Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘлеуметтік салаМәдениетМәдениет саласы бойынша 2016 жылдың І тоқсанында атқарылған іс-шаралары туралы ақпарат

Мәдениет саласы бойынша 2016 жылдың І тоқсанында атқарылған іс-шаралары туралы ақпарат

Әр жыл басынан  өткен жылды қорытындылып, келесі жылға ұйымдастырылатын жұмыстар жүйелі түрде жоспарланып, әр түрлі мәдени іс-шаралар жүргізілуде. Түрген ауылында арнайы белгіленген жерде қыс мерзіміне орай «Зимушка-зима» ойын сауығы ұйымдастырылды. Бұл мерекеге аудан, ауыл басшылары қатысып, қысқы спорттық түрлерін және ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламаларын тамашалады. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай ауылдық мәдениет үйлерінде әр түрлі іс-шаралар және ақынға арналған жас ақындардың 1-кезеңі бойынша байқау ұйымдастырылып, талабы таудай жас ақындарға қаңтардың 6 күні аудандық мәдениет үйінде байқаудың екінші кезегі ұйымдастырылып, бұл байқаудағы жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Байқауға 30 – ға жуық жас ақындар қатысты.

  Қаңтар айының 9 - і күні аудан орталығында ауданның мәслихат хатшысы Талқанбаев Әділбай Айнабекұлының 70 жылдық мерей тойы ұйымдастырылды. Бұған облыс, аудан басшылары қатысып, құттықтаулар мен аудан өнерпаздарының өнерлерін тамашалады. 29-шы қаңтарда аудан мәдениет қызметкерлері аттестациялаудан өткізілді. 9 ақпан «Нұр-Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХV - i конференциясы болды, онда аудан әкімінің есебі тыңдалды.

11 ақпан аудандық мәдениет үйінде «Жарқын болашақ» жастар олимпиядасы ұйымдастырылып, жас өнерпаздардың концерті берілді.

13 ақпан  Нұра ауылдық округы «Шеңгел су» шатқалында «Сонар-2016» Республикалық бүркітшілер жарысы ұйымдастырылып, концерттік бағдарламаға ұласты. 15-ші ақпан аудандық мәдениет үйінде ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылып, шағын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. 17-ші ақпан «Көңілді тапқырлар клубының» кезекті бірінші сайысы ұйымдастырылды. Бұған әр ауылдан, мектептерден  18 команда қатысып, жеңімпаз командалар келесі кезеңге жіберілді. 19-шы ақпан Бәйдібек би ауылдық мәдениет үйінде «Жетісу жұлдыздары байқауының» бірінші кезеңі өтті. 13 өнерпаз келесі қыркүйек айында өтетін облыстық іріктеу кезеңіне қабылданды. 20-шы ақпан аудандық мәдениет үйінде «Қазақстанға дауыс бер» атты аудан жастарының акциясы ұйымдастырылды.

            27 ақпан Алматы қаласы Сүйінбай атындағы филармонияда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған іс-шараға ауданнан 100 – ге жуық мәдениет саласының қызметкерлері қатысып қайтты. Ауданда Наурыз айының 1 - і күні Елбасының «Алғыс айту» күні жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты ауданның барлық елді мекендерінде іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі аудан орталығы мәдениет үйі алаңында өткізіліп, қала әкімі Б.Бименов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ұзақов, Ұйғыр этно-бірлестігінің төрағасы С.Мақсұтов өз құттықтауларын жеткізіп, іс-шара соңында ауданнның этно-бірлестіктерінің мерекелік концертіне ұласты.

5 наурыз күні сағат 10.00-де  аудан орталығы Райымбек атындағы орта мектебінде Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Б.Ысқақ «Ана- өмірдің гүлі» атты іскер әйелдермен бас қосу болып өтті. Кеш соңында ауданымызға танымал өнерпаздардың мерекелік концертін тамашалады. Осы күні сағат 18.00-де аудандық мәдениет үйінде халықаралық қыз-келіншектер мерекесі қарсаңында осындай қызғалдақтардың ақылы мен көркі сарапқа салынған «Бәрінен де сен сұлу» байқауының финалдық кезеңі өтті. Есік қаласы аудандық мәдениет үйінде облыс әкімдігі, «Нұр-Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен шараға Болат Әбішұлы Назарбаев, байқаудың авторы Гүлнұр Назарбаева, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев жұбайы Дарико Хасанғалиевамен, облыс әкімі Амандық Баталов, орынбасары Бақтияр Өнербаев, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ пен өзге де аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысып, құрметті қонақтардың қатарын толтырды.

 Жалпы  аудан көлемінде 445 іс - шара ұйымдастырылып, бұған 130,586 адам тартылған.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы     М.Акаев

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8019103
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
1134
88513
89647
7916921
186196
208231
8019103

Сіздің ІР: 18.206.241.26
Қазір: 2019-07-17 11:03:41
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру