Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетКәсіпкерлік және өнеркәсіпАқпаратАудандық кәсіпкерлік бөлімінің 2016 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің 2016 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

Еңбекшіқазақ ауданын  1 қала, 25 селолық округі құрайды. Оның ішінде:

Есік қаласы, Рахат, Көктөбе, Түрген, Қаракемер, Бартоғай селолық округтерінде туризм саласын дамытуға,

Бәйтерек, Ават, Жанашар, Саймасай, Ташкенсаз, Балтабай, Бәйдібек би, Қазақстан, Шелек, Масақ селолық округтері өнеркәсіп саласын дамытуға

Қырбалтабай, Ақши, Бөлек, Тескенсу, Қаратұрық, Қорам, Қаражота,  Асы, Малыбай, Сөгеті селолық округтері ауылшаруашылығын дамытуға қолайлы аймақтар болып табылады.    

Шағын кәсіпкерлік бойынша

2016 жылдың 1 шілдеге ауданда жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің саны 16450 бірлікке жетіп,  2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құрады. Оның ішінде: шағын кәсіпорындар – 624, жеке кәсіпкерлік – 4161, шаруа қожалықтары – 11665. Салада 48980 адам  жұмыспен қамтылды.

      Шағын бизнес субъектілері 2016 жылдың 1 шілдеге 7540,5 млн. теңгенің өнімін өндіріп, қызмет көрсетті, бұл 2015 жылға қарағанда 105,7 пайызға артқан (2015 жылдың сәйкес кезеңі – 7137,0 млн.теңге). Бюджетке 1647,3 млн.теңге салық түскен, ол 146,4 пайызды құрады. (2015 жылы – 1124,9 млн.теңге)

             Аудан бойынша 1388 сауда және қызмет көрсету нысандары халыққа игілігіне жұмыс жүргізуде.

Оның ішінде: 935 сауда нысандары (702– дүкен, 220 – дүңгіршек, 13 – базар), 126 - тұрмыстық қызмет, 178 - сервистік қызмет, 149 - қоғамдық тамақтандыру (мейрамханалар-6, кафе – 66, асхана - 77).

   Бүгінгі күнде аудан бойынша 14 сауда және қызмет көрсету нысандары нақтыланып, іске қосылуға құжаттары дайындалуда.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асуы.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының дамуы аясында ауданда біршама жұмыстар атқарылуда. Олар: ағымдағы жылдың 3 сәуірінде қала, селолық округтің кәсіпкерлеріне аудандық кәсіпкерлік бөлім тарапынан  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» АҚ-ның өкілдерімен екінші деңгейлі банк өкілдері арнайы шақырылып «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несиелендіру туралы семинар жиналысы өткізілді.

 2014 жылдың 25 маусымында ауданда Алматы облыстық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалының бөлімі ашылып, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлермен жеке тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы арнайы консультантары жұмыс жүргізуде.  

Есік қаласында  «Есік-ЛОР» ЖШС-і «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2 млн. теңге грантты ұтып алды.

Жалпы аудан бойынша жоғарыда аталған бағдарламаның дамуы бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан тұрақты жұмыстар жүргізіле береді.

Ірі және өнеркәсіп орындары бойынша

2016 жылдың 1 шілдесіне өнеркәсіпте 13 млрд. 650,5 млн. теңге көлемінде өнім өндірілді. Нақты индекс көлемі 99,7 пайызды құрады. Аудан өнеркәсібін 3 ірі және 6 орта кәсіпорындары, қалғанын шағын кәсіпорындары құрайды,  көрсетілген кәсіпорындар жалпы өнеркәсіп  өнімдерінің 65,4% үлесін құрайды.

Өнеркәсіп саласында аудан негізінен сүт өнімдері мен шарап өнімдерін өндіруден өте танымал. Мәселен:

«ФудМастер» АҚ-ның  қуаттылығы жылына 34520 тонна өнім өндіруде, 283 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.  

«Голд Продукт» АҚ-ның қуаттылығы сағатына 3500 бөтелке шарап өндіреді. 318 адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.     

«ARBA WINE» ЖШС-нің қуаттылығы сағатына 2500 бөтелке шарап өндіреді. 30 жұмыс орнымен қамтамасыз етуде.                                

Ауданда қиыршық тасты «Кентас» ЖШС, «Найза Тас» ЖШС, «Ават Тас» ЖШС, «Жихан Бетон» ЖШС,  «Түрген Тас» ЖШС, «АДСК» ЖШС, «Асфальтобетон 1» АҚ-ы өндіреді.

Ағымдағы жылдың маусым айында «Асфальтобетон» АҚ-ң және «Голд Продукт» АҚ-ң кәсіпорындарының кеңейтілу жұмыстары аяқталды және де Балтабай ауылында жаңадан «Балтабай сүт» ЖШС-ң сут өңдеу цехы іске қосылды. Тартылған инвестиция көлемі жеке қаражаты есебінен 33,0 млн. теңгені құрады.  

Орта және ірі бизнес халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыс істетйтін қызметкерлердің санын арттыру, дағдарысқа байланысты кәсіпорындарда жұмысшылар санын қысқартпау негізінде «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін экономиканың басым секторлары агроөнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика және химия өнеркәсіптері    бойынша қала, селолық округ әкімдіктеріне, аудандағы кәсіпкерлерге түсінідірме жиындар өткізілді.

 «Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және сауықтыруды қолдау жұмыстары туралы семинар түсіндірме жүргізіліп отыр.

         Ауданға тартылған негізгі  инвестициялар көлемі 2016 жылдың 1 шілдесіне 24 млрд. 983,9 млн. теңге. Оның ішінде 441,4 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 1 млрд. 117,1 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен, 2 млрд. 435,1 млн. теңгесі өз қаражатынан, 19 млрд. 117,7 млн. теңгесі заемдық қаржы есебінен тартылған.

2016 жылы Нұрлы ауылынан "Нұрлы Құс" ЖШС броилерлік тауық етін өңдеу фабрикасының құрылыс жобасы қолданысқа беру жоспарлануда. Жалпы жобалық құны 1804,0 млн.теңге. Жаңа 120 жұмыс орнын ашылу жоспарлануда.

Аталған жобаның бүгінгі күнде 7 ғимараттық  нысандарының құрылысы аяқталған. Жоба қуаттылығы жылына 3800 тонна бройлерлік тауық еті.

Бұл жобаны енгізудің мақсаты – Республика және облыс көлеміндегі халықты жергілікті тауық етімен қамтамасыз ету және сауда нарығында бағаның осіміне жол бермеу.

Жоба іске асырылғаннан кейін 5 жылда мемлекет бюджетіне 234,7 млн.теңге салық, 91,1 млн.теңге - ҚҚС төленеді.

Жобаны іске асыруға "Нұрлы Құс" ЖШС өз қаражаты есебінен 840,0 млн. теңге құрылыс жұмыстарына және 234,0 млн.теңге цехтің құрал жабдықтарына инвестиция тартып, бүгінгі күнде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 630,0 млн.теңге несие қаражат қаралуда.

            Аудан аумағында екі  индустриялықаймақтар анықталған.  Олар: Ташкенсаз селолық округінде 50 га және Масақ селолық округінде 47 га жер қарастырылып, белгіленген. Бүгінгі күнде аталған жерлерді резервте қалдыру туралы аудандық жер қатынастар бөлімі тарапынан қаулы дайындалған.

          Туризм саласы

Еңбекшіқазақ ауданы ішкі туризм саласында үлкен мүмкіндіктерге ие. Мемлекетіміздің үлкен мегаполисіне жақын орналасқан табиғи көркі керемет Түрген шатқалының, Асы жайлауының, Бартоғай су қоймасының, дендробақ және тағы басқа орындар мен белгілі археологиялық, тарихи ескерткіштерінің туристік саланы дамытудағы беделі жоғары.

            Осы орайда, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігімен туризмді дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Мәселен, облыс әкімінің тапсырмаларын ескере келе, ауданда туризмді дамыту бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленген.

Ауданымыздың экономикасы үшін туризм саласы дамуының маңыздылығын ескере отырып, жоспардың орындалуы қатаң бақылауға алынған. 

            Туристердің жайлы және қауіпсіз жүріп өтуі үшін жол инфрақұрылымдарын жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылданған.

             «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Осы жолдың бойында туризм мен қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін жалпы көлемі 7 гектар болатын бірнеше жер учаскелері дайындалып қойылған. Үлкен Алматы каналының бойындағы жолды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.  Бұл жолдың жөнделуі Алматы қаласынан келетін туристердің санын көбейтпек.

            Ауданда 16 нысан туризм саласында жұмыс атқаруда және 2016 жылдың 1 шілдесіне 16700 адамға қызмет көрсетті. Туристік-сауықтыру қызметі 42,1 млн. теңгеге жеткен. 2016 жылы ауданда «Асыл Тау» қонақ жай үйі ашылуы жоспарлануда, тартылған инвестиция көлемі 12 млн. теңге. Алайда, ауданда туристерді орналастыруға арналған нысандар жеткіліксіз болғандықтан, олардың санын көбейту мақсатында инвесторларды тартуда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 2016-2017 жылдар аралығында екі қонақ үй кешенін, 2020 жылы ауданымыз үшін маңызды үлкен жоба канатты жолы бар таушаңғы курортын салу жоспарлануда. Бүгінгі күнде аталған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалынуда.

            Табиғи қорықтар мен мұражайлар және археологиялық ескерткіштерді аралатудан бөлек туристерді қызықтыратын ауданда басқа да нысандар ашылған. Мәселен, туристердің арасында өте танымал шағын зообағы мен африкандық түйе құстарды өсіру, бекіре мен бахтах балығын өсіру шаруашылығы, «Жеті Қазына» ұлттық-мәдени орталығы қызмет көрсетеді. Ауданда барлығы 12 туристік бағыт бойынша туристер қабылдануда.

            Экотуризм сияқты жаңа туристік саланы дамыту жоспарлануда. Бұл үшін қымыз және шұбатпен емдейтін, табиғи өніммен емдік тамақтандыратын экологиялық таза табиғи материалдарынан салынатын 8 үйдің  құрылысы басталған. Үлкен Алматы каналының бойындағы жолдың жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданның аграрлық саласының жетістіктері мен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үдерісін көрсететін арнайы ұйымдастырылған орындарды аралату мақсатында велосипедпен серуендетуге мүмкіндік береді.

Аудан  бойынша жасөспірімдер туристік орталығы жұмыс атқаруда. Толығырақ айтқанда Есік қаласы Алматы көшесінің бойында «Еңбекшіқазақ ауданының балалар мен жас өспірімдердің туристік және экскурсия орталығы» Мемлекеттік Қазынашылық Кәсіпорны экскурсияға келген жас өспірім туристерді қабылдап жұмыстар жүргізуде.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша туризм саласын дамытуда жұмыстар тұрақты жүргізіліп, үнемі бақылауда тұрады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8919166
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
62328
0
62328
8844303
157167
187110
8919166

Сіздің ІР: 34.204.173.36
Қазір: 2019-11-18 05:12:14
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру