Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘлеуметтік салаТілдерді дамытуЕңбекшіқазақ ауданы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 -2019 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылдың І тоқсанында өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

Еңбекшіқазақ ауданы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 -2019 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылдың І тоқсанында өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

                                                                                                                                                                                                          

 

Ауданда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы  29 маусымдағы № 110 Жарлығымен, Алматы облысы әкімінің 2017 жылы  24 ақпандағы 2017 – 2019 жылдарға арналған                            іс-шаралар жоспары негізінде  Еңбекшіқазақ ауданының 2017 – 2019 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары  аудан  әкімінің  14.03.2017 жылғы № 127 қаулысымен бекітілді. Аталған бағдарлама аясында  2017 - 2019 жылдарға  арналған өңірлік  іс – шара жоспары жасалып, тиісті шаралар қамтылды. Барлық ауылдық округтеріне таратылды.

Ауданда 22 мәдениет үйі, оның 3-і ауылдық клуб, 2 саңыраулар клубы, 16 кітапхана, 3 музей және  1 мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді.  

Бүгінгі күнде мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтертерде іс – шаралар мемлекеттік тілде өтеді.  Мемлекеттік тілді оқыту орталығында әр түрлі санатты азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлері, жұмыссыздар, уақытша жұмыссыздар, оралмандар, зейнеткерлер, мүгедектер тіл үйренуде. 2017 жылдың І тоқсанында 50 адам, оның 43-і өзге ұлт өкілдері курсқа қабылданып, тіл үйренуге ниет білдірді.

Ауданда тіл саясатын насихаттауда әр түрлі іс – шаралар өтеді. Атап келтірсе, «Мемлекеттік тіл және жарнама» атты акция, «Ана тілің - арың бұл» мәдени шаралары және «Мемлекеттік тілді дамытудағы кітапхананың ролі», т.б.

Ана тіліміздің өрісінің аясы кеңейіп, дамуына ықпал ететін сала – жарнама.

«Тіл туралы»  Заңның 21–бабына сәйкес және Жарнама туралы заңды негізге ала отырып, акция бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді, әлі де жүргізіліп жатыр. Мәліметтер дайындалып, облыстық сараптау тобына жіберілетін болады. 2017 жылдың І тоқсанында халық көп шоғырланған жерлерде көрнекілікке қатысты 51 қате анықталып, түзету жұмыстары жүргізілуде.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесіне қарасты 16 кітапхана бар: аудандық кітапхана, Шелек, Қаражота, Нұра, Тескенсу, Қазақстан, Бәйдібек би, Ақши, Балтабай, Қаракемер, Түрген, Көктөбе, Космос, Бәйтерек, Ават, Малыбай ауылдық кітапханалары. Аталмыш кітапханаларда мәдени іс – шарадан басқа тілді насихаттау жұмыстары да жүргізіледі. М.Мақатаевтың өр тұлғасын насихаттау мақсатында «Мұқағали әлемі – тазалық әлемі», «Қазақ халқының дара тұлғасы», «Аяулы сезімнің ақыны», «Түнді оятқан жырлар», «Өнерімен өнерде тіл табысқан», «Өмірін өлеңмен өрнектеген», «Бір ел – бір кітап», «Қазақ ұлтының алып туындысы», тағы да басқа мәдени іс – шаралар ұйымдастырылды.

Аудандық газет басылымына тілге қатысты мақала саны - 4–і құрады.  Өткізілген іс – шаралар аудандық басылымда жарияланып отырды.

Ауданда 25 ауылдық округ, 1 аудан орталығы және бөлімдер бар. Аталған мекемелерде кіріс – шығыс құжат айналымы бойынша әрбір тоқсанда мәлімет жинақталып, пайызы есептелініп отырады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің көрсеткіші 95,41 % құрап отыр.

            19 сәуірде Алматы облысы ономастикалық комиссиясы отырысында Бәйтерек орта мектебінің атауын ҰОС ардагері Әликбай Қосаев атына, Азат орта мектебіне ҰОС ардагері Николай Семенович Сушковтың атын беру жөніндегі және аудандық мәдениет үйіне ақын Т.Молдағалиевтың атын беру туралы ұсыныстар облыстық ономастикалық комиссиясы отырысында оң шешімін тауып, республикалық ономастикалық отырысының қарауына ұсынылатын болады.

            Есік қаласында жаңа салынған Жастар саябағына ақын, жыршы, жырау Ж.Жабаевтың атын беру туралы ұсыныс аудандық мәслихаттың қарауынан оң шешімін тапқан сәтте, облыстық ономастикалық комиссияға ұсынылатын болады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8720584
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
18532
0
18532
8639984
145695
252223
8720584

Сіздің ІР: 34.204.191.31
Қазір: 2019-10-22 12:28:34
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру