырылды. Мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ, әсіресе орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты конкурсын өткізді. Сонымен қатар, облыста өткен байқауда ауданымыздан қатысқан үміткер алғыс хатпен марапатталды.

            Ауданда 1 аудан ортылығы, 25 ауылдық округ орналасқан. Әр округте мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандар бар. Мекемелерде кіріс – шығыс құжат айналымы бойынша әрбір тоқсанда мәлімет жинақталып, пайызы есептелініп отырады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің көрсеткіші 93,5 % құрап отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және ҚР Конституциясының             20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шара жоспары негізінде Астана қаласында мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос жастары арасында «Тіл – татулық тірегі» атты байқауға ауданымыздан Якупов Эльдар делегат ретінде барып қайтты.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, аса көрнекті қазақ ақыны Тұманбай Молдағалиевтің туғанына        80 жыл толды. Осыған байланысты ауданда облыс көлемінде Тұманбай оқуы ұйымдастырылып жас ақындар байқау және облыс көлемінде Тұманбай әндерінің байқауы өткізілді. Аудан көлемінде кітапханалар мен мектептерде Тұманбай өмірін насихаттауда әр түрлі кештер және кездесулер ұйымдастырылды.

2015 жылы наурыз айында т.Молдағалиевтің 80 жылдық мерей тойы  қарсаңында еліміздегі атақты адамдардың, ақын, жазушылардың қатысуымен Қазақстан журналистер одағымен бірлескен үлкен ғылыми конференция өткізілді.

Әр жер атауының өзіндік тарихы бар дей келе, ономастика саласы бойынша биылғы жылы Евгенемаловодное ауылдық округі, Маловодное  ауылының атын «Бәйдібек би ауылдық округі, Бәйдібек би ауылы» Масақ ауылына Ұлы Отан соғысы ардагері  Қазтай Нұрманбетұлы Ұлтарақовтың атын беру туралы ұсыныс, Түрген ауылында орналасқан «Түрген қазақ орта мектебінің» атауы «Абыхан Жексембеков» атындағы қазақ орта мектебі деп атау жөніндегі ұсыныс Үкімет тарапынан мақұлданып, оң шешімін тапты.

Ал, Таусүгір орта  мектебін  Жетісуда Алаш қозағалысы жетекшілерінің бірі, Алаш орда үкіметінің мүшесі және қоғам қайраткері,  заңгер болған «Садық Аманжолов» атындағы мектеп, Қаратұрық орта мектебін Социалистік еңбек ері «Алтынбике Бертаева» және Ақши орта мектебін «Бөлек батыр Қараұлы» деп өзгерту жөніндегі ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияда мақұлданып, бүгінгі күнде құжаттары рәсімделуде.  Бұдан басқа көше атау беру жөнінде 18 ұсыныс  құжаттары жинақтал

Қазақстан  Республикасы      Премьер –   Министрінің     орынбасары Б.Сапарбаевтың 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 20 – 56/И – 204 тапсырмасына сәйкес Ұлы Жеңістің 70 жылдығының маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Еңбекшіқазақ ауданында Кеңес Одағы Батырларының және бірқатар ордендермен марапатталған Ұлы  Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін көшелерге, объектілерге, т.б. беруде тоқтамнан тыс жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бәйдібек би ауылдық округінде орналасқан «Победа» көшесін ҰОС ардагері «Закіров Әбілда», «Сибирская» көшесін ҰОС ардагері «Абылқасымов Қынарбек» атындағы көше, Балтабай ауылдық округі Еңбек ауылында орналасқан «Восточная» көшесін Ұлы Отан соғысы ардагері «Нүрелбаев Сейдуақас Қайрамбайұлы» көшесі деп өзгерту туралы ұсыныс бойынша аудандық газет бетіне хабарландыру беріліп, қазіргі таңда жиын барысын күтуде. Қайназар ауылындағы «Алматинская» көшесіне ҰОС ардагері «Сапархан Қалиұлы», Көктөбе ауылындағы көшелердің біріне «Арын Жатқанбаев»  атындағы көше  деп атау жөніндегі  ұсыныстар бойынша құжаттар әзірленіп жатыр.

            Ана тіліміздің өрісінің аясы кеңіп, дамуына ықпал ететін сала – жарнама.

Әр жылда өткізілетін «Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясы негізінде аудан әкімінің Өкімі шығарылып, сараптау тобы құрылды. «Тіл туралы»  Заңның 21 – бабына сәйкес және Жарнама туралы заңды негізге ала отырып, акция бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мәліметтер дайындалып, облыстық сараптау тобына жіберіліп отырды.  2015 жылы көрнекілікке қатысты 81 қате анықталып, оның 43 – і түзету жұмыстарын жүргізді. Биылғы жылда жарнама қателері бойынша аудандық «Еңбекшіқазақ»   газетіне    2 мақала жарияланды. 

           

Бөлім басшысы                                                                                           М.Ақаев


Еңбекшіқазақ ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2015 жылдың   І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы  АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы заңын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде 2015 жылдың мемлекеттік бағдарлама негізінде тілдерді дамыту жұмыстары жүргізілді.

            2014 жылдың 3 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға арналған тілдерді дамыту және жүйеге келтіру мемлекеттік бағдарлама негізінде 2014-2016 жылға арналған іс-шара жоспарын бекіту» және 2014 жылдың 3 наурызында «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту және жүйеге келтіру мемлекеттік бағдарлама негізінде 2014-2016 жылдың Алматы облыстық іс-шаралар жоспары» туралы облыстық әкімшіліктің № 57 қаулысы негізінде жұмыстар атқаруда.

            Ақпан айында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында оқырмандар конференциясы болды. Онда ақиық ақын Мұқағали ағамыздың сырлы да сезімге толы шығармашылығына талдау жасалып, қатысушылар философиялық тұрғыдан ой бөлісті.

            «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты Мұқағали шығармашылығынан аудандық байқау өтті. Байқауға қала және округтерден талантты жастар қатысып, өз шығармашылықтарымен тәнті етті. Байқауға өз бақтарын сынап, бас жүлдені иеленген Масақ орта мектебінің оқушысы Ақмолдаева Айгерім иеленді.

            Наурыздың 17 жұлдызында Абылай хан орта мектебінде аудандық кітапхана мен Абылай хан орта мектебінің бірлесе өткізген Т. Молдағалиевтың 80 жасқа толу мерей тойына арналған «Аяулы сезімнің ақыны» атты шығармашылық кеш өтті. Кешке қонақ ретінде ақын Тұманбай ағамызбен етене араласқан, әріптесі әрі досы Иванов Иван Николаевич шақырылды. Т. Молдағалиев туралы жақсы естеліктерден сыр шертті. Әсерлі әндер мен тәтті күйлер орындалып, арты өлең жолдарына ұласты.

            «Великой Победе – 70 лет» атты тақырыпта аудандық кітапхана Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне арналған іс-шара болды. Ондағы мақсат Ұлы Отан соғыс ардагерлерін құрмет тұту, жас толқынды Отанды қорғауға, батыл да батыр, ержүрек болуға, өз елінің патриоты болатын тұлғаны тәрбиелеу еді.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

9123497
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
11923
0
100819
9010143
100819
260679
9123497

Сіздің ІР: 34.225.194.144
Қазір: 2019-12-11 20:10:04
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру