Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетБарлық деңгейдегі әкімдердің есеп беруі Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің халық алдындағы есебіЕңбекшіқазақ ауданының әкімі Б.Ысқақтың 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2016 жылға міндеттері туралы халық алдындағы ЕСЕБІ

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Б.Ысқақтың 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2016 жылға міндеттері туралы халық алдындағы ЕСЕБІ

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Б.Ысқақтың 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2016 жылға міндеттері

туралы халық алдындағы

ЕСЕБІ

ОТЧЕТ

акима Енбекшиказахского района Б.Ысқақ перед населением об итогах социально-экономического развития за 2015 год и задачах на 2016 год

Құрметті тарихи тамыры тереңге бойлаған Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары!

Жерлестер!

010216Еліміздің егемендік пен дербестік алуы халқымызға үлкен серпіліс берді. Бүгін Тәуелсіздіктің арқасында ата-бабаларымыз салып кеткен сара жолға салауат айтып, ғаламат келешекке бастаған жаңа жолда келе жатырмыз.

Қазақ елінің тағылымды тарихында  бабаларымыз ел мен ер тағдыры сыналар сәтте бас қосып, кеңес құрған. Тілеуқор көңілдің ақ ниетін сезініп, ағайынның ақ батасын алған.

 «Тірлік басқа болса да тілек бір, бармақ басқа болса да – білек бір» деп Бәйдібек бабамыз айтпақшы, бүгін біз сол жақсы дәстүрдің ізімен жиналып отырмыз. Баршамызды осы есептік кездесуге ортақ ниет пен бір мақсат жинап  отыр.  Ол – келешектің қамы, болашақтың баяны.

Олай болса, Баршамыздың алтын ұямыздай болған киелі мекен, ел бесігіне айналған, еңбегінен берекелі несібесін тауып, ынтымағы мен ырысы артқан Еңбекшіқазақ ауданының бүгінгі тынысымен таныстырып, келешегінен хабардар ету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес сіздердің алдарыңызда 2015 жылы аудан әкімдігінің атқарған жұмысы туралы есеп беруге рұқсат етіңіздер!

            Мұның өзі - халық пен билік арасындағы  қажеттіліктен  туындаған  алтын  көпір  іспеттес.

Құрметті жерлестер!

Уақыт озғанымен, тіршілік тоқтамайды. Ауданның дамуындағы тағы бір серпінді жыл тарих қойнауына енді.

            «Жүрегінен жыр кетпеген» аудан халқы – берекелі бірлік пен ынтымақты тірліктің басында «келісіп пішкен тон келте болмайды» деп қашанда  әрбір істі кеңесіп шешу дәстүрінен  тайған  емес. Бүгін бітуі тиіс жұмысты, тұрғындардың күнделікті сұранысын, қажеттіліктерін ертеңгі күнге қалдыруға болмайды. Бұл әрине барлығына да белгілі жәйт. Дегенмен де мезгілді барынша ұтымды пайдаланып, қажетімізге қарай уақытты да өзімізге жұмыс жасатуға ұмтылып жатырмыз. Нәтижесі де жоқ емес.

            Өздеріңізге  белгілі, 2015  жыл  елімізде  үлкен  саяси науқанмен басталды. ҚР Президентінің  сайлауы  өтті. 

            Бұл сайлауда  да  аудан  халқы  саяси  сауаттылық  танытып, елді басқару ісіне жауапкершілікпен  қарайтындықтарын көрсетіп, үлкен ұйымшылдық  байқатты. Ел өз таңдауын жасады.

            Сондай-ақ, өткен жыл ерекшеліктерге толы  болды. Атап кететін болсам, Ата Заңымыз – Конституцияның қабылданғанына және Қазақстан  Халқы Ассамблеясына 20 жыл, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл және Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 70  жыл толды.

            Асылы, әр кезең, кез келген сәт өзінің тарихи  жүгі мен әлеуметтік аманатын арқалай келетіні белгілі. Өткен жылға көз жүгіртсек, «қара алтын» бағасының күрт төмендеп кетуіне байланысты жаһандық экономикада болып жатқан қиындықтарды естіп-біліп отырсыздар. Әлемдік дағдарыс салдарынан  мәжбүрлі түрде теңгенің еркін айналымға жіберілуінің әсері де сезіліп жатыр. Әрине, жаһандық экономикамен тығыз байланыста болғандықтан, бұл дағдарыс Қазақстанды да айналып өтпейтіні анық  еді.

            Осы орайда, барша қазақстандықтар үшін жарияланған Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдаулары мен 5 институционалдық реформаны  жүзеге асырудың 100 нақты қадамы  - мемлекетіміздің  дамуы мен жалпы еліміздің кемел  келешегі жолындағы  негізгі міндеттерді көрсетіп, нақты жоспарларымызды белгілеп  берді.

            Дегенмен жылдан жылдың жаманы жоқ. Жан-жақта  болып жатқан қиындықтарға қарамастан, атқарушы  билік болып, ел болып үзіліссіз жүргізілген  жұмыстардың нәтижесінде жыл қорытындысы ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық салаларында тұрақты өсім қалыптасып, даму  көрсеткіштері еселенді.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ

2015 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімінің өндірісі 59,2 млрд.теңгені құрады. Бұл 2014 жылдың көрсеткішінен 2,7 млрд.теңге артық.

Всего, за 4 года начиная с 2011 года, нам удалось увеличить объем сельскохозяйственного производства с 38 млрд. тенге на 21 млрд. тенге, или на 56 процентов.

Мұндай жоғары көрсетіштерге қол жеткізу ең алдымен инвестициялар тарту, озық технологиялар мен мал, егіншілік шаруашылықтардағы жаңа сорттар мен түрлерді енгізу бойынша ірі аграрлық ғылыми мекемелер мен ауданның ауылшаруашылық тауар өндірішулері арасында орнатылған өзара тығыз қарым-қатынастың арқасында мүмкін болып отыр. 

Сондай-ақ егінді жерлерді қарқынды технологиялармен қамту 2014 жылмен салыстырғанда 7 пайызға немесе 25 мың гектарға,ылғал сақтау технологиялармен қамту 6,2 пайызға немесе 8,5 мың гектарға дейін ұлғайды. Сол сияқты тамшылатып суару әдісімен қолданылатын егістік алқаптары 3610 гектарға ұлғайып, 3,1 пайызға өсті. Жүгерінің 5, сояның 3, жеміс-жидек дақылдарының 12 жаңа сорттары аудандастырылып, енгізілуде.

            Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Бүгінгі күнде Ұлттық ауылшаруашылық ғылыми орталығы мен ауданның ірі ауылшаруашылық құрылымдарының арасында қажетті қарым-қатынас орнату бойынша Меморандумға қол қою жоспарлануда.

            Қаракемер ауылындағы жаңа кәсіптік техникалық колледжінің базасында аумақтық ғылыми аграрлық орталығын ашу көзделуде.

            Өткен жылы аграрлық салада бірқатар инвест жобалар да жүзеге асырылды. Оның ішінде ең үлкені «Адал» акционерлік қоғамының 1396 ірі қара мал басына арналған мегаферманың қолданысқа беріліуі. 2286 млн.теңге инвестиция салынып, 45 жаңа жұмыс орындары ашылды.

            Биылғы жылы да біз ауылшаруашылық саласына инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. Мысалы:

- «Адал» акционерлік қоғамының әрқайсысы 100 ірі қара мал басына арналған 5 сүт-тауарлы фермасын салу. Жобаның құны 600 млн.теңге;

- Құны 510 млн.теңге болатын «Жолтай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 160 ірі қара мал басына арналған сүт-тауарлы фермасы,  жылыжай мен көкөніс сақтау қоймасының құрылысы;

- «Apple World» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 78 гектарға бақ отырғызу мен 5000 тоннаға арналған көкөніс қоймасынының құрылысы. Жобаның құны 350 млн.теңге;

- «Юрченко» жеке кәсіпкердің құны 251 млн.теңге болатын 1,3 гектар жерге жылыжай кешенін салу;

- «Алтын Есік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балықтың форель түрін өсірумен айналысатын кәсіпорынды іске қосу мен, 360 гектарға бақ отырғызу. Инвестиция көлемі 200 млн.теңге. 

            Бұл және басқа да жобалармен жұмыс өткен жылы басталып, 2016 жылы жүзеге асырылатын болады.

«Сыбаға», «Құлан», «Ырыс» бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде мал шаруашылығын дамытуға 266,9 млн.теңге қаржы бөлініп, 530 бас ірі қара мал, 131  жылқы, 500 бас ұсақ мал сатып алынды. Өткен мерзім ішінде 1600 басты бордақылайтын 3 алаң ашылды.

            Ауданда «Апорт» бағдарламасы іске асырылуда. 2015 жылы 28 гектарға алма бағы отырғызылса, 2016 жылы 25 гектарға отырғызу жоспарлануда.

            За 4 года по программе «Апорт» было высажено 265 га садов, или 55 процентов от общего числа садов сорта «Апорт».

            Жалпы алғанда, 2015 жылы ауданның ауылшаруашылық құрылымдарына қолдау көрсету мақсатында 1412,5 млн.теңге көлемінде бюджеттік қаржы бөлінді. Бұл 2014 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 106,8 пайызды құрайды. Бөлінген қаражаттың барлығы толығымен игерілді.

            Мал шаруашылығы қауіпсіз өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету мақсатында індетке қарсы уақтылы шаралар өткізілуде. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 184 млн. теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді. Атқарылған жұмыстардың арқасында ауданда адам мен малға ортақ аса қауіпті аурулардың тарауы тіркелмеді.

ӨНЕРКӘСІП, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС, САЛЫҚ, ИНВЕСТИЦИЯ

Сыртқы кері әсер ететін факторларға қарамастан ауданның өнеркәсібінде де даму үрдісі байқалды.

2015 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі                                  27,2 млрд. теңгені құрады, ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 26,9 млрд. теңгені құраған болатын (өсімі 300 млн. теңге).

За 4 последних года объем промышленного производства с 18,8 млрд. тенге в 2011 году возрос почти на 45 процентов до 27,2 млрд. тенге в 2015 году.

Такую же динамику показывает малый средний бизнес. Если в 2011 году было 15562 субъекта малого и среднего бизнеса, от работы которых в бюджет поступило 919 млн. тенге, то в 2015 году в районе работало уже 16450 субъектов МСБ, от которых поступило в бюджет 3,7 млрд. тенге и в которых работало почти 49 тыс. человек.

Таким образом, за 4 года количество субъектов МСБ увеличилось на 6 процентов, налоговых поступлений в 4 раза, количества работающих на 40 процентов.

Только за отчетный период зарегистировалось 50 новых субъектов малого бизнеса, открыто 27 новых объектов предпринимательства и создано 435 новых рабочих мест.

 В 2011 году показатель розничного товарооборота составлял 17,3 млрд. тенге, в 2014 году – 33,6 млрд. тенге, в 2015 году – 35,8 млрд. тенге. Рост розничного товароборота в сравнении с 2011 годом составил 106 процентов, а в сравнении с 2014 годом  6,6 процента.

Аналогичная ситуация и с налоговыми поступлениями. В 2011 году общая сумма налоговых поступлений в бюджет составила 8,2 млрд. тенге, в том числе в местный бюджет 4,1 млрд. тенге. В 2015 году всего поступило налоговых платежей на 17,3 млрд. тенге, в том числе в местный бюджет 9,5 млрд. тенге. План налоговых поступлений в 2015 году исполнен на 128 процентов в целом, а по местному бюджету на 156 процентов.

Таким образом, за 4 года сумма налоговых платежей в бюджет возросла в 2,1 раза, в том числе местныйбюджет в 2,3 раза. 

Жылжымайтын мүлікті жария ету бойынша жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2537 жылжымайтын мүлік жалпы соммасы 13,8 млрд. теңгеге жария етілді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 18,9 млрд.теңгені немесе жоспарға 105,4 пайызды құраған. 25,8 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді (жоспар 116,5 пайызға орындалды).

2015 жылдың қорытындысы бойыншаауданға 42,5 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды.

Олардың арасынан өткен жылы іске асырылған бірқатар ірі жобаларды атап кетуге болады:

- «Адал» акционерлік қоғамының 1396 ірі қара мал басына арналған мегаферманың қолданысқа беріліуі. 2286 млн.теңге инвестиция салынып, 45 жаңа жұмыс орындары ашылды;

- Есік жеміс-көкөніс консервілеу зауытының қуаттылығы сағатына 5 тонна дайын өнімді құтыларға құю жаңа желісінің іске қосылуы. 864 млн.теңге инвестиция тартылып, 10 жұмыс орны ашылды;

- Қазақстан ауылындағы «Нұр Қазагро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жемік-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бойынша қуаттылығы тәулігіне 5 тонна болатын цехтың қолданысқа берілуі. 70 млн.теңге инвестиция құйылып, 30 адам жаңа жұмыс орындармен қамтылды.

Сонымен бірге, мемлекеттік несиелеу де белсенді түрде қолданылды. 2012 жыл мен 2015 жыл аралығында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 610 млн. теңгеге 8 жоба қаржыландырылды.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

2015 жылы ауданда инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Жолды жөндеу қарқынды жүргізілуде. 2015 жылы республикалық, облыстық, аудандық жолдарды жөндеуге 1,2 млрд. теңге жуық қаржы бөлінді.

Бұл қаражатқа 33 шақырым жол күрделі және орташа, 191,9 мың шаршы метр жолға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуде.Бұл бағдарлама аясында 154 млн.теңгеге Ақши ауылындағы (2 кезек), Қайыпов ауылындағы ауыз су құбырының құрылысына 150 млн.теңге бөлінген. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Лавар және Ақжал ауылдарында су жүйелерінің қайта жаңғырту жүргізу мен құрылысына 60 млн.теңге бөлінді.

6 елді мекеннің орталық көшелері 302,2 млн.теңгеге аббаттандырылып, 17 ауылда 710 млн.теңгеге электр жүйелері жаңаланды.

27 елді мекеннің инфрақұрылымдарың нысаны құрылысына, қайта жаңғыртуға және жөндеуге жобалық–сметалық құжаттар әзірленді.

Если в 2011 году в рамках программы «Ак булак» централизованным водоснабжением было обеспечено 56 населенных пунктов, или 71процентов, то в 2014 году централизованным водоснабжением было обеспечено 61 населенных пунктов, или 77,2процента. В 2015 году было обеспечено централизованным водоснабжением 64 населенных пункта, или 81процент.

С 2012 по 2015 годы в районе было построено, реконструировано и отремонтировано 73 объекта инфраструктуры на сумму 3 млрд. 823 млн. тенге.

Для сравнения, за 2000 по 2011 годы, за 11 лет, в районе было построено или отремонтировано всего лишь 17 объектов инфраструктуры на сумму 2 млрд. 469 млн. тенге.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

2015 жылы ауданда экономикалық тұрғыдан белсенді 158,8 мың адам тұрады. 2014 жылы 157,1 мың адам болған (1700 адамға өскен). Олардың ішінде 151,4 мың адам жұмыспен қамтылған болса, 2015 жылы 151,9 мың адам болды (500 адамға артқан). 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 35,2 пайызды, 2015 жылы 33 пайызды құрады (2,2 пайызға төмендеген).

2014 жылы жұмыссыздықтың жалпы көлемі 4,5 пайызды құраса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 4,4 пайызға дейін төмендеген (облыстық көрсеткіш 4,7 пайыз).

Бұл көрсеткіштердің төмендеуі «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру арқылы шешілуде.

2015 жылы осы бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 8 жоба іске асырылып, 77 адам жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның 2-ші бағыты аясында 2015 жылы кәсіпкерлік негіздері бойынша 22 адам оқудан өтіп, 55 азамат өз бизнесін ашуға 124 млн. теңгенің несиесін алды.

 Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша қайта даярлауға 100 адам жіберіліп, оның 96-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 82 адам, жастар практикасына 91 адам жіберілді.

Аудан бойынша барлығы 2343 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұдан бөлек, ақылы қоғамдық жұмыстарға 799 адам, кәсіптік даярлауға 122 адам жіберілді. Жұмыспен қамту органдарына жүгінген жұмыссыз азаматтардың саны 2879 адамды құрады, оның ішінде 2319 жұмыспен қамтылды.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар да назардан тыс қалған жоқ. Қаржыландырудың барлық көздерінен 17558 адамға 355 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ауданның бюджеті есебінен Ұлы Отан соғысының 33 ардагеріне, Чернобыль апаттының 69 ардагеріне және Ауған соғысының 207 ардагеріне 15,2 млн.теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетуге көп көңіл бөлінуде.

Аудан аумағында бүгінгі таңда 6888 мүгедек тұрады. Ауданның жұмыспен қамту бөлімі арқылы 1840 мүгедектің 974 жұмысқа орналастырылды. Жыл басынан 79 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеліп, 73 тұрақты жұмысқа орналастырылды, 5 мүгедек кәсіби оқу курстарында білім алды, 1  мүгедекке шағын несие берілді.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторлық-курорттық емделуіне 199 жолдама берілді.  Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті.

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ

Білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария, мәдениет және спорт салаларын мамандармен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 15 маман ауылдарға жұмысқа орналасу кезінде 138 мың тенге біржолғы жәрдемақы және 15 маман жалпы соммасы 44,6 млн. тенгеге тұрғын үй алуға пайызсыз бюджеттік несие алды. 

БІЛІМ БЕРУ

Өткен жылы да аудан әкімдігі білім саласын басты назарда ұстады.

Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Қайыпов ауылында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби және Сөгеті ауылындағы Жандосов атындағы орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Космос ауылындағы Жансүгіров, Шелек ауылындағы Ә.Молдағұлова, Ащысай ауылындағы Ш.Уәлиханов, Ғайрат ауылындағы И.Саттаров атындағы орта мектептерінің жылу жүйелері күрделі жөндеуден өткізілді.

Бұдан бөлек, өткен жылы Бәйтерек ауылында 600 орындық, Азат ауылында 300 орындық жаңа мектептердің құрылысы басталды. 5 мектептің жылу қазандықтары ауыстырылып, 13 мектептің қазандықтары сыртқа шығарылды.  Сонымен қатар, 2 мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, 15 мектепте бейне бақылау және өртсөндіру құрылғылары орнатылды.

Мектептерді білікті мамандармен жасақтау жалғасуда, Ұлттық Бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша білім беру мекемелері басшыларының жауапкершілігі мен оларға талап күшейтілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Ұлттық Бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 79,5 балды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 3 балға жоғары болды.

«Балапан» бағдарламасының орындалуы жалғасуда. Есік қаласында 280 орынға арналған жаңа бала бақша қолданысқа берілді. Бұдан бөлек, Есік қаласындағы бұрынғы балалар үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, 75 орынға арналған санаторлық типтегі бала бақша болып қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, Қазақстан ауылындағы бала бақшасында 40 орынға арналып қосымша 2 топ ашылды. 

2015 жылы Шелек ауылында 280 орынға арналған жаңа бала бақша ғимаратының құрылысы басталып, Достық пен Ташкенсаз ауылдарындағы бұрынғы мектеп ғимараттарын бала бақшаға ыңғайластыру үшін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту шеңберінде өткен жылы ауданда 11 жекеменшік бала бақша ашылды.

Динамика реализации программы «Балапан» характеризуется следующими данными.

В 2011 году обеспеченность детей с 3 до 6 лет детскими садами составляла 32процента, в 2014 году этот показатель составил уже 56процентов, а по итогам 2015 года детскими садами было обеспечено 77,3процента детей. По итогам 2016 года мы планируем обеспечить детскими дошкольными учреждениями 82процента детей.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, СПОРТ

Жоспарлы жұмыс денсаулық саласында да жүргізілді. 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың медицналық көмекке қолжетімділігі мен оның сапасын жақсарту бойынша тиісті шаралар қабылданды, материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында жоспарлы жұмыстар атқарылды.

2015 жылы Ащыбұлақ ауылындажаңа дәрігерлік амбулаториялар салынды. 2020 жылға дейін біз тағы 6 ауылда жаңа амбулаториялар салуды жоспарлап отырмыз.

Ағымдағы жылы жалпы соммасы 76,4 млн. теңгеге медициналық диагностикалық жабдықтар мен мүлік, 722,6 млн. теңгеге медициналық препараттар алынды, оның ішінде амбулаторлық деңгейде тегін емдеу препараттарымен қамтамасыз етуге 647,4 млн. теңге жұмсалды.

Сонымен қатар көрсетілетін қызметтің сапасына қатаң бақылау орнатудың арқасында 2014 жылмен салыстырғанда қан тамырларынан, онкологиялық аурулардан қайтыс болу және нәрестенің шетінеуі, гепатит, бруцеллез, туберкулез ауруына шалдығу айтарлықтай төмендеді.

Ауру мен қайтыс болу деңгейін төмендету, өздеріңіз білетіндей, халықты дене шынықтыру мен спортпен қамтуды ұлғайтуға да байланысты. 2015 жылы дене шынықтыру мен спортпен 61 мың адам қамтылды.     Ауданда спортпен шұғылданатын халықтың санын көбейту үшін түрлі спорттық іс-шаралар өткізілуде.

Спортқа айрықша көңіл бөлінгендіктің арқасында республикалық және облыстық  спорт жарыстарда  аудан спортшылары жүлделі орындарға тұрақты ие болуда.

Аудан тұрғындарының өмірінде дене шынықтыру мен спорт рөлінінің артқандығын ескере отырып, аудан тарихында тұңғыш рет Есік қаласында 470 млн. теңгеге дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді.

МӘДЕНИЕТ

Мәдениет саласында да жеткен жетістігіміз айтарлықтай.

Ауданда 20 мәдениет үйі мен клуб, есту қабілеті нашар азаматтарға 2 арнайы клуб, 16 кітапхана, 3 мұражай, мемлекеттік тілді оқуты бойынша 2 орталық қызмет атқарады. 1538 адамды қамтитын 120 көркем-өнерпаздық үйірмелер жұмыс істеуде. Аудандық мәдениет үйінде 3 «халықтық» ұйымдар өз қызметін көрсетуде. Мәдениет мекемелерімен 500 мың адамды қамтыған 1626 түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылды.

В целом завершая обзор по социальному блоку, я хотел бы привести вам следующие данные.

С 2000 по 2011 годы, за 11 лет, в районе было построено 16 новых социальных объектов на общую сумму 2,5 млрд. тенге. За 4 года, с 2012 по 2015 годы в районе построено 28 новых социальных объектов на общую сумму 5,4 млрд. тенге.

ҚЫЛМЫС

            Осы жылдан бастап жергілікті полиция қызметі өз жұмысын бастап кетті. Олардың басшылары мен қызметкерлері аудан әкімдігі мен мәслихатқа, жергілікті қауымдастық пен әкімге есеп беруге міндетті.

            Бұл өте уақтылы және дұрыс шешім, 2015 жылғы аудандағы жалпы қылмыстың өсуін ескере келе, бар күш-жігерімзді оның алдын-алуға бағыттауымыз керек.

            Ол үшін, учаскелік инспекторлар Есік қаласы мен селолық округ әкімдері, жергілікті қоғамдастықтың белсендірілерімен  бірлесе отырып құқық бұзушылыққа бейім азаматтармен, қиын жасөспірімдермен жоспарлы жұмыс жүргізіп, барлық қоғамдық орындар бақылауға алынуы тиіс. Құқық бұзушылықпен күрес және оның алдын-алу тек қана полиция қызметкерлері ғана емес осы залда отырған барлықтарымыздың жұмысымыз болуы қажет. Сонда ғана біз қылмысқа төтеп бере аламыз. 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

Мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне баса назар аударылуда. Ауданның барлық селолық округ әкімдерінің аппараттары мен аудандық бөлімдер халыққа  мемлекеттік қызметтің 76 түрін көрсетеді. 2015 жылы 184 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,5 пайызға артық (2014 жылы – 131 мың). Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына шағымдар мен қызмет көрсетудің қарау мерзімдерін бұзу фактілері тіркелмеген.

ҰСЫНЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ

Былтырғы есепті кездесулерде айтылған ұсыныстар мен пікірлер аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында. 2015 жылы өткізілген есепті кездесулерінің қорытындысы бойынша аудан әкімінің кездесулерінде көтерілген 21 мәселе және Есік қаласы мен селолық округ әкімдерінің есептерінде көтерілген 14 мәселе бақылауға алынған болатын.                   Олардың барлығы жүзеге асырылды. Орындалу барысы аудан әкімдігінің отырысында тоқсан сайын қаралып, аудандық газет бетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланып тұрды.

Уважаемые жители района!

В этом году нам предстоят серьезные испытания. Нарастание кризисных явлений в мировой экономике, падение цен на энергоресурсы и минеральное сырье, нестабильность валют не могли не сказаться на нашей стране, являющеся полноправным участником мирового сообщества и членом Всемирной торговой организации.

Однако, нашим Лидером нации – Назарбаевым Н.А. в свое Послании к народу Казахстана 30 ноября 2015 года были предложены уникальные и действенные антикризисные меры, включающие в себя пять основных задач. Это:

1. Стабилизация финансового сектора

2. Оптимизация бюджетной политики

3. Приватизация и стимулирование экономической коньюктуры

4. Новая инвестиционная политка

5. Новая социальная политика

В этой связи, вся работа акимата района в текущем году будет направлена на выполнение поставленных Главой государства задач.

Так, по первому пункту нашей основной задачей является недопущение резкого скачка цен на основные продовольственные и промышленные товары.

Нами был уже принят ряд мер в этом направлении, был создан специальный антикризисный штаб, проведены переговоры с нашими крупнейшими производителями и аграриями.

Благодаря принятым мерам, несмотря на 100-процентую девальвацию тенге, аналогичного роста цен не произошло. Цены на мясо-молочную продукцию, хлебобулочные изделия, отечественную одежду, коммунальные и бытовые услуги, ГСМ остались практически в прежнем ценовом коридоре, за исключением незначительных ценовых колебаний. И в дальнейшем эта работа будет проводится ежедневно и под строгим контролем.

По второму пункту. В целях экономии бюджетных средств, нами были сокращены ряд расходов не имеющих приоритетного значения. В первую очередь сведены до минимума хозяйственные расходы административных органов, которые будут приобретать только канцелярские товары. Никаких автомашин, мебели, ковров, ремонтов кабинетов и других дорогостоящих товаров нами приобретаться не будут.

В то же время будет продолжено строительство и ремонт объектов социальной сферы и инфраструктуры.

К примеру,  выделены денежные средства в размере 474 млн. тенге на капитальный ремонт средней школы села Корам, на стадии решения находится вопрос о выделения денежных средств в размере 2 млрд. тенге на строительство новых школ в г. Есик и с. Шелек.

Выделены средства на начало строительство Иссыкского группового водовода стоимостью более 3 млрд. тенге, что позволит решить проблемы с водоснабжением в 9 населенных пунктах.

Будет продолжен текущий ремонт автодорог в сельских населенных пунктах и их благоустройство, на эти цели выделено 547 млн. тенге.

Это свидетельствует о том, что, несмотря на мировой кризис, наш Казахстан благодаря мудрой и дальновидной политики нашего Президента имеет огромный запас прочности и способен даже в такое время реализовывать социально-значимые проекты.

По третьему пункту. В республике как вы все знаете будут приватизированы целый ряд крупнейших предприятий и объектов, что позволит увеличить поступления в бюджет, оздоровить убыточные предприятия, стимулировать развитие бизнеса и создать эффективные производства. Мы также планируем выставить на приватизацию некоторые государственные предприятия для их передачи в конкурентную среду.

Кроме того, будет продолжена работа по полному снятию административных барьеров для наших предпринимателей и обеспечен их доступ ко всем имеющимся у нас ресурсам для их развития.  

По четвертому пункту. Мы активно работаем над привлечением инвестиций в экономику района. В данном направлении нам уже удалось достичь некоторых успехов.

            В этом году мы наметили реализацию ряда крупных проектов, таких как:

            1. Запуск птицефабрики ТОО «Нурлы кус» производительностью 3800 тонн мяса птицы в год, сумма инвестиций составит 1804 млн. тенге, из которых 1 млрд. уже вложено в этом году, будет создано 120 рабочих мест;

            2. Запуск ГЭС №1 на р. Есик мощностью 5,1 МВт, с привлечением инвестиций в сумме 1 млрд.тенге и созданием 20 рабочих мест;

            3. Запуск ГЭС на р. Тургень мощностью 1,7 МВт, с привлечением инвестиций в сумме 200 млн. тенге и созданием 5 рабочих мест;

4. Строительство солнечной электростанции по немецким технологиям ТОО «NWCOMP SOLAR» в Шелекском регионе мощностью 10 мВт, сумма инвестиций 20 млн. евро, количество рабочих мест 80;

5. Строительство завода по переработке твердых бытовых отходов в Шелекском регионе, мощностью переработки 6 тонн отходов в час, с вложением инвестиций на сумму 331,2 млн. тенге и созданием 30 новых рабочих мест.

6. Запуск предприятия по разведению форелевых видов рыб ТОО «Алтын Есик», мощность 85 тыс. рыб ежегодно. Сумма инвестиций 200 млн.тенге, будет создано 15 рабочих мест.

Имеется также ряд других проектов, для реализации которых проводятся переговоры с потенциальными инвесторами.

По пятому пункту. Сокращение бюджетных расходов ни в коей мере не касается социальных выплат и заработных плат. Наоборот, с этого года, по заданию нашего Президента, на 30 и более процентов были повышены заработные платы работникам бюджетных учреждений, государственным служащим, индексированы пенсии и пособия.

Это же касается такой важной социальной программы как «Дорожная карта занятости 2020», финансирование которой по сравнению с прошлым годом возрастет на 19,4 процента.

Құрметті жерлестер!

Бүгінгі есепті кездесудегі сөзімді қорытындылай  келе алдағы уақытта халықтың сын-ескерпелеріне,  ұсыныс-пікірлеріне сәйкес нақты жұмыстар  атқарылатындығын айтқым келеді. 

Жүзеге асуы тиіс жұмыстар легі Алаштың асқақ азаматы Әлихан Бөкейханұлының «Әр ұрпақ өзіне арналар жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс. Олай болмағанда болашаққа аса көп жүк қалдырамыз» деген сөзімен астасып жатыр.

Оның  ішінде, ең  бастысы дағдарыстың  әсерін барынша бәсеңдету, тұрақтылықты қалыптастыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, салық  түсімдерінің  көздерін арттыру, өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту басты назарда  болмақ.

«Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз" деген халық даналығы. Сөздің түйіні – ендігі жерде, Елбасы саясатын ел мүддесіне сай жүзеге асырып, өнімді еңбек ету, өз мүмкiндiгiмiздi толығымен пайдаланып, Еңбекшіқазақ ауданын жаңа дәуiрдiң салтанаты жарасқан айшықты елді мекеніне айналдыру.

Осындайда, атадан қалған асыл сөз – бірлігі жарасқан елдің жұлдызы биік болады, деген қасиетті ұғымнан тарап жатады.

«Ынтымақ жүрген жерде – ырыс жүреді», ең алдымен пейілі мен берекесі қатар өрілген ауданымыздан татулық үзілмесін.

Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры биік еліміздің іргесін ірітпей, бүкіл халықтың ар-намысын таразыға салған сын сағатта бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ынтымағымыз бен айрандай ұйыған ұйымшылдығымыз арта берсін!

Туған еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға қажымас қайрат пен бақ-береке тілеймін.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

9086719
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
64041
0
64041
8914439
64041
260679
9086719

Сіздің ІР: 18.205.60.226
Қазір: 2019-12-06 04:20:47
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру