Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетІшкі саясатАқпарат Ішкі саясат бөлімі тарапынан 2016 жылда атқарылған іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

Ішкі саясат бөлімі тарапынан 2016 жылда атқарылған іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

 

1.Еңбекшіқазақ ауданының әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері жөніндегі комиссиясы бойынша

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңының 12 - бабына сәйкес жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында пайдалануын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады.

2016 жылдың қазан айында Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінің қаулысымен Еңбекшіқазақ ауданының әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері жөніндегі аудандық комиссиясына өзгеріс енгізілді.

Жыл басынан аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттауға арналған арнайы медиа – жоспар мен жұмыс жоспары әзірленіп, халық арасында насихаттаудың барлық әдістері қолдануда.

            Ауданда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заң талаптарының орындалуын қадағалау және мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңына сәйкес «байрақ», «нышан», «әнұран» деген сияқты «синоним» сөздерді қолдануға болмайтынына назар аудару туралы, ғимараттарда, басшылардың бөлмесінде орналастырылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін бекітілген стандарт эталондарына сәйкестігі ережелерін дұрыс қолдануын қадағалау (ескірген немесе мүлдем қолданбайтын мекемелерге шұғыл түрде ауыстыру және орналастыру жұмыстарын жүргізу), тиісті талаптарға сәйкес мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын көрнекілік құралдарын пайдалану және табиғи жағдайларға байланысты ескірген немесе жарамсыздарын ережеге сәйкес уақытылы ауыстыруды қамтамасыз ету, жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздердің тарихын насихаттау мақсатында аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалардың жариялануын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

 Сонымен қатар ҚР мемлекеттік рәміздерін ұлықтау арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында ағымдағы жыл бойынша аудан және селолық округтердің көлемінде 30-дан астам әртүрлі тақырыптарда патриоттық акциялар, форумдар, фестивальдер, кездесулер мен кештер өткізіліп, оған барлығы 5000 – нан астам адам қамтылды.

4-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай «Азат елдің  ар – намысы – мемлекеттік рәміздері!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Әлеуметтік маңызды жобалар арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін жастар арасында насихаттауда арнайы лот әзірленіп,              7 аудандық патриоттық іс-шара: «Қадір қасиет  мемлекеттік рәміздерімде», «Туған елім тірегім – рәміздерім жан жүрегім», «Ел рәміздері – менің мақтанышым» өткізіліп,  көрнекі үгіт құралдары үлестірілді.

Сонымен қатар бұқара халық арасында насихаттау  мақсатында 1 аспа,             2 билборд орнатылып, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 30-ға жуық материалдар топтамасы жарияланып, рәміздердің тарихы өскелең ұрпақ пен халыққа кеңінен түсіндіріліп келеді.

Мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының кабинеттеріндегі және ғимараттарындағы орнатылған мемлекеттік рәміздердің стандарт пен заң талаптарын сәйкес (ҚР СТ 988-2007, ҚР СТ 989-2014 стандарттары талаптарына сәйкес) болуын қамтамасыз етді, сондай-ақ, жаңа стандарт ҚР МС 989-2014 Мемлекеттік Елтаңба. Техникалық шарттары  2017 жылдың 1 шілдесінен күшіне енеді, осыған орай аталған бағытта ауданымыздағы барлық мемлекеттік мекемелерге Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыруға байланысты Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы мен ауданымыздың экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне қаржы қарастыруға қатысты ұсыныс хат жолданған болатын.

Қазіргі таңда ауданымыздағы мемлекеттік мекемелер тарапынан ағымдағы жылдағы тендерлік қалдықтан қалған қаражат есебінен елуге жуық мекемелерде жаңа стандарт ҚР МС 989-2014 Мемлекеттік Елтаңбасы ауыстырылған.

2.Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және              отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы бойынша

            Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы «Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» №1677 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» № 56 Жарлығын іске асыру мақсатында жергілікті әкімдердің жанында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар құрылған.

Бұл тұрғыдан әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы комиссияның жоспары бекітіліп, комиссия өз жұмысын қатаң жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

Комиссияның бүгінгі таңда тұрақты 4 отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып шешімін тапты. Есік қаласы мен ауылдық округтердің әкімдерінің жанынан арнайы ақпараттық жұмыс топтары құрылды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Есік қаласы мен селолық округтерде әйелдер кеңестерін қайта құрып жұмыстарын жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қазіргі кезде 26 жергілікті және 1 аудандық әйелдер кеңесі жұмыс жасайды.

Еліміздегі қоғамдық – саяси үдерістерді демократияландыруда үкіметтік емес ұйымдар жағымды ықпал етіп келеді және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытында қомақты үлестерін қосуда. Осы ретте, 2016 жылы аудандық ішкі саясат бөлімінің тарапынан үкіметтік емес ұйымдардың арасында Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы аясында әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат пен отбасылық құндылықтар мен тәрбиенің рөлін арттыруға, әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын азаматтарға ақпараттық – құқықтық қолдау көрсету мақсатында арнайы 1 лот(1 000 000 – бір миллион) бойынша ашық конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаз қоғамдық бірлестіктермен барлығы 10 іс – шара өткізілді. 

Жыл басынан бері аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында гендерлік мәселе бойынша әртүрлі бағыттардағы 147 ақпараттық мақала және «Иссык» газетінде жастарға, «ЮиТ» газетінде отбасылық оқиғаларға арналған арнайы айдарлар жарияланып келеді.

Аудан аумағында бүгінгі таңда 3 отбасы құндылықтарына арналған ақпараттық баннер ілінген. Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің тарапынан әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясатты насихаттауға бағытталған 12 аудандық (ішкі саясат бөлімі) және 130 – дан астам әр түрлі тақырыптардағы округтер деңгейіндегі шаралар өткізіліп,             19 000 – мыңға жуық адам қамтылды.

Халықаралық әйелдер,халықаралық отбасы, балалардың қорғау халықаралық жастар күні, «Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықсыз 16 күніне» арналған кешенді мерекелік іс-шаралар жоспары әзірленіп аудан және Есік қаласы мен ауылдық округтер деңгейінде жүзеге асырылды.

Сондай – ақ, «Бәрінен де сен сұлу» облыстық арулардың қорытынды байқауы, «Көшбасшы әйел-2016» атты гендерлік бал, «Көктем шуағы» атты Халықаралық әйелдер күніне арналған аудан әкімінің салтанатты қабылдауы, Есік қаласы мен ауылдық округтерде «КЕЛІНДЕРІМ – АЙ 2016», «Еңбекшіқазақ аруы - 2016» атты сайыстар өткізілді.

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының аудандық іріктеу кезеңі өткізілді. 11 өтініш түсіп, тиісті құжаттары тапсырылған 4 отбасы салтанатты жиынға қатысты.

Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тарапынан:

1. Жұмыспен қамту орталығына хабарласқан халық саны -3983, оның ішінде ер – 2467, әйел – 1516.

2. Табысы азық – түлік себетінен төмен тұратын отбасылардың                        8324 балаға  152677,9 мың теңге көлемінде көмек тағайындалды.

Демографиялық мағлұматтар: 2016 жыл бойынша 5 жасқа дейінгі бала өлімінің деңгейі бойынша – 12 бала, оның ішінде ұл – 4, қыз – 8 тіркелді. Нәрестелер өлімі – 40, оның ішінде ұл – 19, қыз – 21. Жынысы бойынша темір жетіспеушілігі (анемия)–2155 анықталды. Йод жетіспеушілігімен байланысты сырқаттанушылар – 291, оның ішінде әйел – 156, ерлер – 135. Туылған кезде әйелдер мен ерлердің күтілген өмір ұзақтығы:  ерлерде – 69,6; әйелдерде – 73,6 жас.

            Үйден оқытылатын (мүгедек бала) жалпы -245 бала бар, оның ішінде ұл -121, қыз -124.

            Аудан бойынша 32 үкіметтік емес ұйым, 8 этномәдени бірлестік,                       6 бұқаралық ақпарат құралы, 1 саяси партия филиалы қызметтерін атқаруда.

            «Інтізар» дағдарыс орталығының жұмысы негізінде 2015 жылы «Халықаралық экологиялық шығыс әйелдерінің ассоциациясы» Жапонияның Қазақстандағы елшілігі арқылы дағдарыс орталығының ғимараты 13 527 750 теңгеге салынды. Ашылу салтанаты 2016 жылдың 21 қараша күні Балтабай ауылдық округінің Еңбек ауылында Қазақстан Республикасындағы Жапонияның төтенше және өкілетті елшісі Кавабата Итироның қатысуымен өткізілді.   

            Сонымен қатар, ауданда жалпы 375 мемлекеттік қызметкер болса оның   201-і әйел азаматшалар. Олардың ішінде аудандық бөлім және мекеме басшылары  9 және 6 орынбасар, селолық округ әкімдері 3 және 3 орынбасар. Облыстық депутаттардың 1- і (6), аудандық маслихат депутаттарының 3-і  (23) әйел азаматтар.

            Бюджеттік қызметкерлердің ішінде нәзік жанды аруларымыздың  үлес саныда едәуір жоғарлаған. Мектеп директоры (84) 48, мұғалімдердің жалпы саны 4766 болса, олардың 3965 нәзік жандылар. Балабақша меңгерушісі (43) 43, денсаулық сақтау мекемелері аудан бойынша 87 болса, олардың 27-сі нәзік жандылардың басшылығында, сонымен қатар жалпы қызметкерлердің 51,3%-ы, құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің 31 %-ы нәзік жандылар.

            Аудандық сот жүйесіндегі 2 төрағаның біруі және 5 соттың 3-уі, 26 қызметкердің 18-і нәзік жандылар.

            Статистика бөлімінен алынғын ақпарат бойынша, ауданда  15 000 шаруа қожалықтары тіркелген, оның 3600 шаруа қожалықтарын әйелдер басқаруда. Кәсіпкерлік қабілеті танылып, 8 әйел ірі кәсіпорын басшы ретінде тағайындалған. Жалпы 16 мың кәсіпкерлердің 6500-ден астамы әйел адамдардың үлесінде.

3.Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жүзеге асыру

Еңбекшіқазақ ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша жұмысын жетілдіру және халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құлақтандыру мақсатында ішкі саясат бөлімінің және комиссия мүшелерінің тарапынан әр түрлі тақырыптарда мақалалар жарияланып келеді.

2016 жылы әртүрлі тақырыптарда 37 мақала жарық көрді. Сондай-ақ, аудан аумағында 2 билборд орнатылған. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар арасында 1 лот бойынша конкурс жарияланады. Бүгінгі таңда 1 аудандық, 6 округтік іс-шаралар өткізілді. Спорттық бағыттағы шаралар саны 30-дан астам.

4. Бұқаралық ақпарат құралдары 

Еңбекшіқазақ ауданында бүгінгі таңда 9 бұқаралық ақпарат құралдары бар, оның ішінде 6 мерзімді апталық басылым, 1 ретронсляциялық телеарна және 1 радио және 1 баспа үйі жұмыс істейді.

5. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпараттық қолдау. 

Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауын түсiндiру және ақпараттық қолдау бiрнеше бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Олар:лекторлық ақпараттық топтар, саяси-қоғамдық iс-шаралар өткiзу, ұйымдастыру-массалық жұмыстар, көрнекi-визуалдық үгiт.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылы төмендегідей бағытарда нақты жұмыстар жүргізілді.

Бүгінгі таңда барлығы  53 кездесу ұйымдастырылып 4325 адам қамтылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы барлығы 2 сюжет, 1004 материал жарық көрді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің 2015 жылдың 20 наурызындағы №40-ө санды Өкіміне сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының ақпарат тобының құрамы жаңартылып қайта құрылды. Бүгінгі таңда аудан бойынша 1 аудандық және 26 ауылдық ақпарат тобы жұмыс жасайды, құрамында 82 мүше бар.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің http://www.enbekshikazah.gov.kz/ ресми сайтының негізгі бетінде Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың  барлық Жолдауларының мәтіндері, шаралар жоспарлары мен олардың орындалу нәтижелері туралы ақпарат алу үшін арнайы ұяшықтар ашылған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы мен арнайы дайындалған республикалық http://strategy2050.kz/ сайтына сілтеме орнатылды.

Жолдаудың  негізгі бағыттарын түсіндіру және оның орындалуы бойынша аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде аудан әкімінің, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің сұхбаттары жарияланды. Барлығы 10 мақала.

Аудан аумағында тіркелген 32-ге жуық ҮЕҰ-дың 15-мен белсенді тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі. Олардың арасында Жолдаудың бағыттарын түсіндіру үшін 24 кездесу ұйымдастырылып, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде материалдар жарияланды.

Аудан аумағында ҮЕҰ-дың ОКҚ брифингтерінде Жолдаудың іске асырылу барысын түсіндіру бойынша сөз сөйлеушілерінің (спикерлердің) кестесін қалыптастырылды.

Аудан әкімінің бекітуімен БАҚ-та сөз сөйлеу мен түсіндіру іс-шараларына қатысу үшін құрылған спикерлер топтарының құрамына аудан әкімі орынбасарлары – 2, мәслихат хатшысы – 1, мәслихат депутаттары – 2 , жастар ұйымдары – 1, бөлім басшылары – 3, білім саласының қайраткерлері – 3, денсаулық – 2, кәсіпкер – 2, этно-мәдени бірлестіктер өкілдері – 5, үкіметтік емес ұйымдар – 3, ауылдық округ  әкімдері – 4 адам, белсенді жастар – 2, БАҚ өкілдері – 2, барлығы 30 адам қамтылды.

Жолдауда белгіленген міндеттерді ескере отырып, «оқиғалар қатарын» қалыптастыру, олардың БАҚ-та ақпараттық сүйемелденуін және өзектілендірілуін  қамтамасыз ету жүйелендірілген.

Аудан аумағындағы Жолдау аясында жүзеге асырылған жұмыстар немесе  іс-шаралардың барлығын маңызды оқиғалар ретінде аудандық «Еңбекшіқазақ» және «ЮиТ» апталық газеттерінде міндетті түрде жарияланып, ақпараттық материалдар бөлім тарапынан тұрақты мониторингтен өткізіліп отырылады.

Аудан аумағындағы маңызды жаңадан салынған құрылыс объектілеріне республикалық «Қазақстан» және облыстық «Жетісу» арналары тарапынан пресс-тур ұйымдастырылып, түсірілімдер жүргізілді. 2016 жылдың 12 айы бойынша жалпы Жолдау аясында салынған объектілер мен аудан жетістіктері туралы баяндайтын 2-ден көр бейнесюжет көрсетілді.

Жолдау басымдықтарын қоғамның қабылдауы мен халықтың қолдануы деңгейінің әлеуметтанушылық диагностикасын, Жолдаудың іске асырылу барысы бойынша органдардың қызметінің нәтижесін бағалауды ұйымдастыру бойынша БАҚ-та жарияланды. Сауалнамаға жалпы әртүрлі нысаналы топтар таңдалынып, 200 адам қатыстырылды.

 Жолдаудың негізгі басымдықтары бойынша ақпараттық 50 дана                                (А3 форматтағы) жапсырмалар, 200 дана Жолдаудың орысша  және қазақша мәтіні бар ақпараттық материалдар, сондай-ақ  http://strategy2050.kz ресурстық сайтынан алынған ақпараттар мен инфографикалар негізінде 50 дана әдістемелік кітапшалар жасалынып БАҚ  өкілдеріне және аудандық бөлімдер мен ауылдық округтерге үлестірілді.

Көліктік-логистикалық, индустриалдық, энергетикалық, ТКҚ және су- жылумен қамту желісі инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту,  әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік органдар қызметін жария көрсетуді ұйымдастыру бойынша Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің http://www.enbekshikazah.gov.kz/ ресми сайтында тоқсан сайын ақпараттар жеке салалар бойынша жауапты мемлекеттік органдар тарапынан жаңартылып мемлекеттік және орыс тілдерінде беріліп отырылады.

Сондай –ақ аудан аумағындағы барлық орта арнаулы (колледж) және жалпы оқу орындарында, балабақшаларда арнайы ақпараттық қабырға құралдары мен плакаттары, стенділер орнатылған.

6. Еңбекшіқазақ ауданындағы қоғамдық келісім кеңесі бойынша

Еңбекшіқазақ ауданында 54 ұлт пен этнос өкілінен құралған                     жалпы әкімшілік бөлініс бойынша ауданда 1 қала (Есік қаласы) және                   25 ауылдық округ, 79 елді мекен бар. Аталған елді мекендердің барлығында аралас ұлт өкілдерінен құралған тұрғындар қоныс тепкен. 2016 жылдың                       1 шілдедегі статистикалық мәліметтерге сәйкес тұрғындардың жалпы саны 292,700 адам.

Оның ішінде: қазақтар – 164577  (56,5%%),   ұйғырлар – 52177 (17,9%), орыстар – 40227 (13,8%), түріктер – 14005 (4,8%), әзербайжандар – 4186 (1,4%),   күрдтер – 3556 (1,2%), татарлар – 1768 (0,6%), шешендер – 1661 (0,5%),  кәрістер – 1188 (0,4%), украиндер – 741 (0,3%), өзге ұлттар – 5045 (1,7%) құрайды.

Еңбекшіқазақ ауданындағы қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында атқарып жатқан жұмысының ерекше екендігін атап өткен жөн.

Осы орайда ауданның идеологиялық тұрғыдан бағытталған жұмыстарының басым бағыты қоғамдық саяси жағдайды барлық жағынан бірқалыпты сақтауға негізделіп отыр. Бұл бағытта ауданының ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тұрақтылығын бір жүйеде ұстау мақсатында барлығы 8 (сегіз) этно-мәдени бірлестік құрылып, 3-еуінің құжаты (ұйғыр, славян, грек) облыстық әділет департаментінен тіркеуден өткен. 

Сонымен қатар аудандық деңгейде 1 (бір) және Есік қаласы мен ауылдық округтердің әкімідерінің аппараттарының жанынан 26 қоғамдық келісім кеңестерінің ақпараттық топтары құрылып, мүшелікке жалпы 200-ге жуық адам енгізілген. Одан бөлек, әрбір ауылдық округте ардагерлер, аналар кеңесінің төрағалары мен төрайымдары, оның ішінде әр ауылда мүшелері сайланған және мәдени-көпшілік іс-шараларға атсалысуда.

Бүгінгі таңда аудандық қоғамдық келісім кеңесімен 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс жоспарына сәйкес 4 тұрақты кеңес отырысы, 30 кездесу, соның ішінде басым көпшілігі көп ұлтты елді-мекендер Ават, Рахат, Балтабай, Малыбай, Бәйдібек би, Шелек, Қорам, Қаратұрық округтерінде өткізілді.

Сонымен қатар, этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты

нығайту мақсатында әлеуметтік тапсырыс аясында 1 лот  бойынша  үкіметтік емес ұйымдар арасында ашық конкурс ұйымдастырылып, аталған жоба аясында «Мәңгілік ел: Болашағы Біртұтас ел», «Мәңгілік елдің жалпы құндылықтары, бейбітшілік пен келісім», «Ұлтаралық татулық – саяси тұрақтылық негізі», «Біз – бірлікті қолдаймыз», «Біргеміз – берік іргеміз!», «Достық пен сенім, ынтымақ пен бірлік, қоғамдық келісім – біздің бірлігіміздің негізі» және т.б конференциялар, семинарлар, форумдар, фестивальдар, дөңгелек үстелдер секілді 10 және бірлескен 25 іс-шара өткізіліп, жалпы 10000-ға жуық адам қамтылды. Лот бойынша ауданның этнографиялық картасы, идеологиялық паспорты және ақпараттық әдістемелік материалдар жасалынды. 

Қоғамдық келісім кеңесі мен үкіметтік емес ұйымдардың, жеке тұлғалардың қолдауымен жыл басынан бері 300-ден астам адамға  «Мейірімді алақан», «Жүректен жүрекке», «Бала күлкісі», «Мектепке жол» жобалары аясында азық-түлік себеттері, мектеп жабдықтары, тұрмыстық заттар үлестірілді.

Этносаралық жағдайға үнемі мониторинг жүргізілуде. Әр тоқсан сайын 100 респонденттен тұратын әлеуметтік сауалнама өткізіліп тұрады. Сауалнама қорытындысы бойынша аудан аумағында қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты, ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынас орныққан, тұрғындардың көңіл-күйі позитивті деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларымен серіктестік қатынас орнатылып, этносаралық татулықты нығайтуда аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері, «Счастье – обладать доверием страны», «Мы – единый народ», «Татулық – таудай қазына», «Под единым шаныраком», «Тілегіміз – татулық, тірегіміз тұрақтылық» сияқты тағыбасқа да тақырыптарда жалпы 30-дан астам мақала шығарылды.

Аудан көлемінде ұлтаралық татулықты насихаттайтын 7 көрнекі үгіт құралдары ілінді.

7. Аудан әкімдігінің жанынан құрылған Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес бойынша

Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің құрамы аудан әкімдігінің                  қаулысымен және аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген. Кеңес құрамына аудандық басқарма, бөлім, мекеме басшыларымен қатар,                       діни конфессияның және БАҚ өкілдері енгізілген. 

Дiни бiрлестiктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырыстары жылына            4 рет, яғни тоқсанына бір рет өткізіліп келеді. Әр тоқсанға дін саласындағы өзекті мәселелер күн тәртібіне қойылып талқыланып, хаттамаланып отырылады.

Діни бірлестіктер және олардың филиалдарымен пайдаланатын ғибадаттар (ғимараттар) және басқа үй-жайлар туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын орындау барысында діни бірлестіктерге талдау, зерделеу жұмыстары жыл басынан бері жүргізіліп келеді.

Діни бірлестік пен филиалдарының жалпы үлес саны – 90, оның ішінде мұсылмандық бағытында – 62, протестанттық бағытында - 17, проваславтық бағытында - 7, католиктік бағытында – 4 діни бірлестіктер тіркелген.

Миссионерлік қызметтің жағдайы:

2016 жылдан бастап миссионерлік қызметпен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында аудан бойынша 1 азамат тіркелді.Атап айтқанда,       (Литва мемлекетінің азаматы Каститис Шульчус).

Шетел азаматының Қазақстан  Республикасының  заңнамасын  бұзу  фактілері орын алған жоқ.

Діни әдебиеттерді таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың қызметі:

Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №337 қаулысымен діни әдебиеттерді таратуға арналған 2 арнайы тұрақты орындар бекітілген. Олар Есік қаласы Алтын адам көшесіндегі «Солнечный» дүкені мен Шелек ауылы, Абай көшесі №134 үй, «Ақжол» дүкені.

Есепті кезеңде діни әдебиеттерді және өзге де діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың орналасуын келісуге өтініштер түскен жоқ.  

Корпоративтік қор бойынша:

Мешіттердегі имамдардың еңбек ақыларын бірыңғай орталықтандырылған қор арқылы төлеу мақсатында,  «Үлес-сауап» қоғамдық қайырымдылық қоры құрылып, құжаттары облыстық әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Жеке кәспкерлердің қолдауымен қордың шотына түскен қаражатқа сәйкес аудан аумағындағы  мешіт имамдарына жалақы беріліп отырылады.

Шетелдерде оқитын  азаматтармен жұмыс:

Шетелде теологиялық оқу орнында  білім алып жүрген  азаматтардың тізімін  жаңартуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазіргі кезде облыстық дін істері басқармасы мен аудандық ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданнан кеткен шетелде оқып жатқан студенттердің саны 11 екендігі анықталған.

Аталған студенттердің 5-еуі Туркияда, 5-еуі  Египетте, 1-еуі Иордания мемлекетінде білім алуда. Бұл азаматтардың мекен-жәйлары Есік қаласы, Бәйтерек, Рахат, Тескенсу, Түрген, Шелек  ауылдық  округтерінде тіркелген.

Шет елде оқитын азаматтарға байланысты жұмыстарды жандандыру мақсатында тоқсанына 1 рет  олардың ата-аналарымен елге қайтару бойынша тұрақты түрде кездесу ұйымдастырылып, сұхбат жүргізіліп келеді.

Басылымдық БАҚ беттерінде жарияланған мақалалар мен көрнекі-үгіт құралдары бойынша:

Тұрғындарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру мақсатында әр жылда арнайы медиа-жоспар бекітіліп, аталған жоспарға сәйкес ішкі саясат бөлімі және ақпараттық-түсіндіру тобы мен діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мүшелерінің тарапынан әр түрлі тақырыптардағы мақалалардың жариялануы бақылауға алынған және жүзеге асырылып келеді.

Мәселен, жыл басынан есептегенде «Діни экстремизм мен терроризм ғасыр індеті», «Өмірдің мәні иманнан басталады», «Ислам дініндегі әйелдің орны», «4 мифа об ИГИЛ», «Діни экстремизмге жол жоқ», «Жат ағымдардан сақтану», «В Алматы осудили экстремистов», «Діни экстремизм қаупі», «Антитеррористическая деятельность в Казахстане», «Жалған террор-қоғамға қауіпті», «Жастардың тәрбиесі және дін»,«Лжетерроризм»,  «Діни экстремизм-қауіпті бағыт» және т.б тақырыптарда электрондық (https://www.facebook.com/ovper) және баспа БАҚ беттерінде («ЮиТ», «Еңбекшіқазақ») жарияланып, газет бетіндегі мақалалар әлеуметтік желілерге салынып отырылады. Бұл бағытта жыл бойына 100-ге жуық мақалалар жарық көрді.

Тұрғындарға діни қатынастар саласында консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету жөніндегі  114 үш санды «Қауырт желі»,                  сондай-ақ Алматы облысы дін істері басқармасының жанынан құрылған       «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» 8-800-080-28-95 атты «Сенім телефоны» қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету мақсатында жергілікті тұрғындар арасында таралуын жүзеге асыруға байланысты жұмыстар жүргізіліп келеді. Аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде айына бір рет жарияланып отырылады.

Елді мекендерде (алаңдарда, көшелерде) экстремизмге және терроризмге қарсы сипаттағы сыртқы ақпаратты (билбордтарды) орналастыруды ұйымдастыру бойынша жұмыстар қолға алынып, бүгінгі таңда аудан аумағында  дін тақырыбында  3 – көрнекі –үгіт құралы  ілінген.

Интернет ресурстар:

Интернет кеңістігінде ақпараттық жұмыстар жүргізу аясында «Facebook.com» әлеуметтік желісінде «Еңбекшіқазақ ауданы» атты қоғамдастық ашылып, жүйелі түрде жұмыстар атқарып келеді. Қоғамдастықтың ашылу мақсаты – конфессияаралық келісімді насихаттау, интернетте ақпараттық фото және бейне материалдарды орналастыру арқылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық жұмысты ұйымдастыруға тікелей бағытталған.

Осыған байланысты аудан бойынша діни мәселелерді түсіндіру мақсатында құрылған аудандық ақпарат-насихат тобы мен Есік қаласы мен ауылдық округтердің өткізген іс-шаралары  тұрақты түрде жарияланып отырылады.

Дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар:

Қазіргі таңда, аудан төңерегінде ислам дініндегі қоғамға жат, теріс ағымдарды ұстанып жүрген адамдар бақылауға алынған.

Атап айтсақ, аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитетімен  бірлесе жұмыс жүргізудің нәтижесінде «Сәләфиттік» ағымда жүрген – бірнеше  азаматтар анықталған, олармен жан-жақты жұмыстар жүргізілуі үстінде. Сондай-ақ, аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан бұл адамдарға сырттай бақылау жүргізіліп отыр. Діни экстремизм және терроризм идеяларын насихаттайтын материалдарды анықтау мәніне мониторингті, соның ішінде құқыққа қайшы контентті анықтау жөніндегі жұмыстар да жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстар:

Радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар, жастар арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.   

Жыл ішінде осы уақытқа дейін ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес түгелдей және жоспардан тыс бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда:

Аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуымен:

1) Есік қаласы, Жетісу Заң колледжінде «Діни экстремизм – қауіпті бағыт» (семинар-205 адам, 16 наурыз). Қатысушылар: АТТ мүшелері, колледж ұжымы және жастар.

2) Есік қаласы,Есік кәсіптік техникалық колледжі «Қазақстандағы исламдық бағыттағы деструктивтік ағымдардың негізгі сипаттамалары» (семинар-160 адам, 13 сәуір). Қатысушылар: АТТ мүшелері, колледж ұжымы және жастар.

3) Ават ауылының мәдениет үйінде «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» (семинар-250 адам, 17 мамыр).Қатысушылар:                    АТТ мүшелері,Ават ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, жұмыссыз және бос жүрген жастар, ауыл тұрғындары.

4) Есік қаласы, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжде «Қазақстандағы хиджаб мәселесі» (семинар-250 адам, 26 мамыр). Қатысушылар: Алматы облысы дін істер басқармасы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» дінтанушы маманы Д.Қазыкенов,                    АТТ мүшелері, колледж мұғалімдері және жастар.

5) Есік қаласы, аудандық ішкі істер басқармасының мәжіліс залында «Қазақстандағы экстремистік және террористік ұйымдар қызметінің криминологиялық сипаттамасы» (семинар-100 адам, 23 шілде). Қатысушылар: Алматыоблысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» бөлім басшысы Т.Нүсіпханов,

6) Шелек ауылы, Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында «Діни теріс ағымдардың жастарға әсері» (кездесу-200 адам, 4 тамыз)

Қатысушылар: Алматыоблысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» бөлім басшысы Т.Нүсіпханов,                           АТТ мүшелері, ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат саласының мамандары, жастар және спорт нұсқаушылары, белсенді жастар, Шелек ауылының тұрғындары, учаскелі инспекторлар.

7) Есік қаласы, Есік гаминарлық-экономикалық колледжінде                       «Жаңа діни ұйымдардың мәні және ерекшеліктері» (кездесу-250 адам,                       2 қыркүйек). Қатысушылар: Алматыоблысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» бөлім басшысы Т.Нүсіпханов, АТТ мүшелері, жұмыссыз және бос жүрген жастар, студенттер, мұғалімдер.

8) Есік қаласы, аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар» (конференция-167 адам, 8 қыркүйек). Қатысушылар: Алматыоблысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» бөлім басшысы Т.Нүсіпханов, мемлекеттік қызметкерлер және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, учаскелі инспекторлар, АТТ мен терроризмге қарсы комиссия мүшелері.

9) Есік қаласы, Райымбек батыр атындағы орта мектебінің мәжіліс залында «Экстремизм және терроризмнің негізгі ұғымы» (семинар-150 адам, 8 қыркүйек). Қатысушылар: Алматыоблысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» бөлім басшысы Т.Нүсіпханов, АТТ мүшелері, еңбек ұжымдары, жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдері.

10)Шелек ауылы, Хидаят мешіті «уағыз-насихат» (кездесу-150 адам,                19 қазан). Қатысушылар: Сарыағаш медресесінің директоры Ә.Сманов, аудан имамы С.Төреқұлов және Шелек ауылының тұрғындары.

11)Шелек ауылы, мәдениет үйінің мәжіліс залында «Мәуліт мерекесі» (250 адам, 22 қазан). Қатысушылар: ҚМДБ пәтуа және шариғат бөлімінің меңгерушісі С.Шоқанов, «Иман» журналының және «Ислам және өркениет» газетінің бас редакторы С.Маханбет, аудан имамы С.Төреқұлов және Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, ақсақалдар, Шелек ауылының тұрғындары.

12) Түрген ауылы, А.Жексембеков атындағы қазақ орта мектебінің мәжіліс залында «Ислам дінінің асыл құндылықтары» (семинар-200 адам,                25 қараша). Қатысушылар: Облыстық АТТ мүшесі, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті дінтану факультетінің магистранты Т.Нүсіпханов,                           АТТ мүшелері, мұғалімдер, жастар, Түрген ауылының тұрғындары.

13) Көктөбе ауылы, О.Жандосов атындағы орта мектебінің мәжіліс залында «Жастар тәрбиесі және дін» (семинар-211 адам, 25 қараша). Қатысушылар: Облыстық АТТ мүшесі, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті дінтану факультетінің магистранты Т.Нүсіпханов,                             АТТ мүшелері, жастар, Көктөбе ауылының тұрғындары.

Алматы облыстық дін істері басқармасы өкілдерінің ұйымдастыруымен немесе қатысуымен:

1) Қайназар ауылының мәдениет үйінде «Радикалдық діни идеологияның алдын алу» (кездесу-91 адам, 10 ақпан). Қатысушылар: Алматыоблысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» бөлім басшысы Т.Нүсіпханов, Алматы облысы Ішкі істер департаменті  экстремизмге қарсы күрес басқармасының аға-жедел уәкілі, полиция полковнигі – Т.Жүндібаев, АТТ мүшелері, жалпы білім беру мекемесінің мұғалімдері мен оқушылары.

2) Қаракемер ауылының мәдениет үйінде «Діни тұрақтылық-ел дамуының кепілі» (семинар-300 адам, 31 наурыз). Қатысушылар: Алматыоблысының дін істері басқармасының бас маманы Б.Ниет, Алматы облысының Ішкі істер департаментінің аға жедел уәкілі, полиция майорыБ.Букумбаев,Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті, философия ғылымының  докторы Қ.Затов,«Нұр Мүбарак» Египет Ислам Мәдениет университеті проректорының діни істер жөніндегі көмекшісі Р.Әкімбеков, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы өңірі бойынша  өкіл имамыН.Манапбаев, АТТ мүшелері, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімінің орынбасарлары, ішкі саясат саласының мамандары, ақсақалдар алқасының төрағалары, әйелдер кеңесінің төрайымдары, жастар нұсқаушылары, жергілікті учаскелі инспекторлар, жалпы және арнаулы білім беру мекемелерінің жастары мен мұғалімдері, діни конфессиясның өкілдері.

3)  Рахат ауылы, Рахат орта мектебінде «Деструктивті діни ағымдардың кері әсері» (семинар-200 адам, 30 маусым). Қатысушылар: Алматыоблысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» директоры Ш.Кекбаева,Алматыоблысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» оңалту бөлімінің инспекторы А.Шпекпаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, философия ғылымының докторы Б.Бейсенов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы өңірі бойынша өкіл имамыҚ.Наржанов, АТТ мүшелері,Есік қаласы мен ауылдық округ әкімінің орынбасарлары, ішкі саясат саласының мамандары, жастар нұсқаушылары, жергілікті учаскелі инспекторлар, жалпы және арнаулы білім беру мекемелерінің мұғалімдері, діни конфессияның өкілдері.

4) Есік қаласы, Р.Тоқатаев атындағы орта мектебі «Діни экстремизм – қауіпті бағыт» (кездесу-60 адам, 18 шілде). Қатысушылар: Алматыоблысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» дінтанушысы Е.Матаев, құқық қорғау органдарыныңжәне жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, моргиналды және ерікті жастар.

5) Қазақстан ауылы, Ж.Қайыпов орта мектебі «Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз» (семинар-120 адам, 15 тамыз). Қатысушылар: Алматыоблысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» дінтанушысы Е.Матаев, Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, жастар және спорт нұсқаушылары, моргиналды жастар, Қазақстан ауылының тұрғындары.

6) Қаракемер ауылы, №6654 әскери бөлімінде «Отанды сүю –иманнан» (семинар-200 адам, 15 тамыз). Қатысушылар: Алматыоблысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» дінтанушысы Е.Матаев, ҚК-нің өкілдері, №6654 әскери бөлімінің жеке құрамы, басшылығы, офицерлер мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілер.

7) Есік қаласы, аудандық мәдениет үйінде «Ауыл әкімдеріне, учаскелі инспекторларға және дінтану негіздері пәнінің мұғалімдеріне арналған бір күндік оқыту курсы» (449 адам, 20 қазан). Қатысушылар: Облыстық дін істері басқармасының талдау, ақпараттық-насихаттау және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Б.Ниет, ҚМДБ пәтуа және шариғат бөлімінің меңгерушісі С.Шоқанов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Қ.Бағашаров, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Билялова, «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам Мәдениеті университетінің 1 курс докторанты Т.Аманқұлов, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Т.Өмірзақов, Алматы облысы Ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының аса маңызды істері жөніндегі аға жедел уәкілі Қ.Есілбаев, сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері, учаскелік полицейлер, арнаулы және орта оқу орындарының директорлары, «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің оқытушылары.

8) Қаракемер ауылы, Қаракемер кәсіптік колледжінің мәжіліс залында «Діни тұрақтылық-Жолдауды іске асыру тетігі» (семинар-300 адам,                             25 қараша). Қатысушылар: Алматы облысы дін істері басқармасы діни бірлестіктермен жұмыс, құқық қорғау органдармен өзара іс-әрекет және сараптама жүргізу бөлімінің басшысы Қ.Омаров, РАТТ мүшесі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының phd докторы Қ.Бағашаров, Өнерлі, өренді-жас толқындар» жастар қоғамдық қорының өкілі А.Бигалиев, аудандық АТТ-ның мүшесі, Қызылжар ауылдық «Қалыбек батыр» мешітінің имамы С.Карибаев,     сондай-ақстудентжастар, Қаракемер ауылының тұрғындары.

Есік қаласы мен ауылдық округтерде:

Есік қаласы мен әрбір ауылдық округтердегі ішкі саясат саласының мамандарымен жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушыларының ұйымдастыруымен ауыл имамдарының қатысуымен «Дін-тәрбие діңгегі»,  «Тәуелсіз Қазақстандағы Ислам діні мен мәдениеті», «Діни экстремизмнің алдын алу жолдары», «Жат ағымның зияндылығы», «Религия мира»,                      «Дін және қоғам» және т.б тақырыптарда 12 семинар, 11 кездесу, 8 дөңгелек үстел, 1 конференция өткізіліп 2590 адамның қатысуы жүзеге асырылды.

Жоғарыдағы іс-шаралардың барлығын қоса есептегенде, 25 семинар,16 кездесу, 2 конференция, 8 дөңгелек үстел, 1 оқыту курсы, 1 мерекелік жиын, жалпы 53 іс-шара өткізіліп, оған 6642 адам қамтылды.

Өткізілген әр түрлі бағыттағы іс-шараларда бейнеролик, әлеуметтік жарнамалар көрсетіліп, «Діни экстремизмге жол жоқ», «Қадірлі жас дос! Мұны білгеніңіз жөн», «STOP осторожно СЕКТА», «Ханафи мәзһабы-бабалар ұстанған жол» секілді бүктемелер, папкалар, бағдарламалар шығарылып, таратылды.

Сонымен қатар, орта мектептердің жоғары сыныптарының, техникалық және кәсіптік оқу орындарының оқушыларына тағатты тәрбиеге және жастардың теріс пиғылды діни идеологияны тұрақты қабылдамауын қалыптастыруға бағытталған «Арбалғандар», «Ақиқат пен адасу»,                     «Ата-анаға құрмет», «Санаңды сақта жас ұрпақ», «Діннен адастырар ағымдар», «Қайырсыз білім», «СӘЛӘФИЗМ:Ақиқаты мен жалғаны» және т.б 50-ге жуық тақырыптық бейнефильмдерді тұрақты көрсету ұйымдастырылды.

Ішкі саясат бөлімі тарапынан жоспарға сәйкес белгіленген мерзімде аудан тұрғындары арасында 2 рет 280 респонденттен тұратын (560 адам) әлеуметтік зерттеулер жүргізілді. 

Жалпы АТТ мүшелері жүргізген іс-шаралармен жоспарда белгіленген негізгі мақсатты аудитория ретінде жастар (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, студенттер, маргиналды жастар),  өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ауыл тұрғындары қамтылды.

Ішкі саясат бөлімінің басшысы                                           М.Исламов

Орынд.: Ж.Женисова

Тел.:8/72775/72122

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8524728
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
26183
0
119133
8393060
202062
254380
8524728

Сіздің ІР: 18.206.16.123
Қазір: 2019-09-20 22:37:09
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру