Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетІшкі саясатАқпарат Ішкі саясат бөлімінің 2016 жылдың IIІ тоқсаны бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Ішкі саясат бөлімінің 2016 жылдың IIІ тоқсаны бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Кадр мәселелері

Ішкі саясат бөлімінде кадр саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары мен басқарманың қызметтік құзырына сай келетін қызметкерлерді таңдау принциптері бойынша жүргізілді. Бөлімнің штаттық саны 4 бірлікті құрайды. Бөлімнің құрылымына басшы және 2 бас маман, 1 жетекші маман кіреді. Бөлімде басшы, 2 бас маман жоғары біліммен, жетекші маман арнаулы орта біліммен. Бөлімнің штатында  1 заңгер, 1заңгер-экономист, 1 политолог, 1 аудармашы білімін алған мамандар жұмыс істейді. Ішкі саясат саласы қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтегі орташа көрсеткіші 5 жыл. Қызметкерлердің жасы  21 пен 31 жасты құрайды.

2. Гендерлік теңдік старатегиясы

Әйелдер кеңесі:

Бүгінгі таңда Есік қаласы мен ауылдық округтерде жалпы 26 округтік және 1 аудандық әйелдер кеңесі жұмыс жасайды. Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Исатаева Роза Омарқызы.Сонымен қатар көшбасшы әйелдер мектебінің жұмысы жандандырылуда.

Лот саны:

2016 жылға аталған бағытта 1 лот тақырыбы жасақталды. Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген 32 үкіметтік емес ұйымның ішінде тікелей гендерлік теңдік стратегиясы аясында қызмет көрсететін 2 аудандық, атап айтқанда «Адам және Қоғам» қоғамдық бірлестігі, «Еңбекшіқазақ ауданының әйелдер одағы» қоғамдық қоры және «Ынтызар» дағдарыс орталығы қоғамдық қоры жұмыс жасайды.

Іс-шаралар:

Есік қаласы мен ауылдық округтерде отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған 76-ден астам іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі, науқас балаларға арналған көмек көрсету бойынша жалпы 41 –дан астам қайырымдылық іс-шаралары өткізілді.

            3. Діни бірлестіктерге талдау, зерделеу  және атқарылған іс-шаралар      жұмыстары  туралы

Діни бірлестіктер және олардың филиалдарымен пайдаланатын ғибадаттар (ғимараттар) және басқа үй-жайлар туралы мәліметтер:

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Қазақстан Республикасының                        «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын орындау барысында ауданда діни бірлестіктерге талдау, зерделеу жұмыстары жыл басынан бері жүргізіліп келеді.

Осыған байланысты, ІІІ тоқсандағы діни бірлестік пен филиалдарының                        жалпы үлес саны – 90, оның ішінде мұсылмандық бағытында – 62, протестанттық бағытында - 17, проваславтық бағытында - 7, католиктік бағытында – 4 діни бірлестіктер тіркелген.

Миссионерлік қызметтің жағдайы:

2016 жылдан бастап миссионерлік қызметпен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 1 азамат тіркелді.       Атап айтқанда, (Литва мемлекетінің азаматы КаститисШульчус).

Шетел азаматының Қазақстан  Республикасының  заңнамасын  бұзу  фактілері орын алған жоқ.

Діни әдебиеттерді таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың қызметі:

Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №337 қаулысымен діни әдебиеттерді таратуға арналған 2 арнайы тұрақты орындар бекітілген. Олар Есік қаласы Алтын адам көшесіндегі «Солнечный» дүкені мен Шелек ауылы, Абай көшесі №134 үй, «Ақжол» дүкені.

Есепті кезеңде діни әдебиеттерді және өзге де діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың орналасуын келісуге өтініштер түскен жоқ.  

Корпоративтік қор бойынша:

Мешіттердегі имамдардың еңбек ақыларын бірыңғай орталықтандырылған қор арқылы төлеу мақсатында,  «Үлес-сауап» қоғамдық қайырымдылық қоры құрылып, құжаттары облыстық әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Жеке кәспкерлердің қолдауымен қордың шотына түскен қаражатқа сәйкес аудан аумағындағы  мешіт имамдарына жалақы беріліп отырылады.

Шетелдерде оқитын  азаматтармен жұмыс:

Шетелде теологиялық оқу орнында  білім алып жүрген  азаматтардың тізімін  жаңартуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазіргі кезде облыстық дін істері басқармасы мен аудандық ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданнан кеткен шетелде оқып жатқан студенттердің саны 11 екендігі анықталған.

Аталған студенттердің   6-ы Туркияда, 4-еуі  Египетте, 1-еуі Иордания мемлекетінде білім алуда. Бұл азаматтардың мекен-жәйлары Бәйтерек, Рахат, Тескенсу, Түрген, Шелек  ауылдық  округтерінде тіркелген.

Шет елде оқитын азаматтарға байланысты жұмыстарды жандандыру мақсатында тоқсанына 1 рет  олардың ата-аналарымен елге қайтару бойынша тұрақты түрде кездесу ұйымдастырылып, сұхбат жүргізіліп келеді.

Басылымдық БАҚ беттерінде жарияланған мақалалар мен көрнекі-үгіт құралдары бойынша:

Аудандық ішкі саясат бөлімі халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру мақсатында арнайы медиа-жоспар бекітіліп, аталған жоспарға сәйкес ішкі саясат бөлімі және аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы мен кеңес мүшелерінің тарапынан уақытылы әр түрлі тақырыптардағы мақалалардың жариялануы бақылауға алынып, жүзеге асырылып отырылады.

Мәселен, жыл басынан есептегенде «Ислам дініндегі әйелдің орны»,                  «4 мифа об ИГИЛ», «Діни экстремизмге жол жоқ», «Үрейлендіруге бірлікті, сақтықты қарсы қоямыз», «Как действовать при угрозе террористической опасности», «Оқушы келбеті – қоғамның көрінісі», «Діни экстремизм мен терроризм ғасыр індеті», «Өмірдің мәні иманнан басталады» және т.бтақырыптарда 90-ға жуық мақала жарияланды.

Аудан аумағы бойынша тұрғындарға діни қатынастар саласында консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету жөніндегі 114 үш санды «Қауырт желі» сонымен қатар «Сенім телефоны» қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету мақсатында жергілікті тұрғындар арасында таралуын жүзеге асыруға байланысты жұмыстар жүргізіліп келеді.

Осыған орай нысандар басшыларына барлық мән-жай түсіндіріліп, халықты ақпараттандыру маңыздылығы ескертілді. Сондай-ақ аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде айына бір рет жарияланып отырылады. Сондай-ақ,  аудан аумағында дін тақырыбында 2 – көрнекі –үгіт құралы  ілінген.

Діни мәселелерді түсіндіру бойынша құрылған аудандық                    ақпараттық - түсіндіру тобының жұмыстары және атқарылған                       іс-шаралар:

Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы  іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны  іске асыру мақсатында аудан бойынша жастарды жат ағымдардың арбауында кетуден қорғау, діни мәселелерді түсіндіру  мақсатында имамдардан, мемлекеттік қызметшілерден, кәсіпорын, мекеме басшыларынан құралған  ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы уақытқа дейін жоспарға сәйкес және жоспардан тыс бірқатар іс-шаралар өткізілді. Мәселен, 2016 жылдың ІІІ тоқсанында тұрғындар, оның ішінде жастар арасында бұрмаланған көзқарастардың қалыптасуының алдын алу мақсатында облыстық дін істері басқармасының өкілдерінің қатысуыменҚаракемер ауылы, мәдениет үйінде «Діни тұрақтылық-ел дамуының кепілі», Есік қаласы, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжде «Қазақстандағы хиджаб мәселесі» тақырыбында облыстық 2 семинар,  Қайназар ауылы, мәдениет үйінде «Радикалдық діни идеологияның алдын алу» 1 кездесу, Рахат ауылы, Рахат орта мектебінде «Деструктивті діни ағымдардың кері әсері» 1 дөңгелек үстел өткізіліп, барлығы 800-ге жуық адам қамтылды.  

Ал аудандық деңгейде студент және оқушы, жұмыссыз және бос жүрген жастармен жұмыс жүргізу мақсатында наурыз айында Жетісу Заң колледжінде «Діни экстремизм – қауіпті бағыт», сәуір айындаЕсік гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Қазақстандағы исламдық бағыттағы деструктивтік ағымдардың негізгі сипаттамалары»,                    мамыр айындаҚаракемер ауылының мәдениет үйінде «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» секілді тақырыптарда  семинарлар өткізіліп, барлығы  1700-дей жас қамтылды.

Бұдан өзге Есік қаласы мен әрбір ауылдық округтердегі ішкі саясат саласының мамандарымен жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушыларының ұйымдастыруымен ауыл имамдарының қатысуымен «Дін-тәрбие діңгегі»,«Тәуелсіз Қазақстандағы Ислам діні мен мәдениеті», «Діни экстремизмнің алдын алу жолдары», «Жат ағымның зияндылығы», «Религия мира», «Дін және қоғам» және т.бтақырыптарда 20-ғажуық  рухани көпшілік іс-шаралар өткізіліп 2172адамқатысты.

Жалпы облыстық, аудандық деңгейде 5 семинар, 1 дөңгелек үстел,                  1 кездесу, ал ауылдық жерлерде 2 семинар, 7 дөңгелек үстел, 9 кездесу,                      1 конференция жалпы 26 іс-шара өткізіліп, оған 2672 адам қатысты.

Жалпы АТТ мүшелері жүргізген іс-шаралармен жоспарда белгіленген негізгі мақсатты аудитория ретінде жастар (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, студенттер, маргиналды жастар),  өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері қамтылды.

Ауданда діни ахуалды талдау, сараптама жүргізу кезінде аймақтағы тұрақтылықтың, толеранттылықтың, конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың бар екендігі аңғарылды. Өткізілген іс-шаралар оң нәтиже беріп, тұрғындардың ақпараттық-танымдық деңгейлерін арттыруға игі ықпал етіп отырғандығын байқатады. Аудандағы діни ахуал тұрақты.  

 

            4. Қоғамдық келісім кеңесі мен ұлтаралық татулықты қамтамасыз етуге            бағытталған жұмыстар туралы

Еңбекшіқазақ ауданында 54 ұлт пен этнос өкілінен құралған                     жалпы әкімшілік бөлініс бойынша ауданда 1 қала (Есік қаласы) және                   25 ауылдық округ, 79 елді мекен бар. Аталған елді мекендердің барлығында аралас ұлт өкілдерінен құралған тұрғындар қоныс тепкен. 2016 жылдың                       1 шілдедегі статистикалық мәліметтерге сәйкес тұрғындардың жалпы саны 292,700 адам.

Оның ішінде: қазақтар – 164577  (56,5%%),   ұйғырлар – 52177 (17,9%), орыстар – 40227 (13,8%), түріктер – 14005 (4,8%), әзербайжандар – 4186 (1,4%),   күрдтер – 3556 (1,2%), татарлар – 1768 (0,6%), шешендер – 1661 (0,5%),  кәрістер – 1188 (0,4%), украиндер – 741 (0,3%), өзге ұлттар – 5045 (1,7%) құрайды.

Еңбекшіқазақ ауданындағы қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында атқарып жатқан жұмысының ерекше екендігін атап өткен жөн.

Осы орайда ауданның идеологиялық тұрғыдан бағытталған жұмыстарының басым бағыты қоғамдық саяси жағдайды барлық жағынан бірқалыпты сақтауға негізделіп отыр. Бұл бағытта ауданының ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тұрақтылығын бір жүйеде ұстау мақсатында барлығы 8 (сегіз) этно-мәдени бірлестік құрылып,                          3-еуінің құжаты (ұйғыр, славян, грек) облыстық әділет департаментінен тіркеуден өткен. 

Сонымен қатар аудандық деңгейде 1 (бір) және Есік қаласы мен ауылдық округтердің әкімідерінің аппараттарының жанынан 26 қоғамдық келісім кеңестерінің ақпараттық топтары құрылып, мүшелікке жалпы 200-ге жуық адам енгізілген.

Кеңес мүшелерінің қатысуымен 2016 жылдың ІІІ тоқсанында жалпы         30 дан астам мәдени іс-шара өткізіліп, жалпы 10000-ға жуық адам қамтылды.

Сонымен қатар конфессияаралық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бірнеше кездесулер өткізіліп діни бірлестіктердің өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Жалпы бүгінгі таңда аудан аумағында барлығы 90 діни бірлестік, оның ішінде бағыттар бойынша протестенттық 17, проваславтық 7, католик 4, ислам 62 тіркелген.

Этносаралық жағдайға үнемі мониторинг жүргізілуде. Әр тоқсан сайын әлеуметтік сауалнама өткізіліп тұрады. Атап айтқанда ағымдағы жылдың маусым айында 100 респонденттен тұратын кешенді сауалнама жүзеге асырылды. Оның ішінде респонденттердің 37% қазақтар, 19% ұйғырлар,               17% орыстар, 16% түріктер, 11% күрдтер. Олардың 22-і жұмысшылар,                  21-і жастар, 15-і жұмыссыздар,  12-і бюджеттік сала қызметкерлері,                     11-і кәсіпкерлер, 9-і зейнеткер, 8-і ауыл шаруашылығының еңбеккерлері,                 2-і өздігінше жұмыс істейтіндер және респонденттердің 50% ерлер,                     50 % әйелдер.

Сауалнама қорытындысы бойынша аудан аумағында қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты, ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынас орныққан, тұрғындардың көңіл-күйі позитивті деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларымен серіктестік қатынас орнатылып, этносаралық татулықты нығайтуда аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, 2016 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша «Біз біргеміз», «Басты байлығымыз - тіл», «Дамудың сыры - бірлікте», «Бірлік табан тірер тұғырымыз» сияқты тағы басқа да тақырыптарда жалпы 30-ға жуық мақалалар шығарылды. Аудан көлемінде ұлтаралық татулықты насихаттайтын 6 көрнекі үгіт құралдары ілінген.

            Қорыта келгенде, ұлтаралық қатынастардың толық көлемдегі үйлесімділігін қамтамасыз етуге негізделген, бірлескен кешенді шаралардың жүзеге асырылуын және бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігін жоғарылату аудандық ішкі саясат бөлімінің бақылауында және тұрақты сараптама жұмыстары  жүргізілуде. Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

5.Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі

Еңбекшіқазақ ауданында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауда шілде-қараша айларына арналған аудандық жоспарға сәйкес Есік қаласы мен ауылдық округтерде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «5 институционалдық реформа «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына аясында 50-ге жуық іс-шаралар өткізілді.

6.Бұқаралық ақпарат құралдары 

Еңбекшіқазақ ауданында бүгінгі күнгі мәліметке сәйкес 9 бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде 6 мерзімді апталық басылым,1 ретронсляциялық телеарна және 1 радио және 1 баспа үйі жұмыс істейді. Оның ішінде 1 БАҚ саяси-әлеуметтік тақырыптық бағыт бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асырды.

7.Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия

Аудан көлемінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің стандартқа сай орналасуы мен қолданылуын қамтамасыз етуде аудан әкімің жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі Комиссияның маңызы  ерекше екендігін атап өткен жөн. Ағымдағы жылы комиссия төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес  бірқатар маңызды жұмыстар жүзеге асырылды. Комиссияның тұрақты  3 отырысы өткізумен қатар, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдерінің жанынан арнайы жұмыс топтар жұмыс істейді.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 3 тоқсанында аудандық ішкі саясат бөлімінің тарапынан үкіметтік емес ұйымдардың арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау бағытында іс-шаралар топтамасын өткізу үшін арнайы 1 лот тақырыбы бекітілді. Ішкі саясат бөлімінің тарапынан әртүрлі деңгейдегі жалпы 2 шара, округтерде 10 шара ұйымдастырылды.

Мемлекеттік рәміздердің алатын орнын насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 10 мақала жарияланды. 

 8.Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жүзеге асыру:

Еңбекшіқазақ ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы жылына үш рет өткізіледі, ағымдағы жылы комиссияның 3 кезекті отырысы өткізіліп,  2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар аталған бағыттарда аудандық ішкі саясат бөлімінің жұмысын жетілдіру және халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құлақтандыру мақсатында ішкі саясат бөлімінің және комиссия мүшелерінің тарапынан әр түрлі тақырыптарда мақалалар жарияланып келеді. Бүгінгі таңда 1 аудандық, 6 округтік іс-шаралар өткізілді. Спорттық бағыттағы шаралар саны 30-дан астам.

Еңбекшіқазақ ауданының

ішкі саясат бөлімінің басшысы                                                     М.Исламов

Орынд.:Ж.Женисова

Тел.:7 21 22

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8524682
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
26137
0
119087
8393060
202016
254380
8524682

Сіздің ІР: 18.206.16.123
Қазір: 2019-09-20 22:34:59
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру