Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘлеуметтік салаМәдениетМәдениет саласы бойынша 2016 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған іс-шаралары туралы ақпарат

Мәдениет саласы бойынша 2016 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған іс-шаралары туралы ақпарат

Әр жыл басынан  өткен жылды қорытындылып, келесі жылға ұйымдастырылатын жұмыстар жүйелі түрде жоспарланып, әр түрлі мәдени іс-шаралар жүргізілуде. Түрген ауылында арнайы белгіленген жерде қыс мерзіміне орай «Зимушка-зима» ойын сауығы ұйымдастырылды. Бұл мерекеге аудан, ауыл басшылары қатысып, қысқы спорттық түрлерін және ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламаларын тамашалады. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай ауылдық мәдениет үйлерінде әр түрлі іс-шаралар және ақынға арналған жас ақындардың 1-кезеңі бойынша байқау ұйымдастырылып, талабы таудай жас ақындарға қаңтардың 6 күні аудандық мәдениет үйінде байқаудың екінші кезегі ұйымдастырылып, бұл байқаудағы жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Байқауға 30 – ға жуық жас ақындар қатысты.

  Қаңтар айының 9 - і күні аудан орталығында ауданның мәслихат хатшысы Талқанбаев Әділбай Айнабекұлының 70 жылдық мерей тойы ұйымдастырылды. Бұған облыс, аудан басшылары қатысып, құттықтаулар мен аудан өнерпаздарының өнерлерін тамашалады. 29-шы қаңтарда аудан мәдениет қызметкерлері аттестациялаудан өткізілді. 9 ақпан «Нұр-Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХV - i конференциясы болды, онда аудан әкімінің есебі тыңдалды.

Биылғы жылда  рухани құндылықтарымызды жоғары қойып,                               13 ақпанында Т.Молдағалиевтың туып–өскен жері Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық округі Казатком ауылында Т.Молдағалиевке арналған мұражай салу, оның ішіне оқырмандар залы мен кітапхана кіргізу, мұражай алдына Т. Молдағалиевтың ескерткіші саяжай-аллеясы және көркем өлеңдерін оқитын жазғы сахна орнату,  Казатком ауылының атауы және аудан орталығы Есік қаласында орналасқан мәдениет үйіне Т.Молдағалиевтың атын беру, мәдениет үйі алдынан ескерткіш-бюстін қою мәселесі қолға алынды. Бұл шара жастарға берер мәні зор екені анық.

Сонымен қатар, аудандық кітапхана және аудандық мәдениет үйі біріккен, Тұманбай оқуы ұйымдастырылып, жас ақындар байқауы өткізілді. Аудан көлемінде кітапханалар мен мектептерде Тұманбай өмірін насихаттауда әр түрлі кештер және кездесулер ұйымдастырылды.

Ақпан айының алғашқы апталығында аудандық кітапханада және ауылдық кітапханаларда  ақиық ақын М.Мақатаевтың өр тұлғасын насихаттауда «Мұқағали әлемі – тазалық әлемі» атты поэзия марафоны, «Ақын ағама арнау», «Өлеңнен өрнек салған», т.б. шаралар ұйымдастырылды. Шараға мектеп оқушылары, ауыл жастары тартылып, өз өнерлерін паш етті.         

11 ақпан аудандық мәдениет үйінде «Жарқын болашақ» жастар олимпиядасы ұйымдастырылып, жас өнерпаздардың концерті берілді.

13 ақпан  Нұра ауылдық округы «Шеңгел су» шатқалында «Сонар-2016» Республикалық бүркітшілер жарысы ұйымдастырылып, концерттік бағдарламаға ұласты. 15-ші ақпан аудандық мәдениет үйінде ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылып, шағын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. 17-ші ақпан «Көңілді тапқырлар клубының» кезекті бірінші сайысы ұйымдастырылды. Бұған әр ауылдан, мектептерден  18 команда қатысып, жеңімпаз командалар келесі кезеңге жіберілді. 19-шы ақпан Бәйдібек би ауылдық мәдениет үйінде «Жетісу жұлдыздары байқауының» бірінші кезеңі өтті. 13 өнерпаз келесі қыркүйек айында өтетін облыстық іріктеу кезеңіне қабылданды. 20-шы ақпан аудандық мәдениет үйінде «Қазақстанға дауыс бер» атты аудан жастарының акциясы ұйымдастырылды.

            27 ақпан Алматы қаласы Сүйінбай атындағы филармонияда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған іс-шараға ауданнан 100 – ге жуық мәдениет саласының қызметкерлері қатысып қайтты. Ауданда Наурыз айының 1 - і күні Елбасының «Алғыс айту» күні жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты ауданның барлық елді мекендерінде іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі аудан орталығы мәдениет үйі алаңында өткізіліп, қала әкімі Б.Бименов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ұзақов, Ұйғыр этно-бірлестігінің төрағасы С.Мақсұтов өз құттықтауларын жеткізіп, іс-шара соңында ауданнның этно-бірлестіктерінің мерекелік концертіне ұласты.

5 наурыз күні сағат 10.00-де  аудан орталығы Райымбек атындағы орта мектебінде Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Б.Ысқақ «Ана- өмірдің гүлі» атты іскер әйелдермен бас қосу болып өтті. Кеш соңында ауданымызға танымал өнерпаздардың мерекелік концертін тамашалады. Осы күні сағат 18.00-де аудандық мәдениет үйінде халықаралық қыз-келіншектер мерекесі қарсаңында осындай қызғалдақтардың ақылы мен көркі сарапқа салынған «Бәрінен де сен сұлу» байқауының финалдық кезеңі өтті. Есік қаласы аудандық мәдениет үйінде облыс әкімдігі, «Нұр-Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен шараға Болат Әбішұлы Назарбаев, байқаудың авторы Гүлнұр Назарбаева, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев жұбайы Дарико Хасанғалиевамен, облыс әкімі Амандық Баталов, орынбасары Бақтияр Өнербаев, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ пен өзге де аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысып, құрметті қонақтардың қатарын толтырды.

 Жалпы  аудан көлемінде 445 іс - шара ұйымдастырылып, бұған 130,586 адам тартылған.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні мерекелері де өз деңгейлерінде өтіп,  аудан әкімінің халыққа береке, бірлік, молшылық, тоқшылық тілегімен жалғасын тапты.

Ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басып, жаңғыртудың жаңа міндеттерінің бірі  халықтардың достығы, бірлігі болып табылады. 1 мамыр Халықаралық бірлік, ынтымақ күніне орай аудандық мәдениет үйі аддында және барлық ауылдық округі мәдениет үйлерінде және аудандық кітапханаларда әр түрлі іс – шаралар, концерттік мерекелер және әңгіме сұхбат ұйымдастырылып, әр түрлі ұлт өкілдері жастарының өнерлері паш етілді. Шараның негізгі мақсаты -  болашаққа сеніммен қарап, жастарды бірлікке, ынтамақтастыққа шақыру болып табылды.

Мамыр айында Нұра ауылдық мәдениет үйі аудандық жастар ресурсы орталығымен бірігіп, «Жігіт сұлтаны» аудандық байқау да ұйымдастырылды. Мақсаты - жастарды өнерге баулу, өнер сүюге тәрбиелеу.

Қазақтың қонақжайлығын, тарихын таныту, патриоттық сезімін ояту мақсатында Есік мемлекеттік тарихи – мәдени қорық мұражайында ауданның жастарына, тұрғындарына арналып, «Музей түні» атты концерттік мереке ұйымдастырылды. Сол сияқты Есік қаласында және барлық 26 ауылдық округтерде өткен 18 сәуір ескерткіштерді қорғау күні, 9 мамыр Жеңіс күні, Лавар ауылында өткен 31 мамыр қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай атқарылған іс - шаралар жастарды патриоттық тәрбиеге шақырып, кешегіге құрметпен қарап, бүгінгі күнді қанағат тұтып, көк аспанның ашық, шаңырақтың биік болуын қамтамасыз ету жастардың қолында екенінің дәлелі екені сөзсіз.

 «Мәңгілік ел» болу бүгінгі жастардың патриоттық-саяси көзқарастық қабілетіне байланысты. Елбасы Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды орындауда жастар саясатын жүзеге асыру, дамытуда ауданның өнерлі жастарын тарту үшін халықтық үлгілі атағы бар «Ирада», «Улыбка» би ансамблдері, «Сувенир» цирк тобы, Жібек Жолы фольклорлық-этнографиялық ансамблі және халықтық атағы бар ұлт аспаптар оркестрі  жұмыс жасайды. Аталмыш өнер ұжымдарының атсалысып, жастарды тартуымен ауданда жыл басынан 100–ден аса іс – шара ұйымдастырылды. Соның бірі  1 маусым балаларды қорғау күніне орай ауданда орналасқан Есік тарихи – өлкетану музейінде  «Балалар – біздің бақытымыз» атты тақырыпта концерттік іс – шара болып табылады.

Бұдан басқа аудан тұрғындарына жастардың араласуымен өтіп жатқан мерекелік шаралармен хабардар етіп тұру әрі жастардың интеллектуалдық қабілетін дамыту мақсатында «ЕңбекшіКаз.Мәдениет» тобын құру көзделіп отыр. Сайтқа аудандық мерекелердің барлық түрі ақпарат ретінде жолданып отыратын болады.

Жастар – жердің, елдің иесі, елінің, рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Әрбір жасты туған жерін жанындай сүйіп, жанашыр азамат етіп тәрбиелеу баршаға міндет. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарса, қазіргінің індетіне айналған террорлық әрекет, діни экстрималдық көзқарас орын алмайды деп айтуға болады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы              М.Акаев                                                                                                                                                                                                                       

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8529924
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
31379
0
124329
8393060
207258
254380
8529924

Сіздің ІР: 3.227.254.12
Қазір: 2019-09-21 17:35:49
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру