Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетКәсіпкерлік және өнеркәсіпАқпаратАудандық кәсіпкерлік бөлімінің 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

 

Еңбекшіқазақ ауданын  1 қала, 25 селолық округі құрайды. Оның ішінде:

Есік қаласы, Рахат, Көктөбе, Түрген, Қаракемер, Бартоғай селолық округтерінде туризм саласын дамытуға,

Бәйтерек, Ават, Жанашар, Саймасай, Ташкенсаз, Балтабай, Бәйдібек би, Қазақстан, Шелек, Масақ селолық округтері өнеркәсіп саласын дамытуға

Қырбалтабай, Ақши, Бөлек, Тескенсу, Қаратұрық, Қорам, Қаражота,  Асы, Малыбай, Сөгеті селолық округтері ауылшаруашылығын дамытуға қолайлы аймақтар болып табылады.    

Шағын кәсіпкерлік бойынша

2016 жылдың 1 қаңтарға ауданда жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің саны 16450 бірлікке жетіп,  2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құрады. Оның ішінде: шағын кәсіпорындар – 624, жеке кәсіпкерлік – 4161, шаруа қожалықтары – 11665. Салада 48980 адам  жұмыспен қамтылды.

      Шағын бизнес субъектілері 2015 жылы 31313,5 млн. теңгенің өнімін өндіріп, қызмет көрсетті, бұл 2014 жылға қарағанда 103,9 пайызға артқан (2014 жылдың сәйкес кезеңі -30150,0 млн.теңге). Бюджетке 3797,0 млн.теңге салық түскен, ол 171 пайызды құрады. (2014 жылы – 2215,6 млн.теңге)

             Аудан бойынша 1388 сауда және қызмет көрсету нысандары халыққа игілігіне жұмыс жүргізуде.

Оның ішінде: 935 сауда нысандары (702– дүкен, 220 – дүңгіршек, 13 – базар), 126 - тұрмыстық қызмет, 178 - сервистік қызмет, 149 - қоғамдық тамақтандыру (мейрамханалар-6, кафе – 66, асхана - 77).

   2015 жылы 26 жаңа нысан іске қосылып, жаңа 183 жұмыс орындары ашылды.

Бүгінгі күнде аудан бойынша 14 сауда және қызмет көрсету нысандары нақтыланып, іске қосылуға құжаттары дайындалуда.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асуы.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының дамуы аясында ауданда біршама жұмыстар атқарылуда. Олар: ағымдағы жылдың 3 сәуірінде қала, селолық округтің кәсіпкерлеріне аудандық кәсіпкерлік бөлім тарапынан  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» АҚ-ның өкілдерімен екінші деңгейлі банк өкілдері арнайы шақырылып «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несиелендіру туралы семинар жиналысы өткізілді.

 2014 жылдың 25 маусымында ауданда Алматы облыстық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалының бөлімі ашылып, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлермен жеке тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы арнайы консультантары жұмыс жүргізуде.

2015 жылдың сәуір айында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен екінші деңгейлі банктердің қатысуымен аудан кәсіпкерлерімен субсидиялау бойынша кездесу өтті.

Аудан бойынша 2015 жылға 3 жоба іске асырылу жоспарланған. Олар:   Есік қаласында орналасқан «ТрансФур» ЖШС-і Евразиялық банк арқылы іске асырылған. Жоба құны 24,0 млн.тенге. АҚШ долларының еркін айналымға жіберілуіне байланысты аталған жобаның қаржысы аз болғандықтан өз еріктерімен бас тартып, қаржы қайтарылған.

            Есік қаласында орналасқан «Оспанова Г» жеке кәсіпкері Сбербанк России арқылы кәсіпкерлігінің айналым қаржысына  10,0 млн.тенге несие алып, пайыздық қойылымы субсидиялануда.

                

 

 Осымен қоса Есік қаласында  «Алтын Есік» ЖШС-і бахтах балығын өсіру шаруашылығының айналым қаржысына 120,0 млн.тенге БанкЦентрКредит арқылы қаржысы неиселеніп, пайыздық қойылымы субсидиялануда.

Жалпы аудан бойынша жоғарыда аталған бағдарламаның дамуы бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан тұрақты жұмыстар жүргізіле береді.

Ірі және өнеркәсіп орындары бойынша

2016 жылдың 1 қаңтарына өнеркәсіпте 27 млрд. 94 млн. теңге көлемінде өнім өндірілді. 2014 жылмен сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады. Нақты индекс көлемі 96,1 пайызды құрады. (2014 ж қаңтар-желтоқсан айларында 26371,0 млн.теңге). Аудан өнеркәсібін 3 ірі және 6 орта кәсіпорындары, қалғанын шағын кәсіпорындары құрайды,  көрсетілген кәсіпорындар жалпы өнеркәсіп  өнімдерінің 65,4% үлесін құрайды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес кезеңінен (2014 ж -26 млрд. 949 млн. теңге) артығымен орындалу жоспарлануда.

Өнеркәсіп саласында аудан негізінен сүт өнімдері мен шарап өнімдерін өндіруден өте танымал. Мәселен:

«ФудМастер» АҚ-ның  қуаттылығы жылына 34520 тонна өнім өндіруде, 283 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.   

«Голд Продукт» АҚ-ның қуаттылығы сағатына 3500 бөтелке шарап өндіреді. 318 адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.     

«ARBA WINE» ЖШС-нің қуаттылығы сағатына 2500 бөтелке шарап өндіреді. 30 жұмыс орнымен қамтамасыз етуде.

                                   

Ауданда қиыршық тасты «Кентас» ЖШС, «Найза Тас» ЖШС, «Ават Тас» ЖШС, «Жихан Бетон» ЖШС,  «Түрген Тас» ЖШС, «АДСК» ЖШС, «Асфальтобетон 1» АҚ-ы өндіреді.  

Орта және ірі бизнес халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыс істетйтін қызметкерлердің санын арттыру, дағдарысқа байланысты кәсіпорындарда жұмысшылар санын қысқартпау негізінде «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін экономиканың басым секторлары агроөнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика және химия өнеркәсіптері    бойынша қала, селолық округ әкімдіктеріне, аудандағы кәсіпкерлерге түсінідрме жиындар өткізілді.

 «Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және сауықтыруды қолдау жұмыстары туралы семинар түсіндірме жүргізіліп отыр.

           

Ауданға тартылған негізгі  инвестициялар көлемі 42 млрд. 579 млн. теңге тартылды. Оның ішінде 3 млрд. 616 млн. теңгесі республикалық бюджеттен,  2 млрд. 708 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен, 5 млрд. 257 млн. теңгесі өз қаражатынан, 30 млрд. 996 млн. теңгесі заемдық қаржы есебінен тартылған.

Республикалық ірі жобалардан 2015 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит жолының құрылысы аудан аумағынан 156,7 шақырым өтетін жобаның жоспарланып отырған жалпы инвестиция көлемі 68,7 млрд.теңге.

Осымен қоса, 2015 жылдың 9 айында Қазақстан селолық округінде жеміс-жидек, көкөніс өңдеу зауыты «НұрКазАгро» ЖШС-нің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Тартылған инвестиция көлемі 50 млн.теңге жеке қаржы есебінен. Өндірілетін өнім көлемі тәулігіне 50 тонна. Жаңа 20 жұмыс орны ашылды.

  

Қайнар ауылында орналасқан «Есік жеміс –жидек, көкөніс өңдеу» зауытының  өнеркәсібін кеңейту мақсатында, дайын өнімдері құтыларға құю желісін іске қосты. Жоба құны 854 млн. тенге жеке қаражаты есебінен. Жаңа 10 жұмыс орны қосылды. Қуаттылығы сағатына 5 тонна құю.

2016 жылы Нұрлы ауылынан "Нұрлы Құс" ЖШС броилерлік тауық етін өңдеу фабрикасының құрылыс жобасы қолданысқа беру жоспарлануда. Жалпы жобалық құны 1804,0 млн.теңге. Жаңа 120 жұмыс орнын ашылу жоспарлануда.

Аталған жобаның бүгінгі күнде 7 ғимараттық  нысандарының құрылысы аяқталған. Жоба қуаттылығы жылына 3800 тонна бройлерлік тауық еті.

Бұл жобаны енгізудің мақсаты – Республика және облыс көлеміндегі халықты жергілікті тауық етімен қамтамасыз ету және сауда нарығында бағаның осіміне жол бермеу.

Жоба іске асырылғаннан кейін 5 жылда мемлекет бюджетіне 234,7 млн.теңге салық, 91,1 млн.теңге - ҚҚС төленеді.

Жобаны іске асыруға "Нұрлы Құс" ЖШС өз қаражаты есебінен 840,0 млн. теңге құрылыс жұмыстарына және 234,0 млн.теңге цехтің құрал жабдықтарына инвестиция тартып, бүгінгі күнде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 630,0 млн.теңге несие қаражат қаралуда.

 

Аудан аумағында екі  индустриялықаймақтар анықталған.  Олар: Ташкенсаз селолық округінде 50 га және Масақ селолық округінде 47 га жер қарастырылып, белгіленген. Бүгінгі күнде аталған жерлерді резервте қалдыру туралы аудандық жер қатынастар бөлімі тарапынан қаулы дайындалуда.

 Жасыл экономика

1. Су және жел энергетикасын дамыту. Есік өзенінің бойында «Энергия Әлемі» ЖШС (жетекшісі К.Д.Дүкенбаев) Су электр станцияларының құрылысы жүргізді:

- 2008 жылы қуаттылығы 5,1 МВт болатын алғашқы шағын су электр станциясын (ИГЭС-2) іске қосты. Қазіргі күні станция қалыпты жағдайда жұмыс істеп, жылына 26 млн КВт/сағ электр қуатын өндіруде;

- сонымен бірге 2013 жылы екінші шағын су электр станциясының (ИГЭС-3) құрылысын іске қосты. Станцияның жобалық құны-306,0 млн.тенге;

- 2014 жылы үшінші су электр станциясының (ИГЭС-4) іске қосылды. ИГЭС-3 пен ИГЭС-4 су электр станцияларының қуаттылығы 3,9 МВт-ты құрайды. Бұған тартылған инвестиция көлемі 350 млн. теңге болды;

- 2015 жылы жоғарыда аталған кәсіпорын қуаттылығы 5,1 МВт болатын төртінші су электр станциясының (ИГЭС-1) құрылысын бастады, 2016 жылдың сәуір айында іске қосуды жоспарлап отыр. Тартылатын инвестиция көлемі 1 млрд. теңге болмақ. Нәтижесінде Есік өзенінің бойында 14,1 МВт электр қуаты өндірілетін болады.

 

Түрген шатқалында қуаттылығы 1,7 МВт өндіретін ГидроСуЭлектростанцияның құрылысы жүргізілуде. Аталған ГЭС 2016 жылдың І жарты жылдығында  іске қосылу жоспарлануда. Жаңа 5 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 

  Жел электр станцияларын салу мақсатында 2002 жылы «Алматы Энерго Сервис» ЖШС-не құрылыс жүргізу үшін 7,1 гектар жер телімі бөлінген болатын. Жобаға сәйкес қуаттылығы 20 МВт, жалпы құны 4,5 млрд.теңге болатын станция салу көзделген.

«Жетісу әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы салмақшы «Шелек жел станциясының» құрылысы жөнінде мынаны айтуға болады:

Бұл құрылыстың басталу мерзімі: 2017 жылғы ақпан айы болса, аяқталу мерзімі 2018 жылғы қазан айы деп көрсетілген. Станцияның бастапқы кездегі қуаттылығы 60 МВт-тан 300 МВт-қа дейін болып, құны 11500,0 млн.теңгені құрамақшы. Қаржыландыру жеке және заемдық қаржылар есебінен жүргізіледі.

Осы жобаны жүзеге асырушы «Энергия Семиречья» ЖШС-іне 1500 гектар жер телімі бөлініп, «КазсельЭнергопроект» ЖШС-імен технико-экономикалық негіздеме дайындауға келісім-шарт жасалған болатын. Алайда, орын алған кемшіліктерге байланысты жоба келісуден өтпей қалып, келісім-шарт бұзылып, қайтадан «Крим Ирей» компаниясымен келісім-шарт жасалды.

            Осымен қоса ауданда жаңа инновациялық қатты тұрмыстық қалдықтарды жою заводының құрылысы жоспарланып отыр. Аталған жобаның қуаттылығы сағатына 6 тонна. Жалпы жобалық құны 331 млн. 626 мың теңге.

           

Туризм саласы

Еңбекшіқазақ ауданы ішкі туризм саласында үлкен мүмкіндіктерге ие. Мемлекетіміздің үлкен мегаполисіне жақын орналасқан табиғи көркі керемет Түрген шатқалының, Асы жайлауының, Бартоғай су қоймасының, дендробақ және тағы басқа орындар мен белгілі археологиялық, тарихи ескерткіштерінің туристік саланы дамытудағы беделі жоғары.

            Осы орайда, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігімен туризмді дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Мәселен, облыс әкімінің тапсырмаларын ескере келе, ауданда туризмді дамыту бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленген.

Ауданымыздың экономикасы үшін туризм саласы дамуының маңыздылығын ескере отырып, жоспардың орындалуы қатаң бақылауға алынған. 

            Туристердің жайлы және қауіпсіз жүріп өтуі үшін жол инфрақұрылымдарын жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылданған.

             «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Осы жолдың бойында туризм мен қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін жалпы көлемі 7 гектар болатын бірнеше жер учаскелері дайындалып қойылған. Үлкен Алматы каналының бойындағы жолды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.  Бұл жолдың жөнделуі Алматы қаласынан келетін туристердің санын көбейтпек.

            Жол инфрақұрылымынан бөлек, біз туризмнің басқа да инфрақұрылымдарын дамытудамыз. Мысалы, ауданда 7 қонақ үй, 3 демалыс үйлері, 3 сауықтыру лагері, 2 аңшылық үйі және 1 демалыс орны жұмыс істеуде. Аталған нысандар 75 300 адамға қызмет көрсетті. Алайда, ауданда туристерді орналастыруға арналған нысандар жеткіліксіз болғандықтан, олардың санын көбейту мақсатында инвесторларды тартуда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 2016-2017 жылдар аралығында екі қонақ үй кешенін, 2020 жылы ауданымыз үшін маңызды үлкен жоба канатты жолы бар таушаңғы курортын салу жоспарлануда. Бүгінгі күнде аталған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалынуда.

            Сонымен қатар, аталған нысандарда қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осының есебінен туристік сауықтыру қызметінің көлемін былтырғы жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға  көтердік.

            Табиғи қорықтар мен мұражайлар және археологиялық ескерткіштерді аралатудан бөлек туристерді қызықтыратын ауданда басқа да нысандар ашылған. Мәселен, туристердің арасында өте танымал шағын зообағы мен африкандық түйе құстарды өсіру, бекіре мен бахтах балығын өсіру шаруашылығы, «Жеті Қазына» ұлттық-мәдени орталығы қызмет көрсетеді. Ауданда барлығы 12 туристік бағыт бойынша туристер қабылдануда.

            Экотуризм сияқты жаңа туристік саланы дамыту жоспарлануда. Бұл үшін қымыз және шұбатпен емдейтін, табиғи өніммен емдік тамақтандыратын экологиялық таза табиғи материалдарынан салынатын 8 үйдің  құрылысы басталған. Үлкен Алматы каналының бойындағы жолдың жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданның аграрлық саласының жетістіктері мен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үдерісін көрсететін арнайы ұйымдастырылған орындарды аралату мақсатында велосипедпен серуендетуге мүмкіндік береді.

Аудан  бойынша жасөспірімдер туристік орталығы жұмыс атқаруда. Толығырақ айтқанда Есік қаласы Алматы көшесінің бойында «Еңбекшіқазақ ауданының балалар мен жас өспірімдердің туристік және экскурсия орталығы» Мемлекеттік Қазынашылық Кәсіпорны экскурсияға келген жас өспірім туристерді қабылдап жұмыстар жүргізуде.

Аталған орталықта өткен жылда «Туристік өлкетану және экологиялық тәрбие негізінде ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарын дамыта отырып жан-жақты тұлға тәрбиелеу» мақсатын және оқушылардың тиімді демалуы мен бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, жас жеткіншектердің тарихи, мәдени, танымдық білімдерін арттыру, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, туристік шеберліктің дағдыларын қалыптастыру, табиғатты сүюге, қорғауға баулу міндеттерін басшылыққа алып жұмыс жүргізді.

Өткен оқу жылында орталық ұжымы туризмнің 11 бағыты бойынша жұмыс жүргізді («Жаяу туризм», «Тау туризмі», «Шаңғы туризмі», «Жас экологтар», «Спорттық жартасқа өрмелеу», «Туристік көпсайыс»  «Велотуризм», «Географ-өлкетанушылар», «Әдеби өлкетанушылар». «Жас археологтар», «Мектеп мұражайының белсенділері»).

            Орталық жанынан  жаз мезгілінде  ұйымдастырылатын «Алтын адам» туристік-экологиялық лагері балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру бағытында өз үлесін барынша қосуда. Биылғы жылы лагерьде  645 бала демалды. 610 жетім, жартылай жетім, қамқорлыққа алынған және әлеуметтік тұрмыс жағдайлары төмен отбасы балалары мектептерге бөлінген жалпыға бірдей білім беру қорынан  демалса, ата-аналар есебінен 35 бала демалды.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8918887
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
62049
0
62049
8844303
156888
187110
8918887

Сіздің ІР: 34.204.173.36
Қазір: 2019-11-18 04:09:47
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру