Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЭкономикаАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының корытындыларыЕңбекшіқазақ ауданының 2018 жылдың 1-ші жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы АНЫҚТАМА

Еңбекшіқазақ ауданының 2018 жылдың 1-ші жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы АНЫҚТАМА

Еңбекшіқазақ ауданының 2018 жылдың 1-ші жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

АНЫҚТАМА

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

         2018 жылдың 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімінің өндірісі 25 млрд. 431 млн. теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімінен 4 млрд. 153 млн. теңгеге артық. Ауылшаруашылық өнімінің нақты көлем индексі 104,8 пайызды құрады.

Мал басы саны: ірі қара – 100 895 бас, жылқы – 20 924 бас, қой мен ешкі – 331 710 бас, түйе - 96 бас, шошқа - 8078 бас, құс – 1709,6 мың басты құрайды.

Мал шаруашылығында өндірілген сүт көлемі 70 616 тонна, алынған жұмыртқа 23 млн. 971 мың дана, мал мен құс етін өндіру 13 456 тоннаға орындалды.

Ауданда 18 шаруа қожалықтарында 162 жылыжай 18,3 гектарда орналасқан. Бүгінгі күнге жылыжайлардың 1-айналымынан көкөніс жинау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша өсімдік шаруашылығында интенсивті технология 25000 га енгізілген. Ылғал сақтау технологиясы 6700 га жерге, тамшылатып суару технологиясы 3900 га жерге еңгізілген.

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ

2018 жылдың 1 шілдесіне өнеркәсіпте 17 млрд. 654 млн. теңге көлемінде өнім өндірілді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда    2 млрд. 539 млн. теңгеге артық. Нақты индекс көлемі 103,8 пайызды құрады. Аудан өнеркәсібін 3 ірі және 6 орта кәсіпорындары, қалғанын шағын кәсіпорындары құрайды, көрсетілген кәсіпорындар жалпы өнеркәсіп өнімдерінің 65% үлесін құрайды.

«Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және сауықтыруды қолдау жұмыстары туралы семинар түсіндірме жүргізіліп отыр.

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ

Ауданға тартылған негізгі инвестициялар көлемі 2018 жылдың 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 13 млрд. 605 млн. теңгені құрады. Оның ішінде: 423 млн. теңге республикалық бюджеттен, 1 млрд. 78 млн. теңге жергілікті бюджеттен, 7 млрд. 220 млн. теңге өз қаражатынан,    4 млрд. 362 млн. теңгесі заемдық қаржы есебінен, ал банктың кредиттерінен 519 млн. теңге тартылған. Аталған көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1 млрд. 913 млн. теңгеге артық. Нақты көлем индексі 108,9 пайызды құрады.

Аудан бойынша 2018 жылдың ІІ тоқсанында өткен инвестициялық жобалар:

- Балтабай ауылдық округіне қарасты «Асыл Тау Тас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бетондық блоктарын шығару және карьер жұмыстарын жүргізіп, іске асырылуы жоспарлануда. Жалпы жобалық құны 512 млн.теңге. Іске асырылуы кезеңі – 2018-2019 жылдар. Жаңа жұмыс орындарының саны – 54.

- Көктөбе ауылдық округінде «Алимжанов» шаруа қожалығының сүт сауатын мега фермасының құрылысы, инвестициялық жоба құны 57 млн.теңгені құрайды; Іске асырылуы кезеңі – 2018-2019 жылдар. Жаңа жұмыс орындарының саны – 8.

- Есік қаласында «Экстремал Спорт Туризм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тау шаңғы инфрақұрылымының дамуын іске асыруда. Жобаның жалпы құны – 732,7 млн.тенге. Іске асырылуы кезеңі – 2018-2019 жылдар. Жаңа жұмыс орындарының саны – 50.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Кәсіпкерлер жыл басынан бері 9 млрд. 590 млн.теңгенің өнімі мен қызметін көрсетті. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 1 млрд. 798 млн. теңгеге немесе 123%-ға артық.

Шағын кәсіпкерліктен 4 млрд. 099 млн. теңге салық түсті немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 199,3%-ға өсті.

Аудан бойынша 2018 жылдың ІІ тоқсанында бөлшек сауда көлемі 14 млрд. 861 млн. теңге құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 млрд. 186 млн. теңгеге артты немесе 108 пайызды құрады.

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ

         Салық түсімдерінің жоспары айтарлықтай орындалды. 2018 жылдың 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 7 млрд. 986 млн. теңге түсіп, жоспар 101,5%-ға орындалды. Оның ішінде: республикалық бюджетке түскен қаражат сомасы 3 млрд. 448 млн. теңге салық түсті.

         Бюджеттің шығыс бөлігі 10,2 млрд. теңгені құрады. Ол 99,8 пайызға игерілді.

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

         2018 жылдың 2-ші тоқсанның қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 3 млрд. 798 млн. теңгені құрады.

         Есепті кезеңде 14 447 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның барлығы халықтың өз қаржысынан салынды. Бұл 2017 жылдың                         сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,2 есе артық.

         Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында Есік қаласында құны 473,7 млн.теңге құрайтын 60 пәтерлі жалдамалы үйдің құрылысы жүргізілуде.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

         2018 жылы ауданда инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар жоспарлануда.

Есепті кезеңде республикалық, облыстық, аудандық жолдарды жөндеуге 1 млрд. 846 млн. теңге бөлінді (2017 жылы – 1,6 млрд. теңге). Қазіргі таңда бұл қаражатқа республикалық маңызы бар 17 шақырым, облыстық – 11,2 шақырым күрделі, 9,3 шақырым орташа және аудандық 15 шақырым күрделі, 2,5 шақырым орташа жөндеуден өтеді. Сонымен қатар 467 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 25 ауылда барлығы 220,1 млн.теңгеге ішкі жолдардың ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Аудан халқын орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету деңгейі 2017 жылдық көрсеткішінде 86,1 пайызды құраған болса, 2018 жылы Екпінді (120 млн.теңге), Казатком (100 млн.теңге), Көлді (100 млн.теңге) және Ават (329,3 млн.теңге) ауылдарындағы су құбырларының құрылысының жүргізілуі нәтижесінде бұл көрсеткіш 91,2 пайызға жетеді.

Сонымен қатар, Шелек (564,1 млн.теңге), Алмалы (177,5 млн.теңге) ауылдарында кәріз жүйесінің құрылысы және Тескенсу ауылында электр желілердің құрылысы жүргізіледі.

Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 27,4 млн.теңге және ауылдарды абаттандыруға 62,1 млн. теңге бөлінді.

Еңбекшіқазақ ауданын газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Газдандырудың 1 кезеңіне Есік қаласы, Шелек, Түрген, Рахат және Азат ауылдары кіріп отыр.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2018 жылдың 01 шілдеге орташа табысы кедейшілік шегінен төмен болған құрамында 8309 адамы бар 1556 отбасына 170,4 млн. теңге жаңа нысандағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді.

Өздері жылытатын үйде тұратын аз қамтылған 1623 отбасына тұрғын үй көмегін көрсету үшін 57,7 млн. теңге, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 239 мүгедек баланың ата-анасына жергілікті бюджеттен 7,4 млн. теңге, туберкулез індетімен ауыратын адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында 121 адамға 4,1 млн. теңге, жеке оңалту бағдарламасы бойынша 321 мүгедекке жеке көмекші қызметі мен ымдау тілі қызметін көрсетеін 289 қызметкерлерге 50,8 млн. теңге төленді.

Сонымен қатар, 205 мүгедекке ортопедиялық бұйымдар заводына жолдама, 117 мүгедекке тифлотехникалық, 477 мүгедекке 44,1 млн. теңгенің тазалық (гигиеналық) құралдары берілді.

2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жалпы мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторлық-курорттық емделуге «Текелі» және «Ақ жанел» республикалық пансионаттарында емделуге 166 жолдама берілді.

         Жыл басынан «Инватакси» қызметін алуға 165 тапсырыс қабылданып, 28 мүгедекке «Инватакси» қызметі көрсетілді.

2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында, 15 ақпан – Ауғаныстаннан кеңес әскерін шығарған күні мерекесіне орай -   201 Ауған соғысының ардагерлері мен ауған соғысынан қаза болғандардың отбасыларына - 10,1 млн. теңге, 26 сәуір – Чернобыль апаты күніне орай 72 зардап шеккен азаматтарға - 3,6 млн.теңге, 9 мамыр Жеңіс күніне орай 11 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – жалпы 1,7 млн.теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Халықты жұмыспен қамту саласында да оң нәтижеге қол жеткізілді: жұмыспен қамтылғандардың саны көбейіп, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайызды құрайды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 2460 адам қамтылды, оның ішінде:

Бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқу курстарына 565 азамат оқуға жіберілді. Оқуын аяқтаған адам саны – 228. Жұмыспен қамтылғаны – 85 адам.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Бастау бизнес» жобасының аясында 2018 жылы 328 адам кәсіпкерлік негіздеріне 1 айлық оқу курстарына жіберу жоспарланып, 1 шілдесіне – 131 оқумен қамтылған. Оқуын аяқтаған 15 азамат – 60,6 млн.теңге несие алған.

        Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жастар тәжірибесінен өтуге 70 азамат жолдама алды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 124 азамат орналыстырса, ақылы қоғамдық жұмысқа 549 жұмыссыз азамат тартылды.

2018 жылдың I-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1535 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жұмыспен қамту органдарына жүгінген жұмыссыз азаматтардың саны 2801 адамды құрады, оның ішінде 795 жұмыспен қамтылды.

БІЛІМ БЕРУ

Аудандағы 86 мектепте барлығы 4834 мұғалім жұмыс атқарып, 47309 оқушы білім алуда. 2018 жылға аудандық бюджеттен білім беруді қаржыландыруға 14,8 млрд. теңге бөлінді, бұл аудан бюджетінің 63,2 пайызын құрайды.

Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

2018 жылдың басында Жанашаруа ауылында 120 орынға және Ават ауылында 300 орынға арналған мектептер ашылып, Алға ауылында 50 орынды шағын орталығымен бірге 300 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталды. Өрікті ауылындағы мектепке қосымша 300 орынды ғимараттардың құрылысы жүріп жатыр.

Білім саласының материалдық-техникалық базасын нығайтумен қатар білім беру процессін жетілдіру бойынша бірқатар шаралар қабылданды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Ұлттық Бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 85,3 баллды құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 2,1 баллға жоғары болды. Облыс бойынша 5-ші орынға жеттік.

                                                                                                              

Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқуға қамту бағдарламасы бойынша 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды бала-бақшалармен қамту 96,5 пайызды құрады.

Жалпы аудан бойынша мектепке дейінгі мекемер саны 88 бірлік құрайды. Оның ішінде: 28 мемлекеттік және 27 жекеменшік бала бақшалар, 33 шағын орталықтары.

2018 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тарапынан аудан бойынша жаңа 18 бала-бақша ашылуы жоспарлануда. Олардың жалпы сыйымдылығы 1630 орынды құрайды.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Ауданда 41 мәдениет ошақтары қызмет істеуде, оның ішінде: 21 мәдениет үйі мен клубтар, 16 кітапхана, 3 мұражай, 1 мұрағат.

Ауданда мәдени құндылықтарын сақтауда 101 тарихи-мәдени ескерткіш пен 284 археологиялық қорғандардар орналасқан.

Бұқаралық халықты спорт және дене шынықтырумен қамту жоғары деңгейде. 2018 жылдың 6 айында осы көрсеткіш 85542 адамға жетті немесе 28,6 пайызды құрады.

Сонымен қатар, Бижанов ауылындағы спорт сарайына күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындауына 10,0 млн.теңге бөлінді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық саласында 2018 жылдың есептік кезеңін 2017 жылмен салыстырғанда ана өліміне жол берілген жоқ, туберкулез, вирустық гепатит ауруларының төмендеуі байқалуда.

Емдеу мекемелерінің материалдық техникалық базасын жаңарту мақсатында биылғы жылы Ащысай ауылында 50 адам қабылдайтын амбулаторияның құрылысы басталуда.

Сонымен қатар, Шелек ауылындағы аурухананы күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігі туындап отыр.

ҚЫЛМЫС

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, ұлттық гвардия басқармасымен келісім бойынша Есік қаласы, Түрген, Қаракемер ауылдарында №6654 әскери бөлімшесінің 78 қызметкерлері 25 бағытта патрульдік қадағалау жұмыстарын жүргізуде. Бұл жақсы көрсеткіш көрсетуде. Патрульдік қадағалау жүргізілгеннен бастап, аталған мекендерде қоғамдық орындарда тәртіпті бұзу және көшелердегі қылмыстың әлдеқайда төмендегені байқалады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8273888
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
55527
0
55527
8129025
205602
235379
8273888

Сіздің ІР: 18.206.13.39
Қазір: 2019-08-23 04:58:54
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру