Құрметті интернет ресурсын пайдаланушы!
Сұрақ қоймастан бұрын Сізден төмендегі ережелерді сақтауды өтінеміз:
1. Сіз өтінішіңізде тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз тек Еңбекшіқазақ ауданының өңірлеріне қатысты болуы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ-шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Бұл сұрақтарға толық әрі жедел жауап беру және көрсетілген деректердің анық –қанығына жету үшін, шағымданушы автор өзінің аты-жөнін, нақты электронды поштасын (e - mail) және телефонын көрсетуі қажет.
Келесі сипаттағы сұрақтар қаралмайды:
- Құрамында балағат сөздері бар сұрақтар;
- Мәтіні оқылмайтын және түсініксіз қысқарулары бар сұрақтар;
- сұрақ жолданған адамның құзыретіне жатпайтын мәселені көрсететін сұрақтар.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдырады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» N 221 Заңының кейбір баптары:
5-бап. Қарауға жатпайтын өтiнiштер
1. Мыналар қарауға жатпайды:
1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш;
2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.
2. Егер өтiнiштi қараусыз қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi.
6-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке және бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар
1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс.
2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.
Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.
3. Субъектiге тiкелей жазбаша не бейнеөтініш арқылы өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
4. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
8-бап. Өтiнiштi қарау мерзiмдерi
1. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.
2. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
3. Өтiнiштi қарау мерзiмiн субъектiнiң басшысы немесе оның орынбасары ұзартады.
4. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
5. Қазақстан Республикасының заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.
Пікірлер
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес, 2016 жылғы 07 сәуірде аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ директоры бос лауазымды орынға конкурс жарияланатын болады.
Мектепке директор тағайындау конкурс арқылы жүргізілетін болғандықтан, Балахан Жазира Тілеубайқызының еңбек жолы ережеге сәйкес келетін болса, кандидат ретінде конкурсқа қатысу үшін құжат тапсыруына болды.
Ал, Балахан Жазира Тілеубайқызының «Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ директоры қызметіне лайық немесе лайық еместігін конкурстық комиссия анықтайтын болады.
Білім бөлімінің басшысы Р.Ахметова
ол кісімен хабарласу сайты: www.est1.biz
11- сынып оқитын түлектерді ҰБТ –ға психологиялық түрғыдан дайындайтын әр мектепте екі психолгтың қызмет атқарады және оқу жылының басында халықаралық білім орталықтарынан арнайы психологтар шақырылып жұмыстар жүргізілді.
Алдағы оқу жылында қажетті болған жағдайда Аманжол Рысмендиев мырзаны шақырту жұмысын жоспарлап, ұсынысыңызды қанағаттандыруғ а тырысамыз.
Бөлім басшысының м.а. А.Молдосбаева
Орындаған:А.Тортаева
Тел:42026
«Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сіздің Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ресми сайтына жазған хатыңыз бойынша төмендегіні мәлімдейді:
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің 2016 жылдың 03 қазанынан бастап №128 ж/қ бұйрығына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданы «Шелек ауылындағы «Бәйтерек» балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі лауазымына Камшат Курманкановна Карагулованың өз өтініші негізінде тағайындалды.
Бөлім басшысының м.а. А.Молдосбаева
Орындаған: Г.Кулимбаева
Тел:4-12-30
Осы жазбаның пікірлерне арналған RSS жол