Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудандық бөлімдер Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміАлматы облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес мәдениет саласында төмендегідей жұмыстар атқарылып жатқанды

Алматы облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес мәдениет саласында төмендегідей жұмыстар атқарылып жатқанды

«Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

Государственное учреждение «Отдел культуры и развития языков Енбекшиказахского района»

Алматы облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес мәдениет саласында төмендегідей жұмыстар атқарылып жатқандығын мәлімдейміз:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған кезекті, "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауында айтылған 10 басымдылықтарға талдау жасау және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын іске асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, Қаракемер ауылдық мәдениет үйінің акт залында кезекті алқа мәжілісі өткізілді. Алқа мәжілісіне аудандық мәдениет үйі қызметкерлері, ауылдық округтердің мәдениет үйлерінің директорлары мен көркемдік жетекшілері, сондай-ақ аудандық және ауылдық кітапхана қызметкерлері түгелдей қатысты. 

Жиында ауданымыздың рухани –мәдени ошағы болып саналатын мәдениет саласында жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу шаралары туралы мәселелер қаралып, қатысушыларға толық түсінік берілді.

Ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып саналып отырған жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру, оның ішінде жастардың құқықтық сауаттылығын жетілдіру мақсатында   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауының 9-шы бағытын басшылыққа ала отырып, 2018 жылдың 17 қаңтар күні Бөлек батыр атындағы орта мектепте "Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің" қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Жемқорлық індет, жою міндет" атты ақпараттық-танымдық дәрісі өтті.

Бұдан бөлек, 2018 жылдың 19 қаңтар күні Еңбекшіқазақ аудандық кітапхананың оқу залында «Жемқорлық - қоғам дерті» атты дидарласу сағаты өтті. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары және кітапхана қызметкерлері түгелдей қатысты. Іс-шарада оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу, яғни оның себептері мен шарттарына ықпал жасау турасында өз ойларын ортаға салды.

         Қазақстан Ресбликасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының 8 – бабының 5-тармағын орындау мақсатында, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде 2017 жылдан бері арнайы бұйрықпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Жүргізілген ішкі талдау бойынша ұсыныстар енгізіліп, аудан әкімдігінің сайтына жарияланды.

         Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында қызметкерлер арасында үнемі түсіндерме жұмысы жүргізіліп отырады.

         Сонымен қатар бөлімде, жаңа жыл мерекесі қарсаңында бөлім қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан #менсыйлықалмаймын атты «challenge»-ді қолдау бойынша іс-шара ұйымдастырып өткізді.

            Одан бөлек мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тоқсан сайын өткізілетін кеңес отырысының күн тәртібіне «Сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау» туралы мәселе енгізілген. Аталған мәселе бойынша бөлім басшысы мәдениет және кітапхана қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау және оған нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмысын жүргізіп, жиналыс соңында арнайы дайындалған үгіт-насихат материалдары таратылды.

         Бұдан бөлек мәдениет мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп отырады.

                   Бөлім басшысы                                       С.Беспаева

? Б.Шарғынова

( 8 (727 75) 7-23-51

*This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8898826
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
41988
0
41988
8749464
136827
187110
8898826

Сіздің ІР: 35.175.180.108
Қазір: 2019-11-15 01:21:50
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру