Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАуыл шаруашылығыЖер қатынастарыЕңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімінің 2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімінің 2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Еңбекшіқазақ ауданының жер қоры 2017 жылдың 4 тоқсанына- 829660 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлері – 397322 га, оның ішінде егістік - 85319 га, мұның ішінде суармалы – 77359 га, көп жылдық өсімдіктер – 9182 га, босалқы жерлер- 338 га, шабындық – 15127 га, жайылым – 281151 га.

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2016ж. 18- тамыздағы № 308 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2016ж 6-мамырдағы Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Жер заңнамасының жекелеген нормаларына мораторий қолдануды енгізу туралы» № 248 жарлығымен мораторий 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылды. Осыған байланысты жеке және заңды тұлғаларға мораторий жарияланған аралықта мемлекеттің жеке меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жекеменшік құқығын беру тоқтатылған.

         Мемлекет басшысының 2016ж. 9-қыркүйектегі тапсырмасына және Қазакстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы Министрі А.Мырзахметовпен бекітілген 2017-2019 жылдарға арналған жер қатынастары саласын реттеудегі іс-шаралар   міндеттеріне сәйкес жеке меншіктегі жер учаскелеріне және    жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ревизия жүргізу тапсырылған. Сонымен қатар Алматы облысы әкімінің орынбасары С.Бескемпіровтың тапсырмасына сәйкес, 2017-2019 жылдарға жекеменшіктегі жер учаскелеріне және жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің барлық категориясы бойынша ревизия жүргізу қажет делінген.

         Жер учаскелеріне ревизия жүргізудегі ұсыныстарға сәйкес, аталған жұмыс тұрғылықты жеріне шықпай және жер учаскелерін зерттемей-ақ, мемлекеттік жер кадастры және оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне, жер балансына, жергілікті атқарушы органның   ұсынысы және жерді алу, соттың шешімдеріне, алдыңғы жүргізілген түгендеу жұмысына сәйкес камеральдық жағдайда өткізіледі.

         Пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін жалға беру шартын бұзу арқылы мемлекет меншігіне қайтару және идентификациялық құжаттарын сотқа талап арыз беру арқылы бұзу, иесі жоқ жер учаскелерін есепке алу, жер пайдаланушылармен пайдаланылмай жатқан жер учаскелерінен өз еріктерімен бас тарту жөнінде келіссөздер жүргізу, жер инспекциясына жер заңнамасын бұзушыларға қатысты шаралар қолдану үшін қажетті материалдар ұсыну бойынша Аудан әкімдігі тарапынан іс-шаралар жоспары бекітілді

         Есептік кезеңде Асы және Масақ ауылдық округтерінде мақсаты бойынша қолданылмай жатқан жалпы көлемі 987,7 га жер анықталды. Кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін қажетті материалдар Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жолданды.

         Сонымен қатар аудандық прокуратурамен бірлесе отырып қолданылмай жатқан жалпы көлемі - 6935,86 га болатын 36 жер учаскесі анықталды. Қажетті материалдар Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жолданды. Қазіргі уақытта аудан бойынша пайдаланылмай жатқан- 7953, 56 га жер учаскелері бар.

         Ауданның арнайы жер қорына өз еріктерімен бас тарту арқылы мемлекет мұқтаждығы үшін 13,0 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қайтарылды.

         «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында жалпы көлемі -181,12 га болатын 38 жер учаскесі қарастырылған, оның ішінде:

-         2018 жылға 25 жер учаскесі – 20,6 га (Бәйтерек ауылдық округі, Қойшыбек ауылы)

-         2019 жылға 1 участок – 27,0 га ( Бәйтерек ауылдық округі, Алға ауылы)

-         2020 жылға 36 участок – 85,02 га (Шелек ауылдық округі, Шелек ауылы)

-         2021 жылға 21 участок – 48,5 га (Ақши ауылдық округі, Ақши ауылы)

Аудан бойынша жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу

арнайы есебінде 18119 азамат тұр.

         «Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-і мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді.

         Барлығы 2017 жылы 2783 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

-         2783 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы

-         2783 – тегін негізде

-         7- қағаз түрінде

-         2709- электронды түрде.

Еңбекшіқазақ ауданының жер

қатынастары бөлімінің

басшысы                                                                    Қ. Қыдырбаев

        

        

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8881207
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
24369
0
24369
8749464
119208
187110
8881207

Сіздің ІР: 3.95.131.97
Қазір: 2019-11-12 14:04:16
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру