Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЕсік қаласы және ауылдық (селолық) округтері әкімдерін сайлауНегізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарыЕңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының № 3 шешімі

Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының № 3 шешімі

Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының
№ 3 шешімі
2019 жылғы 14 қазан
Еңбекшіқазақ ауданының
Саймасай және Қырбалтабай
ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауын
тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Заңына  сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясы
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай және Қырбалтабай ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауы 2019 жылғы 25 қарашасына тағайындалсын.
2 Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай және Қырбалтабай ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Б.Жексембиев
 
 
 
Еңбекшіқазақ аудандық сайлау
комиссиясының 2019 жылғы
14 қазандағы № 3 шешімімен
бекітілді
2019 жылғы 25 қарашасына тағайындалған Алматы облысының
Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай және Қырбалтабай ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауына дайындық пен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспары
1 Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жергілікті бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.
Аудандық сайлау комиссиясы.
2019 жылғы 21 қазан
(Заңның 36-1 бабы 3-тармақ)
2 Бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті Еңбекшіқазақ аудандық сайлау
комиссиясының құрамын жариялау.
Аудандық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан
кейін 7 күннен кешіктірмей. 2019 жылғы 21 қазан
(Заңның 13 бабы 4-тармақ, Заңның 36-1 бабы 2-тармақ 1,7)
тармақша)
3 Әкімдікке кандидаттарды балама негізде аудандық сайлау комиссиясына аудан
әкімінің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің
аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы
өтініштерді беруі арқылы ұсыну.
Аудан әкімі. Сайлау күнінен 30 күн бұрын – 2019 жылдың
26 қазанынан және сайлау күніне 25 күн қалғанда – 2019
жылғы 31 қазанында аяқталады.
(Заңның 36 бабы 1 тармақ, 36-1 бабы 3-тармақ 2,5 абзац)
4 Таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте
ілу.
Аудандық мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша аудандық
сайлау комиссиясы. Дауыс беру күніне 7 күн қалғанда – 2019
жылғы 18 қараша.
(Заңның 26 бабы 1-тармақ, Заңның 36-1 бабы 2-тармақ 1,7)
тармақша, 10-тармақ 5 абзац)
5 Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 3-
тармағында және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары,
ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары
әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінде қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау,
тиісті хаттама жасау.
Аудандық сайлау комиссиясы. Үш күннің ішінде.
(Заңның 117 бабы 9-тармақ, Заңның 36 бабы 1 тармақ, 36-1
бабы 3-тармақ 7 абзац)
6 Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2019 жылғы бірінші қазанға
табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.
Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).
Кандидат тіркелгенге дейін.
(Заңның 36-1 бабы 3-тармақ 8 абзац)
7 Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру.
Аудандық сайлау комиссиясы. Барлық қажетті құжаттар
алынғаннан кейін басталады және дауыс беретін күнге 15 күн
қалғанда – 2019 жылдың 10 қарашасында аяқталады.
(Заңның 36-1 бабы 4,6-тармақ)
8 Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілмен
кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау.
Аудандық сайлау комиссиясы. Кандидаттар тіркелгеннен
кейін 7-ші күннен кешіктірмей.
(Заңның 36-1 бабы 5-тармақ 1) тармақша)
9 Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкі туралы
мәліметтердің дұрыстығын тексеру.
Салық қызметі органдары.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияны тапсырған
күннен бастап 7 күннің ішінде.
(Заңның 36-1 бабы 3-тармақ 9 абзац)
10 Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті
куәліктер беру.
Аудандық сайлау комиссиясы.
Сенім білдірілген адамдардың тізімдерін тіркеу үшін берген
сәттен бастап.
(Заңның 36-1 бабы 2-тармақ 2) тармақша,7-тармақ 6,7 абзац)
11 Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулері үшін шарт негізінде үй-жайлар
беру.
Кандидаттардың бөлінген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау
және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Аудандық сайлау комиссиясы.
Аудан әкімі аппараты.
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде – 2019 жылғы 10
қарашасынан 23 қараша күні сағат 24.00-ге дейін.
(Заңның 28- бабы, Заңның 36-1 бабы 2-тармақ 1,7) тармақша)
12 Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.
Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.
Кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен басталады және
сайлау күнiнiң алдындағы күнi жергілiктi уақыт бойынша 24
сағатта аяқталады – 2019 жылғы 10 қарашасынан 23
қараша күні сағат 24.00-ге дейін.
(Заңның 27-бабы, Заңның 36-1 бабы 7-тармақ)
13 Аудандық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.
Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.
Кандидаттың тиісті аумақтық сайлау комиссияларына өтініш
жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күннің ішінде.
(Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының
19.08.2010 ж. № 7/8 қаулысы, Заңның 36-1 бабы 2-тармақ 1,7)
тармақша)
14 Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.
Аудандық сайлау комиссиясы.
Кандидат тіркелгеннен кейін.
(Заңның 36-1 бабы 2-тармақ 1,7) тармақша)
15 Дауыс беруге арналған пунктті ашу, тиісті хаттама жасау.
Аудандық сайлау комиссиясы.
Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.
(Заңның 36-1 бабы 10-тармақ)
16 Әкімнің сайлауын өткізу. Әкімді сайлау жөніндегі дауыстарды санау және
дауыс беру нәтижелерін жария ету, әкімді сайлау нәтижелері туралы хаттама
жасау.
Аудандық сайлау комиссиясы.
Бір күннің ішінде - 2019 жылғы 25 қараша
(Заңның 36-1 бабы 9,10-тармақ)
17 Сайланған әкімді тіркеу. Шешімді жоғары тұрған әкімге және тиісті мәслихатқа
ұсыну.
Аудандық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен
бастап бес күндік мерзімде – 2019 жылғы 30 қарашадан
кешіктірмей.
(Заңның 36-1 бабы 11-тармақ)
18 Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аудандық сайлау
комиссиясына есеп беруі.
Әкімдікке кандидаттар.
Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін 5 күннен
кешіктірмей - 2019 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей.
(Заңның 36-1 бабы 11-тармақ)
19 Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және
сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жариялау.
Аудандық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап 4 күннен кешіктірмей –
2019 жылғы 29 қарашадан кешіктірмей.
(Заңның 36-1 бабы 11-тармақ, 2 тармақ 1,7) тармақша)
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының және Қазақстан
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» Заңына сілтемелер жасалынады.
 
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8898885
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
42047
0
42047
8749464
136886
187110
8898885

Сіздің ІР: 35.175.180.108
Қазір: 2019-11-15 01:27:19
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру