Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЭкономикаАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының корытындыларыЕңбекшіқазақ ауданының 2017 жылдың III тоқсанындағы әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат

Еңбекшіқазақ ауданының 2017 жылдың III тоқсанындағы әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат

 

2017 жылдың 9 айында  ауданда  61 млрд. 405 млн.теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді. Бұл 2016 жылға қарағанда 4 млрд. 610 млн. теңгеге артық. Нақты индекс көлемі 101,9% құрады. Оның ішінде 34 млрд. 163 млн. теңгені өсімдік шаруашылығы және 27 млрд. 170 млн. теңгесі мал шаруашылығы бойынша өнім өндірілді. Ауданымыздың ауыл шаруашылық өнім көлемінің үлесі облыс көлемінде 13,4 пайыз құрайды.

 2017 жылдың III тоқсанындағы мал шаруашылығының негізгі өндірілген өнімдері:

-         мал мен құс еті 19,9 мың тонна,

-         сауылған сиыр сүті 109,3 мың тонна,

-         тауық жұмыртқасының саны 36,9 млн.дана алынған.

Аудан бойынша ірі қара мал басының саны 92,7 мың бас, қой мен ешкінің саны 311 мың бас, жылқы 20 мың бас, құстың барлық түрі 1659 мың бас құрайды. Мал басы мен құс санының өсімі қамтамасыз етілуде.

Өнеркәсіп саласына келетін болсақ, есепті кезеңде ауданда өндіріс  көлемі 23 млрд. 509 млн.теңгеге жетті, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 млрд. 360 млн.теңгеге арттық. Нақты индекс көлемі 92% құрады.                                 

2017 жылдың 9 айында ауданға 23 млрд. 242 млн.теңге инвестиция тартылды. Нақты индекс көлемі 58,5% құрады.

Шағын және орта бизнес жоспарлы дамуда. Кәсіпкерлер жыл басынан бері 24 млрд. 446 млн.теңгенің өнімі мен қызметін көрсетті. Бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 518 млн.теңгеге артық. Шағын кәсіпкерліктен 3 млрд. теңге салық түсті. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда меженің 109,9 пайызға орындалғанын көрсетеді.

Cалық түсімдерінің жоспары асыра орындалды. 9 айдың  қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 11,1 млрд.теңге түсіп, жоспар 100,9 пайызға, оның ішінде республикалық бюджетке 3,9 млрд.теңге және жергілікті бюджетке түскені 7,4 млрд.теңгені құрады.

Бюджеттің шығыс бөлігі 14,3 млрд.теңгені құрады. Ол 99,5 пайызға игерілді.

Құрылыс саласы

2017 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 9 млрд. 465 млн. теңгені құрады. Нақты индекс көлемі 42,5 пайызды құрады. 6336 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы

         2017 жылдың III тоқсанында инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Өрнек ауылының ауыз су құбырларын қайта жаңғыртып, құрылысын жүргізуге 144 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 142 млн. құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге.

Құлжа ауылының ауыз су құбырларын қайта жаңғыртып, құрылысын жүргізуге 161 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 159 млн. құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге.

Сондай-ақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 14 елді мекеннің ауыз су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізуге бюджеттен  195 млн. теңге қаражат бөлінді.  Шелек ауылы (73 млн. теңге) мен Бәдібек би ауылдарының (14 млн. теңге) дренаж жүйесін қайта жаңғыртылып, құрылыс жұмыстары  жүргізілуде. 

Қызылшарық ауылының коммуналдық электр желілерін қайта жаңғыртып, құрылысын жүргізуге жасалынған жобалық сметалық құжатамасын түзетуге 2,3 млн. теңге, Еңбекшіқазақ ауданының топтық су тартқыш жүйесі 1 кезек, 2 топтық кешенінің құрылысын  жүргізуге жасалынған жобалық сметалық құжатамасын түзетуге 37 млн. теңге бөлінді.

Жергілікті бюджеттен Тауқаратұрық ауылының сумен жабдықтау жүйесі резервуарларының алаңдарын күрделі жөндеуден өткізуге 94 млн. теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алуға конкурс жарияланды.

Аудандық әкімшілік алдын және Есік қаласының мәдениет үйінің алдындағы саябақты абаттандыруға барлығы 121 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жол инфрақұрылымы

Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2127 шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар – 234 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 689, ал аудандық маңызы бар жолдар 852 және ішкі шаруашылық жолдар 352 шақырымды құрайды.

Малыбай с/о Көктерек кіреберіс жол жөндеуге 50,0 млн.теңге бөлінді (келісім-шарт АҚ «ДСУ-13» жасылынған), Қаракемер аулының жолдардын күрделі жөндеуден өткізуге 200,0 млн.теңге қаражат бөлінген (келісім-шарт АҚ «ДСУ-13» жасылынған), аудан елді-мекендерінің ішкі жолдарын жөндеуге 100,0 млн.теңге қаражат бөлінді (келісім-шарт «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС-мен жасылынған), автокөлік жолдарын диагностикаға және паспортизацияға 28,5 млн.теңге бөлінді (кілісім-шарт АҚ «АИСПроект» жасылынған), жобалық-сметалық құжаттама дайындауға 9,6 млн.теңге бөлінді (келісім-шарт «Проектдорстрой» ЖШС-мен және «АИСПроект» ЖШС-мен жасылынған), Есік қаласындағы жана салынған мектептің айналасын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 18,0 млн.теңге бөлінді (келісім-шарт АҚ «ДСУ-13» жасылынған), жолдарды қысқы мерзімде күтіп ұстауға 20,0 млн.теңге бөлінді (кілісім-шарт «АБЗ Карьер ДРСУ»ЖШС-мен жасылынған).

Әлеуметтік сала

2017 жылдың 9 айында орташа табысы кедейшілік шегінен төмен болған құрамында 730 адамы бар 146 отбасына 25,1 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек,  ал орташа табысы азық–түлік себетінен төмен құрамында  6406 бала бар 1891 отбасына 102,9 млн. теңге балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып төленді.

Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен 1762 отбасына тұрғын үй көмегін көрсету үшін 77,5 млн. теңге көлемінде төленді.

Аудан бойынша 2017 жылдың 1 қазанына 6682 мүгедектер бар, оның ішінде 1-2 топтағы мүгедектер саны - 3704,  3-топтағылар – 2523, 16 жасқа дейінгі мүгедек  балалар – 989.

Жыл басынан 73 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеліп, 8-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 6-ы әлеуметтік жұмыс орнына жіберілсе, 28 - мүгедек қоғамдық жұмысқа тартылып, 23 – мүгедек кәсіби даярлау курстарында білім алды, «Жол картасы 2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша (шағын несие алу) 6-мүгедек қамтылды, 2-мүгедек жастар тәжрибесінен өтуде.

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 224 мүгедек баланың ата-анасына жергілікті бюджеттен 6,9 млн.теңге әлеуметтік көмек төленді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай қәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бүгінгі күнге барлығы 3160 адам қамтылды, оның ішінде:

Бағдарламаның бірінші бағыты – бойынша барлығы 550 азаматты оқыту жоспарланып, бірінші сәуірден бастап 563 азамат оқуға жолдама алды. 

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша шағын несие алуға ниет білдірген 500 ден аса азамат бар. Аталған бағыт бойынша 24 сәуірден бастап барлығы 201 адам  «Бастау бизнес бойынша» кәсіпкерлік негіздеріне 1 айлық оқу курстарына жолданған болатын, оның ішінде 132 азамат окуды бітірді. Бүгінгі күні кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курстарынан өткен азаматтар несие алу мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ- мен жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта 53 азаматқа 230,1 млн теңге көлемінде несие берілді, 30 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 90 адам жоспарланған. Ақпан айының 21-нен бастап әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ауданда орналасқан 19 мекемелер мен ұйымдардан өтінім қабылданып, 102 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберілді. Жастар практикасын өткізуге – 29 жасқа дейін жастар қатарынан 75 адам жоспарланған болса, жастар тәжірибесінен өтуге 67 азамат жіберілді.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсасында 750 адам жоспарланған, қазіргі күні 785 азамат жұмысқа тартылды.

         2017 жылдың аяғына дейін жастар практикасын бітірген және қысқа мерзімді оқу бітірген азаматарды тұрақты жұмысқа орналастыру жұмысы жүргізіледі.

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы                               Е.Жакеев

@  А.Умиргалиева

'  7-20-19

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8701669
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
49150
0
49150
8562354
126780
252223
8701669

Сіздің ІР: 3.227.233.78
Қазір: 2019-10-18 15:54:51
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру