Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘлеуметтік салаМәдениетМәдениет саласы бойынша 2018 жылдың наурыз айында атқарылған жұмыстар

Мәдениет саласы бойынша 2018 жылдың наурыз айында атқарылған жұмыстар

Наурыз айында мәдениет саласында атқарылған іс-шаралар ең алдымен   1 наурыз «Алғыс айту күні» мерекесінен бастау алды. Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын. Міне дәл осы күні ауданымыздағы бірқатар өңірлерде еліміздің өркендеп дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар «Алғыс хаттармен» марапатталып, мерекелік іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ:

1 наурыз Алғыс айту күніне орай Шелек ауылдық округіндегі балалар үйінде «Жүректен жүрекке» атты мерекелік іс-шара, Малыбай ауылдық кітапханасында «Алғыс айту - парызым» атты әңгіме-сұхбат, Қырбалтабай мәдениет үйінде концерттік іс-шара, Қаражота мәдениет үйі қызметкерлері мен ауылдық кітапхана және мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Шексіз алғыс айтамыз» атты мерекелік кештер өткізілді. Кешке ауыл тұрғындары, ұстаздар, оқушылар қатысты. Қаражота ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ботамбаева «Қазақ еліне тағзым» атты кітап көрме ұйымдастырып, шолу жасап өтті. Оқушылар мен мәдениет өнерпаздары ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.

Бұдан бөлек Нұра ауылдық кітапханасында ақын Жамбыл Жабаевтың туылғанына 172 жыл толуына байланысты "Жыр алыбы Жамбыл " атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында ақынның жыр-дастандарынан үзінділер оқылды.

3 наурыз күні Малыбай ауылдық мәдениет үйінде "Супер келін" байқауы өткізілді. Байқауда бақ сынаған өнерпаздар байқау соңында жүлделі сыйлықтармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 07 наурыз күні Көктөбе ауылдық округі «Алатау Холл» мейрамханасында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай аудан әкімі Ысқақ Бинәлі Әбдіқапасұлы қоғам өмірінде белсенді рөл атқарып жүрген әйелдер қауымын құттықтады. Іс-шара соңында аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы әр салада аянбай еңбек етіп жүрген әйел азаматтарымызға сыйлықтар табыстап, алғыс хаттармен марапаттады. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Бұдан бөлек Шелек, Бәйдібек би, Жаңашаруа, Қаркемер ауылдық мәдениет үйлерінде 8 наурыз мерекесі дәстүрлі түрде аталып өтті. Қаражота ауылында мерекеге орай «Қыз сыны 2018» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

12 наурыз күні Шелек модельді ауылдық кітапханасында мәдениет үйінің қызметкерлері мен «Жас әдебиетшілер» клубының атсалысуымен оқырмандар залында «Еңселі Елордам» атты тарихи калейдоскоп өткізілді. Калейдоскоп барысында «Ел сүйсінген Елорда» тақырыбында слайд галереясы көрсетілді. Сонымен қатар «Еңсесі биік Елорда» атты танымдық көрме ұйымдастырылды.

13 наурыз күні Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай Нұра ауылдық кітапханасында "Жұлдызды қала Астана " атты әдеби кеш өткізді. Іс-шараға Ораз Жандосов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Бұдан бөлек «Астана - Отанымыздың жүрегі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды және тақырыптық слайд көрсетілді. Оқушылар арнау өлеңдерін оқып, ән мен биден шашу шашты.

14 наурыз күні Қаракемер ауылдық кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары және қандай қиындықтары бар екенін талдау болып табылады. Дөңгелек үстелге мәдениет және кітапхана қызметкерлері, оқырман қауым қатысты.

22 наурыз Ұлыстың ұлы күні жыл сайынғы дәстүр бойынша ауданымызда көлемді түрде аталып өтті. Аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, киіз үйлер тігіліп, жиналған халық наурыз көжеден дәм татып, аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап қайтты.

23 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық кітапханасы және 6654 əскери бөлімнің кітапханасы бірлесіп Тұманбай Молдағалиевтың туылған күніне орай «Жүрек ояу қашанда» атты мəнерлер оқу байқауы өткізілді.Байқауда көріністер көрсетіліп, Тұманбай Молдағалиевтың əндері шырқалды. Нәтижесінде өнерпаздар жүлделі орындармен марапатталды.

26 наурыз күні Қаракемер ауылдық кітапханасы 6654 əскери бөлімімен бірлесіп «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты іс-шара өткізді. Іс-шара жарыс түрінде өтті. Мақсаты: сарбаздардың туған өлкемізге, өз тіліне деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Жарыс 3 кезең бойынша өткізілді: 1-кезең бастау; 2-кезең баяндау; 3-кезең қорытындылау. Қатысушылар әр кезеңде өз өнерлерін көрсетіп, іс-шара қызықты өтті.

Сонымен қатар мәдениет саласында біраз өнерпаздарымыз үлкен жетістіктерге ие болып,байқаулардан жүлдемен оралып жатыр. Атап айтсақ, ауданымыздың "Бахар" және "Ару" би тобының бишілері республикалық "ART поколение" байқауынан 1 және 2 орынды иеленіп, жүлдемен оралды. Бұдан бөлек Малыбай мәдениет үйінің өнерпаздары - "Ясмин" тобы XІІ Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы байқауына қатысып, Астана қаласынан "ГРАН-ПРИ"-мен оралды.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8227954
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
9593
0
9593
8129025
159668
235379
8227954

Сіздің ІР: 3.227.235.71
Қазір: 2019-08-19 05:50:58
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру