Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЭкономикаАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының корытындыларыЕңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының 2017 жылдың I жарты жылдығының қортындылары

Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының 2017 жылдың I жарты жылдығының қортындылары

Еңбекшіқазақ ауданының  әлеуметтік –экономикалық

дамуының 2017 жылдың I жарты жылдығының қортындылары

туралы ақпарат

2017 жылдың 6 айында  ауданда  21 млрд. 277 млн.теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді. Бұл 2016 жылға қарағанда 2 млрд. 114 млн. теңгеге артық. Нақты индекс көлемі 102,2% құрады. Оның ішінде 3,4 млрд. теңгені өсімдік шаруашылығы және 17,9 млрд. теңгесі мал шаруашылығы бойынша өнім өндірілді. Ауданымыздың ауыл шаруашылық өнім көлемінің үлесі облыс көлемінде 14,5 пайыз құрайды.

 2017 жылдың I жартыжылдығындағы мал шаруашылығының негізгі өндірілген өнімдері:

-         мал мен құс еті 12,4 мың тонна,

-         сауылған сиыр сүті 74,3 мың тонна,

-         тауық жұмыртқасының саны 24,3 млн.дана алынған.

Аудан бойынша ірі қара мал басының саны 100,4 мың бас, қой мен ешкінің саны 327 мың бас, жылқы 19 мың бас, құстың барлық түрі 1436 мың бас құрайды. Мал басы мен құс санының өсімі қамтамасыз етілуде.

Ауданда «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында 60 бас ірі қара мал, 540 бас ұсақ мал сатып алынды.

Өнеркәсіп саласына келетін болсақ, есепті кезеңде ауданда өндіріс  көлемі 15 млрд. 116 млн.теңгеге жетті, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 466 млн.теңгеге арттық. Нақты индекс көлемі 100,3% құрады.                                  

2017 жылдың 6 айында ауданға 11 млрд. 692 млн.теңге инвестиция тартылды. Нақты индекс көлемі 44,7% құрады.

Шағын және орта бизнес жоспарлы дамуда. Кәсіпкерлер жыл басынан бері 7 млрд. 791 млн.теңгенің өнімі мен қызметін көрсетті. Бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 250 млн.теңгеге артық. 2017 жылдың I жартыжылдығында ауданда жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің саны 18274 бірлікке жетіп,  2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105 пайызды құрады. Оның ішінде: шағын кәсіпорындар – 798, жеке кәсіпкерлік – 6526, шаруа қожалықтары – 10950. Салада 49200 адам  жұмыспен қамтылды.

Шағын кәсіпкерліктен 2 млрд. 57 млн.теңге салық түсті. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда меженің 124,9 пайызға орындалғанын көрсетеді.

Cалық түсімдерінің жоспары асыра орындалды. 6 айдың  қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 7,4 млрд.теңге түсіп, жоспар 107,6 пайызға, оның ішінде республикалық бюджетке 2,7 млрд.теңге немесе 102,7% және жергілікті бюджетке түскені 4,8 млрд.теңге болып,  жоспар 110,6 пайызға орындалды.

Бюджеттің шығыс бөлігі 9,1 млрд.теңгені құрады. Ол 99,8 пайызға игерілді.

Құрылыс саласы

2017 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 5 млрд. 146 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 82,1 пайызды құрады. 3402 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді (жылдық жоспар 24,0 пайызға орындалды).

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы

         2017 жылдың I жартыжылдығында инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Өрнек ауылының ауыз су құбырларын қайта жаңғыртып, құрылысын жүргізуге 144 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 142 млн. құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге. Құрылыс жұмыстары 55,8 % орындалды.

Құлжа ауылының ауыз су құбырларын қайта жаңғыртып, құрылысын жүргізуге 161 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 159 млн. құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге. Құрылыс жұмыстары  41,8  % орындалды.

Сондай-ақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 14 елді мекеннің ауыз су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізуге бюджеттен  195 млн. теңге қаражат бөлінді.  Шелек ауылы (73 млн. теңге) мен Бәдібек би ауылдарының (14 млн. теңге) дренаж жүйесін қайта жаңғыртып, құрылыс жұмыстары  71  % орындалды. Келісім-шарт бойынша құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 31 тамыз. Жұмыс жоспарланған кестеге сәйкес жүргізілуде. 

Қызылшарық ауылының коммуналдық электр желілерін қайта жаңғыртып, құрылысын жүргізуге жасалынған жобалық сметалық құжатамасын түзетуге 2,3 млн. теңге, Еңбекшіқазақ ауданының топтық су тартқыш жүйесі 1 кезек, 2 топтық кешенінің құрылысын  жүргізуге жасалынған жобалық сметалық құжатамасын түзетуге 37 млн. теңге бөлінді.

Жергілікті бюджеттен Тауқаратұрық ауылының сумен жабдықтау жүйесі резервуарларының алаңдарын күрделі жөндеуден өткізуге 94 млн. теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алуға конкурс жарияланды.

Аудандық әкімшілік алдын және Есік қаласының мәдениет үйінің алдындағы саябақты абаттандыруға барлығы 121 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жол инфрақұрылымы

Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2127 шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар – 234 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 689, ал аудандық маңызы бар жолдар 852 және ішкі шаруашылық жолдар 352 шақырымды құрайды.

Малыбай с/о Көктерек кіреберіс жол жөндеуге 50,0 млн.теңге бөлінді (келісім-шарт АҚ «ДСУ-13» жасылынған), Қаракемер аулының жолдардын күрделі жөндеуден өткізуге 200,0 млн.теңге қаражат бөлінген (келісім-шарт АҚ «ДСУ-13» жасылынған), аудан елді-мекендерінің ішкі жолдарын жөндеуге 100,0 млн.теңге қаражат бөлінді (келісім-шарт «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС-мен жасылынған), автокөлік жолдарын диагностикаға және паспортизацияға 28,5 млн.теңге бөлінді (кілісім-шарт АҚ «АИСПроект» жасылынған), жобалық-сметалық құжаттама дайындауға 9,6 млн.теңге бөлінді (келісім-шарт «Проектдорстрой» ЖШС-мен және «АИСПроект» ЖШС-мен жасылынған), Есік қаласындағы жана салынған мектептің айналасын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 18,0 млн.теңге бөлінді (келісім-шарт АҚ «ДСУ-13» жасылынған), жолдарды қысқы мерзімде күтіп ұстауға 20,0 млн.теңге бөлінді (кілісім-шарт «АБЗ Карьер ДРСУ»ЖШС-мен жасылынған).

Әлеуметтік сала

2017 жылдың 1 жартыжылдығына орташа табысы кедейшілік шегінен төмен болған құрамында 700 адамы бар 142 отбасына 16 млн. 56 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек,  ал орташа табысы азық–түлік себетінен төмен құрамында  5830 бала бар 1720 отбасына 68 млн. 497 мың теңге балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып төленді.

Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен 1614 отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсету үшін 59 млн. 995 мың теңге көлемінде төленді.

Жыл басынан 29 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеліп, 4-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 6-ы әлеуметтік жұмыс орнына жіберілсе, 19 - мүгедек ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.,

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 224 мүгедек баланың ата-анасына жергілікті бюджеттен 6 млн. 996 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқу курстарына 550 азаматты жіберу жоспарланып бүгінгі күнге 270 азамат оқуға жолдама алып (электрогазбен дәнекерлеуші, тігінші, автослесарь, автоэлектрик, аспазшы) мамандықтар бойынша азаматтар оқуға жіберілді.

Бағдарламаның екінші бағыты  бойынша 46 адамға 280 млн. теңге көлемінде шағын несие берілуі керек, қазіргі таңда 20 адам 75,2 млн. теңге шағын несие алды, олардың 16-сы Фондтан 56,2 млн. теңге, 4-і несие серіктестігі арқылы 19,0 млн. теңге алды, қазіргі таңда несие алған азаматтар өз кәсіпкерліктерін дамытуда.

Бағдарламаның үшінші бағыты 2017 жылы жастар тәжірибесіне 75 азамат жіберу жоспарланса, 50 азамат жастар тәжірибесіне жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы жұмыс берушілердің 19 өтініштері қабылданып, 98 адам орналастырылды.

2017 жылдың 1-ші шілдесіне 1523 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылса, 616 азамат тұрақты жұмысқа орналасты, 16-29 жастар қатарынан 225 азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

Білім беру

Есік қаласы мен Шелек ауылында 600 оқушыға арналған мектеп құрылысы 2016 жылы басталған, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Ават ауылындағы Мухаммади атындағы мектепке қосымша 300 оқушыға арналған мектеп құрылысы жүріп жатыр.

Алға ауылындағы 50 орындық шағын орталығымен 300 оқушыға арналған мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жаңашаруа ауылында 120 оқушыға арналған мектеп құрылысы басталды.

Күрделі жөндеу   жұмыстарына  жобалық сметалық құжаттамасы және мемлекеттік сараптамасын дайындауға жыл басынан Қызылжар аулындағы Жандосов атындағы орта мектептің шатырын ауыстыруға 1,0 млн.теңге, Саймасай аулындағы Байтурсынов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына 13,4 млн.теңге бөлінген болса, «А.Мәлкеев атындағы Есік қазақ-түрік лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 11,5 млн.теңге және Әймен орта мектебіне 14,7 млн.теңге қаражат бөлінді.

Спорт, мәдениет және қылмыс саласы

         Дене шынықтыру мен спортты дамытуға, халықты бұқаралық спорт түрлеріне жаппай тартуға, кәсіби спортшыларды қолдауға барынша назар аударылуда.

Ауданда 21 мәдениет үйі бар. Мәдениет үйіне 104 штат бірлігі бөлінген. 136  үйірме жасайды.

Сонымен қатар, 180 өнер адамдарынан құралған халықтық атақ алған 5 ұжым бар.

Бұдан басқа, 16 кітапхана, 3 музей: «Есік археологиялық-өлкетану», «Шелек өлкетану» және Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейлері орналасқан.

Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауға алынған. Ішкі істер басқармасының материалдық-техникалық базасын нығайтылып, қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылуда. Мұның өзі оң нәтиже бере бастады.

Бүгінде полиция кез-келген қылмысты ауыр және жеңіл қылмыс деп қарамай уақтылы тіркеп, тиісті шара қолдануда.

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы                               Е.Жакеев

@  А.Умиргалиева

'  7-20-19

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8701437
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
48918
0
48918
8562354
126548
252223
8701437

Сіздің ІР: 3.227.233.78
Қазір: 2019-10-18 15:13:02
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру