Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘлеуметтік салаМәдениетМәдениет саласы бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған іс-шаралары туралы ақпарат

Мәдениет саласы бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған іс-шаралары туралы ақпарат

 

Аудан бойынша 21 мәдениет ошағы бар. Оның 2-і саңыраулар клубы, 3-і ауылдық клубы болып саналады және 16 кітапхана, 1 тіл орталығы орналасқан.   Әр түрлі бағыттағы 115 үйірмесі жұмыс атқарады. Аудандық мәдениет үйінде бес «Халықтық»  (үлгілі) атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыс істейді, бұл: бишілерден құралған «Улыбка» би ансамблі, «Сувенир» цирк тобы және «Жібек жолы» фольклорлық –этнографиялық ансамблі, «Ирада» би тобы және Халықтық атағы бар ұлт аспаптар оркестрі.

          Қазіргі кезде ауданымызда 3 мұражай жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ, біреуі – тарихи - өлкетану мұражайы, екіншісі – археологиялық-өлкетану мұражайы, үшіншісі – қолданбалы өнер мұражайы.

Ауданның мұражайларында 4793 экспонат қойылған.  

Жыл басынан 5,402 адамды қамтыған 61 мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. Атап айтса, аудандық мәдениет үйінде мерзіміне орай «Зимушка-зима» ойын-сауығы ұйымдастырылды. Бұл мерекеге аудан, ауыл басшылары қатысып, қысқы спорттық түрлерін және ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламаларын тамашалады.

 Ақпан айының алғашқы апталығында аудандық кітапханада және ауылдық кітапханаларда  ақиық ақын М.Мақатаевтың өр тұлғасын насихаттауда «Мұқағали әлемі – тазалық әлемі» атты поэзия марафоны, «Ақын ағама арнау», «Өлеңнен өрнек салған», т.б. шаралар ұйымдастырылды. Шараға мектеп оқушылары, ауыл жастары тартылып, өз өнерлерін паш етті.       

15 ақпанда Есік ІІБ – да жаңа ашылған спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Аудан әкімі шараға қатысып, сөз сөйлеп, құттықтау тілектерін білдірді.    

Ақпан айында Нұра ауылдық округінде «Шеңгел су» шатқалында «Сонар-2017» Республикалық бүркітшілер жарысы ұйымдастырылып, концерттік бағдарламаға ұласты. Жеңісті қанжығасына Сөгеті ауылдық округінің қатысушысы алды.

13 ақпанда Есік қаласы, ІІБ ішінен спорттық кешеннің ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі, ІІБ басшысы, АІІБ басқарма басшылары, ҚАППБ – ның бастықтары, Еңбекшіқазақ АІІБ жеке құрамы қатысып, Іс-шараның куәсі болады. Соңы концерттік бағдаламаға ұласты.  

            16 ақпанда ауған соғысына қатысқан ардагерлерге арнап, аудандық мәдениет үйінің алдына қойылған ескерткіш танкісі алдына бүгінгі көзі тірі ардагерлер гүл шоқтарын қойып, еске алу кешін ұйымдастырды.  

            1 наурыз «Алғыс айту» күніне Бәйдібек би ауылдық мәдениет үйінде іс – шара өтті. Шараға ауыл тұрғындары, жергілікті басқару органдарының және бюджет саласы қызметкерлері қатысып, бір – біріне алғыс айтқан,  жақсы көңіл-күй сыйлаған адамдар арасындағы әрекетке күә болады. Соңында жақсы концерттік бағдарламаға ұласып, халық ризашылығын алады.

5 наурыз күні сағат 10.00-де  аудан орталығы Райымбек атындағы орта мектебінде Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Б.Ысқақ «Ана- өмірдің гүлі» атты іскер әйелдермен бас қосу болып өтті. Кеш соңында ауданымызға танымал өнерпаздардың мерекелік концертін тамашалады.

7 Наурыз күні Көктөбе ауылы «Алатау Холл» кафесінде Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Ол – менің Анам!» атты тақырыпта барлық әлеуметтік, этникалық жасы мен кәсіби тұрғысынан қамтылған әртүрлі топтардың өкілдері болып табылатын іскер әйелдермен бас қосқан мерекелік іс – шара  болып өтті. Аудан әкімі аналарға арнап құттықтау сөзін сөйлеп, барша ана қауымына сыйлықтарын тарту етті. Ауданымыздың Құрметті  азаматы, қамқор ана А.Есбергенова өз сөзінде барша анаға алғыс білдіріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін ана алдында бас июді міндет деп санайтынын да айта кетті. Кеш соңында ауданымызға танымал өнерпаздардың мерекелік концерті ұсынылып, көрермендердің көзайымы болды. Шараның мақсаты – аналарға құрмет таныту, сонымен қатар, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдің достығын берік қылу.

22 наурызда Ұлыстың Ұлы күні «Армысың, әз Наурыз» атты мерекелік шара Есік қаласында жаңа ашылған Ж.Жабаев атындағы Жастар саябағында өз жалғасын табады. Мерекеге Алматы облысының әкімі Амандық Баталов  және облыс әкімінің орынбасарлары, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қатысып, алғыс тілектерін білдірді. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Шормановтар әулетінде нәресте дүниеге келіп, 2 миллионшы тұрғыны атанған сәбидің атын ырымдап, Нұрсұлтан деп қойды. Ата – анасын облыс әкімінің өзі құттықтап, арнайы сыйлығымен бірге екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Облыс әкімі жаңадан ашылған Саябақты да аралады, Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекені тамашалап, қазақтың салт-дәстүрі бойынша, Шәмси атты бүлдіршіннің тұсауын кесіп, барша жұртты қуанышқа бөледі. Артынша қазақ үйлерде кең жайылған дастархандардан дәм татты. Аудандық мәдениет үйінде эстрада әншісі Мақпал Диханбаеваның концерттік бағдарламасы  дүйім жұртқа ұсынылып, Ұлыстың Ұлы күнінде жақсы көңіл – күй сыйланды.

«Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі» 2017 жылдың І тоқсанында  7 көшпелі  көрме  ұйымдастырды.  Музей туралы 6 мақала жарияланды.  Музейге келушілер саны  1200 адам.  Жүргізілген экскурсия саны  17.  Оқылған лекция саны  11.  Ақылы қызметтен       180 000 теңге түсті.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8535103
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
36558
0
129508
8393060
212437
254380
8535103

Сіздің ІР: 34.231.247.139
Қазір: 2019-09-22 08:17:25
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру