Мал шаруашылығын субсидиялау (.pdf 304Кб)
ХАБАРЛАНДЫРУ!
ММ «Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» 2018 жылға аудандық тауарөндірушілерден субсидияға өтінім қабылдай бастайды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы «27» қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізуіне байланысты «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары» 12.12.2018 жылғы № 490 бұйрықпен бекітілді.
Субсидиялауға жататын бағыттар:
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:
-асыл тұқымды ірі қара малдың ,қойлардың,маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен,сондай-ақ бал араның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу;
-тұқымдық түрлендірумен қамтылғын ірі қара малы мен қойдың аналық басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу.
-асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу:
2. Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға:
Аудандық тауарөндірушілер мал шаруашылығы өнімдерін субсидиялауға өтінімді мына мекен-жай бойынша Есіқ қаласы Жамбыл даңғылы 21, 3-қабат, 301 кеңсеге аудандық ауыл шаруашылық бөліміне өткізіңіздер. Тел.:8(72775)7-20-14
Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Найзабеков