Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘлеуметтік салаМәдениетЕңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2018 жылдың қаңтар-ақпан айында атқарған жұмысы туралы

Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2018 жылдың қаңтар-ақпан айында атқарған жұмысы туралы

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәдениет – ұлттың                 бет - бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Ендігі мәселе – барымызды бағалап, өнер мен мәдениеттің заман биігінен көрінуіне жұмыс жасайық. Елдігімізді әлемге танытатын – ұлтымыздың мәдениеті» деген түйінді сөзі бар. Демек, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, төл тарихымызды таразылап, рухани дамуымызға баршамыз атсалысуымыз қажет екендігі анық.

Өйткені, әлемдік дамыған елдердің қатарынан табылуда мәдениет саласы қызметкерлерінің де үлесі шексіз.

Бүгінде Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет саласы бойынша жалпы штат бірлігі – 148. Оның ішінде 21 мәдениет үйінде штат бірлігі – 105,5 болса, 16 кітапхана бойынша штат бірлігі – 41,5. Бұдан бөлек 2017 жылы Қаракемер ауылдық мәдениет үйіне 3 штат бірлігі бөлініп, Қаракемер ауылдық балалар театры ашылды.

Сонымен қатар, «Есік археологиялық - өлкетану», «Шелек өлкетану» және «Ұста Дәркембай» атындағы қолөнер музейлері де ауданымызда орналасқан. Аталған музейлерде жалпы экспонаттар саны – 8893 болса, оған келушілер саны бүгінгі күнде 23 мың 987 адамды құрап отыр.

Ауданымызда Халықтық үлгілі атағы бар «Жібек жолы» ұлттық фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Ұлттық халықтық аспаптар» оркестрі, «Улыбка», «Ирада» би ұжымдары және «Сувенир» цирк тобы өз жұмыстарын игілікті атқаруда.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың                           «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының         3 - ші бағытында «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген түйінді сөзін негізге ала отырып, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмыстар атқарылуда.

2018 жылдың 10 қаңтарында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Ысқақ Бинәлі Әбдіқапасұлының қатысуымен және аудандық мәслихат хатшысы Ахметов Бекет Төлегенұлының төрағалығымен аудандық активтің отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткен тапсырмаларын орындау бойынша атқарылатын іс-шаралар ретін анықтап алу мәселесі қаралды. 
           Аудан активінің жиынында сөз сөйлеген қоғам белсенділері мен жастар Мемлекет басшысының ұсынған жаңа бағыттарының өзекті және уақытылы екендігін атап, Елбасы Жолдауын толықтай қолдайтындықтарын білдірді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжіліс депутаты Зағипа Яхянқызы Балиева ауданымызға ресми іс-сапармен келіп, Алға ауылындағы 320, Жаңашаруа ауылындағы 120 орынға арналған орта мектептердің, Қазақстан ауылдық округі әкімдігі ғимаратының құрылыс жұмыстарымен және Шелек ауылындағы балалар үйінің жағдайымен танысып, «Есік гуманитарлық-экономикалық колледж» ұжымына Ұлт көшбасшысының биылғы Қазақстан халқына Жолдауының он міндетін түсіндіріп өтті.

10 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер мəдениет үйінде ҚР Ұлттық ұланның 26 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Шараға 6654 əскери бөлімінің толық құрамы қатысты. Əскери саладағы үздіктер мен осы іс-шараға атсалысқан аудан өнерпаздары бөлім атынан марапатталып, шара соңы аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.  

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған кезекті, "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауында айтылған 10 басымдылықтарға талдау жасау және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын іске асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, Қаракемер ауылдық мәдениет үйінің акт залында кезекті алқа мәжілісі өткізілді. Алқа мәжілісіне аудандық мәдениет үйі қызметкерлері, ауылдық округтердің мәдениет үйлерінің директорлары мен көркемдік жетекшілері, сондай-ақ аудандық және ауылдық кітапхана қызметкерлері түгелдей қатысты. Жиында ауданымыздың рухани-мәдени ошағы болып саналатын мәдениет саласында жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу шаралары туралы мәселелер қаралып, қатысушыларға толық түсінік берілді.

19 қаңтар күні Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының оқу залында «Жемқорлық - қоғам дерті» атты дидарласу сағаты өтті. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары және кітапхана қызметкерлері қатысты. Іс-шарада оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу, яғни оның себептері мен шарттарына ықпал жасау турасында өз ойларын ортаға салды.      

23 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылдық мəдениет үйінде Астана қаласының 20 жылдығына орай жас əншілер байқауы өтті. Байқауға аудандық мəдениет үйінің əдіскерлері қазылық етті. Жеңімпаздар арнайы дипломмен жəне арнайы сыйлықтармен марапатталды.

            Шелек ауылдық мәдениет үйінде Кикбоксингтен әлем чемпионы, жерлесіміз Елмұрат Қайыпжановтың жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында бокстан Респбуликалық турнир өткізілді. Турнирде Алматы, Талдықорған, Тараз қалалары мен облыстың барлық аудандарынан келген 100-ге жуық жас спортшылар өз бақтарын сынады. Үш күнге созылған аталмыш додаға еліміздің белгілі спорт саңлақтары, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов бастаған танымал спортшылар төрелік етті.

26 қаңтар күні аудандық кітапхананың оқу залында «Елбасы тапсырмасы – басты бағдар» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстелге аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Т.Ұзақов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Шарғынова, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов, «НұрОтан» партиясының кеңесшісі Қ.Дарбаева, Абылай хан атындағы орта мектептің және «Білім-инновация» лицей-интернатының жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы Г.Саурықова Жолдаудың еліміздің дамуы жолындағы айтарлықтай маңызына назар аударып, бұл саяси құжаттағы Президент қойған 10 маңызды міндетке тоқталды.

                    Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен аудан әкімінің қорытынды есебіне облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов, әкімнің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, басқарма, бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері, ҮЕҰ, қоғамдық кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер, аудан тұрғындары қатысты. Жиынды мәслихат хатшысы Бекет Төлегенұлы Ахметов жүргізіп отырды. 
Келген қонақтар жетекші өндірістік кәсіпорындардың ұйымдастырған көрмесін тамашалады. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз сөйлеген аудан әкімі Бинәлі Ысқақ 2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2018 жылға міндеттері туралы есептік баяндамасын оқыды. Баяндаманы талқылауға шыққан ҚР Парламент Мәжілісінің ІІ шақырылым депутаты болған, облыстың, ауданның құрметті азаматы Өмірғали Кенжебеков ел үшін еңбек етіп жүргендерге ризашылығын білдірді.

16 ақпан күн аудандық кітапхананың оқу залында «Латын әліпбиі: жаңғыру жазудан басталады» атты өзекті диалог өтті. Іс-шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Шарғынова, «Еңбекшіқазақ» газетінің тілшісі, журналист Н.Камалова, Абылай хан атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ж.Мұсаходжаева, «Білім-Инновация» лицей интернатының және Абылай хан атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздар қатысып, латын әліпбиіне көшу маңыздылығына тоқталды.

27 ақпан күні Космос ауылдық кітапханасында мəдениет үйімен бірлескен "Жыр алыбы Жамбыл" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Оған ауыл тұрғындары жəне оқушылар қатысты. Кітапханашы А.Н.Мысаева қатысушыларды Жамбыл ақынның өмірбаянымен, жырларымен таныстырып, соңында ауыл тұрғыны Рахметов Ринат қонақтарға əн шашуын арнады.

29 ақпан күні Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында Жыр алыбы Жамбыл бабамыздың туған күніне орай еске алу тағзым жасау іс-шарасы өтті. Жиын аудандық мəдениет үйінің əншісі Қайрат Бектұрсынның "Ақындарға арнау" жырымен және аудандық мəслихат хатшысы Ахметов Бекет Төлегенұлының құттықтау сөзімен ашылды. Жергілікті ақындар Жамбыл бабамызға арнаған жырларын паш етіп, ескерткіш алдына гүл шоқтары қойылды. Шара аудандағы мəдениет үйлері мен кітапханаларда өз жалғасын тапты.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8704046
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
1994
49533
51527
8562354
129157
252223
8704046

Сіздің ІР: 3.228.21.186
Қазір: 2019-10-19 06:40:17
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру