Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Негізгі бетКөлік және автожолдары

Көлік және автожолдары

Құрметті интернет ресурсын пайдаланушы!

Сұрақ қоймастан бұрын  Сізден төмендегі ережелерді сақтауды өтінеміз: 

1.  Сіз өтінішіңізде тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз. 
2.  Сауалыңыз тек Еңбекшіқазақ ауданының өңірлеріне қатысты болуы тиіс. 
3.  Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн. 
4.  Егер Сіздің сұрақ-шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет. 
5.  Бұл сұрақтарға толық әрі жедел жауап беру және көрсетілген деректердің анық –қанығына жету үшін, шағымданушы автор өзінің аты-жөнін, нақты электронды поштасын (e - mail) және телефонын  көрсетуі қажет.

Келесі сипаттағы сұрақтар қаралмайды:

  • Құрамында балағат сөздері бар сұрақтар;
  • Мәтіні оқылмайтын және түсініксіз қысқарулары бар сұрақтар;
  • сұрақ жолданған адамның құзыретіне жатпайтын мәселені көрсететін сұрақтар.

Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдырады. 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» N 221 Заңының кейбір баптары:

           5-бап. Қарауға жатпайтын өтiнiштер

1. Мыналар қарауға жатпайды: 
          1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш; 
          2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш. 
          2. Егер өтiнiштi қараусыз қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi.

         6-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке және бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар

         1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. 
         2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.
       Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi. 
      3. Субъектiге тiкелей жазбаша не бейнеөтініш арқылы өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

       8-бап. Өтiнiштi қарау мерзiмдерi

      1. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.
      2. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
      Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
       3. Өтiнiштi қарау мерзiмiн субъектiнiң басшысы немесе оның орынбасары ұзартады. 
      4. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.


Жазба қосу


Пікірлер   

0 # Динара Джетенова 2016-04-05 10:53
Құрметті Бинәлі Әбдіқапасұлы! Мен Есік қаласына барар жолдағы Болек ауылдық округіне қарайтын БАК бойындағы саяжай тұрғынымын.Бізд ің саяжайда ауызсу тапшы, тасып ішеміз, біз каналдың оң жағында тұрамыз. Канал үстінде өтуге не мост жасалмаған,ол жер ашық, қаншама жастар өліп жатыр. Жолдарымыз шұрық тесік, себебі жоғары жағымызда карьер, не Есікке,не Болекке қатынайтын автобус жоқ, Болеккке бізден шығатын жол шұрық тесік, не саяжайға жақын мектеп,аурухана , балабақша жоқ.Қаншама бүлдіршіндер саяжайдан Есікке баратын тас жолға дейін шаршап,шалдығып жаяу жүреді. БАК бұрылысында не бағдаршам жоқ, машиналар жоғары жылдамдықпен жүреді. Егер оқушыларды қағып өлтірсе,оның өліміне кім жауапты? Біздің проблемамызды кім шешеді? Бұл мәселені сіз шеше алмасаңыз,жауап қайтпаса, Министрлікке хат жазуға біздер саяжай тұрғындары бекініп отырмыз.
Жауап
0 # А.Изиев 2016-04-12 10:50
Үлкен Алматы каналы стратегиялық объекті болғандықтан өтпелі көпір салу жоспарланбаған.
Бүгінгі күні мемлекеттік бағдарлама бойынша Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолдарын салу мақсатында карьерден тас тасылып жатқандықтан жол бұзұлуда, жол жөндеу жұмыстары қайта жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Саяжай серіктестігі елді-мекендерге жатпайтындықтан , уақытша жазғы мезгілдерде бақшашылық жұмысын жүргізу үшін арналған, ешқандай әлеуметтік мекемелер салынбайды. Бөлек ауылында бала бақша, дәрігерлік амбулатория, мектеп және басқа да әлеуметтік мекемелер жұмыс істеуде.
Негізінен ауыз су, санитарлық тазалау сұрақтары бақшашылық серіктестігінің ішінде шешіледі.



Бөлек селолық округінің әкімі А.Изиев
Жауап
0 # Нұрболат 2018-03-06 16:46
Құрметті Бинәлі Әбдіқапасұлы!Ме н Құлжа күрежолындағы "Рассвет" бау-бақшалық серіктесінің төрағасымын. Біздің күрежолға қосылар қиылыста жол айырығы бұрын бар еді, 2 жыл бұрын ол жерден екі қатар жол сызылып кетті. Енді біз күрежолға қосылу үшін Саймасайдың қиылысына дейін 4 шақырым жүруге тура келеді. Мектепке Аватқа оқушыларымыз қатынасып оқиды, Алматыға күнде жұмысқа барып-келетінде р бар, қиыншылық көрудеміз. 2 жылдан бері Жол басқармасы мен жол жөндеу қызметі бір-біріне сілтейді. Осы мәселенің шешілуіне жәрдемдесулерің ізді сұраймыз. Рахмет!
Жауап
0 # А. Булюкпаева 2018-03-29 14:12
Құрметті Нұрболат!




Сіздің хатыңызда айтылған республикалық маңызы бар «Алматы-Көкпек- Көктал-Қорғас» автожолынындағы жол айырығы сұрағы бойынша «Қазавтожол» АҚ ҰК-на хат жолданды, жақын арада жол таңбасын жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Жол айырылығының схемасы Алматы облысының ІІБ-мен келісілгеннен кейін, жол айырылығы сызылатын болады.


Бөлім басшысының у.м.а. А. Булюкпаева

Орынд. Қ.Қасен
Тел. 87277572008
Жауап
0 # Ерболат 2018-05-09 11:58
Құрметті, Биналі Абдіқапасұлы! Мен Байтерек ауылдық округіне қарасты Қойшыбек ауылының тұрғынымын. Бүгінгі Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, елімізге бейбітшілік тілей отырып, Байтерек ауылымен Қойшыбек ауылының аралығындағы 8 шақырымдық автожол мәселесін қозғағым келіп отыр. Жолымыздың жағдайы өте нашарлап кетті, осыдан бірер апта бұрын ауыл тұрғындары бірлесіп осы мәселемен құзырлы органдарға өтініш хат жолдаған болатынбыз, бірақ әзірге еш нәтиже жоқ, сол себепті ауылдың тұрғындары өздері жолға шығып ойылған бөліктерін уақытша жамауға тура келіп отыр, өйткені көлікпен қатынау өте қиын, бірақ жолдың кейбір бөліктері күрделі жөндеуді қажет етіп отыр. Сол себепті осы жолға бюджеттен қаражат бөліп түбегейлі жөнделуіне атсалысуыңызды сұраймын. Алдын ала алғыс білдіремін.
Жауап
0 # Б. Искаков 2018-05-22 12:08
Құрметті Ерболат!

Сіздің хатыңызда айтылған облыстық маңызы бар «Қойшибек-Алға» автожолынындағы жол жөндеу жұмыстарын өткізу үшін «Еңбекшіқазақ ауданының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» тарапынан облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы атына бюджеттік өтінім жиберілді, жоғарыдағы аталған автожолға жақын арада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Бөлім басшысы Б . Искаков

Орынд. Қ.Қасен
Тел. 87277572008
Жауап
Menu

Категориялар (тақырыбын таңдаңыз және сұрақ қойыңыз)

Қазақстандағы ауа-райы
Подробнее на сайте: http://collect-pc.ruhttp://computermonster.ru http://hightechcomp.ru http://collect-computer.ruhttp://build-biz.ru http://pro-java.ruhttp://run-pc.ruhttp://codingway.ruhttp://gromder.nethttps://python-scripts.comhttp://hardcomputer.ruhttps://themes-wp.org http://pythonlearn.ruhttp://python-3.ru
http://live-code.ru
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру