Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудандық бөлімдер Кәсіпкерлік бөліміСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2019

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2019

«Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі Төрағасының 2016 жылғы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас
жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына
сәйкес БҰЙРАМЫН:
1 2019 жылдың сәуір айының 29-30 күндері аралығында
«Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
2 Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының
құрамы бекітілсін.
3 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар
бойынша жүзеге асырылсын:
1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Бөлімнің
ұйымдастырушылық-басқарушылық
қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
4 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы
кезеңі 2019 жылдың 4 айы болып белгіленсін.
5 Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы ішкі
талдау аяқталған күні талдамалық анықтамамен таныстырылсын.
6 Осы бұйрық орындалуын бақылау бас маман Д.Ускенбаеваға
жүктелсін.
Бөлім басшысы
Н.Серғали
 
 
Еңбекшіқазақ ауданының
кәсіпкерлік
бөлімінің
басшысының 2019 жылғы
« » ____________
№ ___ бұйрығына қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі
жұмыс тобының құрамы
1 Н.С.Серғали
Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік
бөлімінің басшысы
Жұмыс тобының мүшелері:
1.Б.М.Асетова Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік
бөлімінің бас маманы
2.А.Б.Санан Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік
бөлімінің жетекші маманы
3.Д.К.Ускенбаева
Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік
бөлімінің бас маманы
 
 
«Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің
Талдамалық анықтамасы
Есік қаласы
29 сәуір 2019 жыл
«Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының 2019 жылғы 15 наурызындағы №6-бн/қ бұйрығы негізінде 2019
жылы 29-30 сәуір аралығында кәсіпкерлік бөлімінде сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Бөлім жұмысын өз кезегінде Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016
жылғы 24 қазанындағы №1018 қаулысы негізінде іске асырады. (Бөлім
ережесі)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19
қазандағы №12 бұйрығымен негізінде келесі бағыттар бойынша
сараптамалық талдау жүргізілді.
Кадр қызметі бойынша:
Бөлімге 2019 жылдың 15 сәуірінде А.Құрманбай бас маманы міндетін
уақытша атқарушы болып жұмысқа қабылданды. Бөлімде туысқандық
қарым-қатынастағы азаматтар жұмыс жасамайды.
Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік
қызметші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»
Заңының 9 бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық
міндеттерді атқаруы тиіс.
Бөлімінің өз қызметін жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын
заңнамалар:
1 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «ҚР
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
2 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 2015 жылғы 29
қазандағы №375-V ҚРЗ;
3 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы №434-V
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;
4 Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлік
нормалары және ережелері.
Бұның сыртында бөлім құжаттарды жасағанда және рәсімдегенде
бланкілер қолданылады. Бланкіде құжаттың деректемелері құжаттың
деректемелерін орналастыруға сәйкес орналастырылады.
Кәсіпкерлік мамандардың атқаратын міндеттері:
1 Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, кәсіпкерлік,
шағын бизнес, сауда, қызмет көрсету саласындағы аудан әкімінің шешімдері
мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
2 Еңбекшіқазақ ауданының инвестициялық имиджінің дұрыс
қалыптасуын, отандық және шет елдердің инвестицияларын тартуға қолайлы
жағдай жасау.
3 Өз құзыры шегінде заңмен белгіленген тәртіпте жиналыстар өткізеді;
4 Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бөлім өзіне
жүктелген басқа да міндеттерді іске асырады.
Функциялары:
1 Ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының
орындалуын, шағын кәсіпкерлікті, сауданы, қызмет салалары жөніндегі
мақсатты бағдарламаға қатысу;
2 Ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарына Халықаралық
стандарттар мен техникалық реттеулерді еңгізуге насихаттайды;
3 Ауданның экономика салаларын дамыту үшін инвестиция тартуға және
несие алуға бағыт-бағдар беріледі, инвестициялық саясатты іске
асыруға қатысады;
4 Бизнес субъектілерін басым инновациялық бағыттар бойынша
жобаларды жүзеге асыруға қатысады;
5 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын ауданда жүзеге асыру
мақсатында кәсіпкерлерге кеңестік, методикалық көмек береді;
6 Заңды тұлғалар мен азаматтардың арыздарын қарайды;
7 Өнеркәсіп саласына талдау және мониторинг жүргізу;
8 Туризм саласының дамуына талдау және мониторинг жүргізу;
9 Бөлімге түскен қызметтік құжаттарды қарайды.
Кадр қызметі бойынша маманның атқаратын міндеттері:
Меншік нысанына қарамастан сауда рыноктарының қызметтерінің
үйлестірілуіне, бағаны ырықтандыру мақсатында мемлекеттік реттелуіне
ықпал ету, азық-түлік, мұнай өнімдері, ауыз су, көмір бағаларына
мониторинг жүргізу, наубайхана, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық
қызмет, рыноктарының мәлімет банкін қалыптастыру, Кадр қызметінің ісін
жүргізу, іс-номенкулатурасын жүргізу, іс-қағаздарын мемлекеттік
тілдежүргізу, мұрағатқа іс-қағаздарын дайындап өткізу. Бөлімге келіп түскен
қатынас қағаздарды тіркеу және олардың орындалуын қадағалау. Жеке және
заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, №1 ОЛ форма есебін жүргізу.
Кадр қызметі мына нормативтік актілер негізінде жұмысын жүргізеді:
Жыл сайынғы еңбек демалысы туралы Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызметі туралы» №416-V Заңының 54-бабының 1-тармағына сәйкес;
Іс-сапары туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23
қарашадағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы»
№416-V Заңының 57-бабына және «Мемлекеттік бюджеттің есебінен
ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының
шегіндегі қызметтік іс-сапарлары туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қаулысына
сәйкес;
Сыйақы беру жөнінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23
қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, «Мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының
қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық
жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 29
тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1127 қаулысына сәйкес
жұмыстар жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234
қаулысы негізінде және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және
көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарын негізге ала отырып Еңбекшіқазақ ауданының
кәсіпкерлік бөлімі, аудан кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары, кәсіпорын, сауда
және қызмет көрсету объектілерінің басшылары арасында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндіру жұмыстары жүргізді. Жыл
басында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел
өткізіледі.
Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (коллизиялар,
олқылықтар, дискрециялық нормалар және т. б.)
Заңнаманы талдау барысында гранттар мен инвестициялық жобаларды
алуға арналған құжаттарды жинау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
бар екендігі анықталды. Егер инвестициялық жобаға құжаттарды жинау
кезінде Бөлім тек қана облыстық кәсіпкерлік және индустриалық-
инновациялық даму басқармасына толықтырылған құжаттармен баруын
жүзеге асырса, грантқа құжаттарды жинау кезінде Бөлім құжаттарды
кәсіпкерлердің қолынан тікелей алады.
Гранттар мен инвестициялық жобаларға қатысу үшін құжаттарды алған
кезде кәсіпкерлік бөлімінің басшысы құжаттардың толықтығына және
дұрыстығына талдау жүргізеді.
Бұл ретте, Бөлім гранттарды алуға құжаттарды жинау кезінде
көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс жасау қаупі бар, өйткені
кәсіпкерлер құжаттарды қолдан қолға беруді жүзеге асырады.
Ұсынылады: тікелей қарым-қатынас тәуекелін, сыбайлас
жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен шарттарды
болдырмау мақсатында, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-
инновациялық даму басқармасында гранттар алуға құжаттарды электронды
түрде қабылдау үшін арнайы сайт құруды ұсынамыз.
«Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің
басшысына ұсыныстар:
«Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік
мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау тоқсан сайын жүргізілсін.
Кәсіпкерлік бөлімінің мамандары өз функционалдық міндеттерін адал
атқаруы тиіс. Бөлім құжаттарды жасағанда және рәсімдегенде бланкілер
қолданылсын. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің,
кәсіпкерлік, шағын бизнес, сауда, қызмет көрсету саласындағы аудан
әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз жасасын.
Ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының
орындалуын, шағын кәсіпкерлікті, сауданы, қызмет салалары жөніндегі
мақсатты бағдарламаға қатыссын. Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік
бөлімі, аудан кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары, кәсіпорын, сауда және
қызмет көрсету объектілерінің басшылары арасында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
 
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі
жұмыс тобының құрамы:
Асетова Бағила Мұсайыпханқызы _________________
Санан Абылай Байғазыұлы _________________
Ускенбаева Динара Қажықызы
_________________
Таныстым:
«Еңбекшіқазақ ауданының
кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің
басшысы Н.Серғали _________________
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8031230
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
13261
0
101774
7916921
198323
208231
8031230

Сіздің ІР: 54.161.118.57
Қазір: 2019-07-20 22:45:33
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру