Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудандық бөлімдер Ішкі саясат бөліміБөлім ережесі

Бөлім ережесі

                                                                       Еңбекшіқазақ ауданы  әкімдігінің

                                                         2012 жылғы «30» қарашадағы

                                                                       № 1444 қаулысының

                                                                       3-қосымшасымен

                                                                       Бекітілген

«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережесі.

           

1.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі қарай Бөлім),  ішкі саясат саласында мемлекеттік басқарма қызметін және мемлекет саясатын іске асыруға уәкілетті аудан бюджетінен қаржыландырылатын, жергілікті атқарушы орган болып табылады.

2.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі  өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімі және Еңбекшіқазақ ауданы әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін  және де басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
             4.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға  өз атынан түседі.

          5.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіегер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің  атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың  тарапы болуға құқығы бар.

6.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Заңнамаға сәйкес бекітіледі.

7.Заңды  тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл  даңғылы,  21, индексі  040400. 

8.Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі аталуы – «Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тіліндегі аталуы – Государственное учреждение «Отдел внутренней политики Енбекшиказахского района».

9.Осы Ереже «Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

10.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

         11.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         

 құқықтары мен міндеттері

12.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

1).Мемлекеттік идеологияны, қоғамдық-саяси тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді насихаттауды қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, сондай-ақ мемлекеттік егемендікті, қоғамның топтастыруын нығайту, демократия мен азаматтық қоғамды дамыту.

 2).Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның 2030 және 2050 жылдарға дейінгі даму стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіру және насихаттау, қоғамның демократиялық институттарын жетілдіруге қатысу.

3).Ішкі саясат мәселелеріне, қоғамдық-саяси салаға қатысты Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру бағдарламаларын іске асыру мен дайындау қызметін үйлестіру.                                                                                  Аудандағы қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу.

4). Аумақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатын жүзеге асыру, аумақтық БАҚ-дың мемлекеттік тапсырысты орындау жұмысын үйлестіру. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын үйлестіру, оларды қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тарту.

5).Ұлтаралық қатынастарды үйлесімді ету, ұлтаралық бірлікті нығайту, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және насихаттау, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, саяси партиялар мен қозғалыстардың, діни бірлестіктердің жұмысына мониторинг жасау және олармен байланыс орнату.

13.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1).Қазақстан Республикасы Президенттің, Үкіметтің актілерін, ҚР Президенті Әкімшілігінің, облыс әкімінің және аудан әкімінің тапсырмаларының, өкімдерінің, шешімдерінің орындалуын бақылау.

2).Бөлім қоғамдық-саяси жағдайды болжаумен жоспарлауды, мемлекеттік тілдің заң аясында қолданылуын қамтамасыз етеді.

3).Бөлім іс шаралардың аудандық жоспарын орындалуын бақылайды және жүзеге асырады.

4).Бөлім қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін жоғарлатуға ықпал ету.

14.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

-Бөлім басшысының құзырына сәйкес тиесілі ақпаратты немесе түсіндірмені ауызша және жазбаша түрде  мемлекеттік органдардан, мекемелер мен ұйымдардан, кәсіпорындардан алады.

-Анықталған кемшіліктерді жоюды талап етеді және ауызша және жазбаша түрде лауазымды тұлғалардың есебін тыңдап, түсіндірме алады.

-Бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасады.

-Аудандық бөлімдер мен басқа да органдардың аппараттық жиналысына қатысады.

-Заңнамалық актілерге сәйкес және іске асыру бойынша бұйрықтар шығарады.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру.

             15.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның фунцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім бастығы жүзеге асырады.

             16.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығын  аудан әкімі Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

            17.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін, аудан әкімімен бекітілген штат кестесіне сәйкес бөлім бастығы, 2 бас және жетекші мамандары бөлімнің қызметкерлері болып табылады. 

       18.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі  бастығының өкілеттілігі :

       -  Бөлімге басшылық жасайды.

-     Бөлім қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жауапкершілікке тартады.

-     Қызметкерлердің бөлім бойынша міндетін бөледі

-     Аудан әкімдігінің қаулысымен бекіту үшін бөлім туралы ережеге қол қояды.

-     Қабылданған актілердің орындалуын қадағалайды және үйлестіреді.

-     Бөлімнің құзырына жататын қызметтік құжаттарға қол қояды.

-     Бөлімнің ішкі еңбек кестесін бекітеді.

-     Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бөлімнің мүлкіне басшылық жасайды.

-     Бөлім аппаратының мемлекеттік қызметкерлерін аттестациялайды.

-     Аудан әкімінің жүктеген басқа да қызметтерін атқарады.

19.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Бөлімнің мүлкі.

20.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесізаңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлімнің  мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіменбекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

22.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату.

23.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының Заңдарындабелгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8944427
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
17453
0
87589
8844303
182428
187110
8944427

Сіздің ІР: 3.227.3.146
Қазір: 2019-11-20 07:12:48
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру