Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘлеуметтік салаХалықты әлеуметтік қорғауЖОБА Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және тұрғын үй алу үшін Еңбекшіқазақ ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және тұрғын үй алу үшін Еңбекшіқазақ ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет
кодексінің 55-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, "Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының мәслихаты ШЕШІМ
ҚАБЫЛДАДЫ:
1 Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және тұрғын үй
алу үшін Еңбекшіқазақ ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен
бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
 
Еңбекшіқазақ ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
 
Еңбекшіқазақ ауданы
мәслихатының хатшысы
 
 
 
Еңбекшіқазақ ауданы
мәслихатының
2019 жылғы ____________
шешіміне қосымша
 
 
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және ғын үй алу
үшін Еңбекшіқазақ ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
 
 
1 Жалпы ережелер
1 Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және
Еңбекшіқазақ ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидалары Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағының
5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан
Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес әзірленді.
2 Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен «7-20-25. Әрбір
отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» ипотекалық
тұрғын үй несиелендіру бағдарламасы (бұдан әрі - «7-20-25» бағдарламасы)
бойынша тұрғын үй сатып алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына (бұдан әрі-алушылар) ақшалай нысанда берілетін көмек;
2) көпбалалы аналар - "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен
марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ
дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
3) көпбалалы отбасылар – бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке
толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі
оқу нысанында оқитын балалары бар отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа
толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде
жиырма үш жасқа толғанға дейін), отбасының атынан балалардың анасы,
әкесі немесе қорғаншысы (қамқоршысы) жүгіне алады;
2 әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі Еңбекшіқазақ ауданының
бюджеті болып табылады.
3 Әлеуметтік көмек «Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Жергілікті
өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасына сәйкес осы
мақсаттарға Еңбекшіқазақ ауданының тиісті қаржы жылына арналған
бюджетінде көзделген қаражат шегінде ұсынылады.
3 Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушылардың санаттары
4 Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азаматтардың жекелеген
санаттарына білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлер, Еңбекшіқазақ
ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік
кәсіпорындарда, денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина еңбек қызметін
жүзеге асыратын қызметкерлері, Еңбекшіқазақ ауданы аумағында еңбек
қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау
органдарының қызметкерлері мен көп балалы аналар мен көпбалалы
отбасылар жатады.
5 Әлеуметтік көмек алуға Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген, осы
елді мекенде тұрғын үйі жоқ және «7-20-25» бағдарламасы талаптарына
сәйкес азаматтардың құқығы бар.
6 Әлеуметтік көмек Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген және тұрақты
тұратын азаматтарға көрсетіледі.
4 Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі:
7 Әлеуметтік көмек «Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй – коммуналдық
шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ұсынысы бойынша Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің (бұдан әрі-әкімдік)
бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
8 Тұрғын үй сатып алу үшін алушылардың тізімін қалыптастыру тәртібін
Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі бекітеді.
9 Әлеуметтік көмек 1 (бір) миллион теңгеге дейінгі мөлшерінде біржолғы
ақшалай төлем түрінде көрсетіледі:
10 Әлеуметтік көмек алушының банктік шотына «Еңбекшіқазақ
ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінен аударылады.
11 Әлеуметтік көмек төленген сәттен бастап үш ай ішінде алушылар
тұрғын үй сатып алуды жүзеге асырады. Ұсынылған әлеуметтік көмекті
алушылар пайдаланбаған жағдайда ақшалай қаражат
Еңбекшіқазақ ауданының бюджетіне қайтарылуға жатады.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8927254
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
280
70136
70416
8844303
165255
187110
8927254

Сіздің ІР: 34.237.51.35
Қазір: 2019-11-19 00:34:01
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру