Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудандық бөлімдер Кәсіпкерлік бөліміБөлім ережесі

Бөлім ережесі

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «25» сәуірдегі
«Еңбекшіқазақ ауданының
кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту туралы
№ 327 қаулысымен
бекітілген қосымша
 
«Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
 
1 Жалпы ережелер
 
1 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі
аудан деңгейде мемлекеттік жоспарлаудың жүйесін құру мен дамыту саясатын
жүзеге асырушы жергілікті атқарушы орган болып табылады.
2 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі
ведомстволары жоқ.
3 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз
қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне және облыс, аудан
әкімдігінің актілеріне, шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық
актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі
ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз
атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ
Қазақстан Републикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында
есеп-шоты бар.
5 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі
азаматтық–құқықтық қатынастарға өзінің атынан түседі.
6 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер
Заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан
азаматтық–құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз
құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Еңбекшіқазақ
ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының бұйрықтарымен
және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен
ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9 Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы, 21а, индексі 40400
10 Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі аталуы – «Еңбекшіқазақ
ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тіліндегі атауы –
Государственное учреждение «Отдел предпринимательства Енбекшиказахского
района».
11 Осы Ереже «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі
қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі
кәсіпкерлік субъектілерімен
«Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау
тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
 
2 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
 
14 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің миссиясы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында кәсіпкерлік
саласында мемлекеттік мекеменің функцияларын орындау болып табылады.
15 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
негізгі міндеттері:
1) шағын кәсіпкерлік, сауда және қызмет саласы бойынша
мониторинг
жүргізу;
2) өнеркәсіп саласына талдау және мониторинг жүргізу;
3) ауданның экономикалық саласын дамыту үшін инвестиция тарту
мен несиеге қолжетімділігін арттыру;
4) туризм саласының дамуына талдау және мониторинг жүргізу;
16 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
функциялары:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының
орындалуын, шағын кәсіпкерлікті, сауданы, қызмет салалары жөніндегі
мақсатты бағдарламаға қатысу;
2) ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында Халықаралық стандарттар
мен техникалық реттеулерді енгізуге насихаттайды;
3) кәсіпкерлік, сауда және қызмет көрсету салалары бойынша ауданның
әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын және стратегиялық
жоспарларын жүзеге асыруға қатысады;
4) аудан шағын бизнес кәсіпорындарын салалық және облыстық өнім
сапасының көрмелеріне қатысуын ұйымдастырады, халықаралық өнім
сапасы жүйесіне енгізу жөнінде конкурс, семинарларда олардың
қызметтерін үйлестіреді;
5) ауданның экономика салаларын дамыту үшін инвестиция тартуға және
несие алуға бағыт-бағдар беріледі, инвестициялық саясатты іске асыруға
қатысады, екінші деңгейдегі банктермен, шағын кредиттік ұйымдармен,
ауылдық кредиттік серіктестіктермен, шағын бизнесті қолдау
қорларымен өзара қатынас жасайды;
6) бизнес субъектілерінің басым инновациялық бағыттар бойынша
жобаларды жүзеге асыруға қатысады;
7) кәсіпкерліктің инфрақұрылымын қалыптастыруды қолдау бойынша,
шағын кәсіпкерліктің нормативтік-құқықтық актілер мәселелері
бойынша мемлекеттік саясатты насихаттау шараларын жүргізеді;
8) қызметі нарқына, тұтыну тауарларының маңызды түрлеріне анализ және
мониторинг жасайды;
9) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын ауданда жүзеге асыру
мақсатында кәсіпкерлерге кеңестік, методикалық көмек береді;
10) заңды тұлғалар мен азаматтардың арыздарын қарайды;
11) мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асырады,
мемлекеттік қызметтің лауазым орнына орналасу бойынша конкурстық
іріктеуге, мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдауын, аттестация
ұйымдастырады;
12) іс қағаздарын жүргізеді, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді
біртіндеп енгізуін жүзеге асырады;
13) өнеркәсіп саласына талдау және мониторинг жүргізу;
14) туризм саласының дамуына талдау және мониторинг жүргізу;
16) бөлімге түскен қызметтік құжаттарды қарайды.
17 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, кәсіпкерлік, шағын
бизнес, сауда, қызмет көрсету саласындағы аудан әкімінің шешімдері мен
өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) өз құзыры шегінде сала қызметтерінің дамуын жақсарту мәселелері
бойынша ұсыныстар жасау, шешімдерді талқылауға қатысу;
3) өз құзыры шегінде құқықтық-нормативтік актілердің толыққандылығы
төңірегінде жоғары органдарға ұсыныстар енгізеді;
4) өз құзыры шегінде заңмен белгіленген тәртіпте жиналыстар өткізеді;
5) облыстың аймақтарындағы сәйкес құрылымдарымен байланысты нығайту
мақсатында бөлім құзырына енетін мәселелер бойынша ақпараттар,
тәжірибе алмасады;
6) ауданның атқарушы үкімет органдарының басқа мамандарын жұмысқа
шақырады;
7) өз құзыры шегінде жергілікті органдардан қажетті ақпарат ала алады;
8) заңдылықтар бойынша оған жүктелген басқа да құқықтарды пайдалануға
құқылы.
 
3 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру.
 
18 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
басшылықты «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға
дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.
19 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысын аудан әкімі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет
туралы» Заңына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке
тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болмайды.
21 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі
бастығының өкілеттілігі:
1) заңда белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін жұмысқа
тағайындайды және босатады;
2) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттілігі мен міндеттерін белгілейді;
3) заңда белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза
қолданады, материалдық көмек көрсетеді, сыйақы тағайындайды;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) барлық мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда бөлімнің мүддесін
қорғайды;
6) келісімдер жасайды;
7) өз құзыреті шегінде басқа да шешімдер қабылдайды.
22 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес
оны алмастыратын тұлға орындайды.
23 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы
басқарады.
 
4 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің мүлкі.
 
24 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі
болуы мүмкін.
25 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26 Егер, заңнамада өзгеше көзделмесе, «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру
жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз
бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы
жоқ.
 
5 Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
 
27 «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта
ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес
жүзеге асырады.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8888350
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
31512
0
31512
8749464
126351
187110
8888350

Сіздің ІР: 3.227.208.153
Қазір: 2019-11-13 13:57:59
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру