Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ават ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша келесі үміткерлерді тіркегенін хабарлайды:
2017 жылдың 15 ақпаны – Ават ауылдық округінің әкімін сайлау
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босатудың қағидаларының 22 тармағына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ават ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша келесі үміткерлерді тіркегенін хабарлайды.
Байтұлақов Асыл Байтұлақұлы, 21.03.1955 жылы туылған, Жаңашар ауылдық округінің әкімі, Тіркелген мекен-жайы: Қаракемер ауылы, Абай көшесі, 41/2. |
Жолдыбаев Ахмет Арыстанбекұлы, 03.02.1956 жылы туылған, Рахат ауылдық округінің әкімі, Тіркелген мекен-жайы: Талғар қаласы, Декабристов көшесі, 4 А. |
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы М.Мейрамқұлов