Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘкімдікНормативтік – құқықтық актілердің жобасыЕңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы «Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 88 қаулысымен бекітілген қосымша

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы «Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 88 қаулысымен бекітілген қосымша

                                             

«Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

  1. Жалпы ережелер

1. «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай  ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040452, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай  ауылы, Хазиева көшесі, №2.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай  ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

14. Міндеттері: Еңбекшіқазақ  ауданының Саймасай  ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және                    материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

15. Функциялары:

1) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;

2) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу;

3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

4) табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де      әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

6) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;

7) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;

8) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;

9) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

10) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

11) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.

18. Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай  ауылдық округінің әкімін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай  ауылдық округі әкімініңҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай  ауылдық округі әкімінің өкілеттігі:

1) «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;

2) «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады:

3) «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

4) өз құзіреті шегінде шешімдер мен өкімдер шығарады;

5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде «Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

6) «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай  ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Саймасай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
10665716

Сіздің ІР: 3.237.94.109
Қазір: 2020-09-28 13:50:33
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру