ХАБАРЛАНДЫРУ!
«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биогенттердің (этномофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялауға» Мемлекеттік кызмет көрсету бойынша өтінімдерді қабылдау басталды!
Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың 2017 жылдың 13 ақпандағы №65 бұйрығы «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биогенттердің (этномофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялауға қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы. Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі «Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдарының түрлерінің тізбесін және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың нормасын бекіту туралы» № 291 қаулысымен бекітілді.
Өтінімдерді Ауданның ауыл шаруашылық бөлімі қабылдайды - (Есік қаласы, Жамбыл даңғылы 21, аудандық әкімдігі ғимараты, 3 қабат, 302 кабинет, тел.8 /72775/ 72075).
Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биогенттердің (этномофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 14 тамыздан 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы А.Найзабеков