Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАуыл шаруашылығыАқпаратЕңбекшіқазақ ауданының ауылшаруашылығы саласы бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде АНЫҚТАМА

Еңбекшіқазақ ауданының ауылшаруашылығы саласы бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде АНЫҚТАМА

2017 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімінің өндірісі 99 млрд. 827 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 104,0 пайызға артты. Нақты көлем индексі 103,7 пайызды құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 64 млрд. 912,2 млн. теңге, немесе 101,0 пайыз, мал шаруашылығы 34 млрд. 834,1 млн. теңге, немесе 110,3 пайызға артты.

 Ауылшаруашылығы дақылдарының егістік құрылымына сәйкес толыққанды дала жұмыстары атқарылды. Аудан бойынша егістік көлемі 84554 гектарды құрап, жоспар толығымен орындалды. Оның ішінде дәнді дақылдар – 34406 га алқабы жиналып 181205 тонна бастырылды, өнімділігі 49,3 ц/га.

Майлы дақылдар 13048 га алқабында жиналып, 28303 тонна бастырылды, өнімділігі 21,7 ц/га, картоп 5751 га, 80514 тн картоп жиналды, өнімділігі 140 ц/га құрады, көкөніс 9332 га алқабында жиналып, 295851 тн өнім жиналды, өнімділігі 325,8 ц/га,  жеміс-жидек дақылдары 4472,7 га, 27712 тн жиналды, өнімділігі 74,3 ц/га, жүзім 3333 га, 16682 тн жиналды, өнімділігі 50,5 ц/га, бақша дақылдары  430 га жиналып, 13283 тн жиналды, өнімділігі 311 цн/га құрады.

Аудан көлеміндегі 5121,0 га жеміс-жидек бақтары мен 3468 га жүзім алқаптарына қатысты агротехникалық жұмыстар атқарылды. Соңғы жылдары аудан көлемінде интенсивті жеміс-жидек отырғызу қарқынды жүргізіліп келеді, биылғы жылы «Био терра», «Степной холм», «Apple World», «Alma Mater Fields», жауапкершілігі серіктестіктеріне, «Жетысу бақтары» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі және «Агро сад» шаруа қожалығына қосымша жаңа технологиямен  барлығы 395 гектарға жеміс-жидек, оның ішінде  315 га әртүрлі алма сорттары, 80 га таңқұрай отырғызылды. Сондай-ақ «Түрген» ЖШС-нің 20 га егіс алқабына алғаш рет итальяндық жаңғақ сорттары егіліп тәжірибеден өткізілуде.

Аудан бойынша өсімдік шаруашылығында интенсивті технология 25000 га енгізілген. Ылғал сақтау технологиясы 8600 га жерге, тамшылатып суару технологиясы 3700 га жерге  еңгізілген.

Ауданда 18 шаруа қожалықтарында барлығы 143 жылыжай 18,3 гектарда орналасқан. 2017 жылы барлығы 14822 тн көкөніс өнімі жиналды.

Мал шаруашылығы саласында ірі қара 88645 басты құрап, немесе 105,5 пайыз, қой мен ешкі 253076 бас, (107,8 пайыз), жылқы 19720  бас, (109,5 пайыз),  шошқа 7547 бас, (109,4 пайыз), құс 1 млн 600,7 мың бас, (100,0 пайыз), түйе  96 басқа жетіп немесе өткен жылдың сәйкес мерзімінен 137,1 пайызға артты. 

Мал шаруашылығында өндірілген сүт көлемі 133146 тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 107,9 пайыз,  жұмыртқа 55 млн. 55 мың  дана, немесе 100,4 пайыз,  мал мен құс етін өндіру 31677  тн, немесе 104,1 пайыз  орындалды.

2017 жылы ауданның ауылшаруашылық құрылымдарына қолдау көрсету мақсатында 2 млрд. 283 млн.теңге көлемінде бюджеттік қаржы бөлінді. 2016 жылдың көрсеткішінен 133,9 пайызға өсім көрсетуде. (2016 жылы 1 млрд. 704 млн.теңге).

Еңбекшіқазақ ауданына 2017 жылға бекітілген  жоспарға сәйкес мемлекеттік бағдарламалар «Сыбаға» бойынша- 300 бас ірі қара, «Құлан» бойынша-100 бас жылқы, «Алтын асық» бойынша 700 бас қой  малын несиеге  алу жоспарланған болатын. Аталған бағдарламалар  бойынша Сыбаға -300 басқа немесе 100 пайызға, Құлан-100 басқа немесе 100 пайызға, Алтын асық-700 басқа немесе 100 пайызға орындалды. Сонымен қатар, аудан бойынша барлығы 10 тонна қой етін экспорттау жоспар толығымен орындалды.

Өткен мерзім ішінде 400 басты бордақылайтын 1 алаң ашылды. Қазіргі уақытта барлығы 2300 басқа 5 бордақылау алаңы жұмыс жүргізуде.

Барлығы ауданда 4 сүт қабылдау пункті жұмыс жасайды. (шикізат өткізілген зауыттар мен цехтар: «АПК Адал» АҚ, «ФудМастер» АҚ, «Данон Беркут» ЖШС, «Ляззат» АӨК).

Ауданның азық-түлік өнеркәсібінде 23 кәсіпорын жұмыс жасайды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша тамақ өнеркәсібінің өнім көлемі 24 млрд. 64 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда  9,4% артық.

Сүт өнімдері – 105,5 %, сусындар өндірісі – 109,1 %, жүзім шараптары – 128 %, нан және ұн өнімдері - 100 % құрады. Жеміс, көкөніс өнімдерін өндіру 2016 жылмен салыстырғанда 98,1 пайызды құрады.

«Голд Продукт» АҚ өткен жыл қорытындысы бойынша 2,0 млрд. теңгеге (немесе 2016 жыл денгейіне 106,8 пайыз) 5502,2 мың литр жеміс-көкөніс өнімдерін өндірді, «Компания Фудмастер» АҚ – 11 млрд.теңгеге (немесе 113,0 пайыз) 36401 тонна, «Адал АӨҚ» АҚ - 3 млрд.781млн.теңгеге (немесе 96,0 пайыз) 17222 тонна сүт өнімдерін өндірді.

Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 616,2 теңге инвестиция тартылды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында 965 тонна минералды тыңайтқыш  және 19,2 мың литр гербицид  қолданылып, жалпы сомасы 212 млн 505 мың теңгеге қолдау көрсетілді.

Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау үшін мемлекет тарапынан барлығы  1 млрд. 272,4 млн. теңге қаражат бөлінді. «КазАгро» АҚ-ы  арқылы  858,6 млн.теңгеге  159  несие берілді.

Жыл басынан бері 70 дана ауылшаруашылық техникасы 418 млн. теңгеге сатып алынды.

2017 жылы ауылшаруашылығы саласына 9 млрд. 392 млн. теңге инвестиция тартылды,  немесе өткен жылдың  көрсеткішінен  3 есе артық.

Ауылшаруашылығы саласында ірі инвестициялық жобалар іске асырулуда.

- «Alma Mater Fieldes» ЖШС 126 гектарға интенсивтік бақ отырғызылды,    жобалық құны 1877,1 млн теңгені құрайды.

- «Жетысу бақтары» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 48 га интенсивтік бақ отырғызды, барлығы 210 га отырғызылады, жобаның барлық құны 2000,0 млн.теңге.

- «Биотерра» ЖШС 82 гектарға бақ отырғызды, тамшылатып суғару әдісін қолданып,  жобалық құны 160,0 млн теңгені құрайды.

- «Степной Холм» ЖШС барлығы 30 гектарға  интенсивтік бақ  отырғызылды, 1000 тоннаға арналған көкөніс қоймасының құрылысы аяқталып, іске қосылды,  жобаның  жалпы  құны 530,0  млн. теңгені  құрады. Жылыжай құрылысы аяқталуда.

- «Apple World» ЖШС барлығы 80 гектарға интенсивтік әдістерді қолданып таңқұрай отырғызды, 400,0 млн теңге инвестиция тартылды.

- «Агро сад» шаруа қожалығы барлығы 38 гектарға интенсивтік бақ отырғызды,   жобалық құны 200,0 млн теңгені құрады.

- «Мэлис» шаруа қожалығы барлығы 40 гектарға интенсивтік әдістерді қолданып таңқұрай отырғызды, жобаның жалпы  құны 250,0  млн. теңгені  құрады.

Ауылшаруашылығы

 бөлімінің  басшысы                                              А.Найзабеков

Ж.Матайбаева

8 72775 72276

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8725571
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
23519
0
23519
8639984
150682
252223
8725571

Сіздің ІР: 34.204.191.31
Қазір: 2019-10-23 03:47:15
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру