Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудандық бөлімдер Ішкі саясат бөліміСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі "ММ қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы»
аналитикалық анықтама
Есік қ. 28 наурыз 2019 жыл
 
Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының 2019 жылғы
20 наурыздағы № бұйрығы негізінде 2019 жылдың 20-28 наурыз
аралығында Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімі қызметінде сыбайлас
жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді .
Талданатын кезең: 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларының аралығы.
Ішкі саясат бөлімі өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 28 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі –
Ереже) негізінде жүзеге асырады.
Бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлімнің Ережесіне сәйкес ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты
және мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12
Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау
қағидаларына сәйкес:
Бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
1 Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі өз қызметінде
келесі заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет Туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын;
- «Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының
конституциялық заңын;
- Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»
Заңын;
- Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы»
Заңын;
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған
гранттар мен сыйлықтар туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт
жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар
ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы»
Заңын;
- Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (372-бап. Мемлекеттік
рәміздерді қорлау);
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Кодексі (418-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық
объектілерге қойылатын Ұлттық стадарттарды бұзу); (458-бап. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін
пайдалану мен орындау тәртібін бұзу);
- 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы № 153 Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің
қызмет этикасы қағидалары).
- «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152
Жарлығы.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік
Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату,
орналастыру) ережесі;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу
ережесі;
- Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесі;
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүргізу
ережесі;
- Үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықтар беру ережесі;
- «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 648 бұйрығы.
- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 3
тамыздағы № 393 бұйрығы. «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп
жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінде 2010 жылғы 25 тамызда № 6443 тіркелді.
- Уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-
қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже.
Басқарманың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2 Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың
ауысуы.
2.1 Штаттық кестеге сәйкес басқарманың жалпы штат саны 4 адамды
құрайды.
Талдау барысында 1 жыл ішінде бөлімде таза ауысу жоқ екендігі
анықталды. Қызметкерлердің орташа жасы - 28; Мемлекеттік қызмет өтілі
орташа есеппен -11 жыл. 2 және одан да көп жоғары білімі бар - 4 адам.
Барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге
қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
2.2. Талданып отырған кезеңде мүдделер қақтығысы, аффилиирлену,
қызметкерлерді жұмыстан босату, лауазымын төмендету, командалық орын
ауыстыру фактілері анықталған жоқ.
Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес барлық мемлекеттік
қызметшілер өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды:
- мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметті жүзеге
асыру;
- жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың
бірлескен қызметіне (жұмысына) жол бермеу;
- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу
немесе алу мақсатында ресми таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де
ақпаратты пайдалануға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік
өкілеттілікті орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау.
Талдау жақын туыстарының бөлім басшысымен бірге жұмыс істеу
фактілері жоқ екенін көрсетті, қызметтік және өзге де ақпаратты
қызметкерлер заңға сәйкес пайдаланады, қызметтік өкілеттілікті орындау
барысында қызметкерлер сыйлықтар қабылдамайды. Декларация уақытылы
тапсырылды.
Осы бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Тұрақты негізде бөлімнің барлық қызметкерлеріне Қазақстан
Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Заңының нормаларын мүлтіксіз сақтау туралы айтылған.
2.4 Бөлімде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
кезеңділігін сақтау туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2015
жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік
қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
қағидаларында «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері үш жылда бір
реттен кем емес біліктілігін арттырудан өтеді деп көзделген.
2.5 2019 жылдың қаңтарынан бастап үкіметтік емес ұйымдардың
әлеуметтік маңызды жобаларды орындауы бойынша Мемлекеттік сатып алу
бойынша ашық конкурс өткізілді. Тізбе келесі лоттар бойынша өткізілді:
1) ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауларын түсіндіру бойынша іс-
шаралар кешенін ұйымдастыру Мемлекеттік стратегиялық құжаттарды,
бағдарламалық мақалаларды («Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры»)
халық арасында жариялау.
2) Жастардың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру
мақсатында «Жастар жылы» аясында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру.
3) Еңбекшіқазақ ауданында Бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту
жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу.
4) Еңбекшіқазақ ауданында деструктивті діни ағымдардың таралуының
алдын алу және болдырмау және халықтың діни сауаттылығын арттыру
бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу.
5) Еңбекшіқазақ ауданында 2030 жылға дейінгі Қазақстан
Республикасында отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
6) Еңбекшіқазақ ауданында тіл саясатын іске асыруға және мәдениеттің
негізгі бағыттарын дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.
7) Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік
төзімділікті қалыптастыру бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру.
Барлық аталған іс-шаралар аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде
өткізіледі және уақытында жарияланады.
3 Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзушылықтарды талдау
барысында анықталған жоқ. Ағымдағы жылдың 3 айында бөлімге заңды,
жеке өтініштер түскен жоқ.
4 Мемлекеттік қызмет көрсету желісі бойынша.
Бөлімде Мемлекеттік қызмет белгілері бар функциялар жоқ, мемлекеттік
қызмет көрсетілмейді.
5 Рұқсат беру функцияларын орындау:
Рұқсат беру функциялары анықталған жоқ.
«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы
бойынша ұсыныстар
1.Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру
мерзімділігін, мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және
біліктілігін арттыру ережесін қатаң сақтау.
2 «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының
нормаларын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету.
3.Өзінің функционалдық міндеттерін орындау кезеңінде тұрақты түрде
бөлім қызметкерлеріне:
- Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының және этикасының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын сақтау;
- Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу
немесе алу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де
ақпаратты пайдаланбауға;
- Мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың
және олардың салдарларының туындау себептері мен жағдайларын жою.
4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы
заңнама және басқа да нормативтік құқықтық актілер бойынша
қызметкерлермен тұрақты негізде құқықтық оқыту жүргізу.
Ішкі талдауға жауапты О. Әбдібай
Жұмыс тобының мүшелері Д. Мырзақожа
К. Аскарулы
Еңбекшіқазақ аудандық
мәслихат депутаты А.Ілебаев
(келісім бойынша)
 
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8526869
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
28324
0
121274
8393060
204203
254380
8526869

Сіздің ІР: 34.226.234.20
Қазір: 2019-09-21 06:56:08
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру