Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЭкономикаАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының корытындыларыЕңбекшіқазақ ауданының 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы акпарат

Еңбекшіқазақ ауданының 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы акпарат

                               АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2018 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің
көлемі 103 млрд. 847 млн. теңгеге жетті (99 млрд.827 млн.теңге). Бұл
көрсеткіш 2017 жылға қарағанда 4 млрд.20 млн. теңгеге өскен (өсім 104
пайыз).
Мал басы саны: ірі қара – 90 646 бас, жылқы – 20 320 бас, қой мен ешкі
– 254 228 бас, түйе - 99 бас, шошқа – 8 230 бас, құс – 1 611 мың басты
құрайды.
Мал шаруашылығында өндірілген сүт көлемі 136 253 тонна, алынған
жұмыртқа 43 млн. 398 мың дана, мал мен құс етін өндіру 37 701 тоннаға
орындалды.
2018 жылы ауданның ауылшаруашылық құрылымдарына қолдау
көрсету мақсатында 2 млрд. 300 млн.теңге көлемінде бюджеттік қаржы
бөлінді.
2018 жылы 1295 гектар алма бақ отырғызылды, оның ішінде 568 гектар
интенсивті бақ.
                                       ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп саласы да оң динамиканы көрсетуде. 2018 жылы ауданның
кәсіпорындары 37 млрд. 353 млн. теңгеге өнім өндірді, бұл 2017 жылға
қарағанда 5 млрд. 586 млн. теңгеге өскен (өсім 117,6 пайыз).
2018 жылы ауданда бірқатар кәсіпорындар іске қосылды:
1) Шелек ауылында жалпы құны 550 млн. теңге болатын «Ақтай
Сауда» ЖШС-нің қуаттылығы айына 30 тонна ет өңдеу зауыты,
жаңа 30 жұмыс орны құрылды;
2) Бәйтерек ауылында жалпы құны – 100 млн. теңгені құраған, 15 жаңа
жұмыс орнымен қамтамасыз еткен «Тлеубаева Д.» ЖК-нің
қуаттылығы күніне 2 тонна дәретхана қағазын шығаратын зауыт;
3) Нұрлы ауылында инвестициялық соммасы – 1 млрд. 804 млн.
теңгені құраған, қуаттылығы 2500 тонна құс етін өңдейтін «Нұрлы
құс» ЖШС-нің құс фабрикасы, 120 адамды жұмыспен қамтыды.
4) Нұрлы ауылында қуаттылығы 5 МВт болатын, инвестициялық
сомасы 2 млрд. 268 млн.теңгені құраған, «Самрук Грин Энерджи»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жел электр станциясы, 15
жаңа жұмыс орындары құрылды.
                               ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ
Ауданның экономикасына инвестиция тарту үшін 2018 жылы үлкен
жұмыстар атқарылды. Ауданға тартылған негізгі инвестициялар көлемі 2018
жылы 39 млрд. теңге. Бұл 2017 жылға қарағанда 2 млрд. 540 млн. теңгеге
өскен. Нақты көлем индексі 100,6 пайызды құрады.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
Кәсіпкерлер жыл басынан бері 74 млрд. теңгенің өнімі мен қызметін
көрсетті. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 41 млрд. 253 млн.
теңгеге немесе 226%-ға артық.
Шағын кәсіпкерліктен 8 млрд. 781 млн. теңге салық түсті немесе
былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті.
Аудан бойынша 2018 жылы бөлшек сауда көлемі 50 млрд. 959 млн.
теңге құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 4 млрд. 814 млн. теңгеге
артты немесе 110,4 пайызды құрады.
                            САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ
Салық түсімдерінің жоспары асыра орындалды. 2018 жылдың
қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 15 млрд. 882 млн. теңге
түсіп, жоспар 101,3%-ға орындалды. Оның ішінде: республикалық бюджетке
6 млрд. 527 млн. теңге, жергілікті бюджетке 9 млрд. 354 млн. теңге салық
түсті.
Бюджеттің шығыс бөлігі 24 млрд. 211 млн теңгені құрады. Ол 99,7
пайызға игерілді.
                            ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ
2018 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж
жұмыстарының көлемі 16 млрд. 817 млн. теңгені құрады.
Есепті кезеңде 38 140 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді,
оның барлығы халықтың өз қаржысынан салынды. Бұл 2017 жылмен
салыстырғанда 2,4 есе артық.
Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында Есік
қаласында құны 454,6 млн.теңге құрайтын 60 пәтерлі жалдамалы үйдің
құрылысы жүргізілуде.
                             ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
2018 жылы ауданда инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша бірқатар
жұмыстар жоспарлануда.
Өткен жылы аудан аумағындағы барлық санаттағы жолдарды жөндеуге
3,6 млрд. теңге бөлінді (2017 жылы – 1,6 млрд. теңге). Бұл қаражатқа 67
шақырым жол күрделі және орташа, ал 171,6 мың шаршы метр жолға
ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 25 ауылда
барлығы 220,1 млн.теңгеге ішкі жолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстары
жүргізіліп жатыр.
Аудан халқын орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету
деңгейі 2017 жылдың көрсеткішінде 86 пайызды құрады. 2018 жылы 6
ауылда (Ават, Казатком, Екпінді, Көлді, Ащысай, Нұрлы) су құбырларының
құрылысын жүргізуге жалпы 410 млн.теңге бөлінді. Аталған жобалардың
2019 жылы іске қосылуынан көрсеткіш 92 пайызға жетеді деп күтілуде.
2018 жылы 403 млн. теңгеге Шелек ауылының кәріз жүйесінің
құрылысы жүргізілді, 2019 жылы аталған жобаны жалғастыру мақсатында
бюджеттен 432 млн. теңге бөлінді. Алмалы ауылының кәріз жүйесін қайта
жаңғыртып, құрылысын жүргізуге 177,5 млн. теңге бөлініп, қолдануға
берілді.
Еңбекшіқазақ ауданын газдандыру «APL Constuction» ЖШС
тұлғасында инвестор тарту арқылы жүргізілуде.
Есік қаласында жалпы ұзындығы 47 шақырым газ құбырлары
жүргізілді, 1000 жеке сектордағы тұрғын үйлерді қамтиды.
Шелек ауылында жалпы ұзындығы 23,5 шақырым газ құбырлары
жүргізілді, 500 жеке сектордағы тұрғын үйлерді қамтиды.
Түрген ауылында жалпы ұзындығы 19 шақырым газ құбырлары
жүргізілді, 500 жеке сектордағы тұрғын үйлерді қамтиды.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
Халықты жұмыспен қамту саласында да оң нәтижеге қол жеткізілді.
2018 жылы 2420 жаңа жұмыс орындары ашылды, жұмыссыздық
деңдейі 4,3 пайызға төмендеді.
2018 жылы 21717 әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға 709
млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.
2018 жылы ауданның халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы
мүмкіндігі шектеулі 115 азамат жұмысқа орналастырылды.
2018 жылы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүмкіндігі шектеулі
азаматтарға санаторлық-курорттық емделуіне 339 жолдама берілді.
2018 жылы халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген жұмыссыз
азаматтардың саны 7161 адамды құрады, оның ішінде 3824 азамат жұмыспен
қамтылды, 997 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 565 азамат кәсіптік
оқытуға жіберілді, 96 азаматқа жеке бизнесті ашу үшін несие берілді.
                                     БІЛІМ БЕРУ
Білім беру саласындағы көрсеткіштер жақсарды. ҰБТ орташа балы 88,2
баллды құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 5 балға жоғары, білім берудің
сапалық көрсеткіші 8,8 пайызға өсті және 63,6 пайызды құрады.
«Алтын белгі» атағын 91 оқушы иеленсе, үздік аттестатты 84 оқушы
иеленді. Өткен жылы барлығы 854 түлек жоғарғы оқу орнына түсіп, оның
353 түлегі грантқа түскен. Бұл көрсеткіштер алдыңғы жылдарға қарағанда
айтарлықтай жоғары.
Білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту
бойынша жұмыстар жүргізілді:
- Өрікті ауылында орта мектептке қосымша 300 орынды ғимарат
құрылысы басталды, құны 819,5 млн. теңге.
2018 жылы Қаратұрық ауылындағы А.Саттаров мектебінде күрделі
жөндеу жұмыстары жүргізілді, бюджеттен 571 млн. теңге бөлінді.
Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту жағдайын жақсарту үшін
көп жұмыс жүргізілді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша жеке меншік серіктестігінің
негізінде 45 бала-бақша іске қосылды (Есік-1560 орын, Рахат ауылдық округі
-50 орын, Жанашар-200 орын, Түрген-225 орын, Кайназар-210
орын,Байтерек-175 орын, Шелек-175 орын, Төле би – 130 орын, Ават-50
орын, Өрікті-150 орын, Азат-135 орын, Қаратұрық-75 орын, Рахат-75 орын,
Ақтоғай-100 орын, Ақбастау-80 орын, Гайрат-50 орын) жалпы 3440 орынға
ашылуы нәтижесінде балаларды бала-бақшамен қамту деңгейі 98,6 пайызға
жетті.
                         МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ
Ауданда 41 мәдениет ошақтары қызмет істеуде, оның ішінде: 21
мәдениет үйі мен клубтар, 16 кітапхана, 3 мұражай, 1 мұрағат.
2018 жылы 535 мың адамды қамтыған 1938 мәдени іс-шаралар
өткізілді.
Бұқаралық халықты спорт және дене шынықтырумен қамту жоғары
деңгейде. 2018 жылы осы көрсеткіш 86 мың адамға жетті.
                         ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Денсаулық саласында 2018 жылдың есептік кезеңін 2017 жылмен
салыстырғанда ана өліміне жол берілген жоқ, туберкулез, вирустық гепатит
ауруларының төмендеуі байқалуда.
Емдеу мекемелерінің материалдық техникалық базасын жаңарту
мақсатында биылғы жылы Ащысай ауылында 50 адам қабылдайтын
амбулаторияның құрылысы аяқталды.
Сонымен қатар, Шелек ауылындағы аурухананы күрделі жөндеуден
өткізу жұмыстары басталды.
              ҚЫЛМЫСТЫҚ, ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
Қоғамдық тәртіп саласында біз оң көрсеткіштерді байқап отырмыз.
Қылмыстарды анықтау ұлғайып, әкімшілік тәжірибе көрсеткіштері
жақсарды. Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 3144 Ауыр қылмыстың
саны 6,2 пайызға төмендеді.
Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты белсенді түрде
іске асырылуда.
Бекітілген жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық көріністерін
болдырмаудың алдын-алу және түсіндіру шаралары үнемі жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа аудару бойынша
шаралар қабылдануда.
Мәселен, 2018 жылы халыққа 99 мемлекеттік қызмет көрсету
түрлерінен барлығы 228 877 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың ішінде
электрондық форматта және азаматтарға арналған Үкімет корпорация
арқылы азаматтарға 211 767 қызмет көрсетілді, бұл 92,5 пайызды құрады, ал
2017 жылы бұл көрсеткіш 58 пайыз болған (152 863 қызмет). Жалпы, 2018
жылы электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 2017
жылмен салыстырғанда 34,5% артты.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8273724
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
55363
0
55363
8129025
205438
235379
8273724

Сіздің ІР: 18.206.13.39
Қазір: 2019-08-23 04:46:04
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру