Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘлеуметтік салаТілдерді дамытуМәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде 2015 жылда атқарылған іс – шаралары туралы ақпарат

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде 2015 жылда атқарылған іс – шаралары туралы ақпарат

 

Ауданда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы                            29 маусымдағы № 110 Жарлығымен, Алматы облысы әкімінің 2014 жылы            03 наурыз 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» негізінде  Еңбекшіқазақ ауданының 2014 – 2016 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары    аудан     әкімінің     21. 04. 2014 жылғы № 509 қаулысымен бекітілді. Аталған бағдарлама аясында 2014 - 2015 жылдарға  арналған өңірлік  іс – шара жоспары жасалып, тиісті шаралар қамтылды. Ауданд 22 мәдениет үйі, 16 кітапхана,               3 музей және 2 мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді.  Бүгінгі күнде мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер құжат айналымы жыл ішінде тоқсанына бір рет және жарты жылдыққа бір рет мониторинг жасалып жұмыс ауқымы талданып,  мемлекеттік тілдің қолданылуы сараланып отырады. Аудан көлемінде өткізілетін қоғамдық – саяси және мәдени шаралар түгелдей мемлекеттік тілде өтеді. 

            Ауданда Есік қаласы және Шелек ауылында мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. Қазақ тілін үйренетін орталықтардың материалдық базасы толық және оқулықтармен қамтамасыз етілген. 

Мемлекеттік тілді оқыту орталығында әр түрлі санатты азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлері, жұмыссыздар, уақытша жұмыссыздар, оралмандар, зейнеткерлер, мүгедектер тіл үйренуде.

            2015 жылы 79 адам, оның 26 өзге ұлт өкілдері курсқа қабылданып, тіл үйренуге ниет білдірді. 2015 жылдың І жарты жылдығында 8789 адам ҚАЗТЕСТ тапсырды.

ҚАЗТЕСТ бағдарламасынан өту ауданда жүйелі  түрде жолға қойылған. Тіл саясатының әлеуметтік маңыздылығы ескеріліп, аудандағы мемлекеттік тілдің жағдайына баса назар аудару мақсатында мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер бойынша тіл мәселесімен тікелей жұмыс істейтін мамандармен 2015 жылы 27 ақпанда кеңейтілген семинар өткізілді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат, аудандық жастар орталығы және аудандық «Елім-ай» қоғамдық қорының бірлесуімен              «Тіл – ұлттардың ұйымдастырушы құралы» акциясы, «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» дөңгелек стол басындағы кездесу, «Ұлттық сана – ұлттық тілмен қалыптасады» семинар кеңес, «Ана тілің арың бұл» тақырыбындағы мәдени іс – шара, «Мемлекеттік тілді дамытудағы кітапхананың рөлі» оқырмандармен кездесу аудандық кітапханада ұйымдастырылды.                        Тіл мәртебесінің артуына қызмет атқаратын бірден бір  сала ақпарат құралы болса, осы ретте аудан көлеміндегі тіл мәселесіне қатысты өткізілген                  іс – шаралар аудандық, облыстық газет беттерінде жарияланып отырды.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесіне қарасты 16 кітапхана бар: аудандық кітапхана, Шелек, Қаражота, Нұра, Тескенсу, Қазақстан, Бәйдібек би, Ақши, Балтабай, Қаракемер, Түрген, Көктөбе, Космос, Бәйтерек, Ават, Малыбай ауылдық кітапханалары. Аталмыш кітапханаларда мәдени іс – шарадан басқа тілді насихаттау жұмыстары да жүргізіледі. Ілияс Есенберлиннің өр тұлғасын насихаттау мақсатында «Аты әлемге мәшһүр жазушы» атты кеш, «Қазақ халқының дара тұлғасы», «Аяулы сезімнің ақыны», «Түнді оятқан жырлар», «Өнерімен өнерде тіл табысқан», «Өмірін өлеңмен өрнектеген», «Бір ел – бір кітап», «Қазақ ұлтының алып туындысы» тағы басқа көптеген шаралар ұйымдастырылды. 

Ауданда «Абай оқулары», «Тіл шебері - 2015» байқауы, «Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХҮІІ облыстық байқауы» ұйымдастырылды. Бірінші орын иеленген қатысушылар облыстық байқауға жолдама алды.

Аудандық газет басылымына тілге қатысты мақала саны  - 14 –і құрайды.  Өткізілген іс – шаралар аудандық басылымда жарияланып отырды.

       «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» аудандық және ауыл әкімдіктерінің қабырға газеттерінің конкурсын ұйымдастырылды. Мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ, әсіресе орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты конкурсын өткізді. Сонымен қатар, облыста өткен байқауда ауданымыздан қатысқан үміткер алғыс хатпен марапатталды. 

            Мекемелерде кіріс – шығыс құжат айналымы бойынша әрбір тоқсанда мәлімет жинақталып, пайызы есептелініп отырады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің көрсеткіші 93,5 % құрап отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және ҚР Конституциясының             20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шара жоспары негізінде Астана қаласында мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос жастары арасында «Тіл – татулық тірегі» атты байқауға ауданымыздан Якупов Эльдар делегат ретінде барып қайтты.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, аса көрнекті қазақ ақыны Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толуына орай. Ауданда 2015 жыл Тұманбай жылы болып белгіленеді. Осыған байланысты ауданда облыс көлемінде Тұманбай оқуы ұйымдастырылып жас ақындар байқау және облыс көлемінде Тұманбай әндерінің байқауы өткізілді. Аудан көлемінде кітапханалар мен мектептерде Тұманбай өмірін насихаттауда әр түрлі кештер және кездесулер ұйымдастырылды.

2015 жылы наурыз айында т.Молдағалиевтің 80 жылдық мерей тойы  қарсаңында еліміздегі атақты адамдардың, ақын, жазушылардың қатысуымен Қазақстан журналистер одағымен бірлесе отырып үлкен ғылыми конференция өткізіледі.

Ономастика саласы бойынша биылғы жылы Евгенемаловодное ауылдық округі Маловодное  ауылының атын «Бәйдібек би ауылдық округі Бәйдібек би ауылы» Масақ ауылына Ұлы Отан соғысы ардагері  Қазтай Нұрманбетұлы Ұлтарақовтың атын беру туралы ұсыныс, Түрген ауылында орналасқан «Түрген қазақ орта мектебінің» атауы «Абыхан Жексембеков» атындағы қазақ орта мектебі деп атау жөніндегі ұсыныс Үкімет тарапынан мақұлданып, оң шешімін тапты.

Ал, Таусүгір орта  мектебін  Жетісуда Алаш қозағалысы жетекшілерінің бірі, Алаш орда үкіметінің мүшесі және қоғам қайраткері,  заңгер болған «Садық Аманжолов» атындағы мектеп, Қаратұрық орта мектебін Социалистік еңбек ері «Алтынбике Бертаева» және Ақши орта мектебін «Бөлек батыр Қараұлы» деп өзгерту жөніндегі ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияда мақұлданып, бүгінгі күнде құжаттары рәсімделуде.  Бұдан басқа көше атау беру жөнінде 18 ұсыныс  құжаттары жинақтал

Қазақстан  Республикасы      Премьер –   Министрінің     орынбасары                Б. Сапарбаевтың 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 20 – 56/И – 204 тапсырмасына сәйкес Ұлы Жеңістің 70 жылдығының маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Еңбекшіқазақ ауданында Кеңес Одағы Батырларының және бірқатар ордендермен марапатталған Ұлы  Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін көшелерге, объектілерге, т.б. беруде тоқтамнан тыс жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Балтабай ауылдық округі Еңбек ауылында орналасқан «Восточная» көшесін Ұлы Отан соғысы ардагері «Нүрелбаев Сейдуақас Қайрамбайұлы» көшесі деп өзгерту туралы ұсыныс құжаттарындағы кемшіліктерге байланысты облыстан кері қайтарылды. Құжаттарды дайындау жұмыстары қайта дайындалу үстінде.  

 Сондай – ақ, Бәйдібек би ауылдық округінде орналасқан «Победа» көшесін ҰОС ардагері «Закіров Әбілда», «Сибирская» көшесін ҰОС ардагері «Абылқасымов Қынарбек» атындағы көше деп өзгерту туралы құжаттарында кемшіліктер анықталғандығына байланысты қайта дайындауға қайтарылды. Қазіргі таңда «Еңбекшіқазақ» газетіне өтетіні жайында хабарландыру берілді. Қайназар ауылындағы «Алматинская» көшесіне ҰОС ардагері «Сапархан Қалиұлы», Көктөбе ауылындағы көшелердің біріне «Арын Жатқанбаев»  атындағы көше  деп атау жөніндегі  ұсыныстар бойынша құжаттар әзірленіп жатыр.

            Ана тіліміздің өрісінің аясы кеңіп, дамуына ықпал ететін сала – жарнама.

Әр жылда өткізілетін «Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясы негізінде аудан әкімінің Өкімі шығарылып, сараптау тобы құрылды. «Тіл туралы»  Заңның 21 – бабына сәйкес және Жарнама туралы заңды негізге ала отырып, акция бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мәліметтер дайындалып, облыстық сараптау тобына жіберіліп отырды.  2015 жылы көрнекілікке қатысты 81 қате анықталып, оның 43 – і түзету жұмыстарын жүргізді. Биылғы жылда жарнама қателері бойынша аудандық «Еңбекшіқазақ»   газетіне    2 мақала жарияланды. 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8507865
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
9320
92950
102270
8393060
185199
254380
8507865

Сіздің ІР: 100.26.182.28
Қазір: 2019-09-18 18:00:35
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру