Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетІшкі саясатАқпарат 2015 жылда атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

2015 жылда атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

 

1.Кадр мәселелері

Ішкі саясат бөлімінде кадр саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары мен басқарманың қызметтік құзырына сай келетін қызметкерлерді таңдау принциптері бойынша жүргізілді. 

Бөлімнің штаттық саны 4 бірлікті құрайды. Бөлімнің құрылымына басшы және 2 бас маман, 1 жетекші маман кіреді.

Бөлімнің барлық қызметкері жоғары білімді, Бөлімнің штатында                      2 заңгер, 1 политолог, 1 экономист білімін алған мамандар жұмыс істейді. Ішкі саясат саласы қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтегі орташа көрсеткіші 5 жыл. Қызметкерлердің жасы 24 пен 31 жасты құрайды.

2.Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі

Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімінің 2015 жылға арналған жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауданда  қызмет атқаратын саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдар жөніндегі жинақтау базасы жаңартылды.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 1 саяси партияның аудандық филиалы мен  48 ҮЕҰ-дар қызмет атқаруда. 

2015 жылы аудан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау мақсатына 18,0 млн.тг. бөлініп, қаражат игерілді.

3.Бұқаралық ақпарат құралдары 

Еңбекшіқазақ ауданында бүгінгі күнгі мәліметке сәйкес 9 бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде 6 мерзімді апталық басылым,                                   1 ретронсляциялық телеарна және 1 радио және 1 баспа үйі жұмыс істейді.

Оның ішінде 1 БАҚ саяси-әлеуметтік тақырыптық бағыт бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асырды.

4.Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия

Аудан көлемінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің стандартқа сай орналасуы мен қолданылуын қамтамасыз етуде аудан әкімің жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі Комиссияның маңызы  ерекше екендігін атап өткен жөн.

Ағымдағы жылы комиссия төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес  бірқатар маңызды жұмыстар жүзеге асырылды.

Комиссияның тұрақты  түрде өткізілетін 4 отырысын өткізумен қатар, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдерінің жанынан арнайы жұмыс топтары құрылды. Аталған топтар 2016 жылдан бастап тиісті аумақта ақпараттық-насихаттық жұмыстарымен қатар, тұрғындардың ҚР Мемлекеттік рәміздер саласындағы сауаттылығын арттыруға өз үлестерін қосатын болады.

Сонымен қатар, 2015 жылы аудандық ішкі саясат бөлімінің тарапынан үкіметтік емес ұйымдардың арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау бағытында іс-шаралар топтамасын өткізу үшін арнайы 1 лот бойынша ашық конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаз қоғамдық бірлестікпен барлығы 30 іс-шара өткізілді.

Атап айтқанда, Есік қаласы мен ауылдық округтерде құрылған  жұмыс тобының мүшелеріне арналған арнайы шағын 26 семинар-тренинг пен кездесулер (520 адам), ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған 2 мәдени көпшілік іс-шара (750 адам) және  1 облыстық деңгейдегі қорытынды жиын (180 адам) өткізілді. Сонымен қатар 100 респондент қатысқан сауалнама жүргізілді.

            Ішкі саясат бөлімінің тарапынан әртүрлі деңгейдегі жалпы 13 шара, оның ішінде  7 семинар (800 адам), 3 дөңгелек үстел (84), 2 семинар – тренинг (200), 1 акция (100) ұйымдастырылды.

            Мемлекеттік рәміздердің алатын орнын насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 30 мақала, 2 видео репортаж жарияланып, аудан аумағында 1 баннер (жыл басынан 5) орнатылды, әрқайсысы 150 данадан тұратын 2 әдістемелік брошюра шығарылды.

Соның ішінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттауға бағытталған 272 ішкі көрнекі үгіт құралдары  (стенд) бар:

1) Мектептер -82

2) Балабақша -29

3) Колледждер -8

4) Денсаулық сақтау мекемелері-83

5) Мәдениет үйлері-17

6) Есік қаласы мен ауылдық округтер -26

7) Аудан әкімдігі -2

8) Өзге органдар (бөлім, басқарма, т.б.)-25

            Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздері күнін аудан аумағында атап өту мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп                   «ҚР Мемлекеттік рәміздері айлығына»  аудан көлеміндегі жалпы (81 мектеп) және орта арнаулы (8 колледж) білім беру мекемелерінде 100-ден аса ашық сабақтар, 107 тәрбие сабақтары, 15 кездесу, 56 салтанатты мерекелік кеш. Мектепке дейінгі дайындық орталықтары мен балабақшаларда (31) әртүрлі бағыттарда шығармашылық кештер мен сайыстар, патриоттық әндер байқауы, мұражайларда «Ашық есік» күндері, мәдениет үйлері мен кітапханаларда көрмелер мен кездесулер, салтанатты  мәдени іс-шаралар өткізілді.

            Есік қаласы мен ауылдық округтерде 26 қоғамдық көпшілік шаралар,              2 акция мен 4 кездесу, 7 «дөңгелек үстел», 4 спорттық жарыс ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар  барысында тікелей 3000-нан астам адам қамтылды.

            Сонымен қатар, 2015 жылдың 4 маусымында бірыңғай алгоритмді қамтамасыз ету мақсатында Астана уақыты бойынша сағат 11.00-де бір мезгілде  аудан аумағындағы барлық мемлекеттік мекемелердің қатысуымен Есік қаласында аудан әкімдігі (170 адам) мен орталық мерекелік алаңда (500), Шелек ауылы әкімі аппаратының мәжіліс залында (100) және мерекелік алаңда (400) адамның қатысуымен «Мемлекеттік Гимнді орындау» салтанаты өткізілді.

            Кең көлемде 12 округті қамтыған «Азат елдің ар-намысы – мемлекеттік рәміздері!» атты көпшілік-мәдени іс-шара аясында автошеру  (30 автокөлік) ұйымдастырылды.

            Сондай-ақ, «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Мемлекеттік рәміздердің орналастырылуын және стандартқа сай болуын бақылауда ұстау мақсатында аудандық прокуратура мен ішкі саясат бөлімінің тарапынан жыл басынан бастап 4 мониторинг жұмысы жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудандық прокуратураға ақпараттық ұсыныс жолданып, 10 мекеме басшысы тәртіптік жауапкершілікке және 2 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

           

            5.Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жүзеге асыру:

Еңбекшіқазақ ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы жылына екі рет өткізіледі, ағымдағы жылы комиссияның 2 кезекті отырысы өткізіліп,  2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар жүзеге асырылды.

Сонымен қатар аталған бағыттарда аудандық ішкі саясат бөлімінің жұмысын жетілдіру және халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құлақтандыру мақсатында ішкі саясат бөлімінің және комиссия мүшелерінің тарапынан әр түрлі тақырыптарда мақалалар жарияланып келеді. 2015 жылы әртүрлі тақырыптарда 17 мақала жарық көрді.Сондай-ақ, аудан аумағында 3 билборд орнатылып, 100 данадан 2 әдістемелік құралдар, сондай-ақ ақпарттық бюлетендер мен үнпарақтар таратылды. Жыл басынан бері ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен  «Правда о наркотиках», «Нашақорлық», «Салауатты мемлекет» атты тақырыптарда бейне фильмдер мен роликтер көрсетіліп келеді, 12  іс-шара өткізіліп, 2000-ға жуық адам қамтылды.Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар арасында 2 лот бойынша конкурс жарияланып, бұл бағытта Есік қаласы мен ауылдық округтарда 26 семинар-тренинг, 4 көпшілік іс-шара, 10 спорттық шара өткізілді.

Еңбекшіқазақ  ауданы бойынша  2015 жылдың 10 айы бойынша дәрігер наркологтың есебінде  барлығы 321 -  науқас  тұр.

6.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпараттық қолдау.

Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданындаҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауын түсiндiру және ақпараттық қолдау бiрнеше бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Олар:

лекторлық ақпараттық топтар;

саяси-қоғамдық iс-шаралар өткiзу;

ұйымдастыру-массалық жұмыстар;

көрнекi-визуалдық үгiт.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы:

Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданындаҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауын түсiндiру және насихаттау бiрнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар:

лекторлық ақпараттық топтар;

саяси-қоғамдық iс-шаралар өткiзу;

ұйымдастыру-массалық жұмыстар;

көрнекi-визуалдық үгiт.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2015 жылы төмендегідей бағытарда нақты жұмыстар жүргізілгендігін хабарлаймыз.

Бүгінгі таңда барлығы 134 кездесу ұйымдастырылып 4612 адам қамтылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы барлығы 7 сюжет, 134 материал жарық көрді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің 2015 жылдың 20 наурызындағы № 40-ө санды Өкіміне сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының ақпарат тобының құрамы жаңартылып қайта құрылды. Бүгінгі таңда аудан бойынша 1 аудандық және 26 ауылдық ақпарат тобы жұмыс жасайды, құрамында 82 мүше бар.

11 және 54 тармақтарға сәйкес Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің http://www.enbekshikazah.gov.kz/ ресми сайтының негізгі бетінде Елбасы                                      Н.Ә. Назарбаевтың  барлық Жолдауларының мәтіндері, шаралар жоспарлары мен олардың орындалу нәтижелері туралы ақпарат алу үшін арнайы ұяшықтар ашылған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен арнайы дайындалған республикалық http://strategy2050.kz/ сайтына сілтеме орнатылды.

12 тармақ бойынша  Жолдаудың  негізгі бағыттарын түсіндіру және оның орындалуы бойынша аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде аудан әкімінің, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің сұхбаттары жарияланды. Барлығы 32 мақала.

13 тармақнегізінде аудан аумағында тіркелген 48-ге жуық ҮЕҰ-дың 15-мен белсенді тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі. Олардың арасында Жолдаудың бағыттарын түсіндіру үшін 4 кездесу ұйымдастырылып, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде материалдар жарияланды.

Аудан аумағында ҮЕҰ-дың ОКҚ брифингтерінде Жолдаудың іске асырылу барысын түсіндіру бойынша сөз сөйлеушілерінің кестесін қалыптастыру және оның орындалуын қамтамасыз ету жандандырылуда.

2015 жылдың 11 айы бойынша аудандық ҮЕҰ-дың брифингтерінің ұйымдастырылмағандығын жеткіземіз.

16 тармақта көрсетілген негіздер бойынша аудан әкімінің бекітуімен БАҚ-та сөз сөйлеу мен түсіндіру іс-шараларына қатысу үшін құрылған спикерлер топтарының құрамына аудан әкімі орынбасарлары – 2, мәслихат хатшысы – 1, мәслихат депутаттары – 2 , жастар ұйымдары – 1, бөлім басшылары – 3, білім саласының қайраткерлері – 3, денсаулық – 2, кәсіпкер – 2, этно-мәдени бірлестіктер өкілдері – 5, үкіметтік емес ұйымдар – 3, ауылдық округ  әкімдері – 4 адам, белсенді жастар – 2, БАҚ өкілдері – 2, барлығы 30 адам қамтылды.

17 тармақ бойынша  Жолдауда белгіленген міндеттерді ескере отырып, «оқиғалар қатарын» қалыптастыру, олардың БАҚ-та ақпараттық сүйемелденуін және өзектілендірілуін  қамтамасыз ету жүйелендірілген.

Аудан аумағындағы Жолдау аясында жүзеге асырылған жұмыстар немесе іс-шаралардың барлығын маңызды оқиғалар ретінде аудандық «Еңбекшіқазақ» және «ЮиТ» апталық газеттерінде міндетті түрде жарияланып, ақпараттық материалдар бөлім тарапынан тұрақты мониторингтен өткізіліп отырады.

            18, 19 тармақ бойынша Жолдаудың негізгі бағыттарын жариялауға маманданған журналистер мен блогерлер тобын қалыптастырып, олардың жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмыстың жаңа әдістеріне, технологиялық тәсілдерге оқыту мәселесі аудандық деңгейде  аудан аумағында өткізілмеді.

20 тармақ негізінде аудан аумағындағы маңызды жаңадан салынған құрылыс объектілеріне республикалық «Қазақстан» және облыстық «Жетісу» арналары тарапынан пресс-тур ұйымдастырылып, түсірілімдер жүргізілді. 2015 жылдың 11 айы бойынша жалпы Жолдау аясында салынған объектілер мен аудан жетістіктері туралы баяндайтын 7 бейнесюжет көрсетілді.

23 тармақта көрсетілген Жолдау басымдықтарын қоғамның қабылдауы мен халықтың қолдануы деңгейінің әлеуметтанушылық диагностикасын, Жолдаудың іске асырылу барысы бойынша органдардың қызметінің нәтижесін бағалауды ұйымдастыру бойынша БАҚ-та жарияланды. Сауалнамаға жалпы әртүрлі нысаналы топтар таңдалынып, 200 қатыстырылды.

25 тармақ. Жолдудың негізгі ережелерін талқылау бойынша Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан орта арнаулы оқу орындарының оқытушы құрамдарының, үкіметтік емес және этно-мәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының қатысуымен 2015 жылдың 11 айы бойынша ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен барлығы 5 іс-шара, оның ішінде 3 «дөңгелек үстел», 1 семинар, 1 кездесу ұйымдастырылып 320 адам қамтылды.

            27 тармақ. Жолдаудың негізгі басымдықтары бойынша ақпараттық 50 дана (А3 форматтағы) жапсырмалар, 200 дана Жолдаудың орысша  және қазақша мәтіні бар ақпараттық материалдар, сондай-ақ  http://strategy2050.kz ресурстық сайтынан алынған ақпараттар мен инфографикалар негізінде 50 дана әдістемелік кітапшалар жасалынып БАҚ  өкілдеріне және аудандық бөлімдер мен ауылдық округтерге үлестірілді.

            28 – 33  тармақтар  бойынша көліктік-логистикалық, индустриалдық, энергетикалық, ТКҚ және су- жылумен қамту желісі инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту,  әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік органдар қызметін жария көрсетуді ұйымдастыру бойынша Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің http://www.enbekshikazah.gov.kz/ ресми сайтында тоқсан сайын ақпараттар жеке салалар бойынша жауапты мемлекеттік органдар тарапынан жаңартылып мемлекеттік және орыс тілдерінде беріліп отырады.

            Ал  аудандық БАҚ-да ақпараттық материалдар тек 3 рет сұхбат ретінде жарияланды.

41 тармақаясында Жолдаудың басты бағыттары мен оның іске асырылуы барысын қамтитын деректі бейнефильмдер әзірленбегендігін жеткіземіз.

42 тармақтабекітілген Жолдау бағыттары бойынша іргелі талдамалық мақалалардың көшіріліп басылуы аудандық БАҚ-тарда жүзеге асырылмады. Мақалалардың  қайта басылып шығуы Жолдауда Елбасы атап өткен Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясындағы  мерекелік даталарға байланысты сипатта жүзеге асырылды.

Аталған бағытта «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған 10 мақала аудандық «Еңбекшіқазақ» апталық газетінде жарық көрді.

44-тармақ. Республикалық және өңірлік телеарналарда Жолдаудың іске асырылу барысын талқылау үшін ток-шоулар мен арнайы бағдарламалар шеңберлерінде аудан аумағынан өкілдердің қатысуы болған жоқ.

58-тармақ бойынша Жолдау идеяларын түсіндіру мен іске асырылуы барысы  жөніндегі аудан аумағында орналастырылған көрнекілік –үгіт құралдары:          

1) Мемлекеттік сипаттағы орнатылған 3х6 көлемдегі баннерлер саны – 29.

2) Жеке меншік жарнамалар түрінде банерлер орнатылған құрылғылар – 4.            Бос тұрған қондырғылар: 9 (Есік қаласында -5, Жаңашар -1,Түрген -1,Бәйдібек би -1,Көктөбе -1).

            Пано  түріндегі ақпарттық құрылғылар: 9 (3құрылғы бос)

            3) Аспалы қондырғылар түрінде орнатылған үгіт құралдары саны : 5

( Есік қаласы – 3 құрылғы – 6 аспа. Ташкенсаз – 1 құрылғы – бос ;   Шелек – 1 құрылғы – 1 аспа).

            Жолдауды насихаттауға бағытталған  стенділер (сыртқы)  - 3

1. Есік қаласы, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі.

2. Түрген ауылы, ауылдық округ әкімі аппараты.

3. Қаражота ауылы, ауылдық округ әкімі аппараты.

            Бос стенділер: 2 (Есік қаласы, аудан әкімдігі, Шелек ауылы, ауылдық округ әкімі аппараты).

             Жолдауды ақпараттандыруға арналған сити–формат (қалалық формат) түріндегі құрылғылар саны: 3 (Бәйтерек, Малыбай, Бартоғай ауылы - Қазақстан -2050: Мәгілік ел» ).

Сондай –ақ аудан аумағындағы барлық орта арнаулы (колледж) және жалпы оқу орындарында, балабақшаларда арнайы ақпараттық қабырға құралдары мен плакаттары, стенділер орнатылған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпарттық қолдау мақсатында ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған  іс-шаралар жоспары бекітілді.

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында аудан активінің (200 адам) қатысуымен жиын өткізіліп, аудан әкімінің тарапынан тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, 21-25 желтоқсан аралығын қамтыған аудындық арнайы округтерге шығу кестесі бекітіліп, ақпарат топтарымен кездесулер ұйымдастырылуда.

Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында Жолдау аясында жалпы 27 материал, қосымша инфографикалар жарық көрді.

 Бүгінгі таңда аудан бойынша 1 аудандық және 26 ауылдық округтердің деңгейіндегі ақпарат топ жұмыс жасайды, құрамында 82 мүше бар.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің http://www.enbekshikazah.gov.kz/ ресми сайтының негізгі бетінде ЕлбасыН.Ә. Назарбаевтың  барлық Жолдауларының мәтіндері орналастырылды.

Сондай-ақ, арнайы дайындалған республикалық http://strategy2050.kz/ сайтына сілтеме орнатылды.

Жолдаудың  негізгі бағыттарын түсіндіру және оның орындалуы бойынша арнайы медиа-жоспар бектілді. Барлығы 2016 жылдың соңына деййін кең ауқымды ақпараттық 10 мақала жарияланатын болады (жоспардан тыс ағымдық мақалалар мен материалдарды қоспағанда).

Аудан әкімінің бекітуімен БАҚ-та сөз сөйлеу мен түсіндіру іс-шараларына қатысу үшін құрылған спикерлер топтарының құрамына аудан әкімі орынбасарлары – 2, мәслихат хатшысы – 1, мәслихат депутаттары – 2 , жастар ұйымдары – 1, бөлім басшылары – 3, білім саласының қайраткерлері – 3, денсаулық – 2, кәсіпкер – 2, этно-мәдени бірлестіктер өкілдері – 5, үкіметтік емес ұйымдар – 3, ауылдық округ  әкімдері – 4 адам, белсенді жастар – 2, БАҚ өкілдері – 2, барлығы 30 адам қамтылды.

Жолдаудың ақпараттық қолдау бойынша 2015 жылдың желтоқсан айында ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Қаракемер ауылында                       1 іс-шараұйымдастырылып 175 адам қамтылды.

            27 тармақ. Жолдаудың негізгі басымдықтары бойынша ақпараттық инфографикалар негізінде шығарылған үнпарақтар жиынтығы жасалынып аудандық БАҚ  өкілдеріне және аудандық бөлімдер мен ауылдық округтерге үлестірілді.

            Жолдаудың басты бағыттары мен оның іске асырылуы барысын қамтитын шағын бейне роликтер мен Елбасы Жолдауының толық нұсқасы алынып, тартылуда.

Бүгінгі таңда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпараттық қолдау мақсатында аудан әкімдігінің ғимаратының  ішінде 2 дана, сыртқы құрылғыларда 2 дана, жалпы 4 баннер ортылды.

Жалпы Жолдау идеяларын түсіндіру мен іске асырылуы барысы  жөніндегі аудан аумағында орналастырылған көрнекілік –үгіт құралдары төмендегідей:

1) Баннерлер саны 29.

2) Аспалар:7

3) Пано:6

            4) Стенділер (сыртқы)  - 3

            5) Өзге құрылғылар: 3.

Сондай –ақ , аудан аумағындағы барлық орта арнаулы (колледж) және жалпы оқу орындарында, балабақшаларда арнайы ақпараттық қабырға құралдары мен плакаттары, стенділер орнатылған.

7.Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия бойынша

            Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы «Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» № 1677 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» № 56 Жарлығын іске асыру мақсатында жергілікті әкімдердің жанында  әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар құрылған.

Бұл тұрғыдан әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы комиссияның жоспары бекітіліп, комиссия өз жұмысын қатаң жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

Комиссияның бүгінгі таңда тұрақты  4 отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып шешімін тапты. Есік қаласы мен ауылдық округтердің әкімдерінің жанынан арнайы ақпараттық жұмыс топтары құрылды.

Сонымен қатар бүгінгі таңда Есік қаласы мен селолық округтерде әйелдер кеңестерін қайта құрып жұмыстарын жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қазіргі кезде 26 жергілікті және 1 аудандық әйелдер кеңесі жұмыс жасайды.

2015 жылы аудандық ішкі саясат бөлімінің тарапынан үкіметтік емес ұйымдардың арасында Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы аясында әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат пен отбасылық құндылықтарды мен тәрбиенің рөлін арттыру,  әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын азаматтарға ақпараттық-құқықтық қолдау көрсету мақсатында арнайы 3 лот  (3 950 000 – үш миллион тоғыз жүз елу мың) бойынша ашық конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаз қоғамдық бірлестіктермен барлығы 48 іс-шара өткізілді.

Жыл басынан бері аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында гендерлік мәселе бойынша әртүрлі бағыттардағы 80 ақпараттық мақала және «Иссык» газетінде жастарға, «ЮиТ» газетінде отбасылық оқиғаларға арналған арнайы айдарлар жарияланып келеді.

Аудан аумағында бүгінгі таңда 1 отбасы құндылықтарына арналған ақпараттық баннер ілінген (жыл басынан 4).

Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің тарапынан әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты насихаттауға бағытталған                            15 аудандық (ішкі саясат бөлімі) және 100-ден астам әр түрлі тақырыптардағы округтер деңгейіндегі  іс-шаралар өткізіліп 20 000-мыңға жуық адам қамтылды.

Халықаралық әйелдер, Халықаралық отбасы, Балаларды қорғау Халықаралық жастар, Қарттар күндеріне арналған кешенді мерекелік іс-шаралар жоспары әзірленіп, аудан және Есік қаласы мен ауылдық округтер деңгейінде әр түрлі бағыттарда жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, «Көктем ханшайымы», Есік қаласы мен селолық округтерде «Қазақтың келіндері-ай 2015», «Еңбекшіқазақ аруы -2015» сайысының іріктеу кезеңдері, наурыз айының 12 жұлдызында аудандық деңгейдегі «Еңбекшіқазақ аруы -2015» және «Нәзік жанды, достық аруы -2015» атты сайыстар өткізілді.  «Мерейлі отбасы» Ұлттық отбасының аудандық іріктеу кезеңі өткізілді.шара барсында 12 өтініш түсіп, тиісті құжаттары тапсырылған 7 отбасы салтанатты жиынға қатысты.

2013 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп бекітілген болатын. Осыған орай  аудан  әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия  тарапынан «ШАҢЫРАҒЫ БИІК, ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ» атты салтанатты жиын өтті. Шара барысында ұйымдастырушылар тарапынан ауданымыздың 10 өнегелі отбасына арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырылып, Райымбек батыр атындағы орта мектептің көпбалалы және патронаттық отбасыларынан шыққан 10 оқушысына азық-түлік себеттері табыс етілді.

2015 жылы ішкі саясат бөлімі мен аудандық үкіметтік емес ұйымдардың тарапынан әлжуаз, мүмкіндігі шектеулі,әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, ҰОС ардагерлері қамтылған барлығы 510-ға жуық адамға көмек көрсетілді.

Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тарапынан 2015 жылдың 01 қазанына орташа табысы кедейшілік шегінен төмен болған құрамында 1130 адамы бар 230 отбасына  32731,5 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, ал орташа табысы азық–түлік себетінен төмен құрамында 7266 бала бар 2266 отбасына  106472,1 мың теңге балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып төленді. Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен 1836 отбасыға тұрғын үй көмегін көрсету үшін 72541,0  мың теңге төленді.

Аудан аумағында орналасқан мекемелер мен ұйымдар басшыларының, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының, ауыл тұрғындарының демеушілігімен 2015 жылдың 9-айында жылында  4530  ҰОС-ң ардагарлері мен мүгедектеріне, тұрмысы төмен балалы отбасыларына, тыл еңбеккерлеріне, жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және де туберкулез індетімен ауыратын аудан тұрғындарына  13658,0 мың теңге, көлемінде қайырымдылық көмек  түрлері  көрсетілді.

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 193 мүгедек баланың ата-анасына жергілікті бюджеттен 4935,5 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

2015 жылдың 9-айында туберкулез індетімен ауыратын адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында әр-бір адамға 5000 теңгеден әлеуметтік пакет құны, барлығы 226 адамға 5585,0 мың теңге әлеуметтік пакет құны төленді.

Жыл басынан 34 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер көрсету барысында  1165,4 мың теңге төленді.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторлық-курорттық емделуге «Жаркент Арасан», «Ару ана»  республикалық пансионаттарында емделуге  189  жолдама берілді.

Жыл басынан жеке оңалту бағдарламасы бойынша 165 мүгедекке ортопедиялық бұйымдар заводына жолдама, 56 мүгедекке қол арба, 31 мүгедекке суродтехникалық, 21 мүгедекке тифлотехникалық құралдар, 315 мүгедекке 9900,0 мың теңгенің тазалық (гигиеналық) құралдары берілді.

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында 33 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 8300,0 мың теңге, 2- ҰОС-да қаза болғандардың жесірлері мен узниктерге 200,0 мың теңге, 2384 тыл еңбеккерлері мен  69 ҰОС-ң ардагерлерінің жесірлеріне 61500,0 мың теңге,  1941-1945 жылдары майданда қаза болғандардың жерленген жеріне барып-қайтуға 2 адамға 275,5 мың теңге, 207 Ауған соғысының ардагерлері  мен 3 ауған соғысынан қаза болғандардың отбасыларына 5100,0 мың теңге, 69 Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтарға 1800,0 мың теңге біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Қазіргі ең басты мәселенің бірі - жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мәселесі. Қорғаншы/қамқоршы бөлімінде барлық баланың саны- 309, соның ішінде қамқоршылықта -176 бала, қорғаншылықта – 134 бала. Қорғаншыдағы жетім балалар -61, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар  (ары қарай ААҚҚ) -115, қамқоршыдағы жетім балалар -50, ААҚҚ -83,  Потронаттық тәрбиеде-26 бала оның ішінде: жетім бала-5, ААҚҚ-21, Есеновтар отбасылық үйінде-13 бала оның ішінде: жетім бала-2,ААҚҚ-11.

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі бала еңбегінің ең нашар түрлері, оның ауқымы мен сипттары, қоғам мен  балаға тигізетін салдары туралы балалар мен ересектерді ақпараттандыру мақсатында тұрақты түрде іс – шаралар мен  жұмыстар жүргізуде. Мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтары мен мектептің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары бірлесе отырып «Балалардың еріксіз еңбегін болдырмау және  алдын алу»  тақырыптарында ата-аналар жиналысын, «Бала еңбегін пайдалануды жою», «Незаконный детский труд в мире», «Отбасындағы бала еңбегін бағалау»  тақырыптарында дөңгелек үстелдер, «Бала еңбегі бала үшін емес!», «Әлем – бала еңбегіне қарсы!» атты тренингтер ұйымдастырып, өткізді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру «Бала еңбегінің ең нашар түрлері»,  «За прекрашение самых тяжелых видов детского труда» тақырыптарында дәрістер оқылып, «Аудандағы жасөспірімдердің қылмыстық жағдайлары мен балалар еңбегінің алдын алу және ескерту мәселелері бойынша» бағытында баяндамалар тыңдалып, сауалнама жүргізілді. Шараларға мектеп оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар қатысып барлығы 17 000-нан астам  адам қамтылды.

Еңбекшіқазақ ауданында 32 үкіметтік емес ұйым, 8 этномәдени бірлестік, 6 бұқаралық ақпарат құралы, 1 саяси партия филиалы қызметтерін атқаруда.

Бұл тұрғыдан ішкі саясат бөлімімен тығыз байланыста және аудан аумағында белсенді жұмыс жасайтын 20 үкіметтік емес ұйым бар. Оның ішінде тікелей гендерлік теңдік стратегиясы аясында қызмет көрсететін 3 аудандық, атап айтқанда «Ақ Жүніс» қоғамдық бірлестігі, «Еңбекшіқазақ ауданының әйелдер одағы» қоғамдық қоры және «Інтізар» дағдарыс орталығы қоғамдық қоры жұмыс жасайды.

2015 жылы «Халықарлық экологиялық шығыс әйелдерінің ассоциациясы» Жапонияның Қазақстандағы елшілігі арқылы дағдарыс орталығының ғимаратының құрылысын салуға арналған 13 527 750 теңге көлеміндегі грант ұтып алды. Қазіргі таңда орталықтың құрылысы қарқынды жүргізілу үстінде.

8.Аудан әкімдігінің жанынан құрылған Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құрамы:

Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің құрамы аудан әкімдігінің                 2014 жылдың 10 сәуіріндегі № 496 қаулысымен және аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілді. Кеңес құрамына аудандық басқарма,  бөлім, мекеме басшыларымен қатар, ауданның және ауыл имамдары, БАҚ өкілдері енгізілген. 

Аудандық ішкі саясат бөлімінің бақылауындағы «Дiни бiрлестiкпен байланыс жөніндегі кеңестің» отырыстары жылына төрт рет, яғни тоқсанына бір рет өткізіліп келеді.

2015 жылыдың 12 айы бойынша 4 отырыс өткізілді және әрбір отырыста аудандық ішкі саясат бөлімі мен кеңес мүшелерінің ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу кезіндегі оң тәжіриебесін тарату және олардың қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру және қызмет көрсету деңгейін жоғарылату мақсатында белгілі бір кезеңде атқарған жұмыстарының қорытындысы жөніндегі есептерін жоспарлы негізде тыңдау жүзеге асырылады.

Діни  бірлестіктерге  талдау,  зерделеу: 

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын орындау барысында ауданда діни бірлестіктерге талдау, зерделеу жұмыстары қолға алынған.

            Зерделеу нәтижесінде ауданымыздағы барлық діни бірлестіктердің саны - 87, оның ішінде мұсылмандық бағытында – 62, протестанттық бағытында - 14, проваславтық бағытында - 7, католиктік бағытында – 4 діни бірлестіктер орналасқан.

БАҚ беттерінде және көрнекі-үгіт құралдары бойынша:

Аудандық ішкі саясат бөлімінің тарапынан Қазақстанға дәстүрлі рухани-өнегелі құндылықтарды, сондай-ақ Қазақстан халқының ұлттық дәстүрі мен салтына тән тағаттықты және гуманизмді, құқық бұзушылықтарға «нөлдік» шыдамдылық сезімін қалыптастыруды, елдің одан ары дамуы үшін әлеуметтік жауапкершілікті насихаттауға бағытталған арнайы медиа-жоспар бекітіліп, аталған жоспарға сәйкес бүгінгі таңда ішкі саясат бөлімі мен ақпараттық-насихаттау тобы мен дііни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мүшелерінің тарапынан әр түрлі тақырыптарда мақалалар жарияланып келеді.

Мысалы, жыл басынан есептегенде «Экстремизм-қоғамның тұтастығын бұзатын әрекет», «Санаңды сақта жас ұрпақ»,                                              «В чем заключается опасность секты «Свидетелей иеговы»,                              «Ислам-терроризмге қарсы», «Секты и молодежь: угроза экстремизма»,                 «Теріс түсініктерге тиым», «Религия и общество»  «Шырмауыққа шырмалған», «Отанды сүю иманнан», «Сектаға қалай тартады», «Қазақстан-зайырлы мемлекет», «Дін-тәрбие құралы», «Сенім телефоны»,                          «Секта – адасу жолы», «Наемничество-серьезное преступление», «Мәзһабсыздық- адасушылыққа бастар жол», «Адасқанның алды жар»                және т.б  тақырыптарда  80-ге жуық мақалалар жарық көрді.

Аудан аумағы бойынша тұрғындарға діни қатынастар саласында консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету жөніндегі 114 үш санды «Қауырт желі» сонымен қатар «Сенім телефоны» қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету мақсатында жергілікті тұрғындар арасында таралуын жүзеге асыруға байланысты жұмыстар жүргізілген болатын. Осыған орай нысандар басшыларына барлық мән-жай түсіндіріліп, халықты ақпараттандыру маңыздылығы ескертілді. Сондай-ақ аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде айына бір рет жарияланып отырылады. Сондай-ақ  аудан аумағында дін тақырыбында 4 – көрнекі –үгіт құралы  ілінген.

Дәстүрлі емес діни ұйымдар:

Қазіргі таңда, аудан төңерегінде ислам дініндегі қоғамға жат, теріс ағымдарды ұстанып жүрген адамдар бақылауға алынған.

Атап айтсақ, аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитетімен  бірлесе жұмыс жүргізудің нәтижесінде «Сәләфиттік» ағымда жүрген – бірнеше  азаматтар анықталды, олармен жан-жақты жұмыстар жүргізілуі үстінде. Сондай-ақ, аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан бұл адамдарға сырттай бақылау жүргізіліп отыр. Діни экстремизм және терроризм идеяларын насихаттайтын материалдарды анықтау мәніне мониторингті, соның ішінде құқыққа қайшы контентті анықтау жөніндегі жұмыстар да жүргізілуде.

Діни әдебиеттер:

            Аудан бойынша діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты қызмет ететін, үй-жайлар анықталған. Олар Есік қаласы Алтын адам көшесіндегі «Солнечный» дүкені, Шелек ауылы, Абай көшесі №134 үй, «Ақжол» дүкенінде орналастырылған.

Интернет ресурстар:

Интернет ресурстар мен басқа ақпараттық сайттарда дааудандық ішкі саясат бөлімінің  интернет кеңістігінде ақпараттық жұмыстар жүргізу мақсатында «Facebook.com» әлеуметтік желісінде «Еңбекшіқазақ ауданы» атты қоғамдастық ашылып, жүйелі түрде жұмыстар атқарып келеді. Осыған байланысты аудан бойынша діни мәселелерді түсіндіру мақсатында құрылған аудандық ақпарат-насихат тобы мен Есік қаласы мен ауылдық округтердің өткізген іс-шаралары  тұрақты түрде жарияланып отырылады.

Миссионерлер  туралы:

2015 жылдан бастап миссионерлік қызметпен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы бойынша  2 азамат тіркелген. Атап айтқанда, (Литва мемлекетінің азаматы КаститисШульчус) және (Италия мемлекетінің азаматы  Ливио Лодиджани).  Осыған орай жоғарыда аталған азаматтар 2016 жылдың қаңтар айына дейін  аудан аумағында миссионерлік қызметпен айналысатын тұлғалар қатарына жатады. Дегенмен,аталған миссионерлердің қызметтеріне үнемі бақылау жүргізіліп отырылады.

Шет елдерде  оқитын  азаматтар:

Шетелде теологиялық оқу орнында  білім алып жүрген  азаматтардың тізімін  жаңартуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп отырады. Қазіргі кезде облыстық дін істері басқармасы мен аудандық ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданнан кеткен шетелде оқып жатқан студенттердің саны 10 екендігі анықталды. Аталған студенттердің   5-еуі Туркияда, 4-еуі  Египетте, 1-еуі Иордания мемлекетінде білім алуда. Бұл азаматтар Бәйтерек, Рахат, Тескенсу, Түрген, Шелек  ауылдық  округтерінде тіркелген.

Шет елде оқитын азаматтарға байланысты жұмыстарды жандандыру мақсатында  айына 1 рет  олардың ата-аналарымен тұрақты түрде кездесу ұйымдастырылып,сұхбат жүргізіліп келеді.

Қор бойынша:

Мұсылмандық бағыттағы дәстүрлі діни бірлестіктердің  негізін нығайту және мешіттердегі имамдардың жұмысын жетілдіру, тұрақтандыру мақсатында 2014 жылдың 22 шілдесінде «Үлес – сауап» қоғамдық қайырымдылық қоры құрылып, облыстық әділет басқармасынан құжаттары тіркеуден өтіп, қаржыландыру жұмыстары қолға алынған. Қазіргі таңда қор арқылы Еңбекшіқазақ ауданындағы мешіт имамдарының бірқатарына жалақы беріліп келеді.

Атқарылған іс-шаралар:

 Радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар, әсіресе жастар арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі кең ауқымда жүзеге асырылуда.  

Мәселен, ақпараттық-насихаттау жұмыстарының қызметтерін үйлестіру бойынша аудан төңірегінде облыстық дін істері басқармасының өкілдерінің қатысуымен 3 семинар, 1 кездесу өткізіліп, барлығы 800-ге жуық адам қамтылды. Ал, аудандық деңгейде 1 семинар-тренинг, 6 семинар,                       1 кездесу ұйымдастырылып, 1500-ге жуық адам, сондай-ақ 4 кездесу жәнеаудандық прокуратурамен ортақ «Шырмауық», «Радикализм – біздің жол емес» атты діни экстремизм мен терроризм тақырыптарында дайындалған арнайы бейнефильмдер көрсетіліп, баяндамалар оқылып жалпы 550-ге жуық адам қатысты.

Аталған бағытта ағымдағы жылы ішкі саясат бөлімінің тарапынан үкіметтік емес ұйымдар арасында «діни экстремизмнің зардаптары және радикалдық сипаттағы діни ағымдардың әрекеттері мен олардың қоғамға қауіптілігін түсіндіру мақсатында» 1 лот бойынша конкурс өткізілді.

Осыған орай, «Студенттермен және оқушы жастармен жұмыс» жүргізу мақсатында Жетісу заң колледжінде  «Жат ағымнан аулақ жүру» тақырыбында семинар (250 жас), Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында «Санаңды сақта – жас ұрпақ» атты жалпы және арнаулы орта білім беру мекемелерінің жастарымен семинар (250 жас),  «Жастардың дінге көзқарасы»тақырыбында семинар (250 жас), Жұмыссыз және бос жүрген жастармен жұмыс жүргізуде  Есік қаласы, Райымбек атындағы орта мектебінде  «Ислам – ынтымақ діні» тақырыбында дөңгелек үстел (50 оқушы), Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің мәжіліс залында «Діннің қоғамдағы алатын орны және маңызы» атты тақырыпта семинар (Есік қаласының колледж студенттері 300-ге жуық жас), Еңбек ұжымдарымен Есік қаласының Райымбек орта мектебінде «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында семинар (100-ге жуық мұғалім), Мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен жұмыс жүргізу мақсатында аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Ислам – терроризмге қарсы»тақырыбында конференциясы (100-ге жуық Есік қаласы мен ауылдық округ әкімі  аппаратының қызметкерлері), Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар» тақырыбында семинар (100-ге жуық құқық қорғау органдарының қызметкерлері) өткізілді.  

Бүгінгі таңда аталған лот бойынша 6 семинар, 1 конференция,                           1 дөңгелек үстел ұйымдастырылып,  аудан бойынша 2000-ға жуық адам қамтылды. Бүгінгі күнге дейін жоғарыда аталған іс-шараларға жалпы                     5000-ға жуық халықтың қатысуы жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы                   іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны  іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 113 тармағына сәйкес аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы күрес аппаратының тарапынан аудан бойынша террористік тұрғыдан терроризмге қарсы осал обьектілердің тізімдері жасалған.

Сараптамалық жұмыстар көрсетіп отырғандай, ауданда терроризмге осал 124 нысан анықталған. Олардың ішінде аудандық ішкі саясат бөлімінің бақылауында тұрған 19 мешіттің әр қайсысының құжаттары облыстық ішкі істер департаментімен келісіліп, өткізілді.

Осыған орай бүгінгі таңда  аталған нысандардың басшыларымен байланыс орнатылған және терроризм амалдары жөнінде мағлұматтар беріліп отыр.

Қорытындыла келе, аталған бағыттарда бүгінгі таңда барынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Аудан көлемінде  діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау және жастарды жат діни ағымдардан сақтандыру, сауықтыру шаралары үнемі күн тәртібінде ұсталып келеді.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8524782
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
26237
0
119187
8393060
202116
254380
8524782

Сіздің ІР: 18.206.16.123
Қазір: 2019-09-20 22:41:47
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру