Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетІшкі саясатАқпарат Ішкі саясат бөлімінің 2016 жылдың 1 тоқсаны бойынша атқарған жұмыстары бойынша ақпарат

Ішкі саясат бөлімінің 2016 жылдың 1 тоқсаны бойынша атқарған жұмыстары бойынша ақпарат

1.Кадр мәселелері

Ішкі саясат бөлімінде кадр саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары мен басқарманың қызметтік құзырына сай келетін қызметкерлерді таңдау принциптері бойынша жүргізілді. Бөлімнің штаттық саны 4 бірлікті құрайды. Бөлімнің құрылымына басшы және 2 бас маман, 1 жетекші маман кіреді.Бөлімнің барлық қызметкері жоғары білімді, Бөлімнің штатында  2 заңгер,1 политолог, 1 экономист білімін алған мамандар жұмыс істейді. Ішкі саясат саласы қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтегі орташа көрсеткіші 5 жыл. Қызметкерлердің жасы 24 пен 31 жасты құрайды.

2.Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі

Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімінің 2015 жылға арналған жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауданда  қызмет атқаратын саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдар жөніндегі жинақтау базасы жаңартылды. Қазіргі уақытта облыс бойынша 1 саяси партияның аудандық филиалы мен  32 ҮЕҰ-дар қызмет атқаруда. 

3.Бұқаралық ақпарат құралдары 

Еңбекшіқазақ ауданында бүгінгі күнгі мәліметке сәйкес 9 бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде 6 мерзімді апталық басылым,1 ретронсляциялық телеарна және 1 радио және 1 баспа үйі жұмыс істейді. Оның ішінде 1 БАҚ саяси-әлеуметтік тақырыптық бағыт бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асырды.

4.Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия

Аудан көлемінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің стандартқа сай орналасуы мен қолданылуын қамтамасыз етуде аудан әкімің жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі Комиссияның маңызы  ерекше екендігін атап өткен жөн. Ағымдағы жылы комиссия төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес  бірқатар маңызды жұмыстар жүзеге асырылды. Комиссияның тұрақты  1 отырысы өткізумен қатар, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдерінің жанынан арнайы жұмыс топтары құрылды.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 тоқсанында аудандық ішкі саясат бөлімінің тарапынан үкіметтік емес ұйымдардың арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау бағытында іс-шаралар топтамасын өткізу үшін арнайы 1 лот тақырыбы бекітілді. Ішкі саясат бөлімінің тарапынан әртүрлі деңгейдегі жалпы 1 шара, округтерде 7 шара ұйымдастырылды.

Мемлекеттік рәміздердің алатын орнын насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 5 мақала жарияланып, аудан аумағында 1 баннер орнатылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттауға бағытталған 272 ішкі көрнекі үгіт құралдары  (стенд) бар:

1) Мектептер -82

2) Балабақша -29

3) Колледждер -8

4) Денсаулық сақтау мекемелері-83

5) Мәдениет үйлері-17

6) Есік қаласы мен ауылдық округтер -26

7) Аудан әкімдігі -2

8) Өзге органдар (бөлім, басқарма, т.б.)-25

           

5.Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жүзеге асыру:

Еңбекшіқазақ ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы жылына екі рет өткізіледі, ағымдағы жылы комиссияның 1 кезекті отырысы өткізіліп,  2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар аталған бағыттарда аудандық ішкі саясат бөлімінің жұмысын жетілдіру және халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құлақтандыру мақсатында ішкі саясат бөлімінің және комиссия мүшелерінің тарапынан әр түрлі тақырыптарда мақалалар жарияланып келеді. 2015 жылы әртүрлі тақырыптарда 30 мақала жарық көрді. Сондай-ақ, аудан аумағында 2 билборд орнатылған. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар арасында 2 лот бойынша конкурс жарияланады. Бүгінгі таңда 1 аудандық, 5 округтік іс-шаралар өткізілді. Спорттық бағыттағы шаралар саны 20-дан астам. Еңбекшіқазақ  ауданы бойынша  2016 жылдың 3 айы бойынша дәрігер наркологтың есебінде  барлығы 321 -  науқас  тұр.

6.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпараттық қолдау.

Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданындаҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауын түсiндiру және ақпараттық қолдау бiрнеше бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Олар:

лекторлық ақпараттық топтар;

саяси-қоғамдық iс-шаралар өткiзу;

ұйымдастыру-массалық жұмыстар;

көрнекi-визуалдық үгiт.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы:

Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданындаҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауын түсiндiру және насихаттау бiрнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар:

лекторлық ақпараттық топтар;

саяси-қоғамдық iс-шаралар өткiзу;

ұйымдастыру-массалық жұмыстар;

көрнекi-визуалдық үгiт.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылы төмендегідей бағытарда нақты жұмыстар жүргізілгендігін хабарлаймыз.

Бүгінгі таңда барлығы  29 кездесу ұйымдастырылып 2000-нан астам  адам қамтылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы барлығы 2 сюжет, 1004 материал жарық көрді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің 2015 жылдың 20 наурызындағы № 40-ө санды Өкіміне сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының ақпарат тобының құрамы жаңартылып қайта құрылды. Бүгінгі таңда аудан бойынша 1 аудандық және 26 ауылдық ақпарат тобы жұмыс жасайды, құрамында 82 мүше бар.

11 және 54 тармақтарға сәйкес Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің http://www.enbekshikazah.gov.kz/ ресми сайтының негізгі бетінде Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың  барлық Жолдауларының мәтіндері, шаралар жоспарлары мен олардың орындалу нәтижелері туралы ақпарат алу үшін арнайы ұяшықтар ашылған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы мен арнайы дайындалған республикалық http://strategy2050.kz/ сайтына сілтеме орнатылды.

12 тармақ бойынша  Жолдаудың  негізгі бағыттарын түсіндіру және оның орындалуы бойынша аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде аудан әкімінің, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің сұхбаттары жарияланды. Барлығы 5 мақала.

13 тармақ негізінде аудан аумағында тіркелген 32-ге жуық ҮЕҰ-дың 15-мен белсенді тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі. Олардың арасында Жолдаудың бағыттарын түсіндіру үшін 4 кездесу ұйымдастырылып, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде материалдар жарияланды.

Аудан аумағында ҮЕҰ-дың ОКҚ брифингтерінде Жолдаудың іске асырылу барысын түсіндіру бойынша сөз сөйлеушілерінің кестесін қалыптастыру және оның орындалуын қамтамасыз ету жандандырылуда.

2016 жылдың 3 айы бойынша аудандық ҮЕҰ-дың брифингтерінің ұйымдастырылмағандығын жеткіземіз.

16 тармақта көрсетілген негіздер бойынша аудан әкімінің бекітуімен БАҚ-та сөз сөйлеу мен түсіндіру іс-шараларына қатысу үшін құрылған спикерлер топтарының құрамына аудан әкімі орынбасарлары – 2, мәслихат хатшысы – 1, мәслихат депутаттары – 2 , жастар ұйымдары – 1, бөлім басшылары – 3, білім саласының қайраткерлері – 3, денсаулық – 2, кәсіпкер – 2, этно-мәдени бірлестіктер өкілдері – 5, үкіметтік емес ұйымдар – 3, ауылдық округ  әкімдері – 4 адам, белсенді жастар – 2, БАҚ өкілдері – 2, барлығы 30 адам қамтылды.

17 тармақ бойынша  Жолдауда белгіленген міндеттерді ескере отырып, «оқиғалар қатарын» қалыптастыру, олардың БАҚ-та ақпараттық сүйемелденуін және өзектілендірілуін  қамтамасыз ету жүйелендірілген.

Аудан аумағындағы Жолдау аясында жүзеге асырылған жұмыстар немесе іс-шаралардың барлығын маңызды оқиғалар ретінде аудандық «Еңбекшіқазақ» және «ЮиТ» апталық газеттерінде міндетті түрде жарияланып, ақпараттық материалдар бөлім тарапынан тұрақты мониторингтен өткізіліп отырады.

            18, 19 тармақ бойынша Жолдаудың негізгі бағыттарын жариялауға маманданған журналистер мен блогерлер тобын қалыптастырып, олардың жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмыстың жаңа әдістеріне, технологиялық тәсілдерге оқыту мәселесі аудандық деңгейде  аудан аумағында өткізілмеді.

20 тармақ негізінде аудан аумағындағы маңызды жаңадан салынған құрылыс объектілеріне республикалық «Қазақстан» және облыстық «Жетісу» арналары тарапынан пресс-тур ұйымдастырылып, түсірілімдер жүргізілді. 2016 жылдың 3 айы бойынша жалпы Жолдау аясында салынған объектілер мен аудан жетістіктері туралы баяндайтын 2 бейнесюжет көрсетілді.

23 тармақта көрсетілген Жолдау басымдықтарын қоғамның қабылдауы мен халықтың қолдануы деңгейінің әлеуметтанушылық диагностикасын, Жолдаудың іске асырылу барысы бойынша органдардың қызметінің нәтижесін бағалауды ұйымдастыру бойынша БАҚ-та жарияланды. Сауалнамаға жалпы әртүрлі нысаналы топтар таңдалынып, 200 қатыстырылды.

25 тармақ. Жолдудың негізгі ережелерін талқылау бойынша Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан орта арнаулы оқу орындарының оқытушы құрамдарының, үкіметтік емес және этно-мәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының қатысуымен 2016 жылдың 3 айы бойынша ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен барлығы 1 іс-шара ұйымдастырылып 120 адам қамтылды.

            27 тармақ. Жолдаудың негізгі басымдықтары бойынша ақпараттық 50 дана (А3 форматтағы) жапсырмалар, 200 дана Жолдаудың орысша  және қазақша мәтіні бар ақпараттық материалдар, сондай-ақ  http://strategy2050.kz ресурстық сайтынан алынған ақпараттар мен инфографикалар негізінде 50 дана әдістемелік кітапшалар жасалынып БАҚ  өкілдеріне және аудандық бөлімдер мен ауылдық округтерге үлестірілді.

            28 – 33  тармақтар  бойынша көліктік-логистикалық, индустриалдық, энергетикалық, ТКҚ және су- жылумен қамту желісі инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту,  әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік органдар қызметін жария көрсетуді ұйымдастыру бойынша Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің http://www.enbekshikazah.gov.kz/ ресми сайтында тоқсан сайын ақпараттар жеке салалар бойынша жауапты мемлекеттік органдар тарапынан жаңартылып мемлекеттік және орыс тілдерінде беріліп отырады.

          Ал  аудандық БАҚ-да ақпараттық материалдар тек 3 рет сұхбат ретінде жарияланды.

41 тармақаясында Жолдаудың басты бағыттары мен оның іске асырылуы барысын қамтитын деректі бейнефильмдер әзірленбегендігін жеткіземіз.

44-тармақ. Республикалық және өңірлік телеарналарда Жолдаудың іске асырылу барысын талқылау үшін ток-шоулар мен арнайы бағдарламалар шеңберлерінде аудан аумағынан өкілдердің қатысуы болған жоқ.

58-тармақ бойынша Жолдау идеяларын түсіндіру мен іске асырылуы барысы  жөніндегі аудан аумағында орналастырылған көрнекілік –үгіт құралдары:          

1) Мемлекеттік сипаттағы орнатылған 3х6 көлемдегі баннерлер саны – 29.

2) Жеке меншік жарнамалар түрінде банерлер орнатылған құрылғылар – 4.            Бос тұрған қондырғылар: 9 (Есік қаласында -5, Жаңашар -1,Түрген -1,Бәйдібек би -1,Көктөбе -1). Пано  түріндегі ақпарттық құрылғылар: 9 (3құрылғы бос)

            3) Аспалы қондырғылар түрінде орнатылған үгіт құралдары саны : 5

( Есік қаласы – 3 құрылғы – 6 аспа. Ташкенсаз – 1 құрылғы – бос ;   Шелек – 1 құрылғы – 1 аспа).

            Жолдауды насихаттауға бағытталған  стенділер (сыртқы)  - 3

1. Есік қаласы, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі.

2. Түрген ауылы, ауылдық округ әкімі аппараты.

3. Қаражота ауылы, ауылдық округ әкімі аппараты.

            Бос стенділер: 2 (Есік қаласы, аудан әкімдігі, Шелек ауылы, ауылдық округ әкімі аппараты).

             Жолдауды ақпараттандыруға арналған сити–формат (қалалық формат) түріндегі құрылғылар саны: 3 (Бәйтерек, Малыбай, Бартоғай ауылы - Қазақстан -2050: Мәгілік ел» ). Сондай –ақ аудан аумағындағы барлық орта арнаулы (колледж) және жалпы оқу орындарында, балабақшаларда арнайы ақпараттық қабырға құралдары мен плакаттары, стенділер орнатылған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпарттық қолдау мақсатында ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған  іс-шаралар жоспары бекітілді.

7.Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия бойынша

 Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) қрамы аудан әкімдігінің 2014 жылдың 10 сәуіріндегі № 497 қаулысымен бекітілген. Комиссия құрамы 14 адамнан құрылған. Аталған комиссия өз жұмысын қатаң жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Комиссияның ағымдағы жылдың 1- тоқсанында 1 тұрақты  отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып шешімін тапты.

Әйелдер кеңесі:

Бүгінгі таңда Есік қаласы мен ауылдық округтерде жалпы 26 октругтік және 1 аудандық әйелдер кеңесі жұмыс жасайды. Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Исатаева Роза Омарқызы.Сонымен қатар көшбасшы әйелдер мектебінің жұмысы жандандырылуда.

Лот саны:

2015 жылы аудандық ішкі саясат бөлімінің тарапынан үкіметтік емес ұйымдардың арасында арнайы 3 лот  (3 950 000 – үш миллион тоғыз жүз елу мың) бойынша ашық конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаз қоғамдық бірлестіктермен барлығы 48 іс-шара өткізілді.

2016 жылға аталған бағытта 4 лот тақырыбы жасақталынып отыр. Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген 32 үкіметтік емес ұйымныңішінде тікелей гендерлік теңдік стратегиясы аясында қызмет көрсететін  3 аудандық, атап айтқанда «Ақ Жүніс» қоғамдық бірлестігі, «Еңбекшіқазақ ауданының әйелдер одағы» қоғамдық қоры және «Ынтызар» дағдарыс орталығы қоғамдық қоры жұмыс жасайды.

            2015 жылы Жапонияның Қазақстандағы елшілігі арқылы «Ынтызар» дағдарыс орталығы қоғамдық қоры дағдарыс орталығының ғимаратының құрылысын салуға арналған 90 185 теңге көлеміндегі грант ұтып алған. Аталған орталықтың ашулы мамыр айына жоспарлануда.     

            Іс-шаралар:

2016 жылдың 1 тоқсанында жалпы 3 аудандық, атап айтқанда «Еңбекшіқазақ аруы -2016», «Көшбасшыс әйел-2016», «Көктем шуағы»  атты іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар Есік қаласы мен ауылдық округтерде 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне, отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған 50-ден астам іс-шара өткізілді.

            Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі, науқас балаларға арналған көмек көрсету бойынша жалпы 30 –дан астам қайырымдылық іс-шаралары өткізілді.

            Статистикалық үлес:

Ауданда  15 000-ға жуық шаруа қожалықтары тіркелген, оның ішіндегі 5000-ға жуық шаруа қожалықтарын әйелдер басқаруда. Кәсіпкерлік қабілеті танылып, 8 әйел ірі кәсіпорын басшы ретінде тағайындалған. Жалпы 16 мың кәсіпкерлердің 6500-ден астамы әйел адамдардың үлесінде.

Ауданда жалпы 364 мемлекеттік қызметкер болса оның 48 %-ы немесе 180-і әйел азаматшалар. Олардың ішінде аудандық бөлім басшылары 2 және 4 орынбасар, селолық округ әкімдері 2 және 3 орынбасар. Аудандық маслихат депутаттары 3-і  (23) әйел азаматтар. Бюджеттік қызметкерлердің ішінде нәзік жанды аруларымыздың  үлес саныда едәуір жоғарлаған.      Мектеп директоры (82) 47, мұғалімдердің жалпы саны 4337 болса, олардың 83.7% пайызы нәзік жандылар. Балабақша меңгерушісі (29) 28, қызметкерлердің 97 %-ы әйелдер. Денсаулық сақтау мекемелері аудан бойынша 87 болса, олардың 27-сі нәзік жандылардың басшылығында, сонымен қатар жалпы қызметкерлердің 47,3%-ы әйелдер. ұқық қорғау органдарында 31 %-ы нәзік жандылар. Аудандық сот жүйесіндегі 2 төрағаның біруі және 5 соттың 3-уі, 26 қызметкердің 18-і нәзік жандылар.

Ақпараттық қолдау:

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жария көрген мақалалардың жалпы саны 130. Ақпарттық көрнекі үгіт құралы-1.

Еңбекшіқазақ аудандық

ішкі саясат бөлімінің

басшысы                                                                                          М.Исламов

Орынд:Д.Мырқақожа

Тел.:8/72775/72122

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8962697
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
35723
0
105859
8844303
200698
187110
8962697

Сіздің ІР: 18.205.176.85
Қазір: 2019-11-22 05:26:36
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру