Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘкімдікНормативтік – құқықтық актілердің жобасы(Жоба) Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінің 2015 ж. ««Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»» қаулысы

(Жоба) Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінің 2015 ж. ««Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»» қаулысы

 «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би

ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің Ережесін

бекіту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы»             2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының басшысы Керімбеков Бекен Орынбекұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурсында және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Керімбеков Бекен Орынбекұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

  Б. Ысқақ

   
  Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің   2015 жылғы _________________ «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № ______ қаулысымен бекітілген қосымша

«Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және                    материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040444, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би  ауылы,           Шевченко көшесі, № 18 а.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.


11. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.


12. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

            Егер «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

            13. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

14. Міндеттері:

1) халық санағын жүргізетін органдар ұсынатын сайлаушылардың тізімін дайындау;

2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

3) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

15. Функциялары:

1) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;

2) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

3) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

4) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

5) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

6) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де   әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

7) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

8) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

9) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

10) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

11) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

12) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

13) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

2) өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға;

3) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауға;

4) «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің, әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық сипаттағы актілерінің жобаларын дайындауға;

5) «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру

17. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.

18. Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 

19. Әкімнің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. Әкімнің өкілеттігі:

            1) өз құзыреті шегінде «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті шешімдер, өкімдер және нұсқаулар шығарады;

2) «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;

3) өз құзыреті шегінде «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда білдіруге;

4) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
            Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.


            21. Әкім өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

            22. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

            «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

            23. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.


            24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

            25. «Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

7100072
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
26873
0
26873
7060664
70119
143858
7100072

Сіздің ІР: 54.173.237.152
Қазір: 2019-02-18 07:01:53
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру