Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘлеуметтік салаТілдерді дамытуҚазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту және жүйеге келтіру мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту және жүйеге келтіру мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы заңын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде 2015 жылдың үшінші тоқсанында            мемлекеттік бағдарлама негізінде тілдерді дамыту жұмыстары жүргізілді.

 

2014 жылы 3 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға арналған тілдерді дамыту және жүйеге келтіру мемлекеттік бағдарлама негізінде 2014-2016 жылға арналған іс-шара жоспарын бекіту» және 2014 жылдың 3 наурызында «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту және жүйеге келтіру мемлекеттік бағдарлама негізінде 2014-2016 жылдың Алматы облыстық іс-шаралар жоспары» туралы облыстық әкімшіліктің №57 қаулысы негізінде жұмыстар атқарылуда.

 

Ауданымыздың мемлекеттік органдарында мемлекеттік тілдің жоғарғы деңгейде игерілуі және кіріс-шығыс құжат айналымдарына әр тоқсан сайын мониторинг жасалып отырады. Есеп беру кезінде ауданымыздың мемлекеттік қызметтерінде және жергілікті әкімшіліктердің құжаттарында мемлекеттік тілдің жүргізілу барысына мониторинг жүргізген уақытта мемлекеттік тіл 94,1% құрап отырғандығы анықталды.

 

            Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ең төмен пайыз алған ауылдық округтерге, қалаға  хат жолданып, түзету жұмыстары жүргізіліп отырады.

 

Есептік мерзім кезінде аудандық және Есік қаласының мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде тілдің жағдайы тексерілді.

 

Аудан әкімінің Өкімін орындау мақсатында 2015 жылдың шілде айынан қыркүйек айының 10–на дейін «Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясы өтті. Ауданда біраз ауылдық округтердегі жарнамалар зерделеніп, қорытындысы облысқа жіберіліп отырды. 81 қате анықталып, оның 22 түзетілді. Орын алған қателер  грамматикалық қателер мен жарнама тілінің тек орыс тілінде орын алуы.

 

Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің деңгейін анықтау барысында ауданымызда «ҚАЗтест» жүйесі бойынша арнайы жұмыстар жүргізілуде.

 

Барлық мемлекет қызметкерлерінің  мемлекеттік тілді қаншалықты деңгейде білетіндігін бақылап және бағалау мақсатында мемлекеттік тілді оқып үйрену орталығында «ҚАЗтест» программасы орнатылды. Бүгінгі күнде   1000-нан аса  бюджеттік сала  қызметкері  қамтылды. Қазақ тілін үйрену мақсатында ақысыз курстар жұмыс атқарады және оған барушылар да, тыңдаушылар да  келіп тұрады және бұның барлығы  бақылауда тұр. Тамыз айында Астана мен облыстық қазтест орталығынан комиссия құрамы құрылып, сертификат тапсыру мақсатында 37 адамнан қазтест жүйесі бойынша тест қабылдайды. Нәтижесінде 26 адам сертификат иеленеді.

 

Тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында Тіл мерекесі негізінде «Ана тілім – баба тілім» атты тақырыпта көптеген іс-шаралар орындалды.  Биылғы жылда тілге байланысты жұмыстар жүргізу мақсатында арнайы бекітілген «Тіл және Тәуелсіздік», «Тарихпен тіл тамырлас» атты мерекелік іс-шаралар өтті. Мемлекеттік тілді насихаттау барысында жүргізілген жұмыстардың жемісі ауданымыздағы  бұқаралық ақпарат құралдары арқасында нәтижеге жетіп отыр. Баспа бетіне жарияланған мақалалар оқырман көңілінен шықпай қоймайтыны анық.

 

Ағымды жылдың шілде айында облыстық «Тіл шебері - 2015» қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген үміткерлер арасындағы және «Қазақшаң қалай, балақай?» атты байқауға аудан  ІІІ орынды иеленіп қайтты. Сонымен қатар, «Тіл тұнық ойдың кәусары», «Ой сана» орыс тілі білгірлері байқауы, «Оралхан Бөкей атындағы» байқаудан алғыс хатпен марапатталды.

 

Ауданымыздың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде жыл сайын жоспарға байланысты тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген іс-шаралар тұрақты жүргізілуде.

 

      Аудандық кітапхана залында қыркүйек айында «Ана тілім – биік туым, айбыным!» атты  дөңгелек үтел болып өтті. Тілдің мәртебесін асқақтату әр адамның борышы екендігін тағы бір дәлелдей түсті. «Тіл – өмір шырағы» тақырыбында поэзия сағаты ұйымдастырылды. «Ана тілім – халқымның баламасы» атты ой-талқыда тіл халықтың жаны екендігі қатысушылардың ой санасынан шыққан сөздері дәлел болды. «Мемлекеттік тіл - мәртебем» атты көпшілікке арналған көрме-панорама ұйымдастырылды. «Қазағым барда мен бармын» тақырыбында клуб мүшелерінің қатысуымен әдеби кеш болып өтті. «Жасай бер, қазақ тілі – ана тілім!» атты әңгіме сағаты болып өтті. Сол сияқты «Тіл-қазына» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында ұйымдастырылған ой-талқы болды. Тілдің кешегі жайы мен бүгінгі тынысы туралы мәселелер көтерілді. Түрген ауылдық кітпаханасында «Тереңнен маржан тереміз» тақырыбында дебат түрінде 8-9 сыныптар арасында іс-шара болып өтті. «Тілім менің – ғасырлардан аманат» атты 9-10 сыныптар арасында поэзия сағаты болып өтті. «Ана тілі ата-баба мұрасы» атты танымдық-зерделік сағаты болып өтті. «Тілім менің – тұтастығым, елдігім» тақырыбында көрме-панорама ұйымдастырылды. «Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім» атты дидарласу сағаты өтті. «Толғауы тоқсан қызыл тіл» тақырыбында поэзия кеші болып өтті. «Тіл – рухани қазына» атты кітапханалық шолу өтті.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

9107081
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
84403
0
84403
9010143
84403
260679
9107081

Сіздің ІР: 35.170.81.210
Қазір: 2019-12-09 05:05:25
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру