Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудандық бөлімдер Кәсіпкерлік бөліміСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018

«Еңбекшіқазақ аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесің
2018 жылдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің
нәтижелері туралы анықтама
 
Кіріс бөлімі
Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының 2018 жылғы 28 желтоқсанындағы №12/1-бн/қ бұйрығы
негізінде 2018 жылы аралығында кәсіпкерлік бөлімінде сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Бөлім жұмысын өз кезегінде Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016
жылғы 24 қазанындағы №1018 қаулысы негізінде іске асырады. (Бөлім
ережесі)
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар
бойынша жүзеге асырылды:
Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін анықтау бөлім өз қызметін Қазақстан
Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан
Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы
Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жоғарыда аталған кадрлардың тұрақтамаушылығы сыбайлас
жемқорлыққа ықпал етуді туғызуы мүмкін, себебі кадрлардың жиі ауысуы
және аталған бағыттағы тиісті тәжірбиенің жоқтығы әр түрлі әкімшілік
кедергілерге әкеліп соғады. Кадрлар ауысымы бағыты бойынша
Штаттық кестеге сәйкес 2018 жылдың 20 желтоқсаны бойынша
бөлімдегі жалпы мемлекеттік қызметшілер саны 5 бірлікті құрайды, аталған
бірліктер кадрмен толықтырылған.
Аталған кезең бойынша кадрлардың тұрақтамаушылығы 2 бірлікті құрап
отыр: Өткізілген жалпы конкурстың нәтижесінде Ережепова Н.Ж., 06.02.2018
жылынан бастап кәсіпкерлік бөлімінің бас маман-есепші үшін жұмысқа
қабылданды. 27.03.2018 жылы Ережепова Н.Ж. кәсіпкерлік жұмысының бас
маманы қызметінен өз еркімен босатылды. Өткізілген жалпы конкурстың
нәтижесінде Асетова Б.М., 24.04.2018 жылынан бастап кәсіпкерлік бөлімінің
бас маман-есепші үшін жұмысқа қабылданды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес, жауапты мемлекеттік
лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға
уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан
Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің
немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың,
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті
өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды
қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды
орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз
өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде
пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу
мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында
белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті
жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының
бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе
табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де
ақпаратты пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік
өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша
сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға
осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың келісімін тиісті ұйымдардың
персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді.
Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан
шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық
жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған
жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті
тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі талдау кезінде, жоғарыда көрсетілген заңнамалардың талаптарын
бұзу орын алған жоқ. Ұсыным: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды бұзуға жол бермеу мақсатында
тиісті шаралар қабылдансын, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет бойынша
тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Талдау барысында Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның талаптары
бұзылғандығы анықталмады. Аталған заңның 7 бабының 1 тармағына сәйкес
заңда белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға,
тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс. 2018 жылдың өткен кезеңі
бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер
болған жоқ.
Ұсыным: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын бұлжытпай орындау,
сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау туралы
тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Корытынды бөлім
Ұсыным:
1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл туралы» Заңды бұзуға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар
қабылдансын, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет бойынша тиісті түсіндіру
жұмыстары жүргізілсін;
2) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын бұлжытпай орындау,
сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау туралы
тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
Кәсіпкерлік бөлімнің басшысы
Н.Серғали
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8031061
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
13092
0
101605
7916921
198154
208231
8031061

Сіздің ІР: 54.161.118.57
Қазір: 2019-07-20 22:15:49
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру